«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 6В01-Педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша бакалавриат даярлау



бет40/153
Дата19.04.2024
өлшемі489.62 Kb.
#499283
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   153
емдик беймделу дене тар

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
6 Тақырып Жүрек-қан тамырлар жүйесі
Жоспар:
1. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің кардиореспираторлық жүйедегі шектеуші ролі.
2. Физиологиялық «спортшы жүрегін» оның патологиялық түрінен ажыратудың пайымдаушылық белгілері
3.Жүрек-қан тамырлар жүйесін зерттеудің құрал-саймандық тәсілдері.
Кезінде дененің жалпы ауырлық орталығы аяқ пен қолдың ірі буындарының көлденең Қан ақшылтым келген тұтқыр, сұйық, сарғылтзаттан (плазмадан) және қан жасушаларынан тұрады. Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритоциттер) ақ түйіршіктер (лейкоциттер), қан тақташаларынан (тромбоциттер) құралады. Эритроциттер ядросы жоқ. Дене құрамында ішкі тыныс алуға қатысатын бояуы (пигменті) гемоглобині бар. Лейкоциттер ядросы бар және түссіз цитоплазмадан тұратын жасушалар. Олар түйірлі (грануллациттер( эозинофилдер, базафильдер, нейтрофильдер. Түйірсіз (агр
Қан - дегеніміз формалы элементтер ( эритроциттер, лейкоциттер, және тромбоциттер) мен плазмадан тұратын сұйықтық. Плазма құрамы күрделі ерітінді болып табылады. ( тұздар, белоктар, зат алмасу өнімдері және т.б. )
Жаңа туған баланың организміндегі қан дене салмағының 14,75% құрайды, 15 – жастағы балада -8,25 %, ал ересек адамда салмағының - 8,3 %құрайды. Қан әртүрлі қызмет атқарады: зат алмасу мен сыртқы (өкпемен) тыныс алу процесіне белсене қатысады, барлық органдармен тканьдерді оттегмен қамтамасыз етіп, оларды көмірқышқыл газынан арылтады, организмде қышқыл, сілті тепе- теңдігін сақтайды. Организмді инфекциядан қорғайды.
Қан нәрлі заттарды органдардан тканьдерге жеткізеді де, олардан зат алмасу өнімдерін алып кетеді. Дененің температурасын тұрақты етіп ұстау – қанның маңызды қызметтерінің бірі, өйткені оның қан тамырлары үздіксіз қозғалысы белок, май, көміртегінің ыдырауынан организмде пайда болған жылудың біркелкі бөлінуін қамтамасыз етеді. Қан, лимфа және ткань аралық сұйық – организмнің ішкі ортасын құрайды, бұл оның физикалық және химиялық құрамының ( гомеостаз) салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады. Бұл тұрақтылық - әр түрлі органдар тканьдердің және бүкіл организмнің ойдағыдай қызмет етуі үшін қажетті шарт.
Эритроциттер: бұл формасы жағынан екіге бүктелген дискаға ұқсас қанның ядросыз клеткасы, олардың құрамы гемоглабин ерітіндісі, мен оның қосындылары арқылы көрсетілген.
Гемоглобин – құрамында темірі бар белок тектес зат. Ол эритроциттермен қанға қызыл түс береді. Гемоглобин - өкпеде оттегімен байланысып, тұрақсыз қосынды – оксигемоглобин құрайды, ал тканьдерде оттегімен шамалы бөлігін беріп көмірқышқыл газымен байланысып карбогемоглобинге айналады. Организмде ол тыныс алу қызметін атқарады. Гемоглобин көміртегі тотығымен байланысып, анағұрлым тұрақты қосынды метгемоглобин құрай алады. Ол оттегі болмаған жағдайда организмге өлім қаупін тудырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қанында гемоглобин құрамы 80 - 81% , 10-11 жастағыларда ересектегілер сияқты 85% - дейін болады, құрамы 100 пайыз болғанда 100мл қанда 17,13г гемоглобин болады. Оның мөлшерінің 70 % - тен төмен болуы ( 100мл қанда 14г ) қан азайғандық немесе анемия деп аталатын ауруды көрсетеді. Қанның қызыл түйіршіктері ағзада шамамен
Қанның қызыл түйіршіктері ағзада шамамен 120 күн тіршілік етеді. Содан кейін бауыр мен талақта (көкбауыр) үздіксіз бұзылып, ыдырайды. Олардың құрамындағы гемоглобиндер ыдырап билирубин мен биливердинге айналады. Олар бауырдағы өт бояуларымен қосылып, ұлтабарға құйылып онда стеркоблин мен уроблинге айналып, нәжіс пен несеп арқылы ағзадан шығарылатыны анықталды.
Лейкоциттер. Қанның ақ түйіршіктері белсенді қозғалатын ядросы бар және формасы ұдайы өзгеріп отыратын клеткаларды – лейкоциттер деп атайды. Олар түйірлі және түйірсіз деп екіге бөлінеді.
Түйірлі ақ түйіршіктер тобына эозинофилдер, базофильдер, нейтрофильдер жатады.Олардың ішіндегі нейтрофильдер өзайналасындағы ортаға лизасомды ферменттер бөлуге, ал фазофильдер қанды ұйытпайтын гепарин өнімдерін және биологиялық қуаты бар гистаминді түзуге қатысады.
Түйірсіз ақ түйіршіктер тобына кіші, орта және үлкен лимфациттер және моноциттер жатады. Монциттер барлық ақ түйіршіктердің 4-8 процентін құрайды. Олар сүйек кемігінде, сарысу түйіндерінде, талақта, дәнекер ұлпада, клегейлі қабаттарда дамып жетіледі.
Ақ түйіршіктер қызыл түйіршіктерге қарағанда өте аз өмір сүретін қан жасушалары. Олар 7-14 күн ғана тіршілік етеді. Ақ түйіршіктердің Т және В деген түрлері бар. Олардың Т ақ түйіршіктері ағзадан барлық қорғаныстық (иммундық) жебірлік (фагоцитоз) және ағзаға жат зиянды болған ұлпа мен аққуызды, өзгерген (өлген) мутанттарды жою қызметінде белсене қатысатыны белгілі. Осы Т ақ түйіршіктері ғана антигендермен бірігіп, ағзада ұзақ жасайды. Ақ түйіршіктер ағзада фагаситоздық, қорғаныштық және аққуыздың алмасуы кезінде бөлінген улы заттарды зиянсыздандырып, ыдырату қабынуды басу сияқты қызмет атқарады. 1 куб мл жас балалар қанында 8-11000, естияр балаларда 7-10 000 , ересектерде 6-8000 лейкоциттер болады. Лейкоциттер санының келтірілген нормадан артып кетуі – лейкоцитоз, аз төмендеуі – лейкопения деп аталады.
Лейкоциттер –қорғаныс қызметін атқарады. Олар организмге еніп кеткен бөгде заттармен микроптарды сіңіруге қабілетті. Бұл фагоцитоз деп аталады.
Тромбоциттер. Қан тақташалары- ядросыз белгілі пішіні жоқ, өте кішкене оңай жабысатын, қанның ұюына қатысатын жасушалар. 1мм2 қанда 150-300 мыңға жуық қан тақташалары болады.
Қанның ұюы өте күрделі процесс. Онда плазмадағы еріген аққуызды фиброгеннің ерімейтін фибрин аққуызды жіпшелерге айналуынан қан ұйиды. Қан құрамының 55-60 проценті сарғыш сұйықтықтан (плазма) құралады.
Тромбоциттер немесе қан пластинкалары өте ұсақ, дұрыс емес формалы қан клеткалары. Балалар қанының 1 куб,мл – де 200- 300 мың, ересектерде 300- 400мың тромбоциттер болады. 1 куб мм – де тромбоциттер санының 150000- ға дейін төмендеуі тромбопаение деп аталады. Тромбоциттер саны азайғанда адамдардың қаны ұйымайды (гемофилия).
2.Сүйектің пластинкалары, олардың құрылыстары және орналасуы.
Адамның қаңқасы 250 сүйектен құралады. Олардың 85-і жұптасқан және 80- тақ сүйектер. Сүйек – мүше, ол арнаулы қызмет атқарады және негізінен сүйек ұлпасынан түзілген.
Сүйектердің барлығы – сүйек қабығы мен қапталады. Бұл өте жұқа және дәнекер ұлпасынан құралған қабат. Буын беттерінде ғана сүйек қабығы болмайды, ол шеміршекпен қапталады. Сүйек қабығын ең алғаш суреттеп жазған – Аристотель.
Сүйек қабығындағы арнаулы тесіктер арқылы қан тамырлары сүйекті қоректендіреді. Бұл тесіктерден көктамыр да шығады.Сүйек қабығы ішкі және сыртқы қабаттан құралады. Сыртқы талшықты қабатқа бұлшық ет пен сіңір берік жалғасады да ішкі қабаты сүйек түзетін остеобласт жасушаларынан тұрады. Остеобласт жасушалары тез бөлініп, олардан сүйек жасушаларының жаңа қабаты түзіліп, сүйек көлденеңінен өсіп, жуандайды. Сүйек сынса, оның ұшындағы остеобластар сұйық слемейін бөліп, сүйектің сынған жерін «ерітеді» сынықты бітістіреді. Сүйек екі қабаттан құралады: сыртқы қабаты тығыз заттан, астыңғы қабаты кемікті заттан түзіледі. Сүйектің тығыз да қатты және қалың болуы сүйекке түсетін күшке байланысты, мұндай қасиет сүйектің ортаңғы ( диафиз) бөлігінен байқалады. Кемікті зат көптеген жұқа сүйекті тақташаларынан құралады. Бір қарағанда ретсіз орналасқандай болып көрінетін тақташаларда сүйекке түсетін күшке, сығу , созылу бағытына сәйкес белгілі тәртіпте орналасады. Сүйек құрылысының бұлай болуы оны берік те жеңіл етеді. Кемік заттары ұзын сүйектердің екі жағындағы ұшында (эпифиз), қысқа және жалпақ сүйектер де тұтас орналасады. Ал аралас сүйектердің кейбір бөліктері ғана кемік заттардан құралады. Ұзын сүйектердің ортаңғы ( диафиз) бөліктері тек тығыз заттардан құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет