Денесі бір ғана жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ұсақ ағзалар



бет2/14
Дата19.11.2022
өлшемі54.8 Kb.
#465237
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
биология анықтамалық-1-1

Кірпікшелілер
Кірпікшелілердің өкілі
- кірпікшелі кебісше
Жасушаның жұқа жарғақша қабықшасының ішке ойысуынан пайда болған кішкене ойық тәрізді аузы бар жәндік
- кірпікшелі кебісше
Дене тұрқы 0,2 мм, алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір, дене пішіні тұрақты жәндік
- кірпікшелі кебісше
Кебісшенің басқа қарапайымдылардан ерекшелігі
- екі ядролы (үлкен және кіші)
Кіші ядроның қызметі
-көбеюге қатысу
Үлкен ядроның қызметі
- тыныс алу, зәр шығару,
Кебісше қозғалады
- кірпікшелері арқылы
Кірпікшелерінің саны
-2000-2500
Кебісшенің жиырылғыш вакуолінің пішіні
- жұлдызша тәрізді
Кірпікшелі кебісшенің жиырылғыш вакуолінің саны
- екеу
Кебісшенің көбеюі
- жынысты, жыныссыз
Жанасу әдісімен жынысты көбейетін жәндік
- кірпікшелі кебісше
Кебісшенің су қоймасындағы маңызы
- су жануарларына қорек
Споралылар
Споралылар өкілі
- қантұрғын (безгек паразиті), құртамыш
1181 жылы безгек паразитін ашқан
- Лаверан
1886 жылы қантұрғынның споралыларға жататынын дәлелдеген
- Мечников
Безгекті таратушы
- безгек масасы
Безгек ауруының таралуы
- эритроцит арқылы
Безгекпен ауырған адамның дене қызуы +40°-тан көтеріліп, жиі-жиі қалтырау себебі
- қантұрғынның жасуша ішінде көбейіп, қанға улы зат бөлуінен
Қантұрғынның бір қан түйіршігінен екіншісіне ауысуы созылады
- 2-3 тәулікке
Безгек ауруын емдейтін дәрілер
- хинин, акрихин
Безгек масаларын құрту шаралары
- олар қыстайтын жерлерге гексахлоран сиқты улы химикаттарды шашу, батпақты құрғату, маса дернәсілімен қоректенетін гамбузия балығын өсіру
Құртамыш өмір сүреді
- ішек, бауыр, бүйрек және өзге мүшелерде
Құртамыш туғызатын ауру
- кокцидоз (бұл аурумен үйқоян, тауық, сиыр, балық тіпті адам да ауырады)

Ішекқуыстылар типі
Ішекқуыстылар
-Екі қабатты, сәулелі симметриялы жәндіктер
Ішекқуыстылардың сыртқы қабаты
-эктодерма
Ішекқуыстылардың ішкі қабаты
-энтодерма
Эктодермада орналасқан
-атпа, жүйке, жыныс, тері-бұлшықет жасушалары
Энтодермада орналасқан
-ас қорыту және безді жасушалар
Атпа жасушалары тән
-барлық ішекқуыстыларға
Гидраның атпа жасушаларының көп шоғырланған жері
-эктодермасында
Атпа жасушаларының қызметі
-қорғаныш және қорегін аулау
Аралық жасушалар
-эктодерма қабатындағы ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар. Регенерацияға жауап береді.
Регенерация құбылысы
-дененің жойылған немесе зақымдалған бөліктерін қалпына келтіру. Көпшілік ішекқуыстыларға тән
Гидра денесі зақымданғанда өсуі күшейе түседі
-аралық жасушалардың
Гидратектестер
-гидра, обелия
Жануарға қарағанда өсімдікке ұқсайды
-гидра
Гидраның ауыз қуысы айналасындағы қармалауышының саны
-5-8
Гидраның қозғалуы
-адымдап, тоңқаңдап (төңкеріліп)
Гидраның көбеюі
-жынысты ,жыныссыз
Жыныссыз көбеюі
-жаздың жылы күндерінде бүршіктеніп
Жынысты көбеюі
-қосжынысты, ұрықтанған жұмырқа жасушасы қыстап шығып, көктемде қабығы жарылып, тіршілігін жалғастырады.
Гидра тіршілік етеді
-суы таза, оттегіне бай, баяу ағатын өзендерде, көлдерде, тоғандарда
Гидра төсемікке бекінеді
-табаны арқылы
Жүйке жасушасының пішіні
-жұлдызша тәрізді
Гидраның денесіне инемен әсер еткенде, тітіркенуге жауап беретін жасушалар
-жүйке
Жүйке жасушалары түзеді
-жүйке торын
Ең алғаш тек ішекқуыстыларда байқалады
-жүйке торы
Гидраның қорытылмаған ас қалдықтары шығарылады
-ауыз қуысы арқылы
Тітіркенгіштік дегеніміз
-жүйке жасушасы арқылы сырқы әртүрлі қимылдарға жауап беруі
Рефлекс дегеніміз
-тірі ағзалардың сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі арқылы жауап беруі
Гидраның қоректенуі
-жыртқыш, ұсақ шаянтәрізділермен және балықтардың кішкене шабақтарымен
Гидрада бар ұлпалар
-жабын, жүйке, асқорыту
Шоғырланып, отырықшылықпен теңізде өмір сүреді
- обелия
Обелияның көбеюі
- жынысты, жыныссыз
Жынысты жолмен көбеюі шағын денелі дара медуза (қармалауыштары және аузы жоқ) арқылы жүзеге асады
- обелия
Сцифоид сөзінің мағынасы
-табақша
Медузалар
-еркін тіршілік етеді, мөлдір денелі
Медуза өмір сүреді
-теңіздерде
Медузада дамыған сезім мүшелері
-жарық сезу, иіс сезу
Медузада жоқ мүше
-табан
Планула
-ішекқуыстылардың кірпікшелі дернәсілі
Денесі бағана тәрізді, әдемі гүлге ұқсас жырқыш ішекқуысты жәндәік
-актиния
Арал және каспий теңіздерінде тіршілік ететін көпаяқты
-актиния
Бір затқа бекініп, отырықшылық қалыпта тіршілік ететін ішекқуыстылар
- көпқармалауыштылар (полиптер)
Көп қармалауышты маржандар
- тек теңізде ғана өмір сүретін отырықшы жәндіктер
Көп қармалауышты маржандардың әктенген қаңқаларынан тропиктік теңіздерде су астында пайда болады
-риф (үйінді)
Рифтің түрлері
-тосқауыл, жағалық, шеңберлі
Шеңберлі риф
-атолл
1842 жылы «Риф түзілу» теориясын жазған
-Ч. Дарвин
Ең ірі ішекқуысты жәндік
-цианеа капиллата
Дыбыс тербелісін сезетін ішекқуысты
-медуза




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет