1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет9/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Өсіп-өнуі. Соналарға тіршілік қабілетін сақтау үшін өсімдіктер шырыны да жетеді. Бірақ аналық бездеріндегі жұмыртқаларының жетілуіне жануарлар қаны қажет. Сондықтан малға ұрғашы соналар ғана шабуылдайды. Соналар əдетте су қоймалары маңында көптеп кездеседі. Ұшу мерзімі мамырдың аяғында басталып, тамызда аяқталады. Негізінен олар 8-ден 18 сағатқа дейін, 160С-тан жоғары жылылықта (орташа 25-30 0С), кейбір түрлері ымырт жабылғанша ұшады. Олардың аналықтары көбінесе жылқы, ірі қара, түйе, бұғы малдарына шабуыл жасайды. Қан соруының ұзақтығы 2-20 минут, олар терінің жұқалау жерін таңдап, 50-200 мг қан сорады. Ұрықтанған сонаның аналығы қансорғаннан соң 4-5 күннен кейін су қоймалары мен шалшық сулар жиегіне өскен өсімдіктердің жапырағына не сабағына үйіп-үйіп жұмыртқа салады. Жұмыртқалары бір-біріне жəне өсімдікке желімделіп жабысып қалады. Əр аналық 3-5 рет жұмыртқалағанда 1000 жуық жұмыртқа салады. 6-10 тəуліктен соң жұмыртқалардан балапан-құрттар шығып, суға не ылғалды жерге түседі де онда олар жыртқыштық өмір сүреді. Балапан-құрттар 6 рет түлеп, дене тұрқы 20 мм-ге жетеді. Қыс бойы су қоймасының түбіндегі лайсаңға еніп, ұсақ құрттар жəне қарапайымдылармен қоректенеді. Жазғытұрым мұз 208 еріп, күн жылыған соң жағалауға бауырымен жорғалап шығып, құрғақ жерде қуыршақтанады. Қуыршақ сатысы 4-6 аптаға созылады. Қуыршақтан имаго, яғни ересек соналар шығып, қанаты кепкен соң ұша бастайды. Имаго сатысында соналар 1-2 ай өмір сүреді. Соналардың толық өсіп-өнуіне 1-2 жыл керек. Ал мұның өзі қоршаған ортада ауа райына байланысты.
Зияндылығы. Соналар теріні жарақаттайды, денеге улы жəне антикоагулинді сілекейін енгізеді. Мұндай жарақаттардан қан сорғалайды, оған шыбын қонады. Соналардың əртүрлі жануарлардың қанын бөліп-бөліп соруы жəне өлексенің ұйымаған қанын соруы, олардың өте қауіпті ауырулар тасымалдаушы екенін дəлелдейді. Соналар топалаң, жылқының инфекциялық анемия, қарасан, туляремия, су-ауру жəне анаплазмоз аурулары қоздырғыштарын тасымалдайды. Сона шаққан мал арықтайды, сауын сиырдың сүті 15-20 % кемиді, жұмысқа қабілетін жоғалтады. Жануарлар тынышсызданады, аяқтары жəне құйрығымен қорғаныс қимылдар жасайды. Олар көлеңке қораларға немесе ағаш ішіне қашады. Жылқы қышынады, денеде көлемі кішірек ісіктер пайда болады. Кейде жылқының жүйкесі қозып, жерге жата кетеді, аунайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет