Деп жиіліктері бірдей, электр қозғаушы күштері әр түрлі фазалардан тұратын айнымалы токтың бірнеше тізбектерінің жиынын айтады



бет3/4
Дата25.09.2024
өлшемі170.5 Kb.
#503986
1   2   3   4
ref -ush-fazalyq-jelektrlik-tizbekter-30

1.1 – мысал.1.5 – суретіндегі схемада үш фазалық генератордың әр фазасындағы э.қ.к.-і 127В – ке тең.Жүктеменің фазалық кедергілері модулі бойынша 6,35 Ом – ға тең, бірақ олардың сипаты әр түрлі: ZA = R, ZB = jωL; ZC = -j /ωC . Бейтарап (нөлдік) сымдағы токты анықтаңыз.

Ė A

Ė C

Ė B

İ В

İ 0

İ С

1.5-сурет 1.6-сурет




Шешуі. Векторлық диаграмма құрамыз (1.6-сурет). Барлық фазалардың тогы модульдері бойынша 127/6,35=20А. İ А-тогы фазасы бойынша Ė A мен сәйкес келеді. İ В- тогы Ė В-дан 900- қа қалып қояды. İ С-тогы Ė С-дан 900 – қа озып кетеді. İ А + İ В + İ С векторларының қосындысы İ 0-ток векторын береді. Ол модулі бойынша 14,6А – ге тең.
1.2 – мысал. Бейтарап сымда ток нөлге тең болу үшін 1.5-суретіндегі схемадағы А-фазасының кедергісінің мәні қандай болу керек?
Шешуі. İВ + İС-токтарының геометриялық қосындысы модуль бойынша мынаған тең
2*20cos 300 = 20√3 A .
Бейтарап сымдағы ток нөлге тең болуы үшін İ А-тогы İ В + İ С – токтарына қарама – қарсы бағытталуы және модулі бойынша 20√3 A болуы керек. Сонда А-фазасының кедергісі R = E/20√3 = 127/20√3 = 3,66 Ом.

2.2Үшбұрыштап қосылған үш фазалық тібекті есептеу

Генераторды үшбұрыштап қосу үшін әрбір фазаның бастапқы ұшын оның соңғы ұшымен біріктіру керек (2.1 – сурет). Симметриялық генераторды жүктемесіз осылай қосқан жағдайда оның ішінде ток болмайды, себебі симметриялық жүйені құрайтын оның э.қ.к.-нің қосындысы нөлге тең болады.


2.1-сурет 2.2-сурет


Жүктемелерді (қабылдағышты) үшбұрыштап қосамыз (2.2 – сурет). Сонда генератордың және жүктемелердің фазалық кернеулері екінші жағынан желілік кернеулер болып саналады, ал İ А, İ В, İ С фазалық токтарының İ АВ, İ ВС, İ СА – желілік токтардан айырмашылығы бар екендігі байқалады. Демек, желілік және фазалық токтар арасындағы симметриялық қатынастарды алу үшін олардыңоң бағыттарын таңдап алуымыз керек. Желілік токтар үшін оң бағыт үшін көбінесе генератордан қабылдағышқа дейінгі бағыт алынады, ал генератордағы фазалық токтың бағыты контурды сағат тілінің айналу бағытына қарсы болады.


Үшбұрыштап қосылған қабылдағыштағы фазалық токтың оң бағыты А’ – тан В’ –қа дейін, В’-тан С’- қа дейін және С’-тан А’-қа дейін алынады
(2.2-сурет).
А’ нүктесі үшін Кирхгофтың бірінші заңын қолдансақ (2.2-сурет), онда мынаны жазамыз:
İ А+ İ СА= İ АВ немесе İ А= İ АВ- İ СА . (2.1)
В’ және С’ нүктелері үшін де осыған ұқсас теңдеулер жазамыз:
İ В= İ ВС - İ АВ ;
İ С= İ СА - İ ВС ; (2.2)
Жүктемелердің фазалық токтарын Ом заңы бойынша анықтаймыз:

İ АВ= Ů АВ / ZAB ;


İ ВС= Ů ВC / ZBC ;
İ СА= Ů СA / ZCA ; (2.3)
Симметриялық қабылдағыштар үшін:
ZAB=ZBC =ZCA =1/Y =Zф=zфejφ (2.4)
Және барлық фазалары токтардың Іф - әсерлік мәні және э.қ.к.-мен немесе фазалық кернеулермен салыстырғанда φ-фаза ығысуы бірдей болады.
Симметриялық жүйеде желілік кернеулер Ů АВ; Ů ВC = Ů АВ e-j2π/3 ; Ů СA= Ů АВej2π/3 екенін ескеріп және (2.3), (2.4) теңдеулерін пайдаланып, фазалық токтарды былай да жаза аламыз:
İ АВ= Ů АВY ;
İ ВС= Ů ВCY = Ů АВY e-j2π/3 ;
İ СА= Ů СAY = Ů АВY ej2π/3 ; (2.5)

Кернеулер мен токтардың векторлық диаграммалары 2.3, а-суретінде көрсетілген.


Іргелес фазалардың фазалық токтарының векторларымен тиісті желілік тогының векторы бұрыштары 300, 300 және 1200 болатын тең бүйірлі үшбұрышты түзеді (құрайды). Демек, Іж/2 =ІФcos300 деп жазуға болады, ендеше
Іж= 2ІФcos300 = 2Iф√3/2 = √3 Іф , (2.6)
яғни желілік ток, фазалық токтан √3 есе артық. Сонымен қатар әрбір желілік ток фазасы бойынша, оған тиісті фазалық токтан 300-бұрышқа қалып отырады.

Ů СA= Ė C

ВС

İСА

İ С

İ В

İ АВ

İ АВ

Ů = ĖА

İ ВС

İ А

İСА

Ů ВС= Ė В


а) ә)

2.3 – сурет

Желілік кернеулердің комплекстік мәндерінің фазалық кернеулердің комплекстік мәндеріне теңдігінескерсек, онда мынаны жазамыз:


ŮАВ = Ė А ; ŮВС = Ė В ; ŮСА = Ė С . (2.7)


Демек, желілік және фазалық кернеулердің әсерлік мәндері бір – біріне тең болады және бұл тепе – теңдік симметриялық емес қабылдағыш жағдайында да орындалады:


Uж=Uф (2.8)


Бейтарап сымсыз жұлдызшалап қосылатын схемаға қарағанда, энергия көзі және қабылдағышты үшбұрыштап қосудың артықшылығы фазалық токтардың өзара тәуелсіздігінің болуынан. 2.3, ә - суретінде схемада үшбұрыштап қосылған жарықтандыру қондырғысы көрсетілген. Егер осындай қосылуда магистральдық қорғағыштың біреуі (мысалы, желі сымдарындағы В) жанып кетсе, онда екі фазадағы ( АВ және ВС ) электр шамдары тізбектей қосылған болып қалады және электр шамдардың қуаттары бірдей болғанда, осы фазалардың әрқайсысындағы электр шамдарындағы кернеу тек желілік (номиналдық ) кернеудің жартысына тең болады; үшінші фазадағы (СА) шамның кернеуі қалыпты жағдайда қалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет