Дениет негіздері


§15. Мемлекеттік жоспарлау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-



Pdf көрінісі
бет64/70
Дата29.12.2022
өлшемі1.52 Mb.
#468046
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70
Сыбайлас-жемқорлыққа-қарсы-стратегиясы

§15. Мемлекеттік жоспарлау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл тетігі ретінде
Мемлекеттік басқарудағы реформалар: нәтижеге бағдарланған, 
мемлекеттік стратегиялық жоспарлау. 
Шет елдің озық тәжірибесі 
көрсеткендей, мемлекеттік басқару жүйесінде, тиісінше мемлекеттік 
жоспарлауда және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда сыбайлас 
жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін негізгі факторлар дегеніміз 
бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және көптеген жағдайларда тек 
қаражатты игеруге бағдарлану болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік 
бағдарламаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың тууына 
себеп болатын факторлар, жоспарлау процесінің күрделілігі, еңбек 
және қаржы ресурстарының шектеулігі, ақпараттардың қолжетімсіздігі 
және және т.б. болып табылады. 
2008 жылы 6 ақпанда ел Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына 
Жолдауында «нәтижелілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік 
басқару жүйесін дамыту бойынша» іс-шараларды жедел іске асыруды 
басымдықтардың бірі ретінде атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан 
Республикасының Үкіметіне «бюджет қаражатын жоспарлау және 
пайдалану тиімділігін арттыру жүйесін жаңғырту мен жетілдіру бойынша 
жұмысты жеделдету» міндеті қойылды [1]. Әкімшілік реформаны жүзеге 
асыру шеңберінде нәтижелер бойынша мемлекеттік басқару жүйесіне
көшу іске асырылды. 
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттік жоспарлау 
жүйесінің құжаттары мемлекеттік экономикалық, индустриялық және 
әлеуметтік саясатты іске асыру үшін тиімді құрал болуы мүмкін. Олар 
жалпы республикалық, салалық сипаттағы белгілі бір міндеттерді 
орындауды және әлеуметтік процестерге мақсатты түрде, кешенді 
әрі жүйелі ықпал ету мүмкіндігін береді. Оларда белгілі бір қоғамдық 
мәселелерді шешу бойынша алдағы уақыттағы іс-әрекеттер алгоритмі 
көрініс табады. Стратегиялық бағдарламалық құжаттарды іске асыру 
тиімділігін бағалау қажеттілігі, шығындарды бақылаумен ғана 
байланысты емес. Стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттардың 
атқарылуын бағалау орындаушылардың нақты нәтижелерге қол 
жеткізуге баса назар аударуына, ағымдағы үрдістерді талдауға; заманауи 
түзетулерді қамтамасыз етуге; қызмет нәтижелерін табу арқылы 
жұртшылықтың сеніміне ие болуға көмектеседі [2].
Мемлекеттік қызметшілердің жалақыларының өзгермелі бөлігін 
айтарлықтай арттыра отырып және оны алуды мемлекеттік орган 
алдына қойылған сол не өзге мақсаттар бойынша мақсатты мәнге қол 
жеткізу фактісімен байланыстыру арқылы нәтиже бойынша еңбекақы 
төлеу тетіктерін енгізу қажет. Бұл процесс мемлекеттік қызметшілерді 
ынталандырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. 
Сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді барынша азайтудың 
тиімді стратегиялық жоспарлау процесі мынадай өлшемдерді қамтиды:

миссия (мемлекеттік органның болу қажеттігін түсіндіру);

мақсаты (қоғамдық қатынастардың келешектегі жай-күйі, ол 
ведомство өзінің күш-жігерін жұмсайды);


141

нәтижелілік көрсеткіші (салалар тұрғысынан емес, мақсатты 
топтардың параметрлері тұрғысынан);

көрсеткіштердің мақсатты мәні (мысалы, жекелеген қызмет 
түрлерімен қамтамасыз етуді 20%-ға арттыру);
– 
орындалуын бағалау және бақылау. 
Сондай-ақ, кері байланыс тетіктері қажет (мақсаттарға қол жеткізу 
дәрежесін бағалау нәтижесінде алынған ақпаратты пайдалану). Бұдан 
өзге, стратегиялық жоспарлау азаматтардың мақсатты топтарын 
анықтауды және мемлекеттік орган қызметін сырттай бағалауды 
қамтиды [3]. 
Осылайша, стратегиялық жоспарлау мемлекеттік органның 
функциясын азаматтардың мүдделерін қанағаттандыруға бағдарланған 
қызмет бағыттары контексінде қарастыруға мүмкіндік береді. 
Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін мемлекеттік стратегиялық 
жоспарлауда мемлекеттік органдар тұтынушыға құрылымдық 
бағдарлануы қажет. Мемлекеттік қызметтер ұсыну стандарттарын 
институцияландыру шенеуніктерді сыбайлас жемқорлыққа қарс 
мінез-құлық стратегиясына бағдарлай отырып, стимулдер құрылымын
өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бағалау жүйесін енгізуге 
қарағанда, мемлекеттік мекемелердің мәдениетін өзгерту арқылы алға 
жылжиды, оны азаматтарға ең үздік қызмет көрсету үшін «жарысу» 
деуге болады. 
Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жүзеге асырылған 
өзгерістердің негізгі міндеттері мыналар болды:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық 
саясатын жүзеге асырудың негізгі құралы ретінде мемлекеттік 
органдарда стратегиялық жоспарлау жүйесіне көшу;

мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының 
міндеттерін бюджеттік бағдарламалармен байланыстыру;

мемлекеттік органдардың қызметінің аралық және түпкі 
нәтижелерін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері жүйесін 
әзірлеу;

өз жоспарларын әзірлеу және іске асыру кезінде мемлекеттік 
органдардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейту, бұл ретте 
мемлекеттік жоспарлауға қатысты жаңа тәсілдерді енгізу ескеріледі;

мемлекеттік органдардың нақты стратегиялық мақсатты 
индикаторлар жүйесін әзірлеуі;

мемлекеттік органдардың стратегиялық және түпкі нәтижелерге 
сәйкес келетін мақсаттарға қол жеткізу мониторингі жүйесін енгізу.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу мынадай іс-әрекеттерді 
орындауға мүмкіндік береді [4]:

елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының 
теңдестірілген, тиімді әрі толық жүйесін құру. Онда төменгі деңгейдегі 
құжатты әзірлеу қажеттілігі мен заңдылығы аса жоғары деңгейдегі 
құжаттардан туындайды, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттардың 
іске асырылуын бақылау мен бағалау, өз кезегінде, төменгі деңгейдегі 
құжаттардың негізінде жүзеге асырылады;


142

нақты мақсатты нәтижелерге қол жеткізу үшін бағдарламалық 
құжаттардың тиімді иерархиясын құру және құжаттардың тым артық 
түрлерін оңтайландыру және реттеу.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасында қалыптасқан мемлекеттік 
жоспарлау жүйесі декомпозицияланған, яғни еліміздің ұзақ мерзімді 
даму мақсаттары мен басымдықтары әрбір мемлекеттік орган үшін 
нақты міндеттер мен өлшемді көрсеткіштер түрінде ұсынылған. Сонымен 
қатар процестерді мониторингілеусіз, мемлекеттік органдардың қызмет 
нәтижелерін бағалаусыз қойылған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан 
әрі – МЖЖ) жаңа моделін енгізу мынадай ретпен жүзеге асырылды:
1) 2007 жыл. 2008–2010 жылдар кезеңіне арналған стратегиялық 
жоспарларды үш пилоттық министрліктермен (әділет, қаржы, экономика 
және бюджеттік жоспарлау) және екі басқармамен (білім беру және 
денсаулық сақтау) әзірлеу;
2) Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу 
жөніндегі тұжырымдама қабылданды. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы
26 желтоқсандағы № 1297 қаулысы;
3) 2008–2009 жылдар. Орталық мемлекеттік мен жергілікті 
атқарушы органдарға МЖЖ элементтерін және нәтижеге бағдарланған 
бюджеттеуді енгізу; 
4) 2008 жылғы 4 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Бюджет 
кодексін әзірлеу және қабылдау;
5) 2009 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің 
№ 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі 
туралы» Жарлығының бекітілуі;
6) 2009–2010 жылдар. Қазақстан Республикасы Президентінің 
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 
2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес, стратегиялық 
және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және қабылдау;
7) Қазақстан Республикасына мемлекеттік жоспарлау жүйесін 
енгізудің кезекті кезеңі жергілікті атқарушы органдармен стратегиялық
және жедел жоспарларды әзірлеу болды, бұдан әрі мемлекеттік 
органдардың стратегиялық жоспарларды және жергілікті атқарушы 
органдар аумақтарды дамыту жоспарларын әзірлеуі жүзеге асырылды.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі өзара байланысты элементтер 
кешені ретінде айқындалды, ол елдің қысқа мерзімді (бір жылға дейін), 
орта мерзімді (бір жылдан бес жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 
жылдан астам) дамуын қамтамасыз ететін қағидаттардан, құжаттардан, 
процестерден және мемлекеттік жоспарлау қатысушыларынан тұрады. 
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік жоспарлау мен 
оларға қолжеткізу бойынша қызмет нәтижелерін бақылаудың бірыңғай 
жүйесін құру мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік 
органдардың қызметін үйлестіру тиімділігін арттыру болып табылады, ол 
үшін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды даярлау рәсімдерін 
біріздендіру, оларды іске асыру нәтижелілігінің мақсатты мәнін анықтау 


143
және оларға қол жеткізу мониторингі негізге алынады. Бұл, өз кезегінде, 
сыбайлас жемқорлық көріністерінің қатерлерін айтарлықтай азайтады. 
Аталған жүйе стратегиялық жоспарлау – тактикалық жоспарлау – 
жедел басқару тізбегін құруға мүмкіндік береді. «Қазақстан – 2030» 
және «Қазақстан – 2050» Стратегиялары мен елдің 2020 жылға дейінгі 
Стратегиялық даму жоспарында, мемлекеттік бағдарламалар мен 
Президент Жолдауларында көрсетілген стратегиялық міндеттерді 
бюджеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыруға арналған нақты 
іс-шараларда көрсету тетіктері құрылды. Түпкі мақсаттан тәсілге дейін 
жоспарлау қағидалары мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және 
ғылыми-техникалық дамуының басты стратегиялық мақсаттарын 
таңдаудан және қажетті ресурстармен қамту арқылы ең жоғарғы 
тиімділікпен белгіленген мерзімде оларға қол жеткізу бойынша өзара 
байланысты іс-шараларды әзірлеуден көрінеді. 
Нәтижеге бағдарланған басқаруды жаңғырту жөніндегі мақсаттарға 
қол жеткізу үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесі аясында мыналар 
қамтамасыз етіледі:

ведомстволық және ведомствоаралық жоспарлау мен қызмет 
нәтижелері мен мақсаттары бойынша жобалық басқарудың кешенді 
жүйесін құру және енгізу;

ресурстардың мемлекеттік органдар арасында бәсекелі бөлінуі 
мен олардың қызмет нәтижелеріне қол жеткізуін бақылау;

мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес мемлекеттік 
жоспарлау субъектілерінің қызмет нәтижелілігі мен тиімділігінің негізгі 
өлшем көрсеткіштерін әзірлеу;

мақсаттарды нақты орындаушыларға бекітуді қамтамасыз ететін 
технологиялар мен рәсімдерді мақсатты тұжырымдау;

қойылған мақсаттар мен оларға қол жеткізуде қызмет атқарған 
орындаушылар әрекеттерінің деңгейін саналы түрде бағалауға 
мүмкіндік беретін көрсеткіштерді бекіту.
Бюджеттік бағдарламалар аясында бөлінетін қаражат мемлекеттің 
өз қызметтерін толық орындауы үшін жеткілікті болу керек екенін 
ескерген жөн. 
Осыған сәйкес, мемлекет өзінің қаржылық саясатын мемлекеттік 
қаражатты ұтымды пайдаланатындай етіп ұйымдастырады. 
2009 жылы Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік жоспарлау 
жүйесін енгізу елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының 
теңдестірілген және толық жүйесін құруға, олардың мәртебесі мен 
әрекет ету мерзіміне қарай бағдарламалық құжаттардың сатыларын 
және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу 
мен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін анықтауға септігін тигізді [6].
Мемлекеттік 
жоспарлау 
жүйесі 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспармен тығыз 
байланысты. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің елдің
2020 жылға дейінгі стратегиялық көрінісі туралы Қазақстан халқына 
Жолдауы негізінде құрылған болатын. Мемлекеттік жоспарлау 
жүйесінің негізгі міндеті 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарды 


144
және барлық басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды 
тиімді орындауды толық көлемде қамтамасыз ету болып табылады. 
Стратегиялық жоспарлаудың ерекшелігі әрбір мемлекеттік органның 
өз стратегиялық жоспары негізінде жұмыс істеуі болып табылады 
және елдің негізгі құжаттары 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар
мен 
мемлекеттік 
бағдарламалардың 
мақсаттарымен 
тікелей 
байланысты нақты көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу
үшін тікелей жауапты болады. Аталған жүйе әрбір мемлекеттік орган 
мен оның басшысының қызмет нәтижелілігін жіті қадағалауға мүмкіндік 
береді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға бюджеттік қаражат 
тек стратегиялық жоспарда көрсетілген мақсаттар үшін бөлінеді. Бұл 
стратегиялық, бюджеттік және әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды 
шоғырландыруға шынайы жағдайлар мен алғышарттар жасайды [6].
Қазіргі таңда «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» құжатында енгізілген ұзақ мерзімді 
басымдықтар мемлекеттік жоспарлау жүйесінің саты бойынша төмен 
тұрған құжаттарында нақтыланған. 
Министрліктер мен ведомстволардың стратегиялық жоспарларының 
пайда болуы, ең алдымен, ведомство басшыларының жоғары деңгейдегі 
түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін қоғамның шектеулі ресурстарын 
тиімді пайдалану мәселелерін шешудегі тұлғалық жауапкершіліктерін 
арттыру мен бюджет қаражатын бөлудегі жемқорлық қатерлерінің 
алдын алу қажеттілігімен байланысты болды. 
Мемлекеттік жоспарлау саласында орын алған ағымдағы жағдай 
қалыптасқан негізгі мәселелерді көрсетеді. Аталған мәселені шешу 
мақсатында 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 
Жарлығымен нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін 
жетілдіру тұжырымдамасы бекітілді. 
Аталған тұжырымдама мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға 
арналды:
1) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын тексеру және 
оңтайландыру;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасы мен 
олардың жүзеге асырылу деңгейін жетілдіру;
3) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың 
өзара байланысын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік органдар қызметі мен стратегиялық және 
бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру нәтижелілігін бағалауды 
жетілдіру;
5) стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы кадрлар 
біліктілігінің деңгейін жоғарылату.
Қазақстанның демократиялық негіздер құру мен нарықтық 
қатынастарды дамытуға бағдарлануы мемлекеттік қолдау шаралары 
мен құралдарының бірыңғай жүйесін қалыптастырудың бастамасы 
болды. Қазақстанда енгізілген мемлекеттік жоспарлау жүйесі 
болжамдау, бағдарламалау, ұзақ мерзімді стратегиялық және орта 
мерзімді индикативті жоспарлау элементтерін қамтиды.


145
Мемлекеттік бағдарламалау. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін 
жетілдірудің рәсімдері мен технологияларының мазмұны негізгі 
әрі маңызды мәселерді шешумен байланысты нақты мемлекеттік 
бағдарламалармен анықталады [7].
Мемлекеттік деңгейде сыбайлас жемқорлықпен күресу дегеніміз –
азаматтық қоғаммен және бизнес қауымдастығымен бірлесе отырып 
мақсатты түрде жұмыс жүргізу. Бұл ретте, мемлекеттік бағдарламалау 
мемлекет пен қоғамның идеяларды қалыптастыру кезеңінде, сондай-ақ 
іс-әрекеттің бағдарламалары мен нақты болжамдарын қалыптастыру 
кезеңінде өзара тиімді әрет етуін қамтамасыз ететін тетік ретінде 
түсіндііледі. Бұл тетіктің көмегімен сыбайлас жемқорлықтың алдын 
алуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен келтірілген 
зиянды өтеп, жауапкершілік пен бұлтартпау шараларының жоғарғы 
нәтижелілігіне қол жеткізуге бағытталған құқықтық, экономикалық, 
ұйымдастырушылық және өзге де шаралардың үйлесімді қолданысы 
қамтамасыз етіледі. Бағдарлама негізінде болжамды қызмет жоспары 
әзірленеді. 
Жоспарлау (және бағдарламалау) талданып отырған әлеуметтік-
экономикалық және құқықтық құбылыстың болашақта белгіленген 
параметрлерден өзгеруі мен ауытқуының ықтимал нұсқаларын анықтау 
тетіктерін бекітуді талап етеді. 
Болжамдау бағдарламалаудың ғылыми негізі болып табылады. 
Болжамдау ауытқуларды айқындау мен олардың алдын алу стратегиясын 
белгілейді. Сәйкесінше, бағдарламаны жасау кезінде болжамдау 
жұмыстарын жүргізіп, қол жеткізілген нәтижелерді ескерген жөн. 
Жоспарлау мен бағдарламалауды, ұйымдастыру мен үйлестіруді 
қамтитын қызметтің барлық түрлері мен нысандары ортақ мақсатты-
бағдарламалық тәсілді қолданады. Мақсатты-бағдарламалық тәсіл – бұл 
мемлекеттік билік және басқару органдарының қалыптасқан мәселені 
шешуге, мақсатқа қол жеткізуге бағдарланған жүйелі бағдарламалық 
іс-шараларды әзірлеу мен ұйымдастыруы арқылы әлеуметтік-
экономикалық мәселелерді шешудің негізгі тәсілі болып табылады. 
Қазақстан өзінің геосаяси ұстанымы мен әлеуметтік-экономикалық 
деңгейінің дамуына байланысты әлемдік жаһандану процестеріне 
белсене қатысатындықтан, бүгінгі заман жағдайындағы басқарудағы 
бағдарламалық тәсілдер мен мақсатты кешенді бағдарламалардың рөлі 
арта түсуде. Себебі, аталмыш процестерді ұлттық экономика деңгейінде 
реттеу және үйлестіру тек бағдарламалау әдістемесі арқылы ғана мүмкін 
болмақ. 
Мұндай бағдарламалар тізімі Мемлекет басшысының 2010 жылғы 
19 наурыздағы № 957 Жарлығымен бекітілген болатын, бұл Жарлыққа 
сәйкес, мемлекеттік бағдарламалар индустриялық-инновациялық даму, 
денсаулық сақтау, білім беру, тілдерді дамыту мен олардың қызметі, 
құқық қорғау жүйесін жаңғырту, діни экстремизм мен терроризмге 
қарсы тұру және т.б бағыттар бойынша жасалады.
Мысал: ҚР Президентінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 958 
Жарлығымен, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-
инновациялық даму жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған 


146
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама 2003– 
2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму 
Стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшылары» 
бағдарламасының, сондай-ақ индустриаландыру саласындағы өзге 
құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктіре отырып, жүргізіліп отырған 
экономиканы әртараптандыру саясатының қисынды жалғасы болып 
табылады. 
Өндірістік 
саясатты 
кезең-кезеңімен 
дамыту 
мақсатында 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы 
№ 874 Жарлығымен 2015–2019 жылдарға арналған индустриялық-
инновациялық даму бағдарламасы қабылданды. 
Бағдарлама Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-
инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасының жалғасы болып саналады және оны 
жүзеге асырудағы тәжірибені ескереді.
Негізі әкімшілік кедергілерді азайтуға, еркін бәсекелестікті дамытуға 
жағдай жасауға, қазақстандық мазмұнды кеңейтуге, тиімді тарифтік 
саясатты жүргізуге, ірі өндіріс өндірушілері айналасында шағын 
және орта бизнес кәсіпкерліктері жүйесін мақсатты қалыптастыруға 
арналған шаралардан тұратын индустриялық-инновациялық даму 
бағдарламаларының көмегімен, соңғы жылдары елімізде серпінді 
өзгерістер орын алды, жаңа салалар ашылып, жемқорлықтың орын 
алуын азайтудың қолайлы ортасы қалыптасты. 
Бағдарламалық-мақсатты бағдарламалауды жүзеге асыру «Өңірлерді 
дамытудың 5 жылдық бағдарламаларын» жасау арқылы іске асырылады. 
Әртүрлі өңірлік салалық бағдарламалар орнына енгізілген бірыңғай 
құжат болып саналады. 
Бағдарламаның алғашқы міндеті аясында келесі бағыттар бойынша 
іс-шаралар жүргізілуде:
1) қолданылмайтын шаруашылық активтері мен қолда бар 
резервтерді (оның ішінде қаржылық) айналымға енгізу арқылы өңір 
экономикасының әртараптылығын қамтамасыз ету;
2) отандық және шетелдік инвесторларды тартуда жүйелі жұмыстар 
жүргізу;
3) инновацияларды дамытуда оңтайлы жағдайлар жасау (шағын 
инновациялық компаниялар мен жоғарғы технологиялы өндірісті 
дамыту);
4) өңір экономикасының барлық саласында шағын кәсіпкерлікті 
дамытуға атсалысу (әкімшілік шараларды, рұқсат жүйелерін және т.б. 
жеңілдету);
5) өңір әкімдерінің жүйе құрушы ірі кәсіпкерліктердің шаруашылық 
қызметін тиімді экономикалық қадағалауы;
6) өңір экономикасының барлық саласында энергия мен ресурстар 
үнемдеу технологияларын енгізу және энергияның баламалы көздерін 
қолдану;
7) республика қалаларының айналасында азық-түлік аймақтарын 
құру.


147
Бағдарламаның екінші міндеті екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1) экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру және оларды 
дамыту;
2) Қазақстан өңірлерінің экономикалық дамуы мен бәсекеге 
қабілеттілігін арттыруға атсалысу [8].
Мақсатты-бағдарламалық тәсілдің жетістігі мен нәтижелілігі жұмыс 
сапасына ғана емес, жүзеге асыру тетіктеріне де байланысты болатыны 
сөзсіз. Мақсаттар мен міндеттердің, шаралардың жүзеге асырылу 
мүмкіндіктерімен қатар, барлық басқару жүйелерін түпкі нәтижелерге 
қол жеткізуге бағыттауды күшейту мен орталықтандырылған басқару 
әрекеттерін оқшауландыру арқылы ауытқуларды жоюға мүмкіндік 
беретін бағдарламалық іс-әрекеттің арнайы ұйымдастырушылық-
экономикалық тетігін құру мемлекеттік бағдарламалаудың негізгі 
идеясы болып табылады [9].
Сондықтан мақсатты кешенді бағдарламаларды жасау және іске асыру 
басқару жүйесіне бірқатар шектеулер жасап, оған ерекше талаптар 
қоюда. Бұл – дамудың мүмкін нұсқаларын, жақсы ұйымдастырылған 
кері байланысты және ішкі факторлар мен сыртқы факторлардың 
арақатынасындағы өзгерістерге икемді жауап беруді ескеру қажеттілігі. 
Бұл жетік басқару мен тиісті мамандардың жоғары кәсіби дайындығын 
талап ететін күрделі обьектілер.
Шын мәнінде, мақсатты кешенді бағдарлама қатысушылардың 
уақытпен үлестірілген, ресурстар бойынша негізделген және белгіленген 
мақсатқа жеткізуге бағытталған өзара келісімді ес-әрекеттердің 
жүйесін құрайды. Бағдарламалар бір жағынан, жоспарлардың 
мақсатты қойылуын жүзеге асыру құралы ретінде көрініс тапса, 
екінші жағынан, қолда бар ресурстарды мақсатты бөлу саласындағы 
жоспарлы шешімдерді негіздейтін жоспар алды құжат болып табылады. 
Сонымен қатар, бағдарлама әлеуметтік-экономикалық субьектілердің 
ұзақ мерзімді келешектегі өзара келісімді іс-әрекеттерінің белгіленген 
бағытта жүзеге асырылуын бақылаудың ең тиімді жолдарының бірі 
болып табылады. Ал бұл әлеуметтік-экономикалық жоспарлау жүйесінің 
де, жалпы басқарудың да әлеуметтік бағдарлануын күшейтеді.
Мемлекеттік бағдарламалар соңғы нәтижеге қол жеткізуге 
бағытталған әртүрлі шаруашылық қожалық етуші субьектілердің, 
әлеуметтік-саяси күштердің іс-әрекеттерін үйлестіру нысаны болып 
табылады. Олар комуникацияларға жол ашады: ынтымақтастықта
обьективті мүдделілерді біріктіруге көмектеседі, әлеуметтік-саяси 
институттардың 
әлеуметтік-экономикалық 
қарым-қатынастарды 
реттеуге араласуының легитимділік нысанын атқарады.
Мемлекеттік бағдарламалар мақсатты басқару құралы бола отырып, 
таңдалған бағыттарды іс жүзіне асыру үшін дамудың басым бағыттары 
бойынша анағұрлым тиімді бағыттарды негіздеу құралы ретінде, 
қоғамның немесе оның жекелеген құрылымдық элементтерінің 
иелігіндегі ресурстардың шоғырлануы ретінде қолданылады. 
Бағдарламалар, сонымен қатар басқарушылық шешімдер қабылдау 
барысында ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-
саяси және өзге де аспектілердің кешенді үйлесімділігіне жол ашады. 


148
Сонымен қоса, бағдарламалар басқару үрдісінің ғылыми жүзеге асыру 
қызметін де атқарады. Себебі, ол белгілі бір басқару міндеттеріне 
байланысты ғылыми жобаларды, нақты әлеуметтік жобаларды және 
қолданбалы зерттемелерді өзара біріктіреді. (10)
Мемлекеттік бағдарламалардың жоғарыда аталған барлық 
функциялары мынада шарттар сақталған жағдайда ғана орындалары 
сөзсіз: олардың әзірлеу мен жүзеге асыру барысында ғылымилық, 
икемділік, уақытылылық, кешенділік, жүйелілік талаптары, басқарудың 
ақпараттық базасының қоғамда қалыптасқан және кеңінен бөлінетін 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы медениетке, адамгершілік және 
моральдық нормаларға, мәдени дәстүрлер мен құндылықтарға сайма-
сай болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Осылайша, мемлекеттік стратегиялық жоспарлауды енгізудің қазіргі 
кезеңінде елдегі бағдарламалау мемлекеттің шектеулі ресурстарын 
пайдалану мен бөлуде, ең алдымен бюджеттік қаражатты ұтымды 
пайдалану мен сыбайлас жемқорлық қауіптерін барынша азайтуда 
жоғары нәтижелерге қол жеткізуге әлі де толық көлемде ықпал ете 
алмауда. Мемлекеттік органдардың қызметін нақты нәтижелерге қол 
жеткізуге бағдарлау, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайту 
мақсатында бюджеттік қаражаттардың мақсатты жұмсалуын бақылауды 
күшейту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет