Дене тәрбие негіздері



Дата01.07.2016
өлшемі104 Kb.
#171227
Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп

Баяндама


Дене тәрбие негіздері

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Оспанов Бейбіт

2015-2016 оқу жылы

Дене тәрбие негіздері
Әрбір қозғалыста ең алдымен қозғалып келе жатқан дене таректориасынан дене мүшесі таректориясын айыра білу қажет. Траектория дегеніміз – кеңістіктегі қозғалыс шамасы және елестеткендегі қозғалысын дене ізі. Траекторияға қарап дене мүшелеріқозғалысының бағытын, түрін, амплитудасын анықтайды. Қозғалыстаекториясы түзу сияқты және қисық сызықты болады. 100-метрге жүгіруді-түзу сызықты және, ядро итруді- қисық сызықты деп шартты түрде айтамыз. Өйткені тәжірибе бойынша таза түзу сызықты қозғалыс жоқ. Олардың ішінде әр қашанда қисық сызықты қозғалыс жүреді ( дене серпілуі, ауырлық нүктесінен амплитудалы ауытқу) т.б жатықтушылардың организіміне дене тәрбиесі жаттықтыруларымен тиімді әсер ету және қозғалыс тәсілін жақсы орындау, қозғалып келе жатқан денеге немесе оның мүшелерінің траекториалық бағытына байланысты ( мысалы, биіктікке секіру үшін спортшылар жерден аяқпен дұрыс серпілу бұрышын, тиімді қозғалыс бағыттын дұрыс анықтау білу керек.) Қозғалыс бағыттары: Жоғары-төмен, алға-артқа, оңға-солға болып бөлінеді. Дене мүшелерінің бір шекті қалыптан екінші шеткі қалыпқа диін жеткізе сілтеген қозғалысын қозғалыс амплитудасы диміз (мысалы аиақты алға- артқа сілтеу қозғалысы).

Қозғалыс амплитудасы белсенді және бәсен болып екіге бөлінеді.Белсенді қимыл жатығушының бұлшық етерін белсенді жауырынымен орындалады. Бәсен – серігінің , тринажордың көмегімен керілу созылу жаттығулары. Белсенділік амплитудасы бәсен амплитудаға қарағанда әр қашанда аз болады. Уақыт сипатамасы – уақыт ұзақтығы, қарқын және қимыл ырғағы деп бөлінеді. Ұзақтық - әр бір қозғалысқа кететін уақыт шамасы. Жаттығу уақытын азайта отырып , оқушы өзінің шеберлігін арттырады немес күш жұмысының көлемін азайтады, көбейтеді. Қозғалыс қарқының өзгерте отырып, дене қуатынын арттыру басқаруға болады. Уақыт азайса, қозғалыс қарқыны артады, ал уақыт көбейсе қозғалыс қарқыны азайады. Уақыт мөлшерімен қозғалыс бөлімдерінің ұзақтық қатынас ырғақ деп атаймыз. Ырғақ тек қана күрделі қозғалыстарда болады, баланың жасы ұлғайған сайын, оның спорттық деңгейі артқан сайын өзгеріп отырады. Кеңістікті уақыт сипатамасы – жылдамдық және үдеу. Белгілі бір уақытта дененің кеңістікте шапшаң қозғалуын қозғалыс жылдамдығы дейміз. Бір уақыт мөлшерінде жылдамдықтың өзгеруі үдеу деп айтамыз. Ол болымды үде және болымсыз үде деп аталады. Оқушының кеңістікті уақыт қозғалысын білуі, кеңістік сипаттамасы және уақыт сипатамасын тиімді ара-қатынасын табуына, жүгіргенде үлкен табысқа жетуіне көмектеседі.Қозғалыс сипаттамасын адамның қозғалуына көмектесетін күшті ішкі немесе бұлшық еттің арту күші. Реактивті күш-қозғалыс кезіндегі пайда болған денемүшелерінің біріккен күші.

Адам денесіне сырттан әсер еткен күштерді сыртқы күштерге жатқызамыз, (Мәселен ,дене салмағының ауырлық күші басқа дене күштері күрестегі қарсыласының күші). Сыртқы ортаның қарсылық күші су ауа т.б (Сондықтан да адамның әрбір қимыл әрекетін өзінің бұлшық етінің тарту күшімен білге сыртқы және ішкі күштерге де байланыстыра қарастыру керек.

Жаттығуларды топтау

1 Дене тәрбиесінің тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене тәрбиесі жаттығуларының қасиетін танып, оларды тиімді пайдалану үшін дене тәрбиелеу тәжірибесінде жаттығуларды топтау қажет.

Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Ол ибойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді.

А) гимнастикалық жаттығулар ә) ойын жаттығулары б) туристік жаттығулар ( бұл жаттығулар туризмнің өз түрінде кездеседі)

В) спортық жаттығулар-спорттың әр түрінде пайдаланылатын стандартты жаттығулар.
2 Белгілі дене куатын дамыту бағытындағы жаттығулар:

А( күш-жылдамдығы жаттығулары жаттығушылардың күштерін дамытады: б) үйлесімді қозғалысты талап ететін жаттығулар : в) икемділіке арналған жаттығулар г) комплексті қимылды талап ететін жаттығулар.

Мақсатына қарай топтау.

А) негізгі жаттығулар

3 Сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетін, спорт түрлерінің негізгі жаттығулары.

ә) дайындық қуаты жаттығулары . Негізгі жаттығуларды үйренуге керек дене қасиеттерін дамытуға көмектесетін жаттығулар.б) жақындататын жаттығулар-негізгі жаттығуларды үйренетін оңайлататын қимыл-әрекеттер ( мысалы ұзындыққа жүгіріп келіп секіруге жақындататын жатығулар-бір, үш адамдап келіп ұзындыққа секіру).

4 Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар.

Қолдың бұлшық еттеріне, кеуде бұлшық еттеріне , аяқ, іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

5 Қозғалысқа арналған жаттығулар тобы: а) циклді жаттығулар ( жүгіру, жүру, ескек есу т.б): ә) циклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика, жеке сайыс т.б ) аралас жаттығулар ( циклді ,ациклді жаттығулар бъар спорт ойындары.)

6 Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау: а) өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секунд аралығында орындалады.) ә) жоғарғы қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секунд 5 минутке диін)

Б) қатты қарқынмен орындалатын жаттығулар (30 минут.диін)

В) қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар (30 мин.көбірек)

Дене тәрбиесі жаттығуларының әсер етуін анықтайтын факторлар. Жаттығулардыңадам организміне әсер етуі әр түрлі себептерге байланысты. Оқыту процесі екі-жақты ұстаз оқытады, оқушылар үйренеді. Сондықтан жаттығулардың әсер етуі ұстаз өнегесіне, ақылына білім деңгейіне қимыл дағдасына дене қуысына сондай-ақ оқытушы мен оқушының белсенділігі мен ынтасына байланысты.

Ғылыми факторлар – адамның дене тәрбиесі заңдылықтарын түсіну.

Әдістемелік факторлар – жаттығуларды қолданар кезде ескертетін талаптар.

Жаттығулардың күшті әсері осы талаптарды орындап, дұрыс пайдалана, жаттығуларды орындау уақытына, орындау қарқына, жаттығуларды орындау санына немесе аарлық тынығу уақытына , демалыс түріне байланысты.

Саниктарлық – гигеналық факторлар. Дене тәрбиесі жаттығулары адам организміне тиімді әсер ету үшін тамақтану, демалу, еңбек ету тәртібін сақтап, жаттығатын орынды, спорт залын санитарлық нормада ұстау керек.

Метеорологиалық факторлар (ауа температурасы, ылғалдылығы, ел күші т.б). Дене тәрбиесі жаттығуларын қамтамасыз ететін бір топ материалдық факторларға спорт ғимараттары, спорт киімдері т.б жатады.

Табиғи күштер және дене тәрбиесінің қосымша амалы.

Табиғи күштер «күнің қызуы, судың, ауаның температурасы, атмосфераның қысымыт.б) денсаулықты нығайтуға, шынықтыруға жұмыс қабілетін өсіруге, жаттығулады тиімді пайдалануға көмегін тигізетін дене тәрбиесінің амалдары болып келеді.

Дене тәрбиесі процесінде табиғи күштер жаттығуларды қолайлы жағдайда орындау бағытында пайдаланады. Еңбек және оқу тәрбиесінде бұл процедураларды тиімді пайдаланса, белсенді демалысқа немесе шаршаған организмдіқалпына келтіруге қол жетеді.

Дене тәрбиесінің бір амалы –гегеналық фактор. Бұл амалдың тәсілдерін екі топқа бөлуге болады.

Дене тәрбиесі процесіне кірмейтін тәсілдер. Олар еңңбек гегенасы, тамақтану, демалыс режимдері, яғни дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысуға толық мүмкіндік беретін жағдайлар.

Дене тәрбиесі процесіне кіретін тәсілдер. Бұған марафондық жүгіру кезінде арнайы тамақ беру, жаттығу кезінде жайлы жағдай туғызу (ауа тазалығы, жақсы жарық беру т.б) организмді тез қалпына келтірудің гмһигеналық тәсілдері (ауаны аэронизациалау, ауа-температура ортасы) жатады. Ауа-температурасы ортасы. Оларға жүзу бассейндері су бүркетін себез қондырғылар, ванналар, монша-сауна, термокамералар жатады. Ауаны аэронизациалау – спортшылар демалып жатқан жердің қосымша оттегін жіберу. Бұлардың бәрі спортшылардың көңіл күйлерін көтеріп, бойын сергітеді бір нәтижегежету жолына бағытталған амалдар мен әдістер жүйесін айтады.

Әдістер жүйеленісі. Барлық әдістер арнайы «тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және жалпы (дидактикалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екіге бөлінеді.

Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: 1 Қатаң уақыт тәртібімен жаттығу әдістері 2 Ойын әдісі 3 Жарыс әдісі Жалпы әдістері 1 Сөз қолдану әдістері 2 Көрнекілігі қолдану әдістері.



Дене тәрбиесі әдістері

Қатаң уақыт тәртібімен жаттығу әдістері. Жаттығу кезінде көп қайталанып күш түсіру мен тыңдауды алмастыра орындайтын қимыл-әрекетті біз қатаң уақыт тәртібімен жаттығу әдістері деп атаймыз.

Қатаң уақыт тәртібімен жаттығу әдістерін пайдалану: күш түсіру көлемін қатаң мөлшерлеу, әр түрлі дене қуатының қасиетін дамыту және жаттығуларымен әрбір дене мүшесіне әсер ету , дене тәрбиесі процесінде жеке үйретуді пайдалану арқылы жүзеге асады.

Кез келген күрделі жаттығуларға үйрету: дене тәрбиесі жаттығуларын әр түрлі топтағы адамдар арасындағы өткізілетін сабақтарда пайдалану.

Қимыл-әрекетке үйрету әдістері. Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады. Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету мынадай жағдайларда қолданылады. 1 Қарапайым қимыл-әрекетке үйрету кезінде.2 Дене қуаты және тәсілдік дайындығы жоғары оқулармен жаттықтыру сабақтарында. 3 Қимыл-әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын, бөлшектесе тәсіл негізінің сапасы болмайтын жағдайда. 4 Бұрын үйренбеген жаттығуларды жетілдіру. Жаттығуларды бөлшектей үйрету әдіс кезінде қимыл-әрекеті бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толыққайталайды (мысалы,снарядтардағы гимнастикалық әдістерді жан-жақтыүйрену т.б)

Күрделі қозғалыс тәсілін үйренуді жеңілдету үшін жақындататын жаттығулар қолданылады. Жаттығулар тәсілі күрделі жаттығулардың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар тұтас орындалған оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек.

Дене қуатының қасиетін дамыту әдістері.Дене қуаты қасиетін дамытуға бағытталған жаттығулардың қатаң уақыт тәртібі әдістері әр түрлі формадағыкүш түсіру мен тынығудың түрлерін ұштастыру мүмкіндігіне байланысты қолданылады. Күш түсіру дегеніміз дене тәрбиесі жаттығуларымен адам организміне әр түрлі көлемде әсер ету. Күш түсірудің шамасы оның қарқындылығы мен көлеміне байланысты. Күш түсіру көлемі-орындалған дене қуаты жұмысының сәні.

Күш түсіру қарқыны – белгілі бір уақытта дене тәрбиесі жаттығуларын тездетіп орындау. Күш түсірудің ішкі және сыртқы қарқындық көрсеткіштері болады.

Сыртқы көрсеткіш – қозғалыс жалдамдығы, спорт ойындарындағы ойын қарқыны т.б Қарқын ішкі көрсеткіштеріне жүректің соғу жиелігі, белгілі бір бағытта күш жұмсау өлшемі т.б жатады.

Адам организміне әсер ету көлемі жағынан күш түсіру (жүректің минутіне 130 рет соғуы),орта (жүректің минутіне 131-155 рет соғуы), үлкен( жүректің минутіне 156-175 рет соғуы),қатты (176-190 және оданда қаттырақ соғуы) болып бөлінеді.

Бұлшық еттің жұмысыны байланысты күш түсіру стандартты және ауыспалы болып келеді.Стандартты күш түсіріп – бұлшық еттің белгілі бір уақытта жаттығуды орындаудағы тұрақты қарқынды жұмысы. Ауыспалы күш түсіру – бұлшық еттің жаттығуды орындаудағы қарқынның өзгеруі (ол жоғары немесе төмен болып өзгеруі мүмкін). Күш түсіру әрқашанда тынығумен кезектесіп отыруы керек. Тынығу аралықтарының үш түрі бар. Олар: қарапайым , қатаң және төтенше. Қарапайым немесе толық тынығу деп келесі қайталаукүш түсіру алдында организмнің жұмыс қабілетінің толық бастапқы қалпына келуін айтамыз.Қатаң тынығу дегеніміз-келесі қайталанатын күш түсіру жаттықтырушыныңорганизмінің жұмыс қабілетінің толық бастапқы қалпына келмеген кезде қайталануы. Төтенше тынығу аралығы дегеніміз-келесі күш түсіру организімінің жұмыс қабілетінің көтерілген кезіне жаттығушының өзіндік дайындық ниетінің толық көрінген кезіне тап келеді.Мазмұны жағынан тынығу бәсең және белсенді болып екіге бөлінеді. Белсенді тынығу- спортшының алдыңғы жаттығуға қарағанда қарқыны аз түрүне көшуі (мысалы, жүгіруден соң ақырын жүру)

Ден қуатының қасиетін дамыту жолында мынадай әдістері қолданылады.бір қалыпты орындау(стандартты) әдісі. Бұл әдіс жаттығуларды үзбей,ұзақ уақытта, бір қарқында орындауды талап етеді(мысалы,ұзақ уақытта ,бірқалыпты жүгіру,жүзу ескек есу және т.б).Күш түсіру бұл кезде жоғарғы деңгейдің 70 процентінен аспауы керек)( жүрек соғулығының жиелігі минутіне 130-150 рет). Ұзақ уақыт бірқалыпты істелген жұмыс жүрексоғулығының жиелігі қан тамыры және тыныс алужүйелерін нығайтып , организмнің жалпы төзімділігін дамытады.

Өзгермелі орындау әдісі.бұл әдіс жаттығуды орындау кезінде өзгеріп отырады (мыс:400 метр қашықтыққа жүгіруде жылдамдық 100 м еркін 1.2 жартылай күшпен, 100 м қатты қарқында-100 м еркін 100 м 3.4 күшпен орындалып отырылады.)Өзгермелі орындау әдісінің көмегімен біз жалпы төзімділікті және жылдамдық төзімділігін дамытамыз, жігерлікке тәрбиелейміз.

Қайталап орындау әдісі.Бұл әдіс жаттығуды орындау көп қайталанылады, аралықтағытынығуда организм толық бастапқы қалпына келуі қажет (мысалы , қысқа қашықтыққа өте жоғары жылдамдықпен қайталап жүгірген кезде, аралық танығу толық болуы қажет. Қайталап орындау әдіс күшті, жылдамдықты және күш жылдамдығын, жылдамдық төзімділігін дамытады.

Тәжірибеде қайталап орындау әдісінің бірнеше түрі кезігеді.

Мысалы циклді жаттығуларды орындау кезінде мынадай түрлері алдан шығады: а) тұрақты бірдейқашықтықтарға жүгіру (7х100 м) ә) біртіндеп ұзартылып отырған қашықтыққа жүгіру (200х400х600х800) в) біртіндеп ұзартылған , сонан соң қысқартылған қашықтыққа жүгіру (200х400х600х800х400х200).

Интервалды орындау әдісі. Бұл әдістің мәнісі көп рет қайталанған жаттығудың орындалу қарқыны жоғары болуында (минутіне 160-180 рет жүрек соғу жиелігі). Жаттығуларды орындаған соң тынығу кезіндегі жүрек соғу минутына 120-140 ретке жеткенге дейін созылады да сонан соң жаттығу қайталанылады. Тынығу белсенді немесе бәсең болуы мүмкін, жаттығу сериялы орындалады (мысалы 7х200). Бұл әдістің көмегімен жедел мерзімде жалпы және арнайы төзімділік қасиетін дамытуға болады.

Жоғарыда аталған әдістер тәрбиесі тәжірибесінде топтастырыла, жіктестіріле қолданылады ( мысалы,стандартты интервалдық жаттығулар әдісі, өзгермелі –интервалды жаттығулар әдісі т.б) Осындай әдістерді топтастыру тәсілдері организмнің функцианалды мүмкіндіктерінің өсуіне тиімді әсер етеді және кең көлемде дене қуаты қасиеттерін дамытады.

Шеңберлі әдіс. Спорт зал мен спорт алаңдарында шеңбер бойынша орналасып «станциаларда» орындалған жаттығуларды, яғни серялы орындауды шеңберлі жаттығу деиміз.

«Станцияларда» (саны 6-10 болуы мүмкін) қарапайым, үйренген бір жаттығу орындалады (мысалы, штанганы иықта ұстап отырып тұру,аспап темірден таратылу және т.б) Жаттығуды орындау саны әрбір «станцияда» жеке тағайындалады.Бір сабақта «шеберді»бір реттен үш ретке дейін түгел немесе тынығу аралығымен өтеуге болады. Шеңберді бір айналып жаттығуды орындау уақытын,тынығу аралық уақытын,жаттығуды қайталау санын мөлшерлеп белгілеу қажет. Шеберлі жаттығудың бірнеше түрі бар.1-вариант жаттығуларды ұзақ,ұзбей орындау әдісі. Сабақ үзіліссіз,шеңбер бойынша бірден үш ретке дейін қайталана орындалады.Сабақ міндеті-жалпы және арнайы төзімділікті дамыту.2 вариант интервалдық әдіс бойынша. Жаттығуларды орындау аралығындағы тынығу қатаң интервалды. Күш және жылдамдық, күш төзімділігін тәрбиелеуге қолданылады. 3 вариантстандартты жаттығулар әдісі бойынша тынығу аралығы қарапайым немесе толық тәсілмен өтеді.

Күшті және жылдамдықты тәрбиелеуге қолданылады. Шеберлі жаттығу өткізу алдында жаттығуларды топтап жүйелеп алады. «станциалардың»орыны белгіленеді және жаттығуларды орындау мөлшері тағайындалады.

Ойын әдісі.Дене тәрбиесі процесінде спорттық және қозғалмалы ойындарды қолдану –ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынадай өзіндік ерекшеліктері мен белгілері бар.1 Белгілі бір бір мақсатқа (жеңіске ) жету үшін ойының жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.2 Ойын әрекеттерніде бәсекелестік,жеңіске деген талас пен эмоциялық сезім. 3 Ойын барысында өз бетімен қимыл әрекетке шешім қабылдау. (ойынға қатысушы жүгірудің,секірудің лақтырудың жолын өзі тандайды).4 Қимыл әрекеттердің алуан түрлігі олардың ойын барысында әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы.

5 Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым қатынастары. Ойын әдісінің көмегімен дене уақыты қасиеттерін тәрбиелеуді (батылдық тапқырлық ұйымдастырушылық өз бетімен шешім қабылдаушылық) және бұдан басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады.

Жаттығуларды ойын әдісімен жүргізу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер қалдырады, бірқалыптылықтан құтқарады. Ойын әдісінің бір кемшілігі –күш түсірудің мөлшерін дәл біле алмайтынымызда.

Жарыс әдісі .Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс бәскек түрінде орындауды жарыс әдісі дейміз. Жарыс әдісінің ең негізгі белгісі біріншілікті жеңіп алу үшін бәсекелесу. Күрес жағдайында-күш сынасу немесе жоғары көрсеткіштерге жету.Бұл әдіс әр түрлі мақсаттарды орындауға пайдаланылады. Мысалы адамгершілік , жігерлік дене қуатын қасиетін тәрбиелеу күрделі жағдайда қимылдың ептілігі мен дағдысын жетілдіру. Бұл әдістің міндеті бір шарты: бәсеке жаттығуларына оқушылар мұқият дайындықпен келуі керек.әитпесе олардың денсаулығына зиян келуі күдік.

Сөз қолдану әдісі.Қозғалысқа үйрету процесінде жеке дене қуаты қасиетін тәжірбиелеуде сөз қолдану әдісінсіз табысқажету мүмкін емес. Сөз қолдану әдісі үш топқа бөлінеді.1 Баяндау,әңгімелесу, түсіндіру әдістерінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады.2 Бұрық беру тапсырма нұсқау беру әдістері жаттығушылардың әрекеттерінбасқаруға пайдаланылады.3 Талқылау,бағалау әдістері жаттығушылардың әрекетін талдауға,баға беруге арналған.

Енді осы әдістердің маңызына және оларды қолдану ерекшеліктеріне тоқталайық. Баяндау-теориялық бір түсінікті айтуға,ойын кезіндегі қозғалыс әрекетін түсіндіруге ,спорттық жаңалықтарды хабарлауға пайдаланылады.

Оқушыларды жаттығуды орындау техникасымен таныстаруға түсіндіру әдісі қолданылады. Оқушылардың білімін, бір нәрсеге құштарлығын білу, ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін көтеру үшін әңгімелесу әдісі қолданылады.


Қысқа да бұрықты раймен белгілі бір істің, қимылдың бұлжытпай орындалуын талап ете сөйлеу түрін бұйрық дейміз. Бұйрық саптық (әскери) әне төрешілдік ( сарт беру кезіндегі бұйрықтар) төрешілердің бұйрық сөздері болып бөлінеді. Бұйрық ұжымдық (коллективтік) әрекеттерді ұйымдастыруға қолданылады.Мысалы жаттығуды орындауға берілетін бұйрықтар жаттығушылардың саптағы әр түрлі қозғалыстарын т.б

Қысқаша айтылып, бұлжытпай орындалуды талап ететін сөз әсерін-нұсқау беру деп атаймыз. Бұл әдіс көбінесе қозғалысқа үйретуде қолданылады. «Жылдамдат», «тездет», «асықпа», «еркін жүр» т.с.с нұсқаулармен мұғалім қимыл-қозғалысты бақылап отырады. Белгілі бір тапсырма орындалған соң (мысалы , ойын) талдау жасалады. Талдаудың көмегімен қателер, олардың түзету жолдары көрсетіледі, келешектегіоқу-дайындық әрекетінің сипаты, бағыты белгіленеді. Қимыл-әрекет орындалып болғаннан соң, «жаман» дегендей ауызша баға беріледі.
Көрнекті ықпал ету әдісі. Бұл әдістер жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа бөлінеді.

А) көру көрнекілігі әдістері ә) есту көрнекілігі әдістері б) қимыл көрнекілігі

Көру көрнекілігі әдістеріне жататындар: үйрететін қозғалысты оқушының (немесе оқытушының тапсырмасымен оқушының) көрсетуі. Көрсету кезінде оқытушы мынадай әдістемелік талаптарды басшылыққа алуы керек.

1 Көрсетудің мазмұны сөз қолдану әдісімен қатар жүруі тиіс.

2 Көрсетудің мазмұны, үйретудің мақсатына сәйкес келуі қажет. А( бірінші рет жаттығу тәсілін көрсеткенде ол стандартты түрде, оқушыларға түсінікті деңгейде толық орындалуы керек. ә ( үйрету кезінде оқушылар қиын элементтерді жақсы игеруі үшін қозғалыс толық немесе бөлшектеліп, жайөз қарқыныңда немесе баяу қарқында көрсетіледі) б) жетілдіру кезеңінде оқытушы жаттығуды жоғары дәрежедегі спорт шеберлері орындағандай көрсетуі керке.Ол Оқушыларды ынталандырады, сол деңгейде орындауға ұмтылдырады.

3 Жаттықтырушы жаттығуды көрсеткенде спорт залының, алаңның ең қолайлы, оқушылардың бәріне көрінетін,өзі де жаттығудың орындалуын бақылай алатын жерді таңдап алуы керек.

4 Қарапайым, жалпы жетілдіруі жаттығуларын көрсеткенде «айна тәсілін» қолданған жөн.

5 Оқытушы көрсетуді өзі орындай алмайтын жағдайларда:

А) денсаулығына байланыстыә) көрсету кезінде дене қалыпты жаттығуды түсіндіргһуге ыңғайсыз болса (мысалы, баспен төмен қарап тұрса) б) жаттығуды орындағанда мүмкін болатын қателіктерді оқушының өзі арқылы көрсету керек болса, көрсетуді жақсы дайындығы бар оқушыға тапсыруына болады. Көрнекі құралдарды көрсету. Жаттығуларды бөлшектеп қарау оның орындалу тәсілінтүсіндіруде көрнекі құралдар,суреттер,плакаттар,фото.һ,кино,бейне көріністер үлкен рөл атқарады.

Суреттеме – тақтаға немесе қағазға оқушының жаттығудың орындалу схемасын түсіруі. Оқытушы сол суреттеме арқылы оқушының жаттығуды орындауды қалай түсінгенін біледі. Сонымен қатар кино және бине магнитофон таспаларында жазып алынған жаттығуды көрсету арқылы үлкен жетістікке қол жеткізуге болады. Өйткені ол қозғалысты әр қырынан көрсетіп тәсілдің барлық бөлшектерін анықтап түсінуге мүмкіндік береді.

Дыбыс және жарық белгілері. Жаттығудың басталуы мен аяқталуын есту және көру ырғақ, амплитуда , қарқын жаттығуға жұмсаған күш мөлшері уақытын метроном көмегімен өлшеу,суда жүзу жолдарын көрсететінін түрлі-түсті жарық белгілері, жалаулар осылардың бәрі жаттығуды дұрыс, ынталы орындауға көмектеседі. Қимыл-көрнекілік әдісі екі түрде орындалады. 1 Қозғалыс туғызар дене мүшелерінің ықпалы арқылы оқушыларға сезіндіру ( мысалы , конъкимен жүгірушінің жартылай отыруын орындап сезіну) 2 Қозғалысты еріксіз орындату (мысалы допты немесе гранатты лақтыру кезіндегі қолдың атқаратын жұмысын оқытушы ұстап, орындатып көрсетеді) тренажерларды қолдану,олар арқылы керек қозғалысты орындатып сезіну жаттығуды дұрыс орындау.

Тез хабарлау әдісі. Бұл әдіс кезінде тәсілдік құрал-жабдықтар және көмекші құралдар (мысалы ,айна) арқылы оқытушы мен оқушы қозғалысты орындау сипаттамасы туралы тез мағұлмат алды және қателерін жылдам түзете қояды.


Дене тәрбиесінің принципиптері.

Қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыру және дене қуаты қасиетін тәрбиелеу жалпы заңдылықтарға бағынады,ол әдістемеде принциптері деп аталады.

Принциптерді білу,оларды тәжірибеде қолдану дене тәрбиесі поһроцесін жетілдіреді. Дене тәрбиесі процесіне төмендегідей әдістемелік принциптер тән: 1 Саналық және белсенділік 2 Көрнекілік 3 Жүйедідік 4 Біртіндеушілік 5 Реттілік 6 Даралық

Саналық және белсенділік принципі. Бұл принциптің мақсаты-дене тәрбиесі процесінде жаттығушылардың сапалы, белсенді және шығармашылық әрекеттерін педагогикалық тұрғыдан бағыттау. Саналылық және белсенділік принциптері мынадай талаптарды қамтиды.

1Сабақтың мақсаты мен міндетін орындауға оқушылардың ынтасын саналы түрде қалыптастыру. Егер оқушы алға қойған мақсаттың маңызын түсініп оның міндеттерін орындауға ынта танытса, оқу барысы тезірек,сапалы болады. Жаттығушылар алдында кезекті (жақын) және перспективалық (алыс) мақсаттар қойылады. Оқушылар үшін перспектикалық мақсаттар. Спорттық разряд алу,ЕОКД комплексі нормасын орындау, мектептің, ауданың құрама командаларына мүше болу.Кезекті мақсаттар: бір күрделі жаттығудың тәсілін меңгеру кейбір дене қуаты қасиетін дамыту. Оқушылардың денсаулығын күшейтуге, әр түрлі дене қуаты қасиетін дамытуға ұсынылып тұрған тапсырманың мәнін, маңызын айқын түсіндіре білу керек (мысалы , жаттығуды орындау түрі мөлшер).

2 Сабаққа ынталы қатысу.Дене тәрбиесі сабағы кезінде балаларға қызықты тапсырмалар беру, ойындар өткізу жүйелі түрде баға қою жетістіктерін мадақтау, марапаттау оқушыларды ынталандыру түседі.

Үйрету және тәрбиелеу процестері жаттығушылардың білімін, танымын қалыптастырады. Жаңа амалдар , әдітер, қозғалыстың жаңа элементтерін орындау, әр түрлі тәсілдер іздеу оқушыларды қызықтырады, творчестволық белсенділікке ынталандырады.

3 Жаттығушылардың өз әрекетін байқауға қабілетін ояту. Бұл талапты орындау үшін,оқушылар жаттығуды орындаған кезде сәтті немесе сәтсіз әрекеттеріне өздері талдау жасай білуі, орындау тәсілінен тәсілінен қате таба алуы, олардың пайда болғанын және оны қалай түзету керек екенін үйренулері қажет.Өз көңіл күйін, машықтылығын бақылау, жаттығу күнделігін жүргізе білу, объективті және субъективті мәліметтерге талдау жасау оқушылардың қабілетін жетілдіреді. Қазір дене тәрбиесі сабақтарында саналы бақылауға ынталандырудың мынадай әдістері қолданылады.


1 Жаттығуды тек қана сөз қолдану әдісі арқылы үйрету. 2 Мұғалімнің тапсырмасымен дене қуатының қасиетін дамыту жаттығуларын өз бетімен іріктеп алу.3 Жаттығуды орындаған соң нәтижесін өзі бағалауы немесе екі-екіден орындағанда бір біріне дұрыс баға бере білу.4 Жаңа жаттығуларды үйренгенде қозғалыс дұрыстығын сезінуге көмектесетін арнай тренажерлар қолдану.5 Жаттығудың орындалу сапасы туралы ақыл-кеңестерді пайдалану т.б.

4 Көрнекілік принципті. Қозғалысқа үйретуді көру арқылы емес, бұлшық ет түйсігі арқылы да түсіне білу керек. Әр түрлі анализаторлар белгілері оқушылардың санасында үйренетін жаттығу туралы толық түсінік тудырады:

1 Үйрететін жаттығуды бөлшектеп немесе толық көрсетуді ,я болмаса жақсы дайындықпен өткен оқушы орындайды.2 Әр түрлі көрнекі құралдарды көрсету арқылы (суреттер, схемалар,фотолар, кинограммалар,бейнемагнитофон жазулары т.б) 3 Оқытушының бейнелі сөзі (баяндау, түсіндіру , талдау, бұйрық сөздер және т.б) арқылы.

Қозғалыс тәсілінің қиын элементтерін, қимыл- әрекеттерді іштей қайталау (ойша) идеомоторлық қайталау деп аталады. Көрнекілік принцип қолданғанда әрбір адамның жетекші анализаторы қайсысы екенін ескеру керек.Бір оқушыда жетекші көру анализаторы болса,екіншісінде-есту, үшіншісінде – қимыл анализаторлары болуы мүмкін. Көрнекілік принципін қолдану сипаты үйрену кезеңінде жасына және жаттығушының дайындығына байланысты.

Бұл принцип түрлерін кең пайдалану сабаққа ынталығы арттырады, тапсырманы түсіну және оны орындауды жеңілдетеді.

Жүйелік принципі.Дене қуаты қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі жақсы нәтиже тек дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі орындағанда ғана болады.

Жүйелік-сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеу. Сондықтан да жүйелілік принципін қолдағанда өткен сабақтың ізін,өтіп жатқан сабақтың әсері басып,толықтырып жатуы керек. Қортындысында көп сабақтарды әсерлеріқосылып,кумулятивтік әсер (жаттығушы организмнің берік бейімделу процесі) пайда болады, машықтану дайындық деңгейі көтеріледі.Сабақтар белгілі бір жүйе бойынша жұмыс және тынығу кезеңдерінің алмасуымен өтеді, бұлардың негізінде бір-бірімен байланысты организмнің болдыру және қалпына келу процесі жүреді.

Бұл жүйе төрт кезеңнен тұрады:

Жұмыс кезеңі –бұл кезеңде белгілі бір жұміс көлемі орындалады, қозғалысты қамтамасыз ететін қуат көзі таусыла бастайды, организмнің жұмысқа қабілеттілігі төмендейді.

Салыстырмалы қалыптасу кезеңі. Мұнда жұмыс уақынынң орнына жұмыс қабілеттілігі , функционолдық көрсеткіштер жұмысқа дейінгі деңгейге келе бастайды.

Жоғары өтем кезеңі. Организм жұмысқа кеткен қуатты артығымен қалпына келтіреді. Редукциялық кезең. Күш түсірудің кейінгі ұзақ демалыста организмнің жұмыс қабілеттілігі бастапқы деңгейге келеді.

Жұмыс қабілеттілігін жақсарту үшін жаттығу сабақтары арасындағы демалысты екі күннен әрі созбау керек. Өткен сабақтың әмері толық жоғалмай тұрғанда келесі сабақ өтілуі тиіс.

Реттік принципі.Қимыл-әрекетке үйрету және қуаты қасиетін дамыту реттілігіне арналған талаптар үш дидактикалық ережеден тұрады.1 Жеңілден-қиынға 2 Қарапайымнан-күрделіге 3 Меңгерілген қимыл әрекеттен-меңгерілмеген қимыл-әрекетке.

Бұрыннан қолданылып келген қимыл ептілігі мен енді ғана үйреніп жүрген қимыл ептілігін, бір-бірімен қауыштыра білу керек. Дене тәжірибесі процесінің бір әдістемелік ерекшелігі жаттығулардың сабақтасығын қамтамасыз ету, яғни оқу материалын жоспарлағанда өткен сабақтың мазмұны келесі сабақпен жалғасып жатуы қажет.Біртіндеушілік принципі. Орындайтын жаттығулар тәсілі күрделеніп,күш түсіруі көлемі біртіндеп өсуін біртіндеушілік процесі дейміз.

Қозғалыс әрекетін үйретуде оқу материалына екі түрлі талап қосылады. Түзу сызықты-әр сабақ сайын жаңа міндеттер қою.

Баспалдақ (сатылы) –жаттығушыларға оқу материалын бірнеше сабақ көлемінде игеруге талап қояды, ал жаңа тапсырма жаттығушылар өткен сабақтарды толық меңгергенде ғана беріледі.

Оқушылардың функционолдық мүмкіншіктері тұрақты өсіп отыруы жоғары талаптар қоюды қажет етеді. Сондықтан да жаттығушалардың дайындық деңгейі биіктеген сайын қойылатын талаптар да жоғарылай түседі. Қойылған талаптардың дамуы жаңа тапсырмалардың түсініктілігіне жүктеме көлемін өзгертуді дене тәрбиесі мұғалім-мектеп бағдарламалар, ЕКОД комплектің нормативтікталаптарын басшылыққа ала отырып белгілейді.

Даралық принципі – дене тәрбиесі процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру. Даралық принципі әр адамның дайындық деңгейіне жыныс, жас ерекшеліктеріне жеке басының ерекшеліктеріне сыртқы орта факторларын сезіну мүмкіншіліктеріне, жұмыс істеу түріне ауысады. Бұнда жаттығушының оқуға ықыласы,оқу материалдарын меңгеруі, оқу әдістерін түсіну зеркетігі ескерілуі керек.


Қимыл-әрекетек үйрету.

Дене тәрбиесіне оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесі мен қимыл-әрекетке үйрету, оны меңгеру процесі.Дене тәрбиесіндегі үйретудің нәтижесі-дене қуаты білімі болып келеді. Қозғалысқа үйрету теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады.

Теориялық материалдарды оқыту. Теориялық мағұлматтың көлемі мен мазмұны жалпы педаготық принциптермен анықталады, оқу мақсатына, оқушылар контингентіне сәйкес үш топқа бөлінеді.1 Дене тәрбиесінің әлеуметтік қажеттілігі туралы мағұлмат. 3 Мединицалық-биологиялық мағұлматтар. Қимыл-әрекетке үйрену алдында оқушы оның ережелері,адам денесінің қозғалу заңдылықтары,арнайы терминология туралы мағұлмат алуы керек.
Теориялық мағұлматтар алу кездері

Қимылтәжірбиелілігі,арнайы оқулық, сөз әне көрнекі қабылдау, мұғалімнің әлһрекеті,кино және бейнефилъмдер көрсету т.б.

Теориялық мағұлматтарды баяндау кіріспе сабақтар мен оқу материалдарын үйрену кезінде жүзеге асады.

Қимыл-әрекетке үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру,үйрену, жетілдіру кезеңдері.


Қимыл-әрекетін таныстыру кезеңі

Бұл кезеңнің міндеті-оқушыларға үйренетін жаттығу туралы түсінік беру және соны үйренуге ынтасын ояту. Түсіну,ұғыну процесі қалыптасу кезеңінде бір-біріне байланысты үш кезең пайда болады. 1 Үйрену міндеттерін ұғыну. Оқушының міндетібір сабақта (мысалы,шаңғымен сырғанауға үйрету) немесе бірнеше сабақта (мысалы,шаңғымен екі адамды, кезекпе кезек таяна сырғанау тәсілі) орындауды ұғыну.

Оқушылар тәсілдің негізін түсінуі керек, ал бөлшектерін келесі оқыту кезеңдерінде үйренеді.

2Орындау жобасын құру.Бұнда оқытушы қимыл тәжірибесі мен білімін ұсынады,ал оқушыда сол арқылы жаттығуды қалай орындауға болатыны туралы қисынды бейнелі түсінік қалыптасады.

3Қимылды бөліп немесе тұтас орындау. Қимылды орындап көру танысу кезеңінің бастапқы элементі.Орындап көру арқылы оқушы өзміндетін қаншалықты ұққанын, қозғалысқа үйрену міндетін қалай құрғанын тексеруіне болады. Қимыл-әрекеттің күрделігіне байланысты жаттығуды бөліп немесе тұтас орындауға болады.

Қарапайым жаттығуды бөлшектеп орындаған жөн. Қозғалыс тәсілін тұтас орындағанда оқушы қате жіберсе, бөлшектеп орындау қолдану қажет.



Қимыл-әрекетке үйрету кезеңі.

Бұл кезеңнің міндеттері, оқушыларға тәсіл негізін үйрету, оны тұрақты орындауға жеткізу және осылар арқылы қимыл ептілігін қалыптастыру. Оқушының әрбір қозғалысқа ықылас сала орындайтын қимыл әрекетін қимыл әрекетін қимыл ептелігі диміз. Қимыл ептілігі қалыптасуының өзіне тән мынадай белгілі бар:

1 Қимыл әрекетін орталық жүйке жүйесінің бақылауымен дағдысыз басқару.

2 Жаттығуды тұрақты дұрыс орындамау.

3 Әр түрлі жаңылдыратын себептерге қарсы тұра алмаушылық.

Құрылым жоспары бойынша үйрету кезеңі екі бөлімнен тұрады.



Қимыл ептілігі.Оқытушы бұл бөлімде оқушылардың жаттығу тәсілінің негізіне,пайда болған қателерді жоюға,жаттығу орындаудағы дене сіресуін болдырмауға үйретеді. Физиологиялық тілімен айтқанда орталық жүйке жүйесінің артығырақ жайыла қозуы, бірінші әрекеттен кейін қозу қозғалыс орталығына ауыса шоғырланады. И.П Павловтың зерттеуі бойынша динамикалық стереотип қалыптаса бастайды,ол жүйке процестерінің жаттыққан жүйесі,шартты рефлекс механизмі бойынша пайда болады. Оқушыларды бұл мезгілде артық қозғалыс жоғалады, қимыл еркінделе бастайды, жаттығуды орындау амплитудасы үлкейді, сенімділік пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет