Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
№4 Тақырып. Спортшы ағзасының қызметтік дайындығын пайымдау негіздері
Жоспар:
1. Жүйке жүйесі
2. Спортшы ағзасының қызметтік күйінің қысқаша сипаттамасы
3. Спорттық медицинадағы неврологиялық зерттеу
Дене пішіні деп дененің сыртқы бейнесін, әр бөлімдерінің өлшемдерін және олардың өзара үйлесімділігін атайды. Дене пішіні дене салмағының құрылысына, яғни бұлшық еттер мен май тінінің дамуына да байланысты.
Дененің құрылымы – дене пішінімен салыстырғанда әлдеқайда кеңірек ұғым, ол құрылымдық және қызметтік ерекшеліктердің жинақтамасы, дене құрылымының ерекшеліктері тұқым қуалай беріліп, жеке даму кезеңінде сыртқы ортаның әсерлерімен өзгеріп қалыптасады. Черноруцкий Н.В. жұптауы бойынша дене құрылымының үш түрі бар: нормостеникалық, астеникалық, гиперстеникалық. Нормастеникалық дегеніміз – дене бөліктерінің бір бірімен үйлесімділігі: астеникалық ұзындық өлшемдердің көлденеңдік, шеңберлік өлшемдерден басымдылығы тән; асатениктердің қаңқа сүйектері жіңішке, дене пішіні тығыз, аяқ қолдары қысқа, бойы дембелше, бұлшық еттері мен май қыртыстары жақсы жетілген болып келеді.
Машықтану барысында біртіндеп, әр спорт түріне тиімді дене пішіні мен құрылым түрі қалыптасады, әрине бұған спорттық сұрыптау да әсер етеді. Дене тәрбиесі мен спорттың негізгі мақсаттарының бірі – жасөспірімдердің үйлесімді, келісті дамып жетілуіне қолғабыс ету. Дене бітімінің қалыптасу барысын бағдарлау үшін сомотоскопия мен антропометрия әдістері қолданады.
Соматоскопия дене бітімінің сыртқы белгілерін көзбен бағдарлау әдісі /дене сымбатын, пішінін, тірек – қозғалыс жүйесінің ерекшеліктерін/. Антропометрия – дене бітімінің көрсеткіштерін өлшеу әдістері /бойдың ұзындығын, дененің салмағын шеңберлер мен диаметрлерін, күш – қуат көрсеткіштерін т.б./
Антропометриялық өлшемдерді бағалау үшін антропометриялық біртектілер /стандарттар/, антропометриялық көрсеткіштер /индекстер/ және корреляция әдістері қолданады.Көрсеткіш өлшемінің біртектілік әдісі әр зерттеушінің дене бітімінің көрсеткіштерін үлгі /стандарт/ мөлшерімен салыстырып, олардың өзара сигмалық айырмашылығын шығаруға негізделген.
Индекстер дегеніміз дене бітімінің 2-3 көрсеткіштерінің өзара үйлесімділігін сипаттайтын сандық мағыналар. Мәселен дене салмағының бойдың ұзындығымен арақатынасы , немесе өкпенің тіршілік сыйымдылығының, күш қуаттың дене салмағына шаққандағы мөлшері, немесе дененің тұлғасы мен аяқ тың салыстырмалы ұзындығы т.б.
Спорттық тәжірибеде соңғы жылдары дене салмағының құрамын анықтау әдісі кең қолданатын болды. Бұл әдіс жеке дара морфологиялық, яғни құрылымдық бақылау әдісі ретінде де қолданады. Өйткені ересек спортшылардың дене салмағы жаттығу барысында айтарлықтай өзгере қоймайды, ал оның құрамының өзгеруі анық. Мысалы, машықтық деңгейі артқан сайын бұлшық ет көлемі өсіп, май тінінің мөлшері азаяды. Әр спорт түріне тиімді дене салмағының құрамын анықтаудың әдістері көп.бірақ олардың ішінде ең көп қолданатыны Матейка әдісі. Бұл әдіс антропометриялық өлшемдерді қолдануға негізделген. Дене салмағының құрамын есептеп шығару үшін бойдың ұзындығы, дененің салмағы, аяқ – қолдың шеңберлері, май қыртыстарының қалыңдығы өлшенеді. Содан соң арнайы формулаларды қолдана отырып, бұлшық ет пен май тінінің шеңберлері анықталады.
Спортпен шұғылданбайтын әр адамдарда бұлшық ет дене салмағының 43% май12% тең, Ал күшті, жылдамдықты талап ететін спорт түрлерімен шұғылданушы спортшыларда бұлшық ет дене салмағының 53-56%шамасында болады.
Ядро лақтырушыларда май тінінің салмағы 25%дейін болуы мүмкін, ал спорттық гимнастикамен шұғылданушыларды бұл көрсеткіш 5-6 % көлемінен аспайды.
Сонымен сымбаттылық тек эстетикалық мағынасы бар құбылыс емес, дене бітімінің дұрыс дамып жетілуі денсаулықтың, жұмыс қабілетінің негізі. Ол жаттығу барысының тиімділігінің айғағы.
Дененің дамуын бағалау.
Дененің дамуын бағалау антропометриялық стандарттар корреляция және индекстердің көмегімен жүргізіледі. Бір келкі адамдардың даму көрсеткіштерінің көптеген өлшемдерінің орта санын антропометриялық стандарттар деп атайды. Себебі, дененің даму көрсеткіштері оның ұзына бойының көрсеткіштерімен тікелей байланысты. Дененің даму көрсеткіштері адамның бойының ұзындығы арқылы беріледі. Әрбір дененің ұзындығының көрсеткішіне екі қатар жатады: Бірі – латин алфавитінің М әрпімен белгіленеді де медиа деген мағына береді, басқаша айтқанда әрбір өлшемнің орта арифметикалық көрсеткіші. Екінші – гректің б (сигма) деген әріппен белгіленеді де ол орта квдраттың ауытқуын көрсетеді. Сигма неғұрлым кем болса, соғұрлым тексерілетін көрсеткіштер бірыңғай болады. Егер көрсеткіштердің көпшілігінің шамасы орта арифметикалық көрсеткіштермен тура келсе немесе айырмасы +056 (сигма) болса оны орта көрсеткіш деп атайды. Жеке белгілерді бағалаған кезде М+0,5-дан +1 дейінгі аралықта дененің дамуы жоғары немесе орта дәрежеден төмен. М+1-дан М+2 аралығында жоғары немесе төмен; М+2-дан М+3 – өте жоғары немесе өте төмен дер есептеледі. Стандарттар бойынша бағалау былайша жүргізіледі. Бағалауды қажет ететін көрсеткіш өз салмағындағы орта арифметикалық өлшеммен салыстырылады.
Корреляция әдісі. Дамудың көрсеткіштері бір – бірімен тығыз байланысты, сондықтан біреу өзгергенде, екіншісі де өзгеріске ұшырайды. Бірақ белгілердің арақатынасы әртүрлі болады. Бір белгінің өсуіне байланысты екінші белгінің ұлғаюы оң да, бір белгінің өсіп, екінші белгінің төмендеуі теріс қатынас деп есептеледі. Белгілердің арақатынасын білуге болады. Ол үшін (R) корреляция коэффициентін анықтау керек. Оның шегі +1 теңеледі. R – бір деген өлшемге жақындаған сайын, белгілердің арақатынасы жақындай түседі.
Егер ол 0,4 тен 0,6 дейін болса белгілерді орта шамадағы, ал, 0,6 дан 0,8 дейін – жоғары да 0,8 ден 0,9-ға дейін – өте жоғары дәрежедегі арақатынас деп есептеледі. Корреляция коэффициентінің көмегімен регрессия коэффициентін анықтайды. Ол коэффициент бір бөлігінің өзгеруіне байланысты екінші белгінің өзгеруін көрсетеді. Регресс коэффициентін білу арқылы арнайы таблица номограмманы құруға болады. Номмограммадан тексерілушінің бойының ұзындығы мен салмағының көрсеткіштерін табады да, салмаққа баға беретін (б) сигманы анықтайды. Индекстер әдісі дегеніміз – дененің даму белгілерінің салыстырмалы көрсеткішінің арифметикалық формулалары.
Салмақ – ұзындық индексін салмақтың көрсеткішін биіктіктің көрсеткішіне бөлу арқылы алады. Бұл индекс орташа еркектер үшін 1см биіктікке 370 – 400 гр, әйелдер үшін 325 – 375 гр, балалар үшін 325 гр, қыздар үшін 318 гр болады.
Тіршілік индекс өкпенің өмірлік көлемін салмаққа бөлу арқылы анықтайды. Орташа тіршілік индексінің көрсеткіш 1 кг, салмақтығы еркектер үшін 60 мл, әйелдер үшін 50 мл, спортшылар үшін 68 – 70 мл, спортшы әйелдер үшін 57 – 60 мл болады. Күштің индексін анықтау үшін күштің көрсеткіштерін салмақтың көрсеткішіне бөліп процентін табады. Қолдың күшінің орта көрсеткіші еркектер үшін 70 - 75℅, әйелдер үшін 50 – 60 процент болады.
Достарыңызбен бөлісу: |