«Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру туралы» мемлекеттік қызмет стандарты



Дата24.02.2016
өлшемі199.48 Kb.
#13978


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру туралы» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 14-бабының және «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысының (бұдан әрі – Аккредиттеу ережесі) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында www.mz.gov.kz және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық департаменттердің үй-жайларындағы көпшілікке қолжетімді орындарда орналасқан стенділерде орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу құқығына жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) беру немесе оны беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту болып табылады.

Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға тестілеу және әңгімелесу өткізу арқылы көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу құқығына үміткер жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері.

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 20 күнді құрайды;

2) Комитеттің аумақтық департаментіне құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 20 минуттан аспайды;

3) Комитеттен құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты - 20 минуттан аспайды;

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9.Мемлекеттік қызмет Комитет бекітетін мемлекеттік қызметті алушыларға аккредиттеу жүргізу кестесіне сәйкес (бұдан әрі – кесте) ол Министрліктің интернет-ресурсында www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылады, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.

10. Мемлекеттік қызметті Комитет және оның аумақтық департаменттері көрсетеді.

Комитет және Комитеттің аумақтық департаменттерінің үй-жайында күту және құжаттарды әзірлеу залы, анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустар және лифтілер көзделген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Комитеттің аумақтық департаментіне мыналарды:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

2) жеке басын растайтын құжаттың (жеке куәлік, паспорт) көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;

4) жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

5) ғылыми дәрежесі, атағы туралы құжаттың көшірмесі - ол бар болған жағдайда;

6) бірінші немесе жоғары біліктілік санатын тағайындау туралы сертификаттардың көшірмесі;

7) мамандығы бойынша практикалық денсаулық сақтау саласында кемінде 7 жыл еңбек өтілі бар екендігін растайтын еңбек кітапшасының көшірмесі;

8) жұмыс орнынан (негізгі) мінездеме немесе кәсіби медициналық қауымдастықтардың немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың немесе медициналық білім беру ұйымдарының (кемінде екеу) ұсынымдары;

9) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және медициналық білім беру ұйымдарында соңғы 5 жылда жалпы көлемі 216 сағаттан кем емес біліктілігін арттыру және (немесе) қайта даярлау, соның ішінде сараптама жүргізу мәселелері немесе сараптамалық қызмет негіздері бойынша өткендігі туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

12. Аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш нысаны Министрліктің интернет-ресурсында www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылады, сондай-ақ Комитеттің аумақтық департаменттерінің үй-жайларындағы көпшілікке қолжетімді орындарда орналасқан стенділерде ілінеді.

13. Комитеттің аумақтық департаментінде құжаттарды қабылдау «бір терезе» қағидаты бойынша кеңсе арқылы жүзеге асырылады.

Комитеттің аумақтық департаментінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін зерделейді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда Комитеттің аумақтық департаментінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде құжатты одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

Құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні өткен соң Комитет, Комитеттің аумақтық департаменттері құжаттардың толық болмау себебінен мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға құқығы жоқ.

Құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні өткен соң Комитет, Комитеттің аумақтық департаменттері құжаттардың толық болмауы себептері бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға құқығы жоқ.

Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды толық көлемде тапсырған жағдайда, ол тестілеуге жіберіледі.

Құжаттарды тексергеннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей Комитеттің аумақтық департаментінің қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға тестілеу уақыты мен күні туралы (жазбаша, электрондық түрде не телефонограмма арқылы) хабарлама жібереді.

Тестілеу нәтижелері теріс болған жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы әңгімелесуге жіберілмейді және оған сертификат берілмейді.

Тестілеудің оң нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының әңгімелесуге берілген рұқсаты болып табылады.

Тестілеу және әңгімелесу Аккредиттеу ережесімен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

14. Осы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін Комитеттің аумақтық департаментінің кеңсесі, мемлекеттік қызметті алушыға:

1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) өтінішке қоса берілген құжаттар саны және атауы;

4) өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

15. Әңгімелесу нәтижесі хаттама түрінде ресімделеді.

Әңгімелесу аяқталғаннан кейін оның нәтижесі (оң немесе теріс) туралы мемлекеттік қызметті алушыға хабарланады.

Аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту туралы шешім комиссия шешімінің негізінде Комитеттің бірінші басшысының бұйрығы түрінде ресімделеді.

Әңгімелесудің оң нәтижесін алған кезде мемлекеттік қызметті алушыға Комитет басшысының қолы және мөрі қойылған аккредиттеу туралы куәлік беріледі.

Аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:

1) тапсырылған құжаттарда бұрмалануының немесе дәйексіз ақпараттың болуы;

2) тестілеудің теріс нәтижесінің болуы;

3) әңгімелесудің теріс нәтижесінің болуы;

4) мемлекеттік органға жеке тұлғаның қызметіне тексеру комиссия актілерімен расталған, азаматтар мен заңды тұлғалардың негізделген шағымдардың болуы;



5) жеке тұлғаға қатысты өтініш берілген түрі бойынша қызмет түрімен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы негіз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары 
17. Комитет, Комитеттің аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) заңдылықты сақтау;

3) көрсетілетін қызмет жөніндегі толық ақпарат беру;

4) сыпайылық;

5) тұтынушы қарауға ұсынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

6) ақпараттың қорғалуы және оның құпиялығы.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Комитеттің, оның аумақтық департаментінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын осы мемлекеттік қызметтің стандарттарын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.

5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаменттері қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдемдесу осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жүзеге асырылады.

21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитеттің немесе Комитеттің аумақтық департамент басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

22. Мемлекеттік қызметті алушыға әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым Комитеттің немесе Комитеттің аумақтық департамент басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушы азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағымдар пошта арқылы жазбаша түрде не жұмыс күндері Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаментінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.



Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты-жөні, әкесінің аты, мекенжайы көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қояды.

Шағым беру кезінде Комитеттің немесе Комитеттің аумақтық департаментінің атауы, әрекетіне шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты, өтініш беру себептері мен талаптары көрсетіледі.

25. Шағымды қабылдауды растау осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Комитеттің немесе Комитеттің аумақтық департаментінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.



Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері мемлекеттік қызметті алушыға поштамен жазбаша түрде тапсырыс тәртібінде не қол қойылып қолма-қол ұсыну арқылы хабарланады.



Шағымды қарау барысы туралы ақпарат мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттен немесе Комитеттің аумақтық департаментінен алуға болады.

26. Қосымша ақпаратты Министрліктің интернет-ресурсынан –www.mz.gov.kz алуға болады.
________________________________________________

«Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша
  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің және оның аумақтық департаменттерінің байланыс деректері


р/с №

Департаменттің атауы

Департаменттің орналасқан мекенжайы

Жұмыс кестесі

Аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау бөлімінің телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

1

2

3

4

5

6

1

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті» ММ (бұдан әрі – Комитет)

Астана қаласы, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс

жұмыс күндері сағ. 9-00-ден 18-30-ға дейін,

түскі үзіліс

сағ. 13-00-ден 14-30-ға дейін

8(7172)

74-32-79


8(7172)

74-32-79


2

«Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті» ММ

Көкшетау қаласы, Әуелбеков к-сі, 98

жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап

8(7162)

25-14-43


8(7162)

40-18-86



1

2

3

4

5

6










18-30 дейін,түскі үзіліс

сағ 13-00 бастап 14-30 дейін







3

«Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ

Павлодар қаласы, Лермонтов к-сі, 59

жұмыс күндері сағ.9-00 бастап 18-30 дейін,

түскі үзіліс

сағ 13-00 бастап 14-30 дейін

8(7182)

55-02-86


8(7182)

55-57-09



4

«Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ


Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 9/1

жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін,

түскі үзіліс

сағ 13-00 бастап 14-30 дейін

8(7232)

76-13-23


8(7232)

76-54-44



5

«Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ


Орал қаласы Достық-Дружба даңғылы, 215

жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін,

түскі үзіліс

сағ 13-00 бастап 14-30 дейін

8(7112)

51-04-75


8(7112)

51-21-11



6

«Комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті» ММ


Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 149.

жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін,

түскі үзіліс

8(7282)

24-43-59


8(7282)

21-02-23



1

2

3

4

5

6










сағ 13-00 бастап 14-30 дейін







7

«Комитеттің Астана қаласы бойынша департаменті» ММ


Астана қаласы Иманов к-сі, 19

«Алматы»


бизнес-орталығы

11-қабат


жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін,

түскі үзіліс

сағ 13-00 бастап

14-30 дейін

8(7172)

78-74-65


8(7172)

78-75-09



8

«Комитеттің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ


Қостанай қаласы, Баймағамбетов

к-сі, 195



жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін,

түскі үзіліс

сағ 13-00 бастап 14-30 дейін

8(7142)

54-36-26


8(7142)

54-98-90




9

«Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы

к-сі, 36



жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін,

түскі үзіліс

сағ 13-00 бастап 14-30 дейін

8(7152)

46-97-39


8(7152)

36-02-22



10

«Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті» ММ


Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 63

жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін,

түскі үзіліс

сағ 13-00 бастап 14-30 дейін

8(7272)

73-12-92


8(7272)

73-16-84



1

2

3

4

5

6

11

«Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті» ММ


Қызылорда қаласы қаласы,

Мұратбаев к-сі, 13



жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін,

түскі үзіліс

сағ 13-00 бастап 14-30 дейін

8(7242)

23-45-34


8(7242)

23-48-97



12

«Комитеттің Атырау облысы бойынша департаменті» ММ


Атырау қаласы Байтұрсынов к-сі 53

жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін, түскі үзіліс сағ 13-00 бастап 14-30 дейін

8(7122)

27-31-94


8(7122)

27-31-94



13

«Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ


Ақтөбе қаласы Селиверстов к-сі, 9Б (Тілеу батыр)

жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін,

түскі үзіліс сағ 13-00 бастап 14-30 дейін

8(7132)

50-15-28



8(7132)

50-15-61



14

«Комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ


Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 78

жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін, түскі үзіліс

сағ 13-00 бастап 14-30 дейін



8(7212)

79-29-86


8(7212)

33-42-48




1

2

3

4

5

6

15

«Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаменті» ММ


Тараз қаласы, Қазыбек би к-сі, 142 а

жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін,

түскі үзіліс

сағ 13-00 бастап 14-30 дейін

8(7262)

50-07-93


45-99-60

8(7262)

50-07-92




16

«Комитеттің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ


Шымкент қаласы, Н. Төреқұлов к-сі, н/з

жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін,

түскі үзіліс

сағ 13-00 бастап 14-30 дейін

8(7252) 413017


8(7252)

41 30 97


17

«Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ

Ақтау қаласы, 9-шағын аудан, 23-үй

жұмыс күндері сағ. 9-00 бастап 18-30 дейін,

түскі үзіліс

сағ 13-00 бастап 14-30 дейін

8 (7292) 420947

8(7292) 420947

________________________________________________________

«Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызмет

стандартына

2-қосымша


нысан
____________________________________________
(денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу бойынша органның толық атауы)

_________________________________________________

(жеке тұлғаның толық тегі, аты-жөні, әкесінің аты)
ӨТІНІШ

________________________________________________________________ (түрін көрсету керек)

____________________________________________________________________________________________________________________________________

мамандығы бойынша аккредиттеуіңізді сұраймын.


Жеке тұлға туралы мәлімет:
1. Туған жылы____________________________________________________

  1. Төлқұжат деректері ______________________________________________________________________________________________________________________________ (сериясы, №, кім және қашан берілді)




  1. Білімі

____________________________________________________________________________________________________________________________________ (мамандығы болған жағдайда, дипломның (басқа құжат) №

____________________________________________________________________________________________________________________________________

(оқу орнының атауы, бітірген жылы)


  1. Үйінің мекенжайы, байланыс телефондары

_________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Жұмыс орны____________________________________________________




  1. Қоса берілген құжаттар:__________________________________________

__________________________________________________________________

__________________ _______________________

(қолы) (тегі, аты-жөні. әкесінің аты)
_________________________________________________

«Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша



Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні


1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер

% -ы (үлесі)



 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет