1. ДӘріс сабақтары дәріс № Картография пәні оның зерттеу әдістемелері


Сурет.Калыпты проекция жағдайындағы меридиандар мен параллельдер түрлері:А-цилиндрлік; Б-конустық; Вазимутальдық



бет6/8
Дата22.01.2020
өлшемі1.94 Mb.
#447858
1   2   3   4   5   6   7   8
Дәрістер Топография Есен


26.Сурет.Калыпты проекция жағдайындағы меридиандар мен параллельдер түрлері:А-цилиндрлік; Б-конустық; Вазимутальдық; Г-жартылай конустық; Д-жалған цилиндрлік; Е-жалған конустық(Т.С.Комиссарова бойынша)

Дәріс № 8 Картографиялық генерализация.

Географиялық объектілерді картада кескіндеудің толықтығы, дәлдігі масштабқа байланысты.

Тіпті ірі масштабты карталардың өзінде де жер бетін екжей-текжейіне дейін түгел кескіндеу

мүмкін емес.Өйткені,картадағы мөлшері диаметрінде 2 мм дөңгелекшенің өзі жер бетінде едәуір

учаскені алады. Мәселен, 1:100 000 масштабты картадағы мұндай дөңгелекшеге жер бетінде 3 га

артық аудан; мектеп атласында 1:25 000 000 масштабта 2 мың км2, яғни бірнеше ірі қала сыйып

кететін территория сәйкес келеді. Мәселен, Москва 900 км2 ауданды қамтиды. Демек, картаның

масштабы неғұрым ұсақ болған сайын, онда жер бетінің екжей-текжейі соғұрлым аз көрсетіледі.

Карта жасағанда, біріншіден, сол картаның масштабында көрсетуге болатын объектілерді,

екіншіден,жер жағдайын сипаттай алатын ең маңызды объектілерді таңдап алады. Геогрфиялық

объектілер мен олардың пішіндері ірі масштабты карталарда барынша толық және екжей-

текжейлі кескінделеді. Масштабты кішірейткенде жер бетіндегі екжей-текжейлерді қалдырып,

жинақтауға тура келеді.Бұл қосымшадағы топографиялық карталардың үлгілерінен Баратоево

поселкесі мен оның төңірегіндегі жер бетінің екжей-текжейін-объектілер мен әр түрлі

құбылыстарды кескіндеудегі өзгерістерді қараңдар. Геогрфиялық объектілерді картада кескіндеу

үшін іріктеп және жинақтап алуды картографиялық генерализация (жинақтау) дейді.



Шартты белгілер. Жалпы географиялық карталарда әр түрлі географиялық объектілерді

кескіндеу үшін арнаулы шартты белгілер қолданылады.Олардың карта масштабында көрсетуге

келмейтіндері масштабтан тыс шартты белгілер деп аталады. Ірі және орта масштабты карталарда

ондай шартты белгілермен заводтар, фабрикалар, диірмендер, электр станциялар, аэродромдар,

ескерткіштер, сондай-ақ құдықтар, жеке-жеке ағаштар, жол көрсеткіштері және басқа объектілер

белгіленеді.Олар пішіні кескіндейтін затына ұқсас келетін жай суреттер немесе геометриялық

фигуралар түрінде болады (оқулықтың соңындағы топографиялық картадан шартты белгілерін

қара).Ал аудандары мен ұзындықтарын картаның масштабында кескіндеуге болатын объектілерді

белгілеу үшін аудандық (контурлық)және сызықты деп аталатын ерекше шартты белгілер

қолданылады. Аудандық белгілермен орман алқаптары, шалғын, көл, батпақ, және басқа

объектілер көрсетіледі.Сызықты белгілер өзен, жол, труба құбырларын белгілеу үшін

пайдаланылады. Масштабта сызықты белгілер осы объектілердің ұзындығын ғана көрсете алады.

Ал объектілердің ені үлкейтіліп беріледі, сондықтан оны картадан өлшеуге болмайды.

Мәселен, 1 : 100 000 масштабтағы картада көрсетілген темір жолдың ені оның нақтылы енінен

10 еседен асып түседі. Сол себептен де ұсақ масштабты картадан тіпті Волга сияқты ірі

өзендердің де енін өлшеуге болмайды. Бұлардан басқа түсініктеме шартты белгілер де болады.

Олар объектінің сипаттамасын толықтырып тұрады.Мәселен, өзендегі стрелка ағыстың бағытын

көрсетеді, орманның контурындағы ағаштың (жапырақты немесе қылқанды) суреті белгілі бір

ағаш тұқымының басым екендігін білдіреді.

Топографиялық карталарда көрсетілген обьектілерге қосымша анықтама беру үшін

түсіндірме шартты белгілер қолданылады. Мысалы, көпірлердің ұзындықтарымен жүк

көтерімділігі, өзендердің ағыс жылдамдықтары, өткелдің тереңдігі мен түбі, елді қоныстағы үй

саны, ормандағы ағаштардың орта биіктіктері мен жуандықтары және түрі т.б. Түсіндірме

шартты белгілер түрлі жазулар мен цифрлармен көрсетіледі.



Дәріс № 9 .Физикалық (жалпы географиялық) карталар

9.1. Географиялық карталардың маңызы.

Географиялық карталарда жер беті кішірейтілген түрінде картографиялық проекциялар мен

шартты белгілердің көмегімен кескінделеді. Карта бойынша жер беті немесе оның бөлігі туралы

дұрыс түсінік алуға болады.Халық шаруашылығының көптеген ғылыми және практикалық

мәселелері солардың жәрдемімен шешіледі.Оның үстіне карта соғыс ісінде кеңіне қолданылады.

Олар сонымен қатар құрылысты жоспарлағанда және жобалағанда,геологиялық зерттеулер

жүргізгенде,жол ісінде,теңіз және әуе навигациясына,космосқа ұшқанда қажет. Географиялық

карталар сан алуан мақсатта қолданылатындықтан,оларды әр түрлі масштабта және әр түрлі

мазмұнмен дайындайды.


9.2.Картаны масштабына қарай айыру.

Масштабына қарай карталар ірі,орта және ұсақ масштабты деп бөлінеді.



Ірі масштабты карталарға масштабы 1:200 000-нан ірі ( 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000,

1:100 000) карталар жатады.

Оларда жер беті екжей-текжейлі кескінделеді,өйткені олар территорияны жете зерттеуге,

жер бетінде бағдарлауға,өлшеулер мен есептеулерді масштабтың мүмкіндігінше барынша дәл

жүргізуге арналған.Ірі масштабы жалпы географиялық карталар топографиялық карталар деп

аталады.


Орта масштабты карталарға масштабы 1:200 000-нан 1:1 000 000 дейінгі (1:1 000 000 қоса)

карталар жатады. Олар көлемі едәуір территрияларды жалпы зерттеуге және ерекше дәлдікті

талап етпейтін өлшеулер мен есептеулер үшін қолданылады. Мұндай карталарды

топографиялық шолу карталары деп атайды. Жер бетін миллион еседен артық кішірейтіп

кескіндейтін карталар ұсақ масштабты географиялық карталар деп есептелінеді.Олар көлемді

территорияларды зерттеуге арналады.



Дәріс № 10.Тақырыптық карталар


10.1.Тақырыптық немесе арнайы карталар деп физико-географиялық, әлеуметті-экономикалық

немесе басқа сипаттағы құбылыстарды бейнелеуге арналған карталарды айтамыз.

Олар жалпы географиялық картаның мазмұнына кіретін белгілі бір элементті (мыс, жер

бедерін) өте толық және жан-жақты баяндайды немесе жалпы географиялық картада жоқ

құбылыстарды (белгілі бір жердің геоллгиялық құрылысын, климат жағдайын т. б.) көрсетеді.

Арнаулы карталардың графикалық образы екі «қабаттан» тұрады: географиялық негіз және

арнайы жүктемелер.
Географиялық негіз – территорияның географиялық жағдайын бейнелеу. Географиялық негіз

жалпы герграфиялық карта мазмұнының кейбір элементтерінен тұрады, олар- гидрографиялық

жүйе, елді мекен, саяси-әкімшілік рубеж, дегенмен олар бағынышты маңыздылықта болғандықтан

генерализацияланған. Тақырыптық карталардың географиялық негіз мазмұны арнайы

жүктемелермен байланыстырылған. Геологиялық карталарда, мысалы, гидрография элементтері,

экономикалық карталарда –елді-қоныстар, жолдар желісі т.б. толығымен көрсетілген.


Арнаулы жүктемелер құбылыстарды түрлі әдістер көмегімен көрсетеді.

Тақырыптық карталар классификациясы.

1.Тақырыбы бойынша:

Физико-географиялық;

әлеуметтік-географиялық;

техникалық (инженерлік, жерге орналастыру, теңіздік, навигациялық).

2.Толық сипаттама белгілері бойынша:

жалпы (мысалы, геологиялық карталарда құбылыстар тұтас көрсетіледі);

жекеше (құбылыстар бір жақты көрсетіледі, мысалы төрттік шөгінділер).

3.Сипаттамалар мен көрсеткіштерді қорытындылау дәрежесіне:

аналитикалық (карталар нақтылы көрсеткіштері бойынша құрылады, мысалы: жауын-шашын,

қар жамылғысы биіктігі);

синтетикалық (құбылыстар тұжырымдау көрсеткіштері бойынша сипатталады, мысалы:

климаттық карталарда) кешенді (белгілі бір байланыстағы құбылыстар көрсетіледі, мысалы:

ландшафтық және экономикалық).

10.2.Құбылысты бейнелеу әдісі
Картадағы әрбір құбылыстарда белгілі бір сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша

бейнеленеді, олар сапалық сипатта немесе карта аңызында түсініктеме ретінде көрсетіледі.

Құбылыстардың сапалық сипаты 2 тұрғыдан қарастырылуы мүмкін

1.Карталаудың критерийі болып құбылыстар арасындағы әртүрлі сапалық жағдайдың

ұқсастық белгілері алынады.(Мысалы, гидрологиялық карталарда бассейндер бойынша бөлу бар,

олар өз кезегінде гидрологиялық режимнің ұқсастық дәрежесіне қарай сәйкес типтерге бөлінеді.

2.Критерий болып әртұрлі сандық жағдайдың түрліше болуы немесе ұқсастық емес белгілері

алынады. (Мысалы, этнографиялық карталар)

Сандық сипаттамалар жиынтық шамалары (халық саны), немесе салыстырмалы (халықтар

тығыздығы), немесе нақтылы сандық көрсеткіштер арқылы көрсетіледі.Сонымен тақырыптық

карталарда түрлі құбылыстар мен олардың орналасу ерекшелігі көрсетіледі. Бұл құбылыстар

нүкте, сызықтар, аудандарбойынша таралуы немесе тұтас, шашыраңқы түрде болуы мүмкін.

Карталарда оларды бейнеленудің арнайы әдістері болады.


10.3. Белгілік(таңбалық) әдіс.
Бұл әдіс өзінің қарапайымдылығы және графикалық дәлділігі жағынан тақырыптық

карталарда жиі қолданылады. Белгілі бір пунктерге шоғырланған құбылыстарды, мысалы жеке

кәсіпорындар, пайдалы қазбалардың кен орындарын көрсету үшін қолданылады.

Шартты белгілер формасы, түсі, мөлшері бойынша ажыратылады. Түс пен форма сапалық

сипатты, ал мөлшері сандық сипатты көрсетеді (30-сурет)

Формаларына қарай төменгідей түрлерге бөлінеді:



1.Геометриялық белгілер, геометриялық фигуралар түрінде көрсетіледі.Бұл бейнелеу әдісі

қарапайым және көрнекі, олар геометриялық орталығы бар жергілікті жерде орналасқан

обьектілердің орнына сәйкес келеді, дегенмен мұндай фигуралар шектеулі ғана.
2.Әріптік белгілер.Бұлай бейнелеудің қиындығы, бір әріп бірнеше обьектілерді көрсетуі мүмкін.

Адамдар баспадан шыққан карта тілін білмегендіктен бұл белгілер түсініксіз болуы мүмкін

(мысалы, «темір» қазақша, «железо» орысша, «зелизо» украиншша). Әріптер әр түрлі аумақты

алуы мүмкін, сондықтан бейнеленетін құбылысты бұрмаландыруы мүмкін.


3.Символикалық белгілер. Обьектілердің өзіндік сипатын білдіреді.: мысалы, ас тұзы -тұз

кристаллдары; мұнай кен орындары- мұнай құбыры түрінде. Бірақ, барлық обьектілер үшін

мұндай символдар қолдану мүмкін емес.
3.Көркемді белгілер ұсақ суреттер түрінде көрсетіледі.Мұндай белгілер мектеп карталары мен

карта-плакаттарда қолданылады.Белгі аумағы құбылыс санына пропорциональды болса, яғни

құбылыстың абсолюттік масштабы туралы айтуға болады.

Құбылыс көрсеткіш санына пропорциональды болатын белгі мөлшерін анықтау үшін,

алдымен масштаб негізін анықтап алу керек.

Масштаб негізі дегеніміз 1 мм белгі аумағына сәйкес келетін құбылыс саны. Масштаб негізіне

үшбұрыш биіктігі, квадрат жақтары, шеңбер диаметрі алынады.

Мысалы, электостанцияны қуатының күштілігіне сәйкес дөңгелек түрінде бейнелеу қажет

делік. Шартты түрде диаметрі 1 мм дөңгелек 500кВт қуатты электростанцияны көрсетеді. Бұл

болашақта бейнеленетін электростанциялар аумағын анықтауға сәйкес алынатын масштаб негізі

( дәл осылай квадрат жақтары мен үшбұрыш биіктіктері де 1 мм болуы мүмкін). Белгі ауданы

құбылыс шамасы көрсеткіштеріне пропорционал болуы керек.

Белгі шамасы бір элемент шамасы анықталғанан кейін, 1 мм элементке ұқсас төменгідей

формула бойынша анықталады:

а=
мұндағы, А-құбылыс шамасы; М- масштаб негізі; а-сызықтық белгі мөлшері.
Мысалы, Қала тұрғындары картасын құру қажет. Масштаб негізіне 5000 тұрғынға сәйкес

белгі ретінде квадрат алынады. Егер қалада тұрғылықты халық саны 846 393 болса, квадрат

қабырғалары (а) неге тең екенін анықтау қажет. Есептулер бойынша ол картада квадрат

қабырғалары 13 мм тең етіп белгіленеді:

а=

Карта аңызында міндетті түрде масштаб негізі шамасы көрсетіледі: мысалы, дөңгелек



диаметрінің 1 мм құбылыстың белгілі бір өлшемін көрсетеді.

Абсолюттік масштабтың құндылығы оның дәлділігі, бірақ ол картаның тез қартаюына себеп

болады. Бұл жағдайды болдырмаудың жолы- графикалық шартты шкаланы қолдану (еркін

масштаб).

Графикалық шартты шкаланы құру үшін шартты белгінің ең үлкен және ең кіші мөлшері

анықталады, ал қалған шамалар осылардың араларында қалады.

Көп жағдайларда сандық көрсеткіштердің интервалдары қолданылады; әр интервалға

белгілі бір шама белгісі сәйкес келеді.

Интервалдар әр түрлі болады:

1.Тең интервалдар.

2.Қайталанатын интервалдар.

3.Интервалдар сәйкестігі.

Белгілер қарапайым және құрылымды болады (обьект құрылымына пропорциональды

бөліктерге бөлінеді). Мысылы, шеңбер обьектіні толық көрсетсе, ал оның ауданы 100% сәйкес

келеді. Ол радиус бойынша бөлінеді: 1%- сектор ауданы, ол 3,6° доғаға негізделеді. Квадрат

белгілер 10х10=100% сәкес келеді (31ші сурет).

Белгілік әдіспен құбылыстар динамикасын нақтылы жағдайын көрсетуге болады (орталығы

бар өсінділер, 32- ші сурет).


Локальды диаграммалар. Бұл диаграммалар белгілі бір пункт, нүкте, аудандарға арналған. Бұл

әдіс маусымдық және кезеңдік құбылыстар сипатын көрсету үшін қолданылады. Көбінесе,

температураның жылдық жүрісі, ай сайынғы жауын-шашын мөлшері, қар жамылғысы

динамикасы, өзеннің жылдық ағысының таралуы, желдің күші мен жылдамдығын көрсету үшін

қолданылады.
Картодиаграмма. Бұл картадағы құбылыстар шамасын диаграммалық фигуралар көмегімен

көрсету әдісі- территорияға бөлінген торларда орналасқан еркін белгілер. Картодиаграммалық

әдіспен территорияны әкімшіліктерге бөлуде қолданылады. Белгілік әдістен диаграммалық

фигуралардың айырмашылығы, олар тек жеке обьектіні емес, белгілі бір аудандағы құбылыстар

шамасының жиынтығын- дөңгелек, квадрат, үшбұрыш белгілері түрінде көрсетеді. Бұл әдіс

экономикалық географияда жиі қолданылады, себебі белгілер жеңіл есептелінеді, диаграмма

құрастыруға болады, көрнекі және нақтылы (35-ші сурет).
Картограмма.Картада құбылыстар шамасы абсолюттік емес салыстырмалы түрде бейнеленеді

(мысалы, халықтар тығыздығы). Бұл әдістің маңыздылығы, территориялық бөліну торында аудан

шегіндегі құбылыс сипатамасының географиялық өзгешелігі қарқынды бояу немесе штрих

түрінде көрсетіледі.Шартты түрде бұл аудан біртекті болып қабылданады (36-ші сурет).

Құбылыстардың сандық дәрежелері сатыланып көрсетіледі. Әр сатыға өзіндік бояу немесе

штрих сәйкес алынады. Картадағы саты саны 8-10-нан артық болмауы керек. Шкала әртүрлі

болуы мүмкін (37-ші сурет).Құбылыстың салыстырмалы шамасы көп болған сайын, бояу түсі де

қарқынды болады.

Картограмма әдісін қолданғандағы басты шарт- картадағы аудандарды бейнелеуде боядың тек

бір түрін қолданы (қарқындылығы әртүрлі).


Аралдар әдісі (латын тілінен аударғанда area-аудан).Бұл әдіс арқылы картада кескінделенетін

құбылыстардың таралу ауданы көрсетіледі. Аудан контур немесе бояу және штрих түрінде

суретті пайдалану арқылы көрсетіледі.Аралдар әдісі карталарда маңызды құбылыстар аудандарын

карта масштабына сәйкес көрсетуде қолданылады. Бұл әдіс өзінің қарапайымдылығы және

айқындылығына байланысты кеңінен қолданылады. Белгілік әдістен айырмашылығы белгілі бір

нүкте емес бүтіндей территорияны көрсетеді, мысалы, ауыл шаруашылық жерлер, дәрілік

өсімдіктер ареалы т.б. Ареалдар абсолюттік- құбылыстар контуры шектеулі тек осы ареал ішінде

және салыстырмалы- құбылыстардың ең көп шоғырланған жерлері.


Әр түсті немесе сапалық фон әдісі кескінделетін територияны тек белгілі бір көрсеткіші немесе

сапалық сипаттағы біртекті көрсеткіштері жиынтығы арқылы жеке бөліктерге бөлгенде

қолданылады. Барлық бөліктер не әр түрлі түске боялады немесе штрихтау арқылы ерекшелінеді.

Мәселен, саяси карталарда әр түрлі түспен мемлекеттердің территориялары, ал ТМД-ның

саяси-әкімшілік карталарында-одақтас республикалардың территориялары боялады.

Тақырыптық карталарда сапалық фон әдісімен өсімдік, топырақ зоналары, тау жыныстарының

жасы, ауыл шаруашылығына пайданылатын жерлер көрсетіледі.
Қозғалыс сызықтары. Мұндай сызықтармен, көбінесе стрелкалармен, карталарда ауысу бағытын,

мәселен, жүктердің темір жол, тас жол және басқа жолдармен тасылуын, теңіз қатынас жолдарын,

авиа жолдарды және т.б. көрсетеді. Қалыңдығы және түсі әр түрлі сызықтармен қозғалыстың

сандық және сапалық сипаттамалары беріледі. Мәселен, қызыл және көк сызықтармен және

стрелкалармен теңіздер мен мұхиттардағы жылы және суық ағыстар кескінделеді, жыл

мезгілдеріндегі желдердің бағыты көрсетіледі.


Стрелкалар әр түрлі жағдайларда қолданылады. Стрелкалар экономикалық карталарда

тасымалдау бағытын, синоптикалық карталарда желдің бағыты мен күшін көрсетеді Егер

стрелкалар жолақтардағы қозғалыстарды көрсетсе, оларды бірнеше қатар етіп көрсетеді

(мысалы, теңіз ағыстары).


Сызықтармен картадағы саяхатшылар маршрутын, темір және теңіз қатынас жолдарын көрсетеді.

Сызықтар сапалық көрсеткіштерді сипаттауда қолданылады, олар сандық мазмұн бергенде

масштабты анықтап оны сақтау қажет. Мысалы, тасымалдануды белгілегенде 2 мм қалыңдықтағы

сызықтарға 100 тонна тасымалданатын жүк сәйкес келеді, ал 0,5 мм –ге 10 тонна т.с.)-(38-шы

сурет). Карта мен атластарды құрастыру көздері

11.1.Картаны құрастыру көздері түрлері

Картография өз өнімдерімен шаруашылықтың көптеген салаларын, ғылымды, мәдениетті,

білімді және қоғамның қызмет көрсету сфераларын қамтамасыз етеді.Өз кезегінде картография

қажетті мәліметтерді алу үшін түрлі көздерді қолданады –олар картаны құрастыруға

пайдаланылатын әртүрлі құжаттар.

Мәлімет жинақтаушы көздер:

* астрономия-геодезиялық мәліметтер;

* жалпы географиялық және тақырыптық карталар;

* кадастрлық мәліметтер, жоспар және карта;

* дистанциялық зондпен тексерілу материалдары

* тікелей өлшеу мен бақылау мәліметтері;

* гидрометеорологиялық бақылау мәліметтері;

* экологиялық және басқа да мониторинг мәліметтері;

* экономика-статистикалық мәліметтер;

* сандық модельдер;

* лабораториялық талдау нәтижелері;

* әдебиеттер (мәтіндік) көздер;

* теориялық және импирикалық заңдылықтар.

Құрастырылатын карталық өнімнің қолданылу мақсатымен тақырыбына байланысты бұл

мәліметтер көзі негізі, қосымша және көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Мысалы,

экономикалық-географиялық карталар үшін негізгі көздер болып статистикалық есеп мәліметтері,

ал фотогеоглогиялық карталар үшін- далалық геологиялық түсірім материалдары саналады.

Мәлімет жинақтау көздері картографиялық обьектінің қазіргі жағдайын 

көрсететін және ескірген, оның өткен немесе ертеректе зерттелген сатысын көрсететін болып

бөлінеді. Кей жағдайларда, мысалы, тарихи карталар, палеографиялық конструкциялар және

құбылыс динамикаларын көрсету қажет болған жағдайда ескі мәліметтер өте құнды болып

есептеледі.

Сонымен қатар, картографияға қажет мәлімет көздерін алғашқы- тікелей өлшеу және бақылау

жүргізілуден алынған мәліметтер және соңғы –алғашқы материалдарды өңдеу және өзгерту

нәтижелерін пайдаланудан алынған мәлімет көздері деп екіге бөлінеді. Алғашқы және соңғы

мәлімет көздері өңдеу процесі кездерінде өздерінің нақтылығы, дәлділігі, тұжырымдалу деңгейі,

генерализациялану дәрежесіне және тағы басқа сипаттамалырына қарай енгізіледі.




11.2.Астрономия-геодезиялық мәліметтер
Бұл мәлімет көздеріне астрономиялық бақылау, гравиметриялық өлшемдер, триангуляция

және трилатерация, полигономерия, жергілікті нивелирлеу нәтижелері жатады. Бұл мәліметтер

жоспарлық жағдайы мен теңіз деңгейінен салыстырмалы биіктігі анықталған картаның

координаталық (жоспарлық және биіктік) негізін, яғни пунктер желісін және Жердің фигурасын

есептеу, эллипсоиды параметрлерін есептеу үшін қажет.

Әртүрлі класты геодезиялық желілер пунктері жергілікті жерлерде орталықтары арқылы

жерлерге бекітіледі. Жерге бекітілген геодезиялық желілер пунктерінің үстіне танымдық белгі

орнатылады, олар металл немеме бетон бағаналарға отырғызылған пирамидалар немесе сигналдар.

Соңғы кездері геодезиялық желілерді құру үшін кеңінен позициялаудың глобальдық жүйесі 

қолданылуда (ПГЖ). Сонымен қатар, оларды позициялаудың спутниктік жүйесі деп те атайды. 

Позициялаудың спутниктік жүйесі Жерге радиосигналдар беріп тұратын биік орбиталарға

жіберілген жасанды спутниктер негізінде құрылған. Спутниктерді тәуліктің кез келген уақытында.

Жер бетінің кез келген нүктесінен көрінетіндей (естілетіндей) етіп орналастырады. Оларды

жұлдыздар сияқты астрономо-геодезиялық өлшемдер жүргізген кезде де бақылауға болады. 



Позициялаудың глобальдық жүйесі жер бетінде жүргізілетін геодезиялық өлшемдер мен

триангуляциялық пунктер арасына жүрістік жолдар орнатпай-ақ автономды түрде жергілікті

жердің кез келген нүктелерінің координаталарын анықтауға болады.

Позициялаудың глобальдық жүйесінің ашылуы геодезиялық өлшемдер жүйесінің

революциялық өзгеруіне және картографияның ақпараттық жабдықталуының жаңаша

принпиальдық мүмкіндіктеріне жол ашты. Жергілікті жерде бақыланатын координаталық

байланыс өнімділігі 10-15 рет артып, ең басты жеңістік - барлық өлшемдер триангуляция

желілеріне бағынышты болмай автономды түрде жүргізіледі. Геодезиялық пирамидалар желісін

қысқартуға мүмкіндік берді, мысалы, Ресейде қызмет көрсететін 370 мың ПГЖ саны 20 мыңға

дейін қысқартылды.

Астроно-геодезиялық мәліметтер барлық топографиялық және тақырыптық түсірімдерді

байланыстыруға қажет болса, геодезиялық пунктер желісі- карталардың математикалық негізінің

басты элеметтерінің бірі.


11.3.Картографиялық мәліметтер көзі

Жалпы географиялық карталар кез келген тақырыптық карталарды құрудың сапалық мәлімет

көзі болып саналады. Олар тақырыптық карталардың мазмұнын түсірудің негізі болып саналады.

Топографиялық, көрнекілік-топографиялық және көрнекілік карталар- мемлекеттік инструкциялар,

дәлділік талапты қатаң сақтайтын стандарттық жүйенің шартты белгілері арқылы құрылатын

сенімді де нақтылы көздер. Рессей территориясының барлығы 1:25 000 және одан кішірек

топографиялық карталармен жамыған. Жеке териториялар үшін одан ірірек масштабты

карталарға арналған.Салыстырмалы түрдегі аумағы кішірек мемлекеттер ірі масштабты

карталарға түсіріледі , мысалы Ұлыбритания бүтіндей 1:2 500 картаға түсірілген. Бүкіл

планетаны 1:1 000 000 (1 000 парақты) және 1:2 500 000 масштабты (262 парақты) карталар

қамтиды.


Жалпы географиялық карталарды тек тақырыптық карталар мазмұнын байланыстыруда

ғана пайдаланбайды, сонымен қатар ол картографиялаудың географиялық нақтылығын

қамтамасыз ете отырып, оның қаңқасының негізі болады, яғни осыған сәйкес түсіріліп,

құрылатын картаның тақырыптық мазмұны байланыстырылып, әртүрлі тақырыптағы карталар

өзара келісіледі.
Тақырыптық картографиялық материалдар - тақырыптық карталарды құрудың негізгі көзі.

Оларға далалық тақырыптық түсіріс нәтижелері (ірімасштабты пландар, схемалар, абристар,

маршруттық және станционарлық түсірімдер т.б.), пайдалану мақсаты мен масштабы әртүрлі

тақырыптық карталардың өзі , арнаулы материалдар-жерді пайдалану схемалары, орманды

орналастыру жоспарлары т.б.

Ірі масштабты карталар әрдайым ұсақ масштабты карталардың негізі болады, басты

маңыздылығы бір тақырыпты карталар аралас тақырыпты карталар құруда пайдаланылады.

Мысалы, топырақты картографиялауда өсімдік жамылғысы және геоморфологиялық,

геоморфологиялық карталарда- геологиялық және тектоникалық, транспорттық карталарда

орналастыру т.с.с карталар пайдаланылады. Аудандастырудың синтетикалық карталарын

құрастыруда мәліметтік көздер болып әртүрлі тақырыпты карталар сериялары пайдаланылады.

Қазіргі кездегі тақырыптық карталардың молдылығы оларды кез-келген картаны құрастыруда

тиімді пайдалану жолдарын қарастыруды және картографтан терең географиялық білімді қажет

етеді.


Мәлімет көздерінің ерекше бір түрі- кадастрлық карта және пландар. Бұл мәліметтер табиғи

ресурстар мен құбылыстардың сапалық, сандық сипатын, орналасу жағдайын құжаттық

дәлділікпен көрсетеді де, оларға экономикалық және әлеуметтік-экономикалық баға береді,

тиімді пайдалану және қорғау жайындағы ұсыныстар көрсетіледі. Осындай карталарға жер, қала,

пайдалы қазбалар, орман, су, кәсіптік кадастрлар жатады.

11.4.Дистанциялық зондпен тексерілу материалдары
Дистанциялық зондпен тексерілу материалдарын ауада ұшатын және космостық аппараттар,

кемелер, жер асты қайықтары, жер беті фототеодолиттік станциялдардың жанаспай түсіру

нәтижесі арқылы алынады. Кейбір дистанциялық зондттаудың схемалық бейнелері суретте

көрсетілген (-ші сурет.). Картографияда жиі қоланылатын материалдарға–космостық

түсірімдержатады, олар, экономикалық тиімді бола отырып, мәліметтері аэротүсірімдерге жуық

болады. Бұл материалдар масштабы, қамтуы, қолдануға рұқсат етілуі т.б. қасиеттеріне қарай

алуан түрлі болады.

Дистанциялық зондттау мәліметтері басқа карта құру көздеріне қарағанда бірқатар

артықшылықтары бар:

* космостық бейнеленідің көрнекілігі- детальдық түсірімдерде ондаған километрлік

ғаламдық қамтудан - ауқымды кеңістіктердің экономикалық картографиялануын қамтамасыз етеді

* космостан түсірілген бір территорияның рұқсат етілуі мен генерализациялығының түрліше

болуымен қатар, қосымша әлтүрлі масштабты карталарды қайтадан өңдеумен құруға мүмкіндік

бере отырып, картографиялау процесі ұзаққа созылатын ірі масштабты карталардан ұсақ

масштабты құру қажеттілігінен босатады.

* жобалау центрінің биіктік жағдайында бейнелеуді құрудың орталық проекциясы

ортогональдыға жақындау болатындықтан, карта құрудағы фотограметриялық өңдеуд

жеңілдетеді.

* кезеңдік тапсырысты қайталау түсірімдер, динамикалық картографиялауды және уақыт

барысында тез өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестер мониторингін қамтамасыз етеді.

* қиын аудандарды - шөлейт, марштар, биік таулы жерлер, полярлық аудандар,

Антарктиданы картографиялауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, басқа планеталар мен

олардың серіктерін түсіру проблемаларын шешеді.

* космостық түсірімдердің көрнекілігі мен айқындылығы картографиялық өнімдердің

жаңа түрлерінің – фотокарталар мен жер бетінің биофизикалық сипаттамасыының спутниктік

карталарының пайда болын қамтамасыз етті.




Ғарыштықтық түсірімдер классификациясы
Масштабы бойынша

Өте ұсақ масштабты
1:10 000 000-1:100 000 000

Ұсақ масштабты
1:1 000 000- 1: 10 000 000

Орташа масштабты
1:100 000-1:1 000 000

Ірі масштабты
1:10 000-1: 100 000


Көрнекілігі бойынша

Ғаламдық (планета)
S =n10 км L=10 000 км

Ірірегиональды
S=n10 км L=500-3000 км

Региональды
S=n 10 км 2L=50-500 км

Локальды
S=n 10 км L=10-50 км

Кеңістікте рұксат етілуіне

Төменгі рұқсат етілі түсірімдері
m n 1000м

Орташа рұқсат етілі түсірімдері
m= n 100 м

Биік рұқсат етілі түсірімдері
m= n 10 м

0-100 м- салыстырмалы биік
10-30-биік

Өте биік рұқсат етілі түсірімдері
m= n 1 м

Аса биікрұқсат етілі түсірімдері
m= n 1 м кіші

S- түсірім қамтығын аудан

L- қамтыған жолақ кеңдігі

n- 1+9

–жергілікті рұқсат етілуі


Жер ландшафтысы компонентерін бір түсірімде кешенді бейнелеу картаграфияланатын

обьектілердің кеңістіктегі байланыстарын дұрыс берілуін камтамасыз етеді.

Осыған байланысты аэрокосмостық түсірімдер, картографияда топографиялық карталарды

жедел жаңарту, тақырыптық және фотокарталарды құру және аз зерттелген, түсірілуі қиын

аудандарды картографиялауда қолданыс тапты.

Түсірілімдер ультракүлгін, көрінетін және жақын қызылкүлгін, орташа қызылкүлгін,

жылылық қызылкүлгін спектрдің радиотолқындарында жүргізіледі. Көрінетін және жақын



қызылкүлгін диапазондар, обьектілердің шағылыстыру қабылетіне сәйкес шағыстырылатын

күн сәулелерін тіркейді.Түсірілімдерде обьектілердің оптикалық сипаттары бейнеленеді- олардың

спектралды жарықтығы.Түсірілімдер тек жарық жағдайларда ғана жүргізіледі. Жылылық

қызылкүлгін спектр диапазондары, Жердің өзіндік шағыстырылуы мен обьектілердің

температуралық сипаттарын тіркейді. Бұл диапазондағы түсірілімдер жарыққа тәуелді емес

кез-келген кездерде тіпті түндеде жүргізіле береді, дегенмен бұлттылық кедергілік жасайды. 

Радиодиапазонды түсірілімдерде, радиотолқындар шағылыспай тұман мен бұллттардан еркін

өтетін болғандықтан түсірілімдер тәуліктің кез-келген уақытында, ауа райы жағдайына

қарамастан жүргізіле береді. Суреттерден жер беті рельефі мен кедір-бұдырлары, ылғалдылығы,

жер асты құрылымдарын көруге болады. Әртүрлі спектральды диапазондардағы түсірілімдерде

түрлі технологиялар қолданылып, түрлі типтегі суреттер алынады.

Көрінетін және жақын

инфрақызыл (жарық) диапазондардағы түсірілімдер





Жылулық инфроқызыл

Дипазондар

дағы

түсірілімдер




Радио


диапазондағы түсірілімдер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет