1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет72/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

2. Жауырын-бұғаналық үшбұрыш,trigonum omoclaviculare.
а) алдыңғы қабырғасы: төс-бұғана-еміздікбұлшықетінің, m.sternocleidomastoideus, артқыбетімен;
ә) төменгі қабырғасы: бұғана сүйегімен,os.clavicula;
б) жоғарғы қабырғасы: жауырын – тіластыбұлшық еттің төменгі қарыншасымен,m.omohyioideus, venter interior шектеледі. Бұлүшбұрыштың бойында бұғана астылық венаөтеді.
Бакенов М.
Анатомия сессия
63-71 билет
63) Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың практикалық маңызы.
Мойын бұлшықеттерінің фасциялық қабықшалары, fascia cervicalis, өте күрделі болып орналасқан. Мойын бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасы В.Н. Шевкуненконың тұжырымдамасы бойынша 5 табақшаға бөлінеді.


  1. Бірінші фасциялық табақша немесе мойын бұлшықеттерінің беткей орналасқан фасциялық табақшасы, fascia colli superficalis, ол кеуденің беткей орналасқан фасциялық қабықшасының тікелей жалғасы болып саналады. Бұл фасциялық қабықша мойын аумағына қарай өтіп, тек қана мойынның тері асты бұлшықетінің, m. platysma, фасциялық қабықшасын құрап, желке маңында өзара бір-бірімен айқасып тұйықталынады.


  2. Екінші фасциялық табақша немесе мойынның меншікті фасциялық қабықшасының беткей табақшасы, lamina superficalis fascia colli propriae. Бұл табақша мойынның тіласты сүйегінен жоғары және төмен орналасқан бұлшықеттер мен қан тамырлардың және нервтердің фасциялық қабықшасын құрайды. Фасциялық қабықшасының жоғарғы бөлігі өрлеме бағытта өтіп, төменгі жақ сүйегіне бекіп, одан әрі шайнау бұлшықеттері мен шықшыт безінің фасциялық қабықшасына ұласса, төменгі бөлігі бұғана сүйегі мен төс сүйегінің тұтқасына бекіп, кеуде бұлшықеті мен дельта тәрізді бұлшықетінің фпсциялық қабықшасына ұласады. Меншіктік фасциялық қабықшаның екі жақтық бөлігінің бүйір қапталы мойын омыртқалардың арқа өсіндісіне қарай өтіп, төс-бұғана-емізік бұлшықет пен трапеция тәрізді бұлшықеттің фасциялық қабықшасын құрып, мойынның желкелік байламына, ligomentum nuchae, мен жалғасады. Сонымен қатар бұл фасциялық табақшадан мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне қарай өтіп, фронтальды жазықтық бойында орналасқан табақшаны құрайды. Бұл табақша арқылы мойын аумағы, алдыңғы және артқы аймақтарға бөлінеді. Негізгі қызметі: потологиялық іріңделген жағдайда, іріңнің алдыңғы бөлігінен артқы бөлігіне қарай өтуіне тосқауыл жасау.




  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет