1 апта: Кіріспе. Инклюзивті білім берудің философиялық–гуманисттік мінездемесі


-апта. Білім беруді жаңарту жолдары



бет4/20
Дата12.12.2023
өлшемі151.71 Kb.
#486211
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Дәрістер жинағы Инклюзивті білім беру 2023 2024 ж

3-апта. Білім беруді жаңарту жолдары
5 лекция тақырыбы: Инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану
Жоспар:Инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары
Мүмкіндігі шектеулі баланы білім беру мен тәрбиелеудің жалпы ортасына қосудың кешенді механизмі ретіндегі инклюзивтік білім беру баланы жалпы білім беру мекемесіне, содан кейін одан да кең әлеуметтік ортаға инклюзиялауға арналған технологиялық ресурстар спектрі бар стратегиялық кең алаңды тірек етеді. Инклюзивтік білім беру практикасы мүмкіндігі шектеулі баланың өзіндік ерекшеліктері мен инклюзивтік сыныптағы барлық балалардың өнімді қатынасының мазмұнын білдіретін орталық детерминанттарды есепке алатын технологияның, әдіс-тәсілдердің белгілі бір спектрін пайдаланғанда ғана тиімді жүзеге асуы мүмкін. Инклюзивтік білім беру технологиясының батыстық жиынтығын талдау инклюзивтік мектептегі шетелдік жұмыс тәсілдер мен практикалық тактикалардың кең көлемде вариативтік екенін дәлелдейді. Батыстық педагогикадағы инклюзивтік білім беруді құру тәслдері мен құралдарын талдаудың технологиялық бірлігін ерекшелеудің негізгі көрсеткіштері: - технологияны педагогикалық басқару; - тьюторлық технология; - әлеуметтік қолдауды демократиялау технологиясы; - білім алудағы ерекше қажеттіліктерді қанағаттандырудың технологиялық қызметі. Батыстық зерттеушілер М. Фуллан, Д. Тайак және Л. Кубан өз еңбектерінде инклюзивтік сынаптағы стартегиялық және тактикалық басқару технологияларын сипаттады. Ғалымдар өз зерттеу жұмыстарында инклюзивтік сынаптағы педагогиканың тиімді басқару технологиясын бірқатар орталық оқытушыларының пікірлеріне негіздейді, оларды кешенді түрде жүзеге асыру инклюзивтік білім беру қауымының атқарымдық механизмдерінтура және жанама түрде жақсартуға мүмкіндік береді: 1. Кез келген өзгерістердің нақты сипаты болады. Берілген постулат сан алуан түрленімнің нақты мақсатты негізіне бағдарлауды білдіреді. Бұл мұғалімнің ендірген әрбір оқушының жеке қажеттілігі мен мұқтажын есепке ала отырып құрылуға міндетті өзгерістердің жүйелілігін, мақсатты бағыттылығын және релеванттығын білдіреді. 2. Ендірген өзгерістер шектелген сипатта болмауға тиісті. Бұл факт инклюзивтік білім беру ортасын ұйымдастырудағы түрленім лимитінің болмауын білдіреді. Сонымен бірге ендірілетін инновация аса көлемді болмауға тиісті, себебі ондай жағдайда оқушы жүзеге асырылатын жаңа өзгерістрге бейімделуге үлгермейді. 3. Мұғалім инклюзивтік сыныпта туындайтын мәселелер мен қиындықтарды еңсерілмейтін қарама-қайшылық ретінде емес, мүмкіндіктері шектеулі балалардың құрдастарының ортасына қосылудың жағымды динамикасына қол жеткізудің позитивті жолы ретінде қарастыруға міндетті. Бұл қағида кез келген мәселелердің жағымды жағында бекітіледі және туындайтын мәселелер туындаған қиындықтардан шығу мүмкіндігі ретінде 39 бағаланады. 4. Педагогикалық практикалық әрекеттер және мұғалімнің рефлективтік көруі бір-бірімен толық көлемде үйлесуге міндетті. Берілген жағдай инклюзивтік сыныптағы барлық субъектілерге психоәлеуметтік және эмоциялық жағымды атмосфера жағдайында өздерін жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Қарастырылған педагогикалық икемділікті қалыптастыру – әрбір бала қабылданатын және өзінің шамасын жүзеге асыра алатын шынайы инклюзивтік сыныпты құруға арналған негіз. 5. Мұғалімнің өзінің жеке күші мен нормативтік инклюзивтік микросоциумды құру бойынша балалардың топтық өзара әрекеттенуі арасындағы өзара барабар байланыс инклюзивтік білім беру қауымының басымды старатегиясы болып табылады. Сыныптағы инклюзияның көрсеткішіне инклюзивтік әлеуметтік кеңістік құруға өзара үлесін қосу қажеттілігін түсіну жатады. Бұл инклюзивтік парктиканы жүзге асыруға арналған құқық пен жауапкершілікті барлық субъектілердің арасына тең бөліп беруге мүмкіндік береді. 6. Инклюзивтік сыныпты тігінен және көлденеңінен басқару стратегиясының үйлесуі. Білікті мұғалім өзінің жұмысын оқушылардың жеке тұлғалық қалаулары мен басқарудың директивалық тақтикаларын қиыстыру негізінде құрайды. Бұндай нұсқа инклюзивтік білім беру қауымының өмір сүруін нормалайды, оның атқарымдық қолданысын орындау үшін жағымды жағдай тудырады. 7. Инклюзивтік мектеп жергілікті қоғаммен тығыз байланыста өзара әрекеттенген және олардың ынтымақтастық жағдайында ғана бір тұтас білім беру үдерісі жүзеге асады. Қарастырылған өзіндік сипат инклюзивтік білім беруді мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік қатынастардың желісіне қосудың бір бөлігі ретінде ұғынуға мүмкіндік береді. Американдық зерттеуші У. Хитзингом өз еңбектерінде «педагог – бала» жүйесіндегі педагогикадағы басқару технологиясының микроәлеуметтік мәнмәтінін қарастырып өтті. Оның пікірінше, балалық-оқытушылық өнімді өзара әрекеттену жағымды педагогикалық басқару технологиясында ғана құру мүмкін болады, бұл мүмкіндігі шектеулі баланы оқу үдерісінің жеке құрамдық бөліктерінде де жағымды әлеуметтік бейімдеуді білдіреді. Педагогикадағы басқару технологиясын берілген батыстық көрінісін талдау оның жалпы позитивтілігін анықтайды. Басқару негіздерін логикалық ұғыну мүмкіндіктері шектеулі балалардың және мұғалімнің арасындағы қауіпсіз және қабылдау қатынасын дамыту, жеткен жеке жетістігін бекіте отырып, оқушыны бағалауда барабар тәсілдерді пайдалану икемділіктеріне негізделетін инклюзивтік білім беру үдерісінің мәнін түсінуі туралы дәлелдейді. Инклюзивтік мектептегі баламен мұғалімнің арасындағы қатынасты жүзеге асырудың маңызды сәті мүмкіндігі шектеулі баланың қосылуда белсенді орын алуында туындайтын мәселелерді жеңу үшін барлық субъектілердің күшінің жиынтығының құрылымы ретінде бағаланатын табыстылықты сезінуге жағымды көзқарас қалыптастыру болып табылады. Инклюзивтік білім беру ортасын қалыптастыруды басқару аспектілерімен 40 мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік қолдаудың демократиялық желісі тікелей байланыста тұрады. С. Дж. Сэлент осы көрсеткіштің маңызды мәнін инклюзивтік сыныптағы демократиялау үдерісін коммуникативтік, тәртіптік, перцептивтік, жеке тұлғалық түрдегі өнімді негіздердің бірігуі ретінде қарастырады. Инклюзивтік сыныптағы балалаларды әлеуметтік қолдауды демократиялау ұйымдық, аксиологиялық, стратегиялық сондай-ақ тактикалық мәндегі интербелсенді интервенцияның жиынтығын қолдануға негізделеді
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Жалпы білім беру процесінде ерекше білім беруге кажеттілігі бар
    балаларды қолдау бойынша педагог-ассистенттерге арналған әдістемелік
    ұсынымдар – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. – 96 б.

  2. Ковригина Т.В., Косьяненко М.В., Павлова О.В. Комплексные занятия по программе «От рождения до школы» под редакцией Н.Е. Вераксы, М.А.Васильевой, Т.С. Комаровой. Младшая группа (от 3 до 4 лет). – Изд.2-е. – Волгоград: Учитель, 2017. – 269с.

  3. Абаева Г.А. Коррекционная работа в школе для детей с нарушен ием зрения. Учебное пособие. – Караганда, 2014. – 82с.

  4. Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу

бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік тәжірибесінталдау. Әдістемелік ұсынымдар. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2015. – 80 б.

6 лекция тақырыбы:ЕБҚБны ақпараттық технология арқылы оқыту нәтижесінде пайда болатын мүмкіндіктер


Жоспар:
1. ЕБҚБны ақпараттық технология арқылы оқыту нәтижесінде пайда болатын мүмкіндіктер
2.«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. 1,2,3,4 әдістемелік құрал.
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
3.Жалпы білім беру процесінде ерекше білім беруге кажеттілігі бар
балаларды қолдау бойынша педагог-ассистенттерге арналған әдістемелік
ұсынымдар – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. – 96 б.
4.Ковригина Т.В., Косьяненко М.В., Павлова О.В. Комплексные занятия по программе «От рождения до школы» под редакцией Н.Е. Вераксы, М.А.Васильевой, Т.С. Комаровой. Младшая группа (от 3 до 4 лет). – Изд.2-е. – Волгоград: Учитель, 2017. – 269с.

  1. Абаева Г.А. Коррекционная работа в школе для детей с нарушен ием зрения. Учебное пособие. – Караганда, 2014. – 82с.

  2. Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу

бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік тәжірибесінталдау. Әдістемелік ұсынымдар. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2015. – 80 б.
Қоғамда туындап отырған жаңа экономикалық қатынастарға орай білім беруді реформалау мәселесі туындайды. Реформалауың басты мәселесі білім мазмұны толық жаңғырту жетілдіруді талап етеді. Ол білім беру стандарттарын, базалық оқу жоспарларын жасау және тәжірибеге енгізу арқылы жүзеге аспақ. Стандарттар барлық тұрпаттағы оқу құралдарының қай түріне жататынына қарамастан, кадр даярлаудың жоғары біліктілік сапаларын үйлесімді атқаруы тиіс.
Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады.
Ал, көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.
Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі
Педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Назарбаев зияткерлік мектебі» курсы бағдарламасын меңгеруде түйгенім:
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер:
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызу мынадай нәтиже береді:
*сабақта белсенділік жоғарылайды;
*сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;
*дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады;
*оқуға қызығушылықтары артады;
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану төмендегідей нәтиже береді:
-білім алушының белсенділігін арттыру;
- пәнге қызығушылығын ояту;
- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
- зерттеуге икемділігін дамыту;
- сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;
- білім алушылар бір - бірімен қарым - қатынас жасай біледі;
- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға.
Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды.
Пассивті әдіс: үнемі мұғалімнің белсендідігі
Белсенді әдіс: мұғалім және оқушы белсендідігі
Осы мақсат негізінде қойылатын міндеттер:
-жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
-шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.
Қазіргі заманғы мектептің түлегі:
-Жоғары білім деңгейін, оқу дағдысы мен қабілеттерін көрсете алатын, зерттеліп отырған мәселенің маңыздылығын саралай білетін;
-Салауатты өмір салтын ұстанатын мол күш жігерге ие;
-Жаңалық ашуға тұрақты мақсаттылық танытатын ой- өріске ие
шығармашылық зерттеушілік іс - әрекеттерін игерген;
-Өз жұмыс нәтижесіне көрегендік жасап , өз ойын жүзеге асыра алатын;
-Ерекше ойлау , пайымдау шеберлігін, өз бетімен жұмыс істеудің жоғары деңгейін танытатын болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет