Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
№12.Тақырып Жаттығу сабақтары мен спорттық жарыстар барысындағы медициналық бақылаулар
Жоспар:
1. Дәрігерлік-ұстаздық бақылаулар (ДҰБ)
2. Мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру түрлері.
3. ДҰБ нәтижелерін жаттығудың шағын-, мезо- және жылдық айналымдарында қолдану принциптері.
Дәрігерлік-ұстаздық бақылау (ДҰБ) дегеніміз жаттығу сабақтарында берілген жүктемелердің жаттығушы организміне ықпалын анықтау арқылы жаттықтыру барысының тиімділігін арттыруға бағытталған дәрігер мен ұстаздың бірлесе жүргізетін зерттеуі.
Спортшының қызметтік мүмкіншілігінің деңгейін тек жаттығу сабақтарының табиғи жағдайларында ғана дұрыс анықтауға болады. Өйткені, лабораторияда орындалатын мөлшері жүктемелердің әсері мен жаттығу барысының бағыттылығына сәйкес арнайы қимыл-қозғалыстың әсері бірдей емес, оның үстіне дәрігерлік-ұстаздық бақылау кезінде жаттығушының ауыр дене жұмысынан кейін қалыптасуының толықтығын, денсаулықтың қалыпты жағдайда біліне қоймайтын ақауларын, шаршағандығын немесе зорыққандығын анықтау мүмкіншілігі де бар.Машықтық ауқымның өсуі, қызметтік мүмкіншіліктің артып, денсаулықтың нығаюы жаттығу сабақтарының барысында қолданылған жаттықтыру құралдары мен тәсілдерінің, жүктемелердің көлемі мен қарқынының дұрыстығына, оларды әр сабақта немесе әр жаттықтыру кезеңдерінде тиімді қолдана білуге байланысты. Бұл жаттығулардың организмге әсерлерін ұдайы қадағалап, дер кезінде қажет өзгерістерді енгізіп тұруға көмектеседі. Сонымен ДҰБ негізгі мақсаты-жаттықтыру барысын ұдайы қадағалап, басқарып, оның машықтандыру және сауықтыру әсерлерін арттыру.
ДҰБ кезінде шешілетін сұрақтар көп, бірақ ДҰБ негізгі міндеттері мынандай:
1.Бұлшық ет жұмыстарының организмге әсерін бағдарлау арқылы олардың әр орындаушыға тиімді мөлшерін белгілеу.
2. Әр дайындық кезеңіндегі жаттығушының қызметтік дайындығын бағалау.
3. Жаттықтыру құралдары мен тәсілдерінің жаттығу жүйесінің мақсатына және әр жаттығушының қабілетін-мүмкіншілігіне лайықтығын анықтау арқылы жаттықтыру барысын дұрыс жоспарлап, тиімді жүргізу.
4.Қуатты жаттығудан кейін организмнің тез, әрі толық қалыптасуына қолғабыс ететін ұстаздық, жан-сезімдік және дәрігерлік әдістердің қолдану жүйесін жетілдіру.
5.Жаттығу сабақтарын гигиеналық талаптарға сай жағдайларда жүргізіп, дұрыс ұйымдастыруға көмектесу.
ДҰБ дене тәрбиесі мен спортта өзіндік ерекшеліктері бар. Бірақ қай жүйеде қолданылса да оның негізгі мақсаты-жаттығу барысының тиімділігін арттыру, кесірлі өзгерістерден сақтандыру.
Дәрігерлік-ұстаздық бақылауды ұйымдастыру түрлері
ДҰБ спортшыларды дайындау барысында қолданылатын тікелей, күнделікті және кезекті дайындау кезінде жүргізіледі. Бұл ұйымдастыру түрлерін жалпы дене шынықтыру жүйесінде де қолдануға болады.
Тікелей бақылау жаттығу сабағында берілген жүктемелердің организмекөрсететін тікелей ықпалын анықтау үшін жүргізіледі,. Мұндай бақылауды өткізудің тәсілдері әр түрлі: тікелей сабақ үстінде, оның әр бөліміне немесе әр жаттығулардан кейін; сабақтың алдында және ол аяқталғаннан кейін 20-30 мин өткен кезде; жаттығу сабағы бар күні таңертең және кешкі мезгілде.
Тікелей бақылау арқылы әр түрлі мәліметтер алуға болады: жаттығу тәсілдерінің жүйелігі және үйлесімділігі; жаттығулардың қарқыны мен көлемінің қолайлығы; жаттығулар арасындағы үзілістердің ұтымдылығы; жүктеме қарқынының жаттықтыру сабағының мақсатына сәйкестігі т.б.
Тікелей ДҰБ тура сабақ үстінде өткізгеннен гөрі сабақтың алдында және ол аяқталған соң 20-30 мин кейін жүргізіледі. Әйтпесе сабақтың қалыпты барысы бұзылуы мүмкін. Ал күніне 2-3 жаттықтыру сабақтары болса, онда сол күні таңертеңгілік және кешкі мезгілде бақылаған жөн.Күнделікті бақылау жаттығудың табиғи, яғни жүктемелердің біраз уақыттан кейінгі салдарын анықтау үшін жүргізіледі. Оның әр түрлі ұйымдастыру түрлері бар:әр ертеңгілік сабақтың алдында немесе оқу-жаттығу жиындары кезінде таңертең ұйқыдан оянысымен; бір-екі микроциклдің (шағын 1-2 апталық дайындық кезеңінің) басы мен аяғында; жаттығу сабағының ертеңінде (таңертең немесе сабақ алдында); жаттығу сабағынан кейін 18-20 сағат кейде 1-2 күн өткеннен кейін.
Егер бақылаудың мақсаты шағын кезеңде қолданатын жүктемелерді дұрыс қолдану әр жаттығу күннің жүйесін жоспарлау, немесе жаттығушының қалыптасу жылдамдығын анықтау болса, онда күнделікті таңертең немесе жаттығу алдында бір шағын дайындық кезеңі бойы ұдайы зерттеу қажет.
Егер бақылау мақсаты организмнің әр түрлі бағытты шағын дайындық кезеңдерінен кейін толық қалыптасу мүмкіншілігін зерттеу болса, онда ол аяқталған соң тағы бір рет тексерсе жеткілікті. Кезекті бақылау жаттығудың бір кезеңі аяқталған соң жүргізіледі. Оның мақсаты-жаттығу кезеңініңкүрделі нәтижесін, яғни 2-3 айлық жаттығулардың машықтандыру әсерін бағалау. Бұл осы кезеңде қойылған жаттықтыру мақсаттарының қалай орындалғандығын анықтауға көмектеседі.
Кезекті бақылауды дәрігер, психолог, ұстаз т.б мамандар бірлесе өткізеді. Олардың әрқайсысының өзіндік шешетін мәселелері бар. Ал ортақ мақсаты- келесі дайындау кезеңін дұрыс жоспарлап, жылдық жаттықтыру жүйесінің тиімділігін арттыру.
Кезекті бақылаулар әрбір 2-3 ай өткеннен кейін өткізіліп тұрады. Зерттеу қарсаңында спортшының бір күн дем алғаны дұрыс. Зерттеу алдында ешқандай жұмыс орындамағаны жөн. Бақылау таңертеңгілік уақытта, жеңіл тамақтан кейін 1,5-2 сағаттан соң жүргізіледі.
Дәрігерлік—ұстаздық бақылаудың әдістері
Дәрігерлік—ұстаздық бақылауда әр түрлі әдістерді қолдануға болады. бірақ алынған мәліметтердің бағалы блуы үшін жүйелі бақылау барысында қолданылатын әдістер түрлерінің тұрақты болғаны жөн. Әйтпесе бақылау нәтижелерін салыстыру қиын. ДҰБ кезінде бірнеше әдістерді қатар қолдану қажет, өйткені сабақ барысныда әр жүйеге түсетін жүк әр түрлі. Сонымен қатар жаттығу барысының бағытын ескере отырып, зерттеу әдісі негізгі жүйедегі өзгерістерді анықтауға арналған дұрыс.
ДҰБ қарапайым және күрделі әдістерді қолдануға болады. Ол әр мекееменің құрал-жабдықтармен қаншалықты толық қамтамасыз етілуіне, зерттелуші топтық ерекшеліктеріне ДҰБ түріне т.б. байланысты.
Қарапайым әдістер: сауал қою, шаршағандықтың сыртқы белгілерін көзбенбағдарлау, тамыр соғу жиілігі мен қан қысымын өлшеу, тыныс, жүйке, талшық-бұлшық ет жүйелерін зерттеудің қолайлы қарапайым әдістері.
Күрделі әдістер:ЭКГ, құралды әдістер, қандағы биохимиялық көрсеткіштер.
Тікелей ДҰБ тамыр соғу жиілігі мен қан қысымның, сүт қышқылының өзгерістерін анықтау арқылы көп мәліметтер алуға болады. ТСЖ минутына 170-190 рет аралығында болса, жұмыс аралас күш-қуатымен қамтамасыз етілген. Ал, 190 реттен жоғарылап кетсе, бұл да аралас аймақ, бірақ анаэробты күш-қуат жолы басымырақ келеді.
Сауықтыру дене тәрбиесі жүйесінде ТСЖ минутына 170 реттен аспағанымен, бұл оттегін тасымалдаушы кардиореспираторлық жүйені жаттықтырудың тиімді аймағы.
Егер ТСЖ қатар қан қысымын өлшесе бейімделу жолдарынң тиімділігін анықтауға болады. Мысалы, гипотониялық жауап жаттығушының тым шаршағанын, сабақ үстінде орындалған жүктемелердің оның қызметтік мүмкіншілігіне сәйкес келмейтіндігін көрсетеді. Шаршағандықтың тағы басқа белгілері: қол күшінің 2-3кг, арқа бұлшық еттерінің күшінің 5-15 кг, ал тым ауыр жұмыстан кейін 2-6 кг және 5-30 кг төмендеуі.
Күнделікті бақылау жүргізгендн де жоғарыда көрсетілген әдістерді қолдануға болады. Бірақ зерттеу қалыпты жағдайда өткізіледі. Кезекті бақылауда әр түрлі біртекті немесе арнайы жүктемелер қолданылады.
Дәрігерлік-ұстаздық бақылау барысында қолданылатын сынамалар
Ортостатикалық сынаманы күнделікті бақылау барысында спортшының қалпына келуінің толықтығын анықтау үшін қолданған дұрыс, ол үшін тамыр соғу жиілігін таңертең ұйқыдан оянысымен төсекте жатып, одан кейін жайлап тік тұрып өлшеу керек. Егер ТСЖ айырмашылығы күнделікті өлшегенде бір қалыпта сақталса, жаттығу сабақтарында орындалған жүктемелердің организмнің қызметтік мүмкіншілігіне сәйкес болғаны. Ал екі қалыптағы ТСЖ айырмашылығы күрт өсіп кетсе, ол спортшының толық қалпына келмегендігінің белгісі.
Қосымша жүктемелер қолдануға негізделген сынамалар.
Бұл сынама тікелей бақылау кезінде жаттығу сабағында берілген жұмысының организімінің қызметтін жекеіиеншілігіне лайылықтығын бағалау үшін пайдалынады. Қосымша жүктеме жаттығу сабағының алдында және ол алқталған соң 10-20 мин кейін орындалады. Сынама нәтежесі бірінші және екінші жүктемелер кейінгі ЖСД мен қан қысымының өзгерістерін бір-бірімен салыстыру арқылы бағаланады. Қосымша жүктеме ретінде кез келген мөлшері қара жұмысы орындауға болады 20 рет отырып-тұрып 15 сек барша жылдамдықпен жүгіріу , 3 мин мөлшері ырғақпен жүгірут.б. Спортшылардың зерттегенкезде арнайы жатығуларды қолдануға болады 30 сек арнайы тұлыпты лақтыру, мөлшшерлі қашықтыққа жүгіру, жүзу,т.б. Бұл жағдайда бірінші қосымша жүктеме бой жазғанға кейін орындалған.
Қосымша сынамаға үш түрлі жауап болу мүмкін.
Бірінші түрінде жаттығу сабағынан кейін орындалған қосымша жүктемеге бейімделу жолының біріншіден айырмашылығы жоққа тең, ЖСД мен қан қысымы тез алғашқы қалыпына келеді. Бұл –жаттығу сабағының организмге оншалықты әсер көрсетпегендігінің белгісі .Екінші түрінде жаттығу сабағынан кейін орындалған жүктемеге қарасы ЖСД жүрт өсіп, қан қысымы онша өзгере қоймайды, яғни екі көрсеткіштің өзгеру бағытында қайшылық пайда болады. Олардың қалыптасу жылдамдығы да салбырлайды. Мұндай құбылыс-қатты шаршағандықтың белгісі. Шаршау себебі не ете ауыр жұмыс, не спортың дайындығының жеткіліксіздігі болуы мүмкін. Үшінші түрінде екінші қосымша жүктемеденкейін жағымсыз өзгерістер байқалады(гипотоникалық, гипертоникалық, дистоникалық жауаптар) .ЖСЖ мен қан қысымын ұзақ уақыт қалыптастайды. Бүл жаттығу сабағының тиімсіздігінің салдарынан спортшының зарыққандығының белғісі. Егер қосымша жүктеме ретінде РWС170 гараард сынамалары қолданысы, онда олардың сандық көрсеткіштері салыстырылады.
Қайтама сынамалар. Бүл сынама спортынның арнайы жұмыс қабілетін бағалау үшін кезекті дәрігерлік-ұстаздың бақлау кезінде жүргізіледі.Сынама әр спорт түріне лайықты жаттығуды 3-5 мин үзілістерден кейін бірнеше рет қайталай орындауға негізделген
Сынамаға қойылатын талаптар:
-жаттығу спорт түрінде сәйкес болу керек:
-ең жоғары қорқынымен орындалуы керек (әр спорт үшін):
-бірнеше рет, мүмкіндігіне қарай араларына қысқа үзілістер салып орындыған жөн:
-жаттығудың түрі мен қайталау аралығындағы үзілістердің ұзақтығы жүйелі бақлауларға бірдей болып, қайталау реті мен орындау қарқыны спортшысының жұмыс қабілетіне сай болу керке:
-сынама алдында спортшы міндетті түрде толық бой жазып, организмді қуатты жаттығу қарсаңындағыдай дайындау керек:
Сынама нәтежесін берілген жүктемелерді орындау сапасы мен оларға бейімделу жолдарын салыстыра отырып бағалайды. Қосымша ЭКГ жазып, биохимиялықт.б көрсеткіштерді анықтаса да артық болмайды. Қайталама жүктемелерге 5 түрлі жауап болуы керек.Біріншісінде жаттығуларды орындау сапасы жоғары және тұрақты, спортшы тиімді бейімделіп, тез қалыптасады.Бүл спортшының арнайы дайындығының жоғарылыған көрсетеді. Екіншісіне орташа спорттық көрсеткіштер тән, бейімделу мүмкіншілігі орташа немесе жақсы. Бұл өзгеріс машықтық дәрежесі орташа спортшыларға кездеседі. Үшінші түрінде спорттық көрсеткіштер де оған бейімделу сапасы да түрақсыз: бірде жақсарып, бірде нашарлайды. Споршы ұзақ уақыт қарқынды жұмыс істей алмайды, яғни оның дайындығы жеткіліксіз. Төртінші түрінде спорттық көрсеткіштері де, жүктемелеуге бейімделу қабілеті де әр қайталаған сайын біртіндеп нашарлап қалыптасу мүмкіншілігі төмендей береді.мұндай өзгеріс арнайы жұмыс қаілеті төмен спортшыларға тән. Бесіншісінде спортшы әрқайталауда спорттық көрсеткіштерінің тұрақты деңгейі сақтай алғанымен, оның бейімделу қабілеті біртіндеп нашарлай түседі. Бұл машықтықтың жеткіліксіздігінен немесе асыра шаршаған спортшыларда кездеседі. Қайталама жүктемелер спортшының арнайы жұмыс қабілеті бағалау үшін ғана емес,жатықтыру барысын дұрыс жоспарлау, оған дер кезінде керекті өзгерістер енгізіп тұруға көмектеседі.мысалы жаттығулар аралығында берілетін үзілістердің ұтымдылығын қайталау реттінің тиімділігін т.б. Қайталама сынамаларды әрбір 2-3 айдан кейін өткізіп тұрған қажет
Жарыс кезіндегі дәрігерлік бақылау. Жарыс кезінде спортшы организміне түсетін ауыртпалық өте көп. Сондықтан жарыс барысында медициналық көмектермен дұрыс қамтамасыз өте білу керек.
Жарыс кезіндегі медициналық көмектер. Жарыс кезіндегі медициналық көмектерді дәрігерлік- дене шынықтыру және территориялық айдау мекемелері көрсетеді. Оларға көмек туралы мәлімдемені жалпы ұйымдаструшылар береді. Ірі жарыстарда(аудандық жарыстардан бастап), жарақаттану қауіпі зор спорт түрлерінен жарысу барысында немесе ұзақ уақытқа созылатын жарыстарда(велоспорт, марофондық қашықтық спорттық жүріс т.б.) күрделі орталарда өтетін сайыстарда дәрігер міндетті түрде болуы керек. Қалған жағдайларда орта білімді медициналық қызметкер болса жеткілікті. Өте ірі жарыстарды бірнеше дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлерден құралған бригада қамтамасыз етеді. Бұл жағдайларда бас дәрігер тағайындалып ол бас төрешінің орынбасары ретінде төрешілер алқасының құрамына кіреді.
Жарыс кезекті медициналық көмектер көрсетуге қажетті құралдар мен толық қамтамасыз етілуі керек. Төрешілер алқасына немесе ұйымдастыру комитетіне жарыс медициналық көмектермен қамтамасыз ету жоспары алдын ала тапсырылады.
Жарыс кезіндегі медициналық жұмыстар. Жарысқа жіберу құжаттарының дұрыстығын тексеру:мәлімдеменің дұрыс дайындалуы, спортшының жасы мен спорттық дәрежесінің сәйкестігі, рұқсат қағазы 10-15 күннен ерте дайындалу керек. Бұл жұмыстарды атқару үшін дәрігер мандаттық комиссиясына мүше болып кіруі керек. Қажет болса қосымша дәрігерлік зерттеу жүргізіледі. Жарыс өткізілетін жерлердің санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін, спортшылардың дұрыс орналасуы мен тамақтануы қадағалану және т.б сол сияқты жұмыстар жүргізіледі. Дәрігерлер спортшылар мен жаттықтырушылар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізіледі. Егер санитарлық –гигиеналық қағидалар бұзылғаны байқалса дәрігерлер дәрежелер алқасында мәлімдеме жазып, ұйымдастыру комитеті мен бірге кемшіліктерді жоюға күш салысады. Дәрігерлердің жарысты өткізуге тиім салуға құқысы бар. Жарақаттардың, әр түрлі аурулардың алдын-алу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін шағым айтқан спортшылар мен спорттың кейбір түрлерінде тура жарыстың алдында( спорттық жүріс, бокс, күрес) қосымша дәрігерлік бақылаудан өткізіледі. Қажет жағдайда медициналық көмектер көрсетіледі. Жарыс жүретін және спортшылар тұратын жерде тұрақты немесе уақытша дәрігерлік орындар ұйымдастырылып, олар керекті медициналық жабдықтармен, санитарлық көмектермен қамтамасыз етіледі. Олимпиада спортакияда және т.б сол сияқты ірі жарыстарда арнайы емханалар мен стационарлар салынады. Күрделі орта(таулы, ыстық не суық, сағаттық айырмашылықтары көп) сол сияқты жерлерде өткізілетін жарыстарға спортшылардың алдын ала бейімделуі, жарыс кезінде олардың организмдегі өзгерістерін мұқият қадағалаған жөн.
Спортшылардың өзін-өзі бақылауы деп — спортшылардың қарапайым әдістерді қолданып өз организмінде болған өзгерістерді бақылап дене тәрібиесін және спорттың дененің дамуына тигізетін әсеріне баға беріп отыруын айтады. Спортшы өзін-өзі бақылаудың арқасында жаттығудың барысын өз бетімен жоспарлап отырады.
Өзін-өзі бақылаудың тәрібиелік және педагогикалық маңызы өте үлкен. Өзін-өзі бақылаудың қорытындылары жаттықтырушыға баптаудың ауыртпалықтарын реттеуге, ал дәрігерге — оның организміндегі өзгерістерге дұрыс баға беруге көмектеседі.
Оқытушы, жаттықтырушы және дәрігер спортшыларға өзін-өзі бақылаудың пайдалылығын күнделікті түсіндіріп және оны орындау үшін қолданылатыін әдістерді үйретіп тұруы керек. Сонымен қатар, спортшыларды организмдегі пайда болған өзгерістерге дұрыс баға беруге үйрету де, оқытушы мен дәрігердің міндетіне жатады. Ішкі органдарда пайда болған кейбір белгілерге ауру деген көзқараспен қарауға болмайтындығын түсіңдіріп, оның жаттығуға тигізетін знянын көрсету керек.
Өзін-өзі бақылау үшін күнделік арнаудың маңызы үлкен. Дәрігер мен оқытушы күнделіктегі жазылған көрсетікіштер өзгеруін сараптап, жаттығудың организмге тигізетін әсеріне баға бере алады. Өзін-өзі бақылаудың көрсеткіштерін субьеіктиівтік және объективтік деп екіге бөледі.
Субъективтік көрсеткіштерге көңіл-күй, жұмыс істеу қажеттілігіне баға беру, жаттығуға көзқарас, ұйқы мен тәбет сияқты белгілер жатады. Жалпы көңіл күйдің жағдайы көп белгілерден кұралады. Оған көңілдің бей-жайы болуы, әр жерінде сыздаған ауырудың пайда болуы.
Жеңіл атлеттердің оң қабырғасының астында сыздаған ауыру жүгірген кезде шығады. Ол бауырдың жұмысының нашарлауынан туады. Кейбір жағдайда спортшылар жүрек ауруына шағым айтады. Ондай жағдайда спортшы дереу дәрігерге көрінуі керек. Шаршап қажығанда спортшының басы ауырып, басы айналып, аяқ-қолынан күш көтеді. Ұйқысы бұзылып, бей-жай болады. Жаттығудың барысында жүректің соғысы күшейіп, тыныс алу жылдамдап, оның ырғағы бұзылуы мүмкін. Осы жағдайда дәрігер терең тексерулер жүргізіп, спортшының одан арғы тағдырын шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: |