Депутаттық сауал Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!



жүктеу 42.16 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі42.16 Kb.

2014 жылғы 25 маусымда жарияланды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.Қ. Мәсімовке



Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Елімізде балалардың жазғы демалуын, сауықтырылуын және бос уақытында қалаулы іспен айналысуын ұйымдастыру үшін қажетті жағдай жасау мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр, өйткені жаз басталысымен ата-аналар мен педагогтар балаларды қайда демалуға жіберумен алаңдауда.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар комиссиялар қалыптастырады, олардың міндеті жазғы демалыс және мектеп жанындағы лагерьлерді дайындау ғана емес, сонымен қатар бүкіл жазғы кезең ішінде мұқият бақылау болып табылады.

Жыл сайын Үкімет балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы қаулы қабылдайды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік мәдени даму комитеті қосымша білім беру жүйесінің жағдайын жан-жақты зерделей келе, балалардың оқудан тыс бос уақытта үйірмелерде, секцияларда және қосымша білім берудің басқа да түрлерінде қамтылуы өте төмен деңгейде екенін анықтады. Бұған қоса, өңірлерде демалыс лагерьлерінің саны оқушылардың жалпы контингенті үшін жеткіліксіз.

Жазғы маусым басталысымен Бурабай аумағында лагерьлердің дайындығы ойдағыдай болмауы, балаларды тамақтандыру, мазмұнды демалысты ұйымдастыру сапасының нашар болуы фактілері орын алғанын атап өту қажет. Бұл, өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылауды күшейтуді, тиісті назар аударуды қажет етеді.

Жазғы каникул кезінде еліміздегі оқушылардың Қазақстан астанасының көрікті, әсем жерлерімен танысуға керемет мүмкіндігі болатыны баршамызға мәлім. Астана қаласында балалар туризмін дамыту соның бір тиімді жолы болар ма еді, өйткені, өкінішке орай, ол ойдағыдай дамымай келеді. Бұл мәселе өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында жазғы демалысты ұйымдастыруда жүйелі көзқарас-тәсілдерді қарастыруды қажет етеді. Яғни балалар туризмі – жалпы туристік саланың ерекше сегменті болып табылады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Сізден, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, 2014 жылғы жазғы сауықтыру кезеңінің барысы, сондай-ақ Қазақстан астанасында балалар туризмін дамыту туралы ақпарат беруіңізді сұраймын.

Осы мәселені қарап, жазбаша түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

Депутат А. Бимендина

Орынд. А. Әбенова

т.74-63-69

abenova@parlam.kz


Оглашен 25 июня 2014 года

Премьер-Министру

Республики Казахстан

К.К. Масимову



Депутатский запрос

Уважаемый Карим Кажимканович!

Вопрос создания необходимых условий для организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в стране на сегодняшний день особенно актуален, так как с наступлением лета родители и педагоги обеспокоены тем, куда отправить ребят на отдых.

В этой связи местные исполнительные органы формируют комиссии, в чьи обязанности входит не только подготовка летних лагерей отдыха, а также пришкольных лагерей, но и тщательный контроль на протяжении всего летнего периода.

Ежегодно Правительством издается постановление об организации летнего отдыха детей. Вместе с тем всестороннее изучение Комитетом по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Республики Казахстан вопроса о состоянии системы дополнительного образования выявило крайне низкий охват учащихся в свободное от учебы время в кружках, секциях и других видах дополнительного образования. Кроме того, количество лагерей отдыха в регионах недостаточно для общего контингента школьников.

Следует отметить, что с начала летнего сезона в лагерях Боровской зоны допущены факты слабой подготовки лагерей, низкого качества детского питания, организации содержательного отдыха, что, в свою очередь, требует усиленного контроля и внимания со стороны местных исполнительных органов.

Общеизвестно, что во время летних каникул у школьников страны появляется прекрасная возможность ознакомиться с достопримечательностями столицы Казахстана. И одним из эффективных путей было бы развитие системы детского туризма в Астане, который, к сожалению, не развит должным образом. Данный вопрос требует системного подхода к организации летнего отдыха для патриотического воспитания молодого поколения. Ведь детский туризм – это специфический сегмент туристской отрасли в целом.

На основании вышеизложенного прошу Вас, уважаемый Карим Кажимканович, предоставить информацию о ходе летнего оздоровительного сезона 2014 года, а также о мерах по развитию детского туризма в столице Казахстана - Астане.

Просим рассмотреть данный вопрос и проинформировать письменно в срок, установленный законодательством Республики Казахстан.



С уважением,

Депутат А. Бимендина

Исп. А. Абенова

т.74-63-69

abenova@parlam.kz


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет