Деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата17.11.2023
өлшемі1.25 Mb.
#483546
  1   2   3   4
Тұрмыс салт жырлары Pdf





Тұрмыс-
салт 
жырлары
Үйлену 
салтына 
байлан
ысты
Діни 
ұғымға 
арналған 
өлеңдер
Көңіл-
күйді 
білдіретін
шығарм
алар
Төрт-түлік 
мал 
өлеңдері


Түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз
әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне 
сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Халық төрт түліктің әрқайсысының
сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды
ойсылқара
,
қамбар ата
,
шопан ата
,
зеңгі 
баба
деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те 
атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, 
азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел 
осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын
да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән 
ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.



Қой сүйеді баласын қоңырым деп, 

Ештеңені білмейтін момыным деп.

Сиыр сүйеді баласын торпағым деп

Қараңғыға баспаған қорқағым деп. 

Ешкі сүйеді баласын лағым деп

Тастан-тасқа секірген шұнағым деп.

Түйе сүйеді баласын боташым деп

Жәудіреген көзіңнен тоташым деп. 

Жылқы сүйеді баласын құлыным деп

Тұлпар болып жүгірер жұрыным деп.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет