Дене тәрбиесінің пайда болуы мен даму себептері. Дайындаған: Касымханова Э. Б

бет3/6
Дата27.10.2023
өлшемі6.45 Mb.
#481788
1   2   3   4   5   6
Сагимбаев М.

2.Дене мәдениетінің жетістіктері қоғам өмірінде белсенді рөл атқарады. Олар адамдардың дене және рухани мәдениетін тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланады.Негізгі түсініктер арасында «дене мәдениеті» деген сөздің мағынасы кең. Дене тәрбиесінің пайда болуы және алғашқы дамуы қоғамдық құбылыс ретінде халықтың сана-сезімі арқылы дамыды.Негізінде дене тәрбиесі ертедегі адам қоғамындагы пайда болған ең алғашқы тәрбие негіздерінің біріне жатады.

Талай мындаған жылдар бойы адам аңдармен «жарысып» келді. Ол өзінің икемділігін, ептілігін, күштілігін, төзімділігін, жақсы дене қуатының дайындығы арқылы ғана жеңе алар еді, сондықтан барлық ұжым болып, бірігіп аң аулауға шығар еді. Найза лақтыру, садақ ату, т.б. еңбек құралдарын аң аулауға, үй шаруашылығына керекті шаруаларын істеді. Осының бәрі дене қимылын жетілдіруге әкеліп соқты. Сонымен бірге, сол уақыттағы табиғаттың дүлей күштері (жер сілкінісі, қарлы борандар, дауылдар, су тасқындары, құрғақшылық т.б.) және өз тайпасын қорғау немесе басқа бөтен тайпаларды басып алып, өзіне бағындыру үшін жасалынған қорғаныс-шапқыншылық әрекеттері де адамзат баласының өз тұқымын аман алып қалу мәжбүрлігінен туындаған еді.

Алайда, бұның бәрі дене жаттығуларына әкелер әсері аз болғандықтан, дене қимылы жаттығуларын әрі қарай жетілдіру керек болды. Адам өзіне керек жаттығуларды күнделікті үйрену үшін қайталай берді. Бұл жаттығулар күнкөріс қамынан басқа ойын ретінде қолдана бастады. Соның арқасында дене қимылы жаттығулары одан әрі дами бастады. Ол жаттығулар адам еңбек құралынан адамның өзіне жарайтын қалыпқа жетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет