Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


кезең. Кәсіптік модульдердің тізбесін, мазмұнын және көлемін айқындау



бет49/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

3 кезең. Кәсіптік модульдердің тізбесін, мазмұнын және көлемін айқындау
Кәсіптік модульдер белгілі бір кәсіби қызметте маманның кең және нақты функциялары ретінде анықталатын кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
МЖМБС сәйкес ТжКБ ұйымдарына міндетті оқытуға бөлінген кредиттердің/сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, модульдердің мазмұны мен көлемін айқындау бойынша толық дербестік беріледі. Бұл ретте кәсіптік модульдердің мазмұны экологиялық және/немесе өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескеруі тиіс
Модульдердің тізбесі мен мазмұнын анықтау үшін біліктілік бойынша кәсіби қызметтің мазмұнына нақты талдау, яғни функционалдық талдау жүргізу қажет.
Кәсіптік модульдердің мазмұнын айқындау кезінде ТжКБ ұйымдарының академиялық дербестігін ескере отырып, кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген ТжКБ мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын (бұдан әрі – ҮОЖ) пайдалануға болады.
Модуль кредиттерінің көлемі және оқыту нәтижелері қалыптастырылатын құзыреттің күрделілігіне байланысты.
ҮОЖ және/немесе функционалдық талдау негізінде әрбір таңдалған біліктілік бойынша кәсіптік модульдердің тізбесі, мазмұны және көлемі айқындалады (2-кесте).

Кесте 2. «...» біліктілігі бойынша кәсіби модульдердің тізбесі, мазмұны және көлемінің үлгісі



Кәсіптік модульдер

Оқыту нәтижелері

Кредиттер/сағаттар

КМ 01

ОН 1.1 .....

......

ОН 1.2 ......

.....

ОН 1.3 ....

.....

Модуль бойынша барлығы







КМ 02

ОН 2.1 .....

......

ОН 2.2 ......

.....

ОН 2.3 ....

.....

Модуль бойынша барлығы







....

...

...

ЖИЫНЫ




...

Оқыту нәтижелерін анықтау және сипаттау бойынша ұсынымдар 4- қосымшада көрсетілген.


ТжКБ ұйымының қалауы бойынша біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейту мақсатында кәсіптік модульдер шеңберінде жобалау жұмысы арқылы білім алушының жеке компоненті іске асырылады.
Жобалау жұмысының мысалы: өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен шеберханаларда білім алушыларды олардың қалауы бойынша өнім өндіруге жұмылдыру.
Жобалау жұмысын орындау үшін қажетті кредиттердің жалпы санын білім беру ұйымы айқындайды.
Білім беру ұйымы кредит беру арқылы жобалау жұмысының нәтижелерін мақұлдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет