1-дәріс. Мемлекеттің салық қызметі. Мақсаты


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет3/16
Дата20.09.2022
өлшемі62.02 Kb.
#461043
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Салық құқығы дәрістер жинағы

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Салық ұғымы, белгілері?
2. Салық элементтері, түрлері?
3. Өз еркімен беру және мәжбүрлі түрде өндіріп алу?
4. Салықтарды төлеуде қандай жеңілдіктер болуы мүмкін.

Әдебиеттер:


1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2. Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3. Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
4. Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.


3-дәріс. Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде.
Мақсаты: Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылған, дәріс сабағында салық құқығы ұғымы, пәні, жүйесі мен бастаулары туралы сипаттама берілді. Студенттер семинар сабағында салық құқығының құқық жүйесінде алатын орны мен қазіргі таңда салық заңнамасының жетілдірілуі, салық қызметімен байланысты халықаралық шарттардың қолданылуы туралы мәселелерді қарастырғандары жөн.


Мазмұны:
1. Салық құқығының құқық жүйесінде алатын орны.
2. Салық туралы заңнаманың даму тарихы.
3. Халықаралық шарттар салықтық құқықтың қайнар көзі ретінде.
1. Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі элементтерініңбірі салық саясаты болып табылады. Салық саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік бюджеттің шығындар бөлігінің көлемін және қүрылымын анықтайды, салықтарды, олардың ставкаларын, жеңілдіктерді нақтылайды және белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, тиімсіздерін алып тастайды. Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік, саяси, экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттардың түсімін қамтамасыз етеді.
Мемлекет тиімді салық саясатын жүргізбей әрекет ете алмайды Қазақастан Республикасында тиімді салық саясатының дамуы мемлекетіміздің негізгі мәселелерінің бірі. Сондықтан, мемлекет өз бюджетін барынша көп толтыруға тырысады.
Мемлекеттің салық саясатын жүргізуге қатысуы салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық базасы сияқты салық қүралдары көмегімен жүзеге асады. Мемлекет жүргізген салық саясатының нәтижелеріне экономикалық саясатқа қандай өзгерістер енгізу қажеттілігі тәуелді болады.
Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан салық саясаты түбегейлі нарықтық өзгерістердің басымды бағыттарының бірі болып табылады. Күнен күнге салық саясаты мәселелері айқын көрінерліктей саяси әлеуметтік сипатқа ие. Осы салық саясаты мәселелерін өз уақытында және дүрыс шешу саяси түрақтылықтың сақталуына, мемелекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің тереңдей түсуіне әсер етеді.
2. 1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі қызмет ете бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл заңда да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық жүйесінде бірқатар шешімін таппаған мәселелер болды. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елемізде жиынтықталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Салық жүйесінде дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық салу принциптері сақталмады. Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы, салық жүйесінің өндірісті дамытуға еш ықпал етпеуі, бюджет кірісін құрудағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс не пайда емес, керісінше тұтыну болды.
Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті.
ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте – бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Ендібұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен басқа да міндетті төлемдер құрады.
Бұл заңда қамтылған барлық базалық принциптер 1995-1999 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Бұл әлеуметтік салыққа, амортизация саясатына, айналымнан алынатын салықты жоюға, ҚҚС-ты халықаралық принциптерге сәйкестендіруге қатысты еді. Осы уақыт ішінде экономика, экономикалық қатынастар құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынасы, тіпті адамдардың ділі (менталитеті) де айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мемлекет, бір жағынан, салық саясатының мақсатын, міндеті мен қызметін терең түсінді, екінші жағынан, экономикалық қатынастардың көптеген тұстары қолданыстағы салық заңдылығында қамтылмай қалды. Осы және Қазақстан экономикасында болып жатқан оң өзгерістер жаңа салық заңын талап етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет