«Денсаулық сақтау саласындағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі427.5 Kb.
#173774
  1   2   3
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1262 қаулысымен  
бекітілген     
«Денсаулық сақтау саласындағы есiрткi құралдарының,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына
байланысты қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет
1. Жалпы ережелер
      1. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) мен оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда мемлекеттік электрондық – цифрлық қол таңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz арқылы немесе «Е – лицензиялау» веб – порталы (бұдан әрі – портал): www.elicense.kz арқылы көрсетеді.
      Шалғай елді мекендердің тұрғындарын мемлекеттік қызметпен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті ұтқыр орталықтар арқылы көрсетуге рұқсат етіледі.
      2. Көрсетілетін қызмет нысаны – ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7, 13-баптарының, «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 7-бабының, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 17-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының, «Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялау ережесін және қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 735 қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mz.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) порталда;
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру жөніндегі комитеттің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Орталық РМК) www.con.gov.kz. интернет-ресурсында;
      4) тізбелері осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген уәкілетті органның және орталықтың ғимараттарында орналастырылған стенділерде орналастырылады.
      Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны бойынша алуға болады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) уәкілетті органда немесе орталықта:
      уәкілетті органның денсаулық сақтау саласындағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензияларды беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы уәжделген жауабы болып табылады;
      2) порталда:
      денсаулық сақтау саласындағы есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтерге лицензияларды беру, қайта ресiмдеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәкілетті органның уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы уәжделген жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері уәкілетті органға немесе орталыққа жүгінген сәттен бастап:
      лицензия және (немесе) лицензияға қосымша (бұдан әрі – лицензия) беру мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап – он бес жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеу мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап – он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқасын беру мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап – екі жұмыс күні ішінде;
      Бұл ретте уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын орталықтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсынады.
      порталға:
      лицензияны беру мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап – он бес жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеу мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап – он жұмыс күні ішінде;
      2) сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтуге рұқсат етілген ең көп уақыт – жиырма минуттан аспайды;
      3) сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең көп уақыт – жиырма минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес орталыққа немесе уәкілетті органға лицензиялық алым бюджетіне денсаулық сақтау саласындағы есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметтер айналысу құқығына 20 айлық есептік көрсеткішін, лицензия телнұсқасын беруге лицензия беру кезіндегі мөлшерден 100%, лицензияны қайта ресімдеуге лицензия беру кезіндегі мөлшерден 10%, алымды төлеу күні қолданыстағы 4 АЕК-тен аспайтын төлем төлегендігін растайтын құжатты (түбіртекті) ұсына отырып ұсынылады.
      Мемлекеттік қызметті алуға портал арқылы электрондық сұрау берілген жағдайда «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭТҮШ) арқылы ақы төлеу жүзеге асырылады.
      9. Жұмыс кестесі:
      1) уәкілетті органның - күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін, демалыс: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мереке туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 Заңына сәйкес мереке күндері.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
      2) орталықтарда – күн сайын еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін есептемегенде белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден сенбі күнін қоса есептей отырып сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз ұсынылады.
      Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
      Ұтқыр орталықтар құжаттарды қабылдауды көші-қон полициясында орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елдімекенде кемінде алты жұмыс сағатында жүзеге асырады.
      Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның немесе орталықтың ғимаратында көрсетіледі.
      Уәкілетті органның үй-жайларында қажетті құжаттар тізбесі бар стенділермен және оларды толтыру үлгілерімен, нормативтік құқықтық актілерден алынған үзінділермен (үзінді көшірмелерімен) жарақтандырылған күту және құжаттарды толтыру орындары бар. Мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
      Орталық залында анықтама бюросы, күтуге арналған креслолары, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділерде орналасқан. Мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
      Порталда - «жеке кабинетте».
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
      11. Денсаулық сақтау саласындағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензия алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      уәкілетті органға немесе орталыққа хабарласқанда:
      1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаға арналған белгіленген нысан бойынша өтініші;
      2) заңды тұлғаның жарғысының көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариаттық куәландырылған);
      3) мемлекеттік қызметті алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
      4) мемлекеттік қызметті алушыны салық органына есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариаттық куәландырылған);
      5) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариаттық куәландырылған);
      6) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттар туралы мәліметті уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден портал арқылы немесе уәкілетті тұлға куәландырған ЭЦҚ электрондық құжат нысанында орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, одан кейін аталған құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      Лицензияға қосымша алу үшін мемлекеттік қызметті алушы:
      1) өтініш;
      2) лицензия көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариаттық куәландырылған);
      3) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар туралы мәліметті уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден портал арқылы немесе уәкілетті тұлға куәландырған ЭЦҚ электрондық құжат нысанында орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттың мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, одан кейін құжатты мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызметті алушы:
      1) өтініш;
      2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым бюджетке төлегенін растайтын құжатты;
      3) лицензия көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариаттық куәландырылған) ұсынады.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжат туралы мәліметті уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден портал арқылы немесе уәкілетті тұлға куәландырған ЭЦҚ электрондық құжат нысанында орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттың мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін мемлекеттік қызметті алушы:
      1) өтінішті;
      2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды;
      3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда салыстыру үшін нотариаттық куәландырылған) ұсынады.
      Портал арқылы хабарласқанда:
      Лицензия алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мыналарды жолдайды:
      1) ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұрау салуды;
      2) заңды тұлғаның жарғысын – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салу қоса беріледі;
      3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымның бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін;
      4) мемлекеттік қызметті алушыны салық органына есепке қою туралы куәліктің көшірмесін – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салу қоса беріледі;
      5) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салу қоса беріледі.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжат туралы мәліметті уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден портал арқылы немесе уәкілетті тұлға куәландырған ЭЦҚ электрондық құжат нысанында мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы алады.
      Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымша алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды;
      2) лицензия мәліметі (порталда болған кезде) не лицензия сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салу қоса беріледі;
      3) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салу қоса беріледі.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжат туралы мәліметті уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден портал арқылы уәкілетті тұлға куәландырған ЭЦҚ электрондық құжат нысанында алады.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды;
      2) лицензия немесе лицензияға қосымша сканерленген көшірмелер түрінде электрондық сұрау салу қоса беріледі;
      3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын ақпаратты.
      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар туралы мәліметті уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден портал арқылы уәкілетті тұлға куәландырған ЭЦҚ электрондық құжат нысанында алады.
      12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш нысаны Министрліктің www.mz.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.
      Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы бағандар, сондай-ақ Орталық РМК-ның www.con.gov.kz. интетнет-ресурсында орналастырылады.
      Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін сұраным электрондық құжат түрінде толтырылады.
      13. Құжаттарды қабылдау уәкілетті органның кеңсесі арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша күн сайын аптасына бес рет дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Орталықтарда құжаттарды қабылдау операция залында «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
      Порталда электрондық сұрау салуды жөнелту мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде мемлекеттік органға – таңдалған қызметке сәйкес мекенжайға жіберіледі.
      14. Құжаттарды уәкілетті органның кеңсесі арқылы қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға күні және уақыты, өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Құжаттарды орталық арқылы қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
      1) сұрау салудың нөмірі және қабылдаған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттар саны және атауы;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      5) құжатты ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, өкілетті берілген өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Портал арқылы өтініш берілген кезде мемлекеттік қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін алу күні мен уақыты мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілген сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама - есеп жіберіледі.
      15.Уәкілетті органда дайын құжаттарды (лицензия не қағаз тасымалдауыштағы бас тарту) мемлекеттік қызметті алушыға (өзі келгенде не сенімхат бойынша өкіліне) беруді кеңсе қызметкері онда көрсетілген мерзімде күн сайын қолма-қол немесе тіркеу журналына қол қойдыра отырып пошта бойынша жүзеге асырады.
      Орталықта дайын құжаттарды (лицензия және лицензияға қосымша не қағаз тасымалдауыштағы бас тарту) мемлекеттік қызметті алушыға (өзі келгенде не сенімхат бойынша өкілі келгенде) беруді қолхат негізінде ондағы көрсетілген мерзімде орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын жүзеге асырады.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы қызмет нәтижесі үшін көрсетілген мерзімде келмеген болса, орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға береді.
      Қызмет көрсетудің нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетке» жіберіледі.
      16. Уәкілетті органның лицензия беруден бас тартуы үшін егер:
      1) субъектілердің аталған санаты үшін қызмет түрімен айналысу Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынғаны;
      2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеуі;
      3) мемлекеттік қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарға сай келмеуі;
      4) мемлекеттік қызметті алушыға лицензия берудің келiсушi мемлекеттiк органмен келiсiлмеуі;
      5) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнің болуы;
      6) сот орындаушының ұсынысы негізінде мемлекеттік қызметті алушының лицензия алуына соттың тыйым салуы;
      7) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 40-бабында көзделген негіздер бар жағдайлар негіз болуы мүмкін.
      Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда лицензиар көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
      Лицензияны беруден бас тарту кезінде уәкілетті орган өтініш берушіге лицензияны және (немесе лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрдегі уәжделген жауап береді.
      Құжаттар орталық арқылы келіп түскен кезде жазбаша түрдегі уәжделген жауап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімде одан әрі мемлекеттік қызметті алушыға беру үшін орталыққа жіберіледі.
      Орталыққа хабарласқан кезде:
      мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тарту кезінде орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
      Егер уәкілетті орган осы стандартта белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті алушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаса онда оларды берудің мерзімі аяқталған күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілді деп есептеледі.
3. Жұмыс қағидаттары
      17. Орталықтың, уәкілетті органның қызметі қызметтік борышын орындау кезінде адамның конституциялық құқықтарын, заңдылықтарын сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпаратты ұсыну, оны сақтау, қорғау және құпиялылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызметті көрсететін орталықтың, уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
      20. Уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек көрсету осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жүзеге асырылады.
      Сондай-ақ шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің (1414) телефоны бойынша алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі № 5 кіреберіс, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 74-32-79 мекенжайы бойынша комитет төрағасының атына беріледі.
      22. Мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде мемлекеттік қызметті алушыларға әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым осы стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжай бойынша орталықтың, уәкілетті органның қызметкерлерінің әрекетіне олардың басшыларына беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда жұмыс күндері орталықтың немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Шағым берілген кезде іс-әрекетіне шағым жасалған лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөні, өтініш уәжі мен талаптары көрсетіледі.
      Шағымға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі қоса беріледі.
      25. Шағымды қабылдаудың дәлелі орналасқан жерлері осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген орталықтың немесе уәкілетті органның кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркеу болып табылады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде не қол қойдыра отырып қолма-қол беріледі.
      Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты осы стандартқа 1 және  2-қосымшаларда көрсетілген орналасқан жерлері бойынша Орталықтан немесе уәкілетті органнан алуға болады.
      Портал арқылы хабарласқан кезде портал арқылы электрондық хабарламаны жібергеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға «жеке кабинетінен» уәкілетті органда хабарламаларды өңдеу барысында жаңартылып отыратын хабарламалар туралы қолжетімді ақпарат (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) беріледі.
      26. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс, ақпараттық – анықтамалық қызметтің телефоны 8 (7172) 74-32-79, интернет – ресурсы: www.mz.gov.kz.
      «Орталық» РМК мекенжайы 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 «а» үй, телефон: 8 (7172) 94-99-93., интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
«Денсаулық сақтау саласындағы      
есiрткi құралдарының, психотроптық заттар
мен прекурсорлардың айналымына     
байланысты қызметке лицензия беру, қайта 
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын 
беру» мемлекеттік қызмет стандартына 
1-қосымша               

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет