1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


«Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыптарының мазмұны мен оқыту әдістемесі



бет12/58
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482882
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

1.«Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыптарының мазмұны мен оқыту әдістемесі .
Оксид, негіз,қышқыл, тұз жайлы алғашқы түсініктер 8 сыныпта оқытылатын негізгі маңызды заттар оттек, сутек, су тақырыптарында беріледі. Осы тақырыптарды өткенде оқушыларды біртіндеп бейорганикалық қосылыстар кластарымен таныстырады. Мұнда берілетін мәліметтер толық емес, жеткіліксіз жүйеленгендіктен периодтылық заңдылықты оқытуға база болуға жеткіліксіз.Сондықтан бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын жалпылау тағы да бір рет беріледі.
Бастапқы кезеңде оқыту оқушылардың сезімдік мәліметтері мен типтік оксидтер, негіздер, қышқылдар мен тұздар жайлы бейнелік көріністер қалыптасуына бағытталады. Осы аталғандар негізінде қосылыстардың жеке кластары жайлы алғашқы түсініктер қалыптасады. Бұл заттарды тану көзі болып эксперимент пен оқушылардың өмірлік тәжірибесі есептеледі. Оны меңгеру құралы ретінде бейнелік көрнекілік, жаттығулар жүйесі мен танымдық есептер қолданылады. Эмпирикалық тану әдістері мен салыстырудың логикалық операциялары, қорытындылау, эмпирикалық фактілерді жіктеу (заттың жалпы қасиеттерін тауып класқа біріктіру жағдайын анықтайтын).
Түсінікті қалыптастыру үшін фактілер жеткілікті, тәжірибелер нұсқалық, жалпы қасиеттер жекелік қасиеттерге бағыттылған, белгілі қасиеттер белгісізге бағытталған болу керек.
Қосылыстардың негізгі мәнді белгілерін бөліп көрсету үшін түсініктер мен символика негізгі құрал болады.
Алғашқы анықтамаларға келесідей талаптар қойылады: ол оқушылар үшін түсінікті, кластардың негізгі белгілерін ғана қарастырып, кейінгі түсініктердің дамуына бөгет жасамауы керек.
Ең алдымен оксидтер жайлы түсінік қалыптастырылады. Онымен танысу «Оттек. Оксидтер. Жану» тақырыптарында оттектің химиялық қасиеттерін эксперименттік жолмен оқытуда өтілді. Әдістемелік жағынан тәжірибені мақсатты түрде бақылау келесідей схемамен өтуі керек. Бастапқы зат- жану процесі- реакция өнімі. Оқушылардың зейіні тек жану эффектісіне аумай, заттарды да бақылау үшін құтыларға жай заттар мен олардың оксидтерінің үлгілері салынады. Оқушылар оксидтердің түзілуі мен күйін (қатты, сұйық, газ) бақылауы керек. Оқушылардың өзіндік жұмысы ұйымдастырылады.
7-кесте Заттардың тотығу процесі
Жай заттар, олардың аталуы және белгіленуі Сыртқы түрін сипаттау Тотығу өнімі- оксидтер,олардың аталуы мен белгіленуі Оксидтердің сыртқы түрін сипаттау
Мыс, Cu, қызғылт түсті Түсі қызғылт, қатты, созылмалы, метал CuO, мыс оксиді
2CuO+ O2=2CuO Қара түсті, ұнтақ зат

Ол үшін оқушыларға жай заттар мен оксидтердің таратпа үлгілері беріледі. Оқушылар көп жағдайда жай заттарды олардың оксидтерімен шатастырады. Оның себебі олардың аталуындағы ұқсастық. Заттардың жану процесі кезінде 7- кестені толтырған пайдалы.


Тотығу реакциясын анықтау оксидтерді осы процестің өнімі ретінде оқуға мүмкіндік береді. Жану реакциясының нәтижесін жалпылау және оның өнімдерін зат формуласы негізінде салыстыру оксидтердегі ортақ нәрсе құрамының екі элементтен тұратындығын табуға жағдай жасайды. Бұл белгілер оксидтерді анықтауда қолданылатыны белгілі. Оксидтер – күрделі заттар. Оқушылардың оксидтердің формуласын валенттілік көмегімен құруына дағдыландыру керек. Халықаралық және травиальды номенклатурамен таныстырған жөн. Жаттығулар орындау оқушылардың валенттілік бойынша формула құрып, жану реакциясы теңдеуін жазып теңестіруіне қажетті икемділіктерді игеруіне мүмкіндік береді. Химиялық диктанттар оксидтер атауларын формуласымен салыстыруға халықаралық, қазақша, травиальды атауларын сәйкестендіруге дағдыландырады.
2.Жаратылыстану – математикалық бағыттағы 10 - 11 сыныптарда химия пәнінен жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламаларын талдау. Бағдарламада "оқыту мақсаттары" төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгілену. !!!!Бул 39 суракко


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет