1. Қазақ халқының символына айналған ою түрін атаңыз


Мықшима – сөзінің мағынасын айтып беріңіз



бет7/8
Дата12.09.2023
өлшемі460.42 Kb.
#477230
1   2   3   4   5   6   7   8
1) 1 деңгей

8. Мықшима – сөзінің мағынасын айтып беріңіз
8.



Аяқкиім түрлері олардың жасалған материалына, тұтынушысының жасы мен жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты жасалады. Аяқ киімнің өңделуі мен әшекейленуі жоғарыда аталған жайттарға байланысты болады. Аяқ киімнің қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлері болады.
Дәстүрлі ортада аяқ киім тігумен тері, қайыс өңдеумен айналысқан маманданған адамдар айналысқан. Олардың атадан балаға беріліп отыратын өзіндік технологиясы, яғни тәсілдер жүйесі болды. Жылқышылар, отардағы малшылар, шанамен жолға шыққан жолаушы жылы аяқ киімінің сыртынан киеді.
Өкшелі аяқ киімдерге саптама етік, мөкі (киіз қонышты саптама), сырма киіз етік тәрізді өкшесі әртүрлі пішінді етіктер жатады. Әйел мен еркектер киюіне ыңғайластырылып тігіледі. Оларды өкшесіне қарай жуан өкше, қазық өкше, биік өкше, жез (тойнақпен қапталған) өкше, шоңқайма, мықшима деген түрлерге де бөледі.
Жергілікті тілде жұмыс aяқ киімдерінің бір сұқпай (шәркей), көн шабата (кебіс орнына киетін аяқ киім), қайыс етік, қалың, қатты көннен тігілген шоқай - шоқай, шапаты, шәркей, шәтиөр, шәрке, шепік, мөкі кебіс (кебістің шарық сияқты түрі) секілді жеңіл түрлерінің атаулары кездеседі. Былғарыдан етік киюге шамасы келмейтіндер, әсіресе, жасы үлкендер жазда, қыста сірімен қаптаған киіз байпақпен жүрген. Көн шабата, шабата, көн шарық, көн шоқай жазда киетін жұмыс aяқ киіміне жатады.
Дәстүрлі қазақы ортада аяқ киімдердің мынадай негізгі түрі таралған: етік, кебіс, мәсі, салтама, байлақ, шоқай және т.б. Кебіс пен мәсінің сан алуан ыңғайлы да, әдемі түрлері тігілген. Кебіс көбінесе малдың сауыр терісінен тігіліп, қалыпқа қатырылады.

9. Көк етіктің орындалу әдісін айтып беріңіз
9. Көксауыр етік – малдың сауыр терісенен өңделген былғарыдан сәндер тіккен аяқкиім түрі. Көксауыр – жақсылап иленген көкке, кейде жасылға, қызылға қандыра бояған өте сапалы былғары. Көк сауырмен көбіне кебісті тігіп, әшекейлейді. Ондай кебістерді «көк сауыр кебіс», «көк ала» кебіс деп атайды. Көк сауыр етікке әртүрлі ою-өрнек бастырады.Осындай материалдан тігілген кебіс те көкше кебіс немесе көксауыр кебіс деп аталады. «Кигені Айман қыздың көкше кебіс». Көк етіктің қонышы, күшіні оюланып, кестеленіп тігіледі. Ертеде көк етікті көбінесе сал-серілер, батырлар киген. «Көк етікті кез келмей, көн етіктіге бармай отырған қыз» деген сөз көк етіктің кімдерге лайық екенін аңғартады. Қызыл – етік қызыл түсті былғары етік. Қоңыраулы етік – өкшесі қоңыраушылармен әшекейленген етік, сауыр көк жасыл былғары етік, сармантай – қонышы тізеден жоғары келетін сәнді етік, жібек етік – жібектен тігілмеген, бірақ қонышы жібекпен кестеленген сәнді етік. Әміркен деп жергілікті тілде сырлы былғарыны айтқан. Соған орай қатты жылтырап тұратын әміркен етік, әміркен мәсі, әміркен кебіс аталатын аяқкиімдер тігілген материалына байланысты айтылған. Осындай таспамен кестеленген етікті де сәндік үшін киген.
Көксауыр – жылқы терісі мен серке терілерінің сауырынан жасалатын аяқ киім. Көп жағдайда ол көк, кейде қызыл, сары, жасыл түстермен боялып, өң беті жалтырап тұрады. Көксауырға алтын, күміс, жез шегелер қағып, кейде маржан моншақ жүргізіп, өкше артына, тұмсығына, қоныштың әр жеріне түрлі аКөксауыр - жылқы терісі мен серке терілерінің сауырынан (жондығынан) жасалады. Көбінесе ол көкпен, кейде қызыл, сары, жасыл түстермен боялып, өң беті жалтырап тұрады. Көксауырдың әр түстілерін өзара мүйіздеп, өюластыры немесе бір түсті көксауырдың әзін әр түрлі жібек жіппен кестелеп, өрнектеп, кебіс, мәсі, етік, кісе, аттұрман тігеді. Бұл заттарды да көксауыр деп атай береді. Көксауырларға алтын, күміс, жез шегелер қағып, кейде маржаннан моншақ жүргізіп, өкше сірінің артына, тұмсығына, қоныштың әр жеріне неше түрлі жарқырауың асыл тастар отырғызып әсемдейді. Мұндай заттар өте жарасымды және бағалы жиһаз саналады. Көксауырдан тоқым, қорамсақ, дулыға сияқты заттармен қатар тұскиіз, тон, сәукеле сияқты өте сәнді мүліктер де жасалған. Сондықтан көксауыр ісі кебінесе зергерлер қолына тән.сыл тастармен әсемдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет