1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет22/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Өлекседегі өзгерістер. Өлген жылқының басын жарып тексергенде - маңдай қойнауынан, кеңсірігінен балаң құрттар табылады. Кілегей қабықтары қабынған, қарайып - қызарыңқыраған, əр жерінде уылған жаралар кездеседі. Уытты жаралар түбінде іріңді, ірімшік тəрізді зат бар.
Диагнозыаурудың белгілері мен эпизоотологиялық деректеріне жəне кеңсірік пен жұтқыншақта балапан-құрттардың табылуына негізде-леді. Ринэстрозды маңқадан, сақаудан, гастрофилезден жəне тыныс жолдары ауруларынан ажырата білу керек.
Емі. Кеңсірік ішін шаю үшін 2 % хлорофос ертіндісі қолданылады. Əр малға 50-100 мл мөлшерінде ерітінді жұмсалады. ДДВФ дəрісін де қолдануға болады. Əрбір жылқының танауына ДДВФ-ның 2 % вазелин майындағы сүртпесін 3-5 тəулік сайын қайталап жағып отыру (2-3 рет) қажет. Жылқыны топтап емдеу үшін ДДВФ, хлорофос аэрозолі жақсы нəтиже береді. Емдеу уақыты-бір сағат. Бұл дəрілердің 40-60 мг əр 1 м3 жерге шашады.
Дауа шаралары. Бөгелектің ұшу кезеңінде жайылымда əр жерден еліктіргіш қалқаншалар қойылып, оларды 10 % гексахлоран ұнтағымен ақтайды. Жылқы жайылымын ай сайын ауыстырып отырады. Жаңа жайылым ескісінен 8 км қашықтықта болуы керек. Əрбір жылқыны бөгелектен қорғау үшін жүгеннің маңдай қайысына шашақталған жұмсақ тері тігіледі. Шаруашылыққа тыстан əкелінген жылқыны карантинде ұстап, ринэстрозға қарсы дауа шараларын жүргізіп, сонан соң ғана табынға қосуға болады.


23.Паразит жәндіктерді мал денесінен және қорасынан жинау әдістері.
Жәндіктерді ұстап, жинағанда оларды жарақаттамай, дене сыртының бүтіндігін қамтамасыз ету керек. Қос қанаттыларды пробиркамен, ұстаушы цилиндрмен және эксгаустрмен кейде энтомологиялық тормен ұстайды. Мал денесіндегі қанатсыз және ұсақ қанатты жәндіктерді алдын-ала 70º спиртке матырылған жұмсақ энтомологиялық немесе гистологиялық қысқышпен немесе акварелді бояу щеткасымен жинайды. Әр жәндікті жеке - жеке пробиркаға немесе шыны аяққа салып, аузын жабады.
Мал денесінен паразит жәндіктерді жинау. Практикалық сабақ жүргізу үшін ірі – қара малы, жылқы, қой, ит, мысық, тауық және басқа жануарлар керек. Қолданылатын бекіту әдістеріне байланысты реактивтер дайындайды. Одан басқа Е.Н.Павловскийдің ұстауыш цилиндрі, мал макеті және тағы басқа арнайы құрал-жабдықтар қажет.
1. Биттер. Оларды мойын терісінің жоғарғы бөлігінен, мүйіз түбінен, санның ішкі бет терісінен іздейді. Жазда дененің күн түспейтін жерінен іздейді (құлаққуысы). Сіркелер. Бит жұмыртқалары, ақтүсті тері қылшығының түбіне жабысып тұрады. Тірілері сыққанда шыртылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет