Денсаулық және психикалық денсаулық дегеніміз не Денсаулық



бет5/6
Дата29.09.2023
өлшемі148.09 Kb.
#479233
түріАнализ
1   2   3   4   5   6
псих каз

Ойлау жылдамдауы – оның темпінің жоғарылауымен сипатталады. Бұл кезде алаңдаушылық, зейін бұзылыстарына байланысты пікір беткей, аяқталмаған, үстірт болады. Ассоциативті қызмет жылдамдауының ең шегі идеялар секіруі – fuga idearum деп аталады.

Ойлау баяулауы – ойлау қарқынының төмендеуі, тежелуі. Науқас ойлау қызметінің қиындығына, басы босап қалған сияқты, ой тоқтауына, жоғалуына шағымданады. Сөзі баяу, кедейленген, сұрақтарға жауаптары біртекті, біраз үзілістен кейін жауап береді. Депрессиялық психозда, шизофренияда, реактивті және басқа да психоздарда кездеседі.

Ойлау үзілуі – сөйлемнің грамматикалық құрылымының сақталуымен түсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы. Мұндай жағдайда сөйлем өзінің коммуникациялық қасиетін жояды, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі қасиетін жоғалтады. Бұл шизофренияның көп жылғы үрдісінде байқалады.

Сандырақ

Сандырақ ойлар (бредовые идеи) – аурудың санасын толықтай жаулап алатын және түзетуге келмейтін қате ой түйіндеулері. Сандырақтық тану пайда болған кезде сандырақ нақты мазмұнға ие болады, эмоциональды тынышталу жағдайымен жүреді, ол сандырақ кристаллизациясы деп аталады.

Соңына түсу сандырағында науқас белгілі бір адамдар немесе ұйымдардың өзін құпия немесе ашық түрде соңына түсіп, жоюға әрекет жасап жүргендігіне сенеді.

Әсер ету сандырағында сол аталаған ізге түсушілер науқасқа моральді немесе физикалық әсер етеді, ол үшін күрделі техникалар мен құралдарды қолданады деп есептейді.

Улану сандырағы да соңына түсу сандырағының құрамына кіреді: науқас уландырудың негізгі көзі улы тамақ, улы заттар, дәрі, ауа, су деп есептейді.

Эмоция бұзылыстары

Эмоция — әр адамға оған әсер ететін тітіркендіргіш пен өз ісінің нәтижелерінің (қанағат болу, қанағаттандырмау) маңыздылығын бейнелейтін, индивидтың субьективті боялған ой-толқулары түріндегі реакциялар. П.К.Анохин жазуы бойынша: “Эмоциялар- айқын бейнеленген субьективті боялуы бар және адамның сезімдері мен ой-толқуларының барлық түрлерін қамтитын (терең жарақаттайтын қиналулардан бастап, қуаныш пен әлеуметтік өмір сезінудің жоғары формаларына дейін) ағзаның физиологиялық жағдайы”.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет