Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
№3 Тақырып. Дененің дамуын зерттеу және бағалау тәсілдері
Жоспар:
1 Соматоскопия
2.Жаттығупроцесінің бағыттылығына, спортшының біліктілігіне сәйкес соматометриялық және антропометриялық көрсеткіштер жинағы
1. Дене бітімі деп адамның жұмыс қабілетін және биологиялық жетілу дәрежесін сипаттайтын құрылымдық, қызметтік көрсеткіштердің белгілі бір жинағын атайды.
Дене бітімінің ерекшеліктері тұқым қуалай беріледі. Бұл генотип. Бірақ жеке даму кезеңінде (антогенез барысында) сыртқы әсерден генотип өзгеріп, фенотип қалыптасады.Фенотипті қалыптастурушы әсерлердің ішіндегі бастылары; әлеуметтік – экономикалық және сыртқы орта әсерлері. Фенотипке дене тәрбиесі мен спорттың да ықпалы зор. Оған дәлел – әр спорт түріне тән дене бітімінің ерекшеліктері. Дене бітімі мен денсаулықтың да өзара байланысы бар. Созылмалы аурумен ауырған балалардың даму – өсуі нашарлап, дене бітімінде, тірек – қозғалыс жүйесінде әр түрлі ақаулар болуы мүмкін. Оның үстіне соңғы ғылыми деректер бойынша, дене бітімі – денсаулықтың сандық көрсеткіштерінің бірі.
Дене бітімінің көрсеткіштері көп. Олар бойдвң ұзындығы, дене салмағы мен құрамы, дене бөліктерінің шеңберлері мен диаметрі, бұлшықеттердің даму дәрежесі, май қыртысының қалыңдығы немесе адамның қондылығы, күштің көрсеткіштері, өкпенің тіршілік сыйымдылығы т.б.
Құрамалы көрсеткіштердің маңыздылығы – дененің сымбаты, мүсіні, дене пішіні және дене құрылымы.
Сымбат дегеніміз әр адамның дағдылы отыруы, жүру, тұру мәнері. Сымбатты адамның иығы тік, кеудесі көтеріңкі, жауырыны қатаң, омыртқа жотасы түзу, аяқ буындары бүгілмеген болып келеді.Сымбаттың бұзылуы көбнесе омыртқа жотасының физиологиялық иректерінің (кифоз бен кардоздардың) дұрыс қалыптаспауына немесе омыртқалардың оңға – солға қисаюынан болады.Соңғы ақауларды сколиоз деп атайды.омыртқа жотасының қисаю себептері; мешел, құяң аурулары, ішкі бездердің кінәраттары, дұрыс отырмау, жас балалардың ауырлықты бір қолмен көтеруі т.б. Омыртқа жотасының қисаюы тек сыртқы сымбатты ғана бұзып қана қоймайды, ол ішкі ағзалардың да жұмысын нашарлатады.Сондықтан оларды дер кезінде анықтап, дене тәрбиесі арқылы жөндеуге кірісу керек. Еске сала кететін жай: дене бітімінің дұрыс қалыптасуының басты себебі – бұлшық еттердің әлсіздігі. Дене пішіні деп дененің сыртқы бейнесін, әр бөлімдерінің өлшемдерін және олардың өзара үйлесімділігін атайды. Дене пішіні дене салмағының құрылысына, яғни бұлшық еттер мен май тінінің дамуына да байланысты. Спорттық тәжірибеде соңғы жылдары дене салмағының құрамын анықтау әдісі кең қолданатын болды. Бұл әдіс жеке дара морфологиялық, яғни құрылымдық бақылау әдісі ретінде де қолданады. Өйткені ересек спортшылардың дене салмағы жаттығу барысында айтарлықтай өзгере қоймайды, ал оның құрамының өзгеруі анық. Мысалы, машықтық деңгейі артқан сайын бұлшық ет көлемі өсіп, май тінінің мөлшері азаяды. Әр спорт түріне тиімді дене салмағының құрамын анықтаудың әдістері көп.бірақ олардың ішінде ең көп қолданатыны
Дененің құрылымы – дене пішінімен салыстырғанда әлдеқайда кеңірек ұғым, ол құрылымдық және қызметтік ерекшеліктердің жинақтамасы, дене құрылымының ерекшеліктері тұқым қуалай беріліп, жеке даму кезеңінде сыртқы ортаның әсерлерімен өзгеріп қалыптасады. Черноруцкий Н.В. жұптауы бойынша дене құрылымының үш түрі бар: нормостеникалық, астеникалық, гиперстеникалық. Нормастеникалық дегеніміз – дене бөліктерінің бір бірімен үйлесімділігі: астеникалық ұзындық өлшемдердің көлденеңдік, шеңберлік өлшемдерден басымдылығы тән; асатениктердің қаңқа сүйектері жіңішке, дене пішіні тығыз, аяқ қолдары қысқа, бойы дембелше, бұлшық еттері мен май қыртыстары жақсы жетілген болып келеді
Достарыңызбен бөлісу: |