Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова



бет32/54
Дата02.02.2024
өлшемі5.76 Mb.
#490605
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
ландшафт дизайн

ші кезең – мамыр айында ағашты ауыстырып отырғызу. Бұл кез ағаштар мен бұталардың өркендері мен тамырлары жақсы өсетін уақыт. Ауыстырып отырғызғанда өсімдік әлсірейді, бірақ жерсінуі қалыпты деңгейде болады. Отырғызылған өсімдікте жарақатымен күресуге және алдағы келе жатқан қысқа қажетті қоры болады. Бұл кезде антитранспиранттарды пайдалану міндетті емес. Жас өркендерін аз мөлшерде кесу керек. Ең бастысы – ағашты отырғызғаннан кейін жиі-жиі суару керек.

  • ші кезең маусым айының ортасы мен шілде айында ағашты ауыстырып отырғызу. Бұл кезде ағаштар мен бұталардың өсуі тоқтайды. Қысқа қажетті қорлар қалыптасып жиналады. Метеорологиялық факторлар қолайлы (ауа жоғарғы температурада, төмен салыстырмалы ылғалдылық) болып, өсімдіктің жерсінуі ең төменгі нәтижеде болады. Зерттеу нәтижелері мен тәжірибе көрсеткендей, бұл кезде антитранспиранттарды пайдалану керек. Өйткені қоспаны пайдалану кезінде өсімдікте ылғал сақталып, жерсіну деңгейі артады.

  • ші кезең – тамыз айында ағашты ауыстырып отырғызу. Бұл кезде ағаштар мен бұталарда жаңа жасушалар түзіліп, тамырда қысқа қажетті қорлар жиналып болады. Тамырдың өсуі артады. Әсіресе бұл құбылыс тамыз айының соңында байқалады. Бұл кезде антитранспиранттарды пайдалану міндетті емес. Антитранспиранттарды пайдалану тамыз айының бірінші жартысында тиімді болып келеді.

    Жаз мезгілінде ағаштар мен бұталарды отырғызу жұмысында антитранспиранттарды пайдаланып, жүйелі дұрыс суараса ғана өсімдіктің әсемдік қасиеті сақталып, жерсіну деңгейі артады.

    Ағаштар мен бұталарды қыс мезгілінде ауыстырып отырғызудың ерекшеліктері.


    Қысқы уақытта экономикалық тұрғыда ірі көшеттерді (жасы 12-16, 17-20жыл) ауыстырып отырғызу тиімді. Жас тікпелерді топырағымен қыста орман көшетжайынан ауыстырып отырғызу жүргізілмейді.


    Қазіргі жасыл құрылыста қыс мезгілінде ағаштар ауыстырып отырғызудың бірнеше тәсілі бар:

    1. ші тәсіл күзде (қазан және қараша айында), қыс мезгілінде ауыстырып отырғызылатын ағаштың жан-жағын қазылып дайындалады. Қазылған шұңқырды құрғақ жапырақтармен толтырып, нығыздаймыз. Осы күйінде барлық топырақ тереңдігі тоң болғанша қалдырамыз. Топырақ ауа-райы температурасына байланысты желтоқсан және қаңтар айында тоң боп қатады. Топырақ әбден тоң болып қатқан соң ауыстырып отырғызу жұмысын жүргіземіз.



    2. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет