Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы


 Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата01.12.2023
өлшемі228.19 Kb.
#485101
түріСабақ
1   2   3
doc-2-2

 2. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі 
7. Дене шынықтыру және спорт сабақтары:
1) техникалық, санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге, 
пайдалану, өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес ғимараттарда, уақытша және 
бейімделген спорт ғимараттарында және мүгедектерге қолжетімді ғимараттарда;
2) сабақтар өтетін орындар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай 
болса;
3) жеке тұлғалардың денсаулығына және өміріне қауіп төндермейтін ауа-
райы жағдайларында өткізіледі.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 
01.10.2015 
№ 306
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету мақсатында дене шынықтыру және спорт ұйымдарының дене 
шынықтыру және спорт саласындағы маманы:
1) сабақтар өтетін орындарды қарап шығады;
2) мүкаммалдың мен құралдардың дұрыстығын тексереді.
9. Спорт ғимаратында кез-келген электрлік аппаратураларды және 
электрондық құрал-жабдықтарды орнату және пайдалану электрик маманның 
қатысуымен жүргізіледі.
10. Дене шынықтыру және спорт саласындағы дене шынықтыру – спорт 
ұйымдары дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде осы 
Қағиданы сақтауды қамтамасыз етеді.


11. Дене шынықтыру және спорт сабақтары басталғанға дейін әкімшілік 
(жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы) қауіпсіздіктің 
қажетті шаралары, жарақаттанудың алдын алу, алғашқы медициналық көмек 
шаралары туралы нұсқама жүргізеді.
12. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезінде жаттықтырушы, 
жаттықтырушы-оқытушы немесе нұсқаушы-спортшы дене шынықтырумен және 
спортпен шұғылданушыларды дене шынықтыру жаттығуларын қауіпсіз орындау 
тәсілдерін үйретеді және олардың белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтауын 
бақылайды.
13. Дене шынықтыру және спорт сабақтары аяқталғаннан кейін дене 
шынықтыру және спорт саласындағы маман сабақ өткен орындарды қарап 
шығады, электр құралдарын және жарықтарды сөндіреді.
14. Әкімшілік және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандар дене 
шынықтырумен және спортпен айналысатын жеке адамдардың денсаулығына 
келтiрілген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 
жауаптылықта болады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат 
институты» ШЖҚ РМК 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет