1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет33/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Аргазида кенелері
Аргазида кенелері Parasіtіformes тегіне жататын, жай көзбен жақсы көрінетін ірі кенелер. Олар Argasіdae тұқымдасына жатады. Оның ішінде Argas және Alveonasus туыстарының ветеринариялық маңызы бар. Аргазида кенелері еліміздің Оңтүстігінде таралған, олар мал мен құс денесінде кездеседі. Әсіресе Argas persіcus немесе парсы құс кенесі, Alveonasus lahorensіs - қашар кенесі мал, құс қораларында жиі кездеседі.
Argas persіcus кенесі құс қораларында өмір сүреді. Бұл кенелердің барлық сатылары құс баррелиозы, құс туберкулезі, құс сүзегі және үйрек қылауы қоздырғыштарын тасымалдайды. Бұл кенелер құс эктопаразиті ретінде құсты арықтатады, көптеп жабылғанда құс балапандары өліп қалуы мүмкін. Парсы кенелерінің дене тұрқы 4,5-9 мм, ал ені 3-6 мм. Пішіні жұмыртқа тәрізді, денесі жалпақ, аш кененің түсі сұр. Қанға тойынған кенелер түйебұршақ тәрізденеді. Бұл кенелердің көздері жоқ, тұмсығы денесінің астыңғы жағында, тритремалары орақ тәрізді. Кене Қазақстанның Оңтүстік облыстарында және Орта Азия республикала-рында таралған.
Alveonasus lahorensіs - қора кенелері. Қой денесіне бұл кенелер көптеп жабысып, қанын сорғанда мал арықтайды, кейде салданады.
Гамазоид кенелері
Гамазоид кенелері де паразитиформ тегіне жататын буынаяқтылар. Бұл кенелер тобы ішінде Dermanyssus gallіnae тауық кенесінің практикалық маңызы зор. Бұл кене боррелиоз, орнитоз, тырысқақ және оба ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды. Тауық кенелері D.gallіnae ұсақ, тұрқы 0,75 мм-дей (аш кезінде) қозғалымпаз буынаяқтылар.
Иксодид кенелерге қарсы қолданатын шаралар: кенелерді биотоптарда жою; кенелерді мал денесінде жою.
І. Кенелерді биотоптарда жою.

  1. Тың жерлерді жыртып, оның орнына жасанды жайылымдарды игеру.

  2. Жайылымды ауыстыру.

  3. Кенелер көбейген кезде малды таудағы шұрайлы кең жайылымдарға ауыстыру.

  4. Қораларда дезакаринизацияны жасау. Бұл шараларды жылына екі рет өткізеді.

  1. көктемде ересек кенелер шықпай тұрғанда;

  2. шілде – тамыз айларында майда ұрықшалар мен нимфаларға қарсы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет