Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бекiту туралы



жүктеу 83.91 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі83.91 Kb.
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң м.а. 2011 жылғы 8 қыркүйектегi № 02-02-18/175 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2011 жылы 19 қазанда № 7269 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" газетi 2011 жыл 7 желтоқсан N 596-600 (26992)


      Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткiзу кезiнде қауiпсiздiк, азаматтардың денсаулығын қорғау қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Стратегиялық даму департаментi (Д.Ү.Қамзебаева) заңнамамен белгiленген тәртiпте осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
      3. Әкiмшiлiк жұмыс департаментi (Ғ.Т. Әбiлова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң 2005 жылғы 5 қарашадағы № 297 «Бұқаралық-спорттық iс-шаралар өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi және қауiпсiздiктi, сондай-ақ қатысушылар мен көрермендердi эвакуациялау және хабарлауды қамтамасыз ету жөнiндегi ереженi бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4010 болып тiркелген, 2005 жылдың 17 қаңтарында № 5 (811) «Заң газетi» газетiнде жария етiлген) бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
      5. Спорт комитетi (Е.Б. Қанағатов) осы бұйрықты ведомстволық ұйымдар мен жергiлiктi атқарушы органдардың назарына жеткiзсiн.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Е.Омаровқа жүктелсiн.
      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы


      Туризм және спорт министрiнiң
      мiндетiн атқарушы                                 Ә. Пiрметов

      «КЕЛIСIЛДI»


      Қазақстан Республикасының
      Iшкi iстер министрi
      2011 жыл 6 қазанда

      «КЕЛIСIЛДI»


      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрi
      2011 жыл "___"___________

      «КЕЛIСIЛДI»


      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрi
      2011 жыл 10 қазанда

      «КЕЛIСIЛДI»


      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтiк
      қорғау министрi
      2011 жыл "___"____________

Қазақстан Республикасы  


Туризм және спорт министрiнiң
мiндетiн атқарушының  
2011 жылғы 8 қыркүйектегi
№ 02-02-18/175      
бұйрығымен бекiтiлдi   

Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары
мен бұқаралық спорт шараларын өткiзу кезiндегi
қауiпсiздiк қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық iс-шаралар өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк қағидалары (бұдан әрi - Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық iс-шаралар өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасы аумағында орындалуға мiндеттi қатысушылар мен көрермендердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi шараларын көздейдi.


      2. Осы Қағида Қазақстан Республикасы аумағында спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық iс-шаралар өткiзудi дайындауға және өткiзуге тiкелей қатысатын мына мемлекеттiк органдар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады:
      1) iшкi iстер, денсаулық сақтау және мемлекеттiк өрт қауiпсiздiгi органдары;
      2) жоспар бойынша спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзетiн жергiлiктi атқару органдары;
      3) дене шынықтыру және спорт сабақтары (бұдан әрi - сабақтар), спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық iс-шаралар өтетiн спорт ғимараттарының ұйымдары (бұдан әрi - ұйым).
      3. Жүйелi түрде, бапкердiң (нұсқаушының) басшылығымен өтетiн дене шынықтыру және спорт сабақтары тек ғана дәрiгердiң карауы мен дене шынықтыру және спорт сабақтары, спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық iс-шараларға қатысуға рұқсатынан кейiн ғана өткiзiледi.
      Жарыстың бас дәрiгерi, ғимараттың медициналық қызметi, команда дәрiгерi спортшыларға, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына және қызметкерлердiң денсаулығы мен өмiрiне қауiп төнген барлық жағдайда жарыстарды және спорттық бұқаралық iс-шараларды өткiзудi болдырмайды.

2. Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткiзу кезiнде
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету тәртiбi

      4. Дене шынықтыру және спорт сабақтары адамның физикалық және интелектуалды дамуына бағытталған iс-шаралар мен жаттығулар кешенi болып табылады.


      5. Жаттығулар:
      1) мемлекеттiк комиссияның актiсiне сәйкес пайдалануға қабылдап
алынған спорт объектiлерiнде;
      2) оқу-жаттығу сабақтары өтетiн орындар санитарлық нормаларға сәйкес болса;
      3) спортшылардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызбайтын ауа-райы жағдайында;
      4) санитарлық және өртке қарсы қызметтiң рұқсаты болғанда уақытша және соған бейiмделген спорт ғимараттарында өтедi.
      6. Сабақтарды өткiзу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында дене шынықтыру және спорт қызметкерлерi:
      1) сабақтар өтетiн орындарды қарайды;
      2) тиiстi спорт түрлерiнен қабылданған техника қауiпсiздiгi нормаларына сәйкестiгiн қадағалай отырып, жабдықтар мен мүкәммалдардың дұрыстығын тексередi.
      7. Спорт ғимаратында техника қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға қажеттi жабдықтар, мүкәммалдар немесе жағдайлар болмаса оқу-жаттығу сабақтарын өткiзетiн ұйымға бұл жайында меншiгiнде спорт ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар дене шынықтыру және спорт сабақтары өткiзу алдында бiр ай iшiнде ескертiлуi қажет.
      8. Спорт ғимаратында кез келген электр аппаратураларын және электрондық жабдықтарды орнату, қолдану ұйым тағайындаған электрик маманның қатысуымен атқарылады.
      9. Ұйым:
      1) iс-шараларды өткiзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шараларды әзiрлейдi;
      2) дене шынықтыру және спорт қызметкерлерiне тиiсiнше нұсқау бередi.

3. Спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық iс-шараларды
өткiзу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету тәртiбi

      10. Спорттық жарыстарға спортшылар спорттық жетiстiктерге қолжеткiзу үшiн, жарыстарды өткiзу регламентiне сәйкес қатысады.


      Спорттық-бұқаралық iс-шараларда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалар, салауатты өмiр салтын насихаттау мақсатында қатысады.
      11. Спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу регламентiн ұйымдастырушы (ұйымдастырушылары) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң м.а. 2010 жылғы 18 қазандағы № 01-01-07/146 бұйрығы. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6617 тiркелген Спорт түрлерiнен жарыстардың ережесiне сәйкес бекiтедi.
      12. Спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу кезiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн тиiстi әкiмшiлiк құрылымдық бiрлiктiң әкiмi орынбасарының төрағалық етуiмен спорттық жарыстар және бұқаралық-спорттық iс-шараларды дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетi (бұдан әрi - ұйымдастыру комитетi) құрылады. Бұл ұйымдастыру комитетiнiң құрамына мемлекеттiк органдар мен басқа да мүдделi ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
      Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдар мен ұйымдар спорттық жарыстар және бұқаралық-спорттық iс-шараларды өткiзу кезiнде қатысушылар мен көрермендердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды комиссияның қарауына енгiзедi.
      Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi спорттық-бұқаралық iс-шараларға қатысушылардың және көрермендер қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге әсер ететiн, спорттық жарысты және спорттық бұқаралық iс-шараны өткiзуге кемiнде 4 сағат қалғанда объектiнi оперативтiк-техникалық қадағалауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда анықталған кемшiлiктердi жою шараларын қабылдайды. Спорттық жарыстар және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзудi, қоғамдық тәртiп пен көрермендер мен қатысушылар қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi қиындататын жағдай анықталған кезде, ұйымдастыру комитетi аталған спорттық жарысты және спорттық-бұқаралық iс-шараны өткiзуге тыйым салу немесе оны көрермендерсiз өткiзу туралы ұсыныс енгiзедi.
      13. Спорттық жарыстар немесе спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу мен оған дайындық кезiнде барлық қатысушы ұйымдардың қызмет көрсетушi адамдары мен техникалық құралдарының қажеттi саны iске қосылады.
      14. Спорттық жарыстар немесе спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу кезiнде спорттық ғимараттарда алкогольдi iшiмдiктер және шыны ыдыстардағы сусындар сатуға тыйым салынады.

4. Спорттық-бұқаралық iс-шараларды дайындауға және оны
өткiзуге тiкелей қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар

      15. Спорттық-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушылар:


      1) осы Қағиданың 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, кешендi спорттық iс-шараларға қатысушылар мен көрермендердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеу үшiн спорттық-техникалық талаптарды, бағдарламаны, регламенттi, басқа да арнайы талаптарды көрсете отырып, спорт түрлерiнен жарыстар қағидасын, кешендi бұқаралық-спорттық iс-шараларды - 3 ай; облыстық, қалалық және аудандық жарыстарды - жарыстың басталуынан 1 ай бұрын ұсынады;
      2) спорттық-бұқаралық iс-шараларға қатысушыларды, төрешiлердi, көмекшi қызметкерлердi (олардың ғимаратта техника қауiпсiздiгi және iшкi тәртiп ережелерiн бiлуi және сақтауы) дайындауды;
      3) спорт түрлерi бойынша жарыстарды өткiзу қағидаларын орындауды, көмекшi қызметкерлердiң өз функционалдық мiндеттерiн атқаруын;
      4) спорттық-бұқаралық iс-шараларға қатысушылардың уақытылы келуiн қамтамасыз етедi.
      16. Спорттық-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн спорттық ғимараттардың ұйымдары:
      1) объектiлердегi инженерлiк жүйелер мен хабарлау жүйелерiнiң, iшкi және сыртқы өртке қарсы су құбырларының тоқтаусыз жұмысын, мекемелер мен ғимараттар құрылысының сенiмдiлiгiн, бұқаралық-спорттық iс-шараны өткiзу кезiнде iлiнбелi құлыпты қолданбауды, жеңiл ашылып шығу-кiрудi (есiктердi, қақпаларды) қамтамасыз ете отырып, трибуналардың, эвакуациялау жолдарының дайындығын, қызмет көрсетушi адамдардың болуын, олардың қызметтiк нұсқаулықтарына сәйкес iс-қимылын бақылауды;
      2) спорттық-бұқаралық iс-шараларға қатысушыларды орналастыру үшiн орындарды, қоғамдық тәртiптi сақтау қызметiн, қызметшiлердi, көпшiлiк қолданатын орындарды, үй-жайлардың арена мен аумақтың санитарлық-гигиеналық тәртiбiн, өрт сөндiру құралдарының дайындығын;
      3) өрт техникасының спорттық ғимараттарға еркiн кiруiн және жақындауын;
      4) спорт ғимараттарында (көрнекi жерлерде) қауiпсiздiк белгiлерiн, көрсеткiштердi, көрермендер тәртiбi ережелерi мен плакаттар, өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулықтар мен эвакуация жоспарларын iлудi;
      5) спорттық-техникалық құрал-жабдықтардың жарысты өткiзу ережелерiне сәйкес келуiн, олардың функционалдық және табельдiк белгiсiнiң жарамдылығын;
      6) көрермендер мен қатысушыларды iс-шаралар жарнамасымен, ақпараттармен, спорт ғимаратынан эвакуациялау тәртiбiн функционалдық және табельдiк белгiсiмен көрсету;
      7) бұқаралық-спорттық iс-шараларға билеттер таратуды;
      8) бақылау-өткiзу тәртiбiмен қатысушылар және көрермендердi ареналар мен трибуналарға билеттер мен рұқсат қағаздарына сәйкес орналастыру;
      9) қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет көрсету орындарымен бiрлесе отырып, сондай-ақ көлiк қозғалысы мен тұрақты, киiм шешу, сақтау бөлмелерiмен қамтамасыз етедi;
      17. Орны, трибуналары және секторлары көрсетiлмеген кiру билеттерiн сатуға және өту қағаздарын беруге, сонымен бiрге билеттердi көрсетiлген нормадан асырып таратуға рұқсат етiлмейдi.
      18. Iшкi iстер органдары:
      1) спорттық-бұқаралық iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi сақтауды қамтамасыз ететiн техникалық құралдар мен қажеттi күштердiң болуын, бұқаралық-спорттық iс-шараларын өткiзу күнi көрермендердiң болжамалы саны мен нақты жағдайы туралы ақпараттан кейiн қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шараларды қабылдауды;
      2) билеттердi сату кезiнде касса маңында және спорттық ғимараттар аумағында қоғамдық тәртiптi сақтауды;
      3) спорттық-бұқаралық iс-шаралар ойындары өтетiн орындарға, трибуналарға көрермендер мен қатысушылардың белгiленген тәртiпке сай (бұқаралық-спорттық iс-шаралар ойындарын ұйымдастырушысы мен спорт құрылымы әкiмшiлiгiмен келiсе отырып) қауiпсiз өтуiн;
      4) спорт орындарына мас адамдарды жiбермеу, сондай-ақ спирттiк iшiмдiктердi, шыны ыдыстардағы сусындарды, жарылғыш заттар мен қаруды салуға мүмкiн болатын қапшықтарды, портфельдер мен басқа да заттарды спорт ғимараттарында өткiзбеуге әкiмшiлiктiң ықпал етуiн;
      5) көрермендердiң ұйымдасқан түрде iшке енуiн және трибуналар мен басқа да жайғасатын жерлерге орналасуын iске асыруда спорт ғимараттарының бақылау-тәртiп қызметi мен әкiмшiлiгiне жәрдем көрсетудi;
      6) спорт ғимараттарының трибуналарында және оған жақын жерлерде қоғамдық тәртiптiң, көрермендердiң тәртiп ережелерiн сақтауын;
      7) көрермендердi трибуналардан және соның аумағынан шығару, сонымен бiрге қоғамдық көлiктерге отырғызу процестерiн басқаруды спорттық ғимараттың тиiстi қызметiмен бiрге жүргiзудi;
      8) эвакуациялау жолдарының және өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi.
      19. Мемлекеттiк өрт қауiпсiздiгi органдары:
      1) бұқаралық-спорттық iс-шараны өткiзу кезiнде өрт бөлiмдерiне (есеппен) өрт техникасымен кезекшiлiк атқаруды;
      2) бұқаралық-спорттық iс-шараны өткiзу кезiнде қажеттi күш пен техниканың болуы, бұқаралық-спорттық iс-шараны өткiзетiн күнi көрермендердiң болжамды саны мен нақты жағдай туралы ақпаратты ескере отырып, өрт қауiпсiздiгiмен қамтамасыз ету бойынша басқа да қосымша шаралар қабылдауды;
      3) спорттық ғимараттарының тиiстi қызметтерiмен спорттық ғимараттан, сондай-ақ оған қатысты аумақтан қатысушылар мен көрермендердi эвакуациялау процесiн бiрге басқаруды қамтамасыз етедi. Қызметтер мен оның сандық құрамын спорт ғимаратының әкiмшiлiгi айқындайды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет