1. «Коменсализм» ұғымына анықтама беріп көрсетіңіз Комменсализм терминін 1876 жылы бельгиялық зоолог және палеонтолог Пьер-Джозеф ван Бенеден «мутуализм»


Алғашқы реттік ауыздылардың жалпы құрылымы, дене бөліктері туралы мағлұмат беріп қоданыңыз



бет6/63
Дата26.09.2023
өлшемі219.13 Kb.
#478629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
1. «Êîìåíñàëèçì» ??ûìûíà àíû?òàìà áåð³ï ê?ðñåò³?³ç Êîììåíñàëèçì 3

7. Алғашқы реттік ауыздылардың жалпы құрылымы, дене бөліктері туралы мағлұмат беріп қоданыңыз
Жануарлардың жалпы құрылымын зерттегенде, дене бөлімдері, не мүшелері бір орталық діңгектің (ось) төңірегін айнала, не бір жазықтық, бағытында белгілі тәртіпте орын алып жататындығы байқалады. Бұл дене симметриясы. Симметрияның қалыптасуы организмнің өмір сүруіне байланысты. Жануарлар дүниесінде бірнеше симметрия типтері кездеседі. Солардың ішінде ең негізгісі - радиальды (сәулелі) - Radiata жәпе билатеральды (екі жакты) - Bilalerala симметрия.
Сәулелердің (Radiata) денелері шар, цилиндр тәрізді. Жануарлардың бекініп тіршілік етуіне немесе суда қалықтап жүзуіне және қоршаған ортаның оған жан-жағынан бір қалыпты әсер етуіне байланысты мүшелері орталық діңгектің төңірегінде шашыраған сәулелер сияқтанып, радиальды бағытта орналасады да, дененің сәулелі симметриясын құрайды. Бұлардың денесінен осы діңгек арқылы бірнешіе симметрия жазықтығын жүргізуге болалы, бұл жазықтықтардың әрқайсысы денені тең, етіп екі жартыға бөліп тұрады.
Алғашқы реттік ауыздылар - Protostomia тобындағы жануарлардың эмбриондық даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден ауызға айналады және мезодерма қабаты телобластикалық жолымен дамиды, яғни эктодерма және энтодерма қабаттарының аралығында бластопора жанында телобласт деп аталатын екі ірі клетка жекеленіп шығады да, солардың бөлінуі нәтижесінде мезодерма қабаты дамиды. Protostomia тобына жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар, скребнилер, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар, моллюскалар типтері жатады. Қалған типтер екінші реттік ауыздылар - Deuterostomia тобын құрайды. Бұларда ұрықтың бластопора тесігі бірден аналь тесігіне айналады да, ауызы кейін пайда болады. Ауызының пайда болуы бластопораға байланысты емес. Мезодерма қабаты энтероцельдік жолымен дамиды, яғни мезодерманың бастамасы гаструланың энтодерма қабатынан домалақтанып, сомиттарға айналып бөлініп шығады. Билатеральды симметрияның және мезодерманың жетілуі жануарлар құрылысының күрделіленуіне, әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделуіне және жер бетінін күрделірек жағдайында қаулап дамып кетуіне себеп болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет