1. курс туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет3/11
Дата26.09.2023
өлшемі112.09 Kb.
#478552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Мұнай кәсіпшілігі машиналары мен механизмдері»

8. ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: Ұңғыны жөндеу, мұнай-газ саласындағы қоршаған ортаны қорғау.


9.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ: Дәріс, дәріс-презентация, практикалық сабақтар, топтық және жеке жұмыс, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары.


10. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:



ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы (тақырыбы)

Тапсырма
түрі

Сағат
саны

Орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты кестеге сәйкес)

1



Мөлшерлеуіш сораптар

Ауызша
тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

2

Роторлы сораптар

Ауызша
тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

3

Үш плунжерлі сораптар

Ауызша
тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

4

Магистральды құбырларға арналған сораптар

Ауызша тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

5

Сорапты станциялар

Ауызша
тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

6

Бұрандалы компрессорлар

Ауызша
тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

7

Ортадан тепкіш айдағыштар және ма-
гистральды газ құбырларына арналған компрессорлар

Ауызша тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

8

Балансирсіз теңселме-станок

Ауызша тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

9

Пневматикалық теңгерілетін балансир
лі теңселме-станок

Ауызша тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

10

Rota Flex типті балансирсіз ұзын жүрісті қондырғы

Ауызша тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

11

Мұнай өндіруге арналған ОТЭС қон-дырғыны таңдау

Ауызша тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

12

Мұнай өндіруге арналған бұрандалы сорапты қондырғыны таңдау

Ауызша тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

13

Компрессорлы газлифте қолданылатын кәсіпшілік жабдықтары

Ауызша тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

14

Компрессорсыз газлифте қолданыла-тын кәсіпшілік жабдықтары

Ауызша тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

15

Қабатты сұйықпен жаруға және қышқыл
мен өңдеуге арналған жабдықтар комплек-сі

Ауызша тапсыру

2

Сейсенбі, Сәрсенбі
14.40-15.30

СӨЖ тапсырмалары

1

Сораптар диагностикасы құралы-инди-каторлы диаграмма

Презентация

3

2 апта

2

Сорап сипаттамасына сұйық тығыздығы
ның және тұтқырлығының әсері

Презентация

3

3 апта

3

Компрессордың газодинамикалық сипатта-
масы

Презентация

3

4 апта

4

Әртүрлі типті компрессорлардың қолда-нылуы

Презентация

3

5 апта

5

Кәсіпшілікте қолданылатын жылжымалы компрессорлы қондырғылар

Презентация

3

5 апта

6

Штангалы үңғылы сорап (ШҰС) гидро-механикасы: плунжер-цилиндр және кла-пан ершігі-шарик саңылауларынан өтетін сұйыктың ағуы

Презентация

3

6 апта

7

Манжетті сорап жұмысының ерекшелігі, сораптың жұмыс істеу ұзақтығына әсер ете
тін фактор. Сорапты таңдау және пайдала-ну

Презентация

3

7 апта

8

ТС теңгеру және оны бақылау әдістері. Тангенциальды күштер және олардың те-ріс мәндерін азайту әдістері

Презентация

3

8 апта

9

Механикалық жетегі бар штангалы сорап-тардың мұнай өндіру тиімділігін арттыру жолдары

Презентация

3

8 апта

10

Штангалы ұңғылы сорапты қолдану ай-мақтары

Презентация

3

9 апта

11

ЭОТСҚ пайдалану

Презентация

3

9 апта

12

Гидропоршеньді сорапты агрегаттың (ГПСА) артықшылыктары және кемшілік-тері

Презентация

3

10 апта

13

Сорапты-компрессорлы құбырларды бұ-рауға және бұрап ағытуға арналған механи
калық кілттер, олардың типтері, конструк-циясы, жұмыс істеу принципі, техникалық сипаттамасы

Презентация

3

10 апта

14

Штангаларды бұрауға және бұрап ағытуға арналған механикалық кілттер, олардың типтері, конструкциясы, жұмыс істеу прин
ципі, техникалык сипаттамасы

Презентация

3

11 апта

15

Спайдерлер, олардың атқаратын кызметі, конструкциясы, техникалық сипаттамасы

Презентация

3

11 апта

16

Печатьтар (мөрлер), олардың атқаратын қызметі және конструкциясы

Презентация

3

12 апта

17

Жылжымалы булы генераторлы қондырғы
лар ППУА-1200/100, ППУА-1600/100 және АДП типті ұңғыны парафинсіздендіру агре
гаты, олардың принципиальді схемалары, техникалық сипаттамасы, негізгі торапта-рының конструкциясы

Презентация

3

13 апта

18

УHI-630-700А сорапты қондырғылары

Презентация

3

13 апта

19

УСП-50 құм араластырғыш қондырғы

Презентация

3

14 апта

20

Қабатты сұйықпен жаруға арналған жаб-дықтарға техникалық күтім көрсету. Жаб-дықтарға техникалык күтім көрсету кезін-дегі техника қауіпсіздігі

Презентация

3

14 апта



11. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
11.1 Дәрістер


Тақырыбы: Кіріспе. Сораптар
Сағат саны: 2 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Қазіргі мұнай-газ өнеркәсібі және мұнай мен газды өндіру технологиясы мен осы жұмыстарды жүзеге асыратын машиналар мен жабдықтардың арасындағы байланыс.
2.Мұнай мен газды өндіруге арналған жабдықтарды пайдалану ерекшеліктері.
3.Ұңғыдан мұнай мен газды өндіруге арналған машиналардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жіктелуі.
4.Сораптардың негізгі техникалық көрсеткіштері. Сорап берілуі, арыны, қуаты және п.ә.к. Пайдалы жұмыс және пайдалы жұмыс формуласы, жұмыс жасап тұрған сораптағы шамасы.


Дәріс тезисі*
Сорап деп сорапты қозғалысқа келтіретін двигательдің механикалық энергиясын айдалатын сұйықтың механикалық энергиясына түрлендіретін гидравликалық машинаны айтамыз.
Сораптың негізгі техникалық көрсеткіштері: сораптың берілуі, арыны, қуаты, пайдалы әсет коэффициенті, жүргектік коэффициенті.
Гидродинамикалық сораптар және олардың ерекшеліктері:
1.Негізгі жұмысшы органы – қалақшалы аппарат
2.Айдау – келте құбыры сору келте құбырымен сораптың жұмысшы қуысы арқылы жалғасқан
3.Айдалатын сұйықтың берілуі – бірқалыпты
4.Сораппен берілетін сұйықтың мөлшері дамитын арынға байланысты
5.Максималды артатын арын шектелген
Динамикалық сорап дегеніміз – сұйықтың кірер аузы мен шығар аузы байланысқан камера ішінде жұмыс мүшесінің күш жұмсауы арқылы сол сұйықты ығыстырып шығаратын сорап.
Мұнай өндіргенде сораптардың екі түрін қолданады: қалақшалы, үйкеліс сорабы. Бірінші сорапта сұйық қалақша арқылы ығыстырылады, екіншісінде сұйықтың ығыстырылуы үйкеліс күшіне байланысты.
Қалақшалы сораптарда сұйықтың ығысуы сораптың жұмыс дөңгелегімен әрекеттесуіне негізделген. Мұнда сұйық жұмыс дөңгелегіне салыстырмалы қозғалады. Сонымен бірге, шеңбер бойымен қозғалысқа келеді. Салыстырмалы және шеңберлі жылдамдықтар қосындысы сұйықтың абсолюттік қозғалысын құрастырады. Яғни, сораптардың қозғалыссыз тетіктеріне салыстырмалы қозғалыс.
Әдебиеттер:
Негізгі: 1; 2
Қосымша: 7, 9, 10, 13,16
Өткізу форматы: Дәріс-презентация
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Жаңа материал
3.Қорытынды


Тақырыбы: Компрессорлар
Сағат саны: 2 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Компрессорлардың негізгі техникалық көрсеткіштері және түрлері.
2.Көлемдік және массалық шығындар. Компрессорлар өнімділігі.
3.Компрессор түрлері.
4.Турбокомпрессорлар.
5.Поршеньді компрессорлар (ПК).


Дәріс тезисі*
Компрессорлар деп газ тәріздес агенттерді, мысалы ауаны, оттегіні, сутегіні, табиғи газды және т.б. сығуға және ығыстыруға арналған машинаны айтамыз. Олар халық шаруашылығында, соның ішінде мұнай және газ өнеркәсібінде кең қолданылады. Компрессорлар мынадай жұмыстарда кең қолданылады:
-мұнай өндірудің компрессорлы әдісінде қабат сұйығын жер бетіне көтеру үшін;
-қабат қысымын ұстап тұру үшін және қайта қалпына келтіру мақсатында мұнай қабаттарына газды айдау үшін;
-жер асты қоймасына газды айдау үшін;
-бұрғылаудан және жөндеуден кейін ұңғыны меңгеру үшін;
-бұрғылау қондырғыларының пневматикалық жүйесіне ауа беру үшін;
-қабат ішілік қозғалатын жану ошағын қолдану арқылы кенорындарын пайдалану кезінде мұнай қабаттарына ауа беру (айдау)үшін;
-мұнай және газ кенорындарын пайдалану кезінде газды жинау және оны алғы бас компрессорлы станцияға беру (айдау) үшін;
-мұнай газдарын айырғыш (сепаратор) қондырғыларында сығу үшін;
-газды магистральді құбыр арқылы тасымалдау;
-мұнай және газ өндіруде қолданылатын әртүрлі жүк көтергіш, тасымалдау және басқа да машиналардың, аспаптардың құрал-жабдықтардың және тетіктердің пневматикалық жүйесіне ауа беру үшін;
-құбырларды, ыдыстарды және т.б. беріктікке және тығыздыққа қысыммен тексеру, сынау үшін;
-мұнайды және газды өңдеу үшін завод қондырғыларына газды ығстыру үшін;
-кейбір қуыстарда вакуум жасау мақсатында газды айдап шығару үшін;
-жабдықтарды салқындату мақсатында және бөлмедегі ауаның алмасуын қамтамасыз ету мақсатында желдету үшін;
-жылу беру үшін (машиналардың салқындату жейдесіне, жылытқыштардағы, салқындату қондырғыларға).
Әдебиеттер:
Негізгі: 1; 2
Қосымша: 7, 9, 10, 13,16
Өткізу форматы: Дәріс-презентация
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Сұрақтар арқылы тапсырманы қайталау
3.Жаңа материал
4.Қорытынды


Тақырыбы: Ұңғыны фонтанды пайдалану жабдықтары
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Фонтанды арматура.
2.Құбыр басы және фонтанды шырша, атқаратын қызметі, жұмыс жағдайы, қойылатын талаптар, жіктелуі, принципиальді схемасы, конструкциясы.
3.Фонтанды арматураның тиекті құрылғылары.
4.Фонтанды ұңғы манифольды. Атқаратын қызметі, схемасы, негізгі элементтері


Дәріс тезисі*
Фонтандау – сұйық қабат энергиясы (қабат қысымы) арқылы жүзеге асыратын тәсілді фонтанды пайдалану тәсілі деп атайды. Фонтанды ұңғылар жер асты және жер үсті қабатынан тұрады. Жер үсті жабдығына тізбек басы, фонтанды арматура, шығару желісі, жер асты жабдығына СКҚ (көтергіштер) жатады.СКҚ сұйықтарды, газдарды көтеруге ұңғының жұмыс режимін реттеуге, ұңғыға жұмыс жүргізуге шайыр, парафинді шөгінділермен күресуге, пайдалану тізбегін коррозиядан қорғауға құюды тығындауға және болдырмауға арналған.
Фонтанды арматура 2 бөліктен тұрады: құбыр басы және фонтанды шырша, құбыр басы 1 және 2 қатар құбырларды асуға, ілуге арналған. Сонымен қатар ұңғы сағасын герметизациялауға арналған.
Фонтанды арматура мынадай қызмет атқарады:
-Пайдалану тізбегімен СКҚ арасындағы қысымды бақылауға арналған
-Мұнай - газды жоғары шығаруға арналған
-Ұңғы жұмысын реттеуге
-Ұңғы сағасын зерттеуге
-Ұңғы түбіне қарсы қысым түсіруге арналған.
Фонтанды арматураның 3 жақтан 4 жақтан және ысырмалар олар бір-бірімен болаттармен гайкалар жалғанады.Оларды герметизациялауға болатын нығыздағыштар қолданады. Фонтанды арматура мынадай қысымдарға арналып шығарылады: 7, 14, 21, 35, 70, 105 МПа.
Әдебиеттер:
Негізгі: 1; 2
Қосымша: 7, 9, 10, 13,16
Өткізу форматы: Дәріс-презентация
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Тестілік сұрақтар арқылы өткен тақырыпты қайталау
3.Жаңа материал
4.Қорытынды


Тақырыбы: Ұңғыны газлифталы пайдалану жабдықтары
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Ұңғыны газлифталы пайдалану әдісінің қолданылу аймағы. Жабдықтарға қойылатын талаптар.
2.Газлифталы пайдалануда қолданылатын жабдықтар құрамы.
3.Газлифталы пайдалануда қолданылатын ұңғы жабдығының принципиальды схемасы. 4.Ұңғы ішілік жабдықтар конструкциясы. Газлифталы клапандар. Саға жабдықтары. Манифольд.
5.Газлифталы пайдаланудағы жер үсті жабдықтары. Коммуникациялар және аппараттар схемасы.


Дәріс тезисі*
Ұңғыны газлифтілі пайдалану кезінде сұйық ұңғыдан құбыр аралық кеңістікке жоғарғы қысыммен айдалған газдың энергиясы арқылы көтеріледі. Газлифті пайдалану әдісіне көлбеу қазылған және қисық оқпанды ұңғыларды, мұнайдың құрамында суы бар ұңғыларды, динамикалық деңгейі төмен және жоғары температуралы ұңғыларды көшіреміз.Ұңғыны пайдаланудың рациональды технологиялық схемасы болып тұйық газлифтілі циклі табылады, мұнда газлифтілі ұңғыға айдалатын газ ұңғыдан сұйықты бірнеше рет көтеру үшін қолданылады.Ұңғыны газлифті пайдалану әдісі мезгіл – мезгіл және үздік болып бөлінеді.
Үздіксіз газлифті әдісте газ ұңғыларындағы үздіксіз айдалады және сұйық ұңғы түбінен жер бетіне үздіксіз көтеріледі.
Мезгіл –мезгіл газлифтіде газ белгілі бір уақыт аралығында айдалып, (ұңғы түбіне сұйықтың жиналуын күтіп) отырады. Газлифті көтергіштердің жұмыс істеу принципін қарастырайық:
Ұңғыға СКҚ түсіреміз. Құбыр аралық кеңістікке компрессор арқылы сығылған газ айдаймыз соның нәтижиесінде құбыр аралық кеңістікте сұйықтың деңгейі төмендейді, ал СКҚ-дағы сұйықтың деңгейі көтеріледі. Құбыраралық кеңістіктегі сұйықтың деңгейі СКҚ шетіне дейін төмендеген кезде сығылған газ құбырға келіп түседі де мұнаймен бірге араласады.Мұндай газды газы сұйықтың қоспасын тығыздық қабаттан келіп түсетін сұйықтықтың тығыздығынан төмен болады. Соның нәтижиесінде көтеру құбырындағы сұйықтың деңгейі көтеріледі. Сығылған газды ұңғыға үздіксіз беру нәтижиесінде газы сұйықтықты қоспа ұңғы түбінен көтеріледі, ал қабаттан жаңа сұйық көтеріледі.
Әдебиеттер:
Негізгі: 1; 2
Қосымша: 7, 9, 10, 13,16
Өткізу форматы: Дәріс-презентация
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Жаңа материал
3.Қорытынды


Тақырыбы: Ұңғыны штангалы сораптармен пайдалану жабдықтары
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Штангалы ұңғылы сорапты қондырғының қолданылу аймағы (ШҰСҚ). ШҰСҚ негізгі бөліктері.
2.ШҰСҚ спецификалық ерекшеліктері. ШҰСҚ схемасы және әсер ету принципі.
3.Штангалы ұңғылы сораптар. Жалпы сипаттамасы. Жұмыс жағдайы. Қойылатын талаптар, принципиальды схемасы және қалыпты және қиындатылған жағдайда пайдаланылатын сораптар конструкциясы.
4.Сораптардың жіктелуі және олардың сипаттамасы.


Дәріс тезисі*
ШСҚ екіге бөлінеді: жер үсті және скважина ішілік жабдықтар. Жалпы жер үсті жабдығы сағы жабдығы және теңселмелі станоктан тұрады. Ал скважина ішілік жабдықтарға СКҚ, штанга, штангалы сорап жатады.
ОУ типті саға жабдығы
-құбыр аралық кеңістікті сорапты компрессорлы құбырдың ішкі қуысын саңылаусыздандыруға арналған.
-Скважина өнімін бағыттауға арналған.
-Сорапты компрессорлы құбырды асуға арналған.
Бір құбырлы мұнайды және газды жинау және тасмалдау жүйесін енгізуге байланысты
қысымы 4 МПа арналған СУС1-73-31 және СУС2А-73-31 саға сальниктерін енгізу
қарастырылады.
Жұмысшы қысымы:
-Саға штогы қозғалатын жағдайда 4 МПа;
-Саға штогы қозғалмайтын жағдайда СУС1-73-31 7 МПа, ал СУС2А-73-31 14 МПа;
-Қосылатын резьба екеуінеде 73 мм;
-Сальникті саға штогының диаметрі – 31 мм;
СУС типті саға сальнигінің негізгі ерекшелігі сальник басымен оның троинигі арасындағы шарнирлі қосылыс. Бұл қосылыс арқылы саға сальнигінің қызмет ету мерзімі артады. Саға сальнигі ниппельді втулкадан, саға сальнигі басы қақпағынан қысу сақинасынан, манжеттерден, тірек сақинасынан, троиниктен, саусақтардан жоғары және төменгі втулкалардан тұрады.
Сорап цилиндр, плунжер, сору клапаны, айдау клапанынан тұрады. Штангалы сораптар сулылығы - 99%-ке дейінгі, тұтқырлығы 100 МПа, қатты механикалық қоспа құрамы - 0,5%, еркін газ құрамы - 25%, күкірт сутегі – 0,1%, судың тығыздығы 200 мг/л және температурасы 1300оС-ға дейінгі өнімді шығаруды қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер:
Негізгі: 1; 2
Қосымша: 7, 9, 10, 13,16
Өткізу форматы: Дәріс-презентация
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Үй тапсырмасын қайталау
3.Жаңа материал
4.Қорытынды


Тақырыбы: Ұңғыны штангасыз сораптармен пайдалану жабдықтары. Электрлі ортадан тепкіш сораптар қондырғысы (ЭОТСҚ)
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Штангасыз сораптар және оларды қолдану аймақтары. Жіктелуі.
2.Штангасыз сораптарды кәсіпшілікте қолдану практикасы. Штангасыз сораптарды қолдану перспективасы.
3.ЭОТСҚ қолдану аймағы. ЭОТСҚ жабдықтары құрамы.
4.Батырылмалы ортадан тепкіш сораптар (БОТС), электродвигатель (БЭД) және гидроқорғаныш конструкциясы.


Дәріс тезисі*
Ұңғымадан үлкен көлемді сұйықты өндіру үшін, үлкен көлемді сұйықты ығыстыруға бейімделген және басқа қалақшалы сораптарға қарағанда үлкен арын туғызатын, ортадан тепкіш сораптарды қолдану тиімді және үнемді.
Ортадан тепкіш тереңдік сорабын ұңғымадағы құбыр ішіндегі сұйықтың ішіне түсіреміз және ол сорап астында орналастырылған батпалы электродвигатель арқылы қозғалысқа келеді. Электр энергиясы двигательге арнайы кабельмен жеткізіледі.
Ортадан тепкіш тереңдік сорабы арыны 1100 м болғанда,шегендеу құбырлар тізбегінің ішкі диаметрі 130мм болса, скважинадан күніне 500 м3 сұйықты өндіруді қамтамасыз етеді; арыны 800м, ал шегендеу құбырлар тізбегінің ішкі диаметрі 148 мм болса скважинадан күніне 700 м3 сұйық өндіріледі.
Сұйықты орташа және көп өндіретін / 100-150 м3/күн / және оданда да жоғары, ортадан тепкіш сораптар қондырғылары - тиімді және қызмет көрсетуде көп еңбек етуді қажет етпейтін мұнай өндіру жабдықтары қатарына жатады. Қондырғыға қызмет көрсету (күту) қиын емес, себебі жер үстіне тек қана басқару станциясы және автотрансформатор немесе трансформатор орналастырылған.
Жабдықты құрастыру біршама жеңілдетілген және ұңғыманы сорапты пайдалануға
ауыстарған, себебі жеңіл басқару станцияларына және трансформаторға фундаментті қажет етпейді.
Сұйықты орташа және өндіру кезінде ортадан тепкіш сораптар қондырғыларының жөндеу - аралық жұмыс мерзімі орташа есеппен 280-320 күн.
Әдебиеттер:
Негізгі: 1; 2
Қосымша: 7, 9, 10, 13,16
Өткізу форматы: Дәріс-презентация
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Жаңа материал
3.Қорытынды


Тақырыбы: Мұнаралар және мачталар
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Атқаратын қызметі, стационарлы және жылжымалы мұнара мен мачтаның конструкциясы, олардың техникалық сипаттамасы.
2.Мұнараға және мачтаға әсер ететін жүктемелер. Орнықтылықты қамтамасыз ету және тартпа есебі.
3.Мұнараны және мачтаны құрастыру және пайдалану


Дәріс тезисі*
Ұңғыны жер асты жөндеу жабдықтары: Мұнаралар және мачталар, Тәл жүйесі, Ұңғыны жөндеуге арналған көтергіштер және агрегаттар, Ұңғыны жөндеуде қолданатын құрал – саймандар, құрылғылар.
Ұңғыны жер асты жөндеу ағымдағы және күрделі болып бөлінеді. Жер асты ағындағы жөндеуіне жер асты жабдықтарын шығарып, жөндеуге байланысты жұмыстар жатады.
Күрделі жөндеуге шегендеу құбырлар тізбегін жөндеу, қабатқа әсер етуге байланысты күрделі жұмыстар жатады.
Жөндеу жұмыстары көтергіштің мұнараның немесе мачтаның көмегімен және арнайы мамандандырылған жабдықтармен орындалады. Жер асты жөндеулерінде мынадай операциялар орындалады:
-Транспортты – ұңғы сағасына қажетті жабдықтар комплекстік жеткізу
-Дайындық – ұңғы алаңына жабдықтарды орнату, оларды жұмысқа дайындау.
-Көтеріп – түсіру ұңғыдан сорап қондырғыларын, оның орнына жаңасын немесе жөнделгенін түсіру.
-Жер асты жөндеу – тереңдік сораптарын немесе оның тораптарын ауыстыру, тығындарын тазарту т.б.
-Қорытынды – жабдықтарды жинау және тасмалдауға дайындау.
Мұнаралар бұрғылау және СКҚ-дан жасалады. Биіктігі 22;24 м, жүк көтергіштігі 75 және 50 т. Мұнаралар жиі қолданылады. Пайдалану мұнараларының технологиялық сипаттамасы:
Типі және түрі – мұнаралардың құбырлы цифрі ВЭТ – 22х50, ВЭТ – 24х75. Негізгі тірек өлшемі 6х6, 8х8 м. Көтеріп түсіру операцияларын орындаған кезде мұнараға екі түрлі жүктеме әсер етеді. Вертикальді жүктеме –мұнаралар:
1.Ілмекке
2.Тәл жүйесінің салмағы
3.Мұнараның салмағы
4.Арқанның қозғалатын және қозғалмайтын тетікке түсетін жүктеме.
Әдебиеттер:
Негізгі: 1; 2
Қосымша: 7, 9, 10, 13,16
Өткізу форматы: Дәріс-презентация
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Өткен тақырыпты қайталау
3.Жаңа материал
4.Қорытынды


Тақырыбы: Тәл жүйесі
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Тәл жүйесі жөнінде түсініктеме.
2.Тәл жүйесінің негізгі элементтерінің атқаратын қызметі, конструкциясы, техникалық сипаттамасы және шартты белгіленуі.
3.Жабдықтау түрлері, жабдық шегіндегі тартылу есебі. Тәл жүйесі есебі.
4.Тәл жүйесін пайдалану. Тәл арқандарын бракқа шығару ережелері.


Дәріс тезисі*
Тәл жүйесі – көтергіш лебедка барабанында тарту үшін. Ол лебедка барабанына оралатын арқанның керілуін азайтады. Жүкті көтеру және түсіру жылдамдығын төмендетеді. Егер арқанның өлі шеті мұнараның шетіне ілінсе арқанның 2n шегіне бөлінеді. Өлі шеті қозғалмалы шетіне ілінсе, онда 2n+1 шегіне бөлінеді. Тәл жүйесі мұнараға немесе мачтаға қозғалмайтындай етіп орналастырылған кронблоктан және жұмыс уақытында қозғалатын тәл блогынан тұрады. Тәл блогына ілмек бекітіледі. Олар элеватор немесе вертлюг сырғасы бекітіледі. Кронблок және тәл блоктары шкивтері бір сызық бойында орналасады немесе блоктар шкиві тірекке бекітілген ортақ осьте орналасады. Оларды блок осі каналы бойынша майлайды. Кронблок шкиві және тәл блогы бір қалыпқа келтірілген.
Таль жүйесі көтеру-түcipy операциясын атқару үшін, яғни ілгіштегі сораптық компрессорлық құбырлар тізбегін немесе штангалар тізбегін ұстап тұру үшін қажет. Көтергіштердің таль жүйесі бip-бipiнe жабдықтау түpi бойынша ерекшеленеді. Таль жүйесінің құрамына крон-блок, таль бойы, ілмек блогы, ілмек және канат кіреді.
Кронблок - таль жүйесінің қосылмайтын бөлігі, көтеру-түcipy операциясын жүргізу үшін қажет. Крон-блок болат қанқадан, осьтен, бөліктен, оған кигізілген шкивтерден және көтеру-түcipy операциясы кезінде канат шығуын сақтандыратын қорапшадан тұрады.
Техникалық сипаттамасы:
1. Жүк көтергіштігі, т;
2. Шкив диаметрі, мм;
3. Шкив саны;
4. Білік диаметрі, мм;
5. Шкивтің канат өтетін доғасының диаметрі;
6. Габариттік пішімдері (ұзындығы, ені, биіктігі), мм;
7. Салмагы, кг.
Әдебиеттер:
Негізгі: 1; 2
Қосымша: 7, 9, 10, 13,16
Өткізу форматы: Дәріс-презентация
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Жаңа материал
3.Қорытынды


Тақырыбы: Ұңғыны жөндеуге арналған көтергіштер және агрегаттар
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Атқаратын қызметі және қолданылу аймағы. Теория негіздері. Транспорттық базалар. 2.Ұңғыны ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған көтергіштердің және агрегаттардың кинематикалық және гидравликалық схемалары. Негізгі тораптар конструкциясы схемасы, оларды дайындау және пайдалану. Стандарттау және параметрлік қатарлары.
3.Көтеру қондырғысының қуатын тиімді пайдалану, түсіру-көтеру операцияларын (ТКО) орындауға жұмсалатын машина уақытын есептеу. Көтеру қондырғыларын пайдалану ережелері.


Дәріс тезисі*
Көтергіштің құрастыру базасы болып батпақты жүрісті шынжыр табанды Т100М болып табылады. Бұл тракторлардың жолда өтетін кедергілерден өту қаблеті өте жоғары. Лебедка бір барабанды. Лебедканың тораптары мен механизмі құрастырылған, барабан бөлігі, жетекті білік, тежеуіш жүйесі, тіреуіш тісті дөңгелекті қондырғы және қоршау. Лебедка барабаны білікке отырғыылған. Оны фрикциялды муфта арқылы қосып ажыратуға болады. Көтергіштің пневмо жүйесі – барабанды, тежеуішті қосатын фрукциялды муфтамен басқару үшін беріліс торабындағы жылдамдықтарды ауыстыруға двигатель іліндісін басқару қажет.
Әдебиеттер:
Негізгі: 1; 2
Қосымша: 7, 9, 10, 13,16
Өткізу форматы: Дәріс-презентация
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Жаңа материал
3.Қорытынды


Тақырыбы: Ұңғыны жөндеуде қолданылатын құрал-саймандар және құрылғылар
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Құбырлы және штангалы элеваторлар, олардың атқаратын қызметі, типтері, конструкциясы және техникалық сипаттамалары.
2.Пайдалану сырғалары, их назначение и технические характеристики.
3.Құбырлы және штангалы кілттер, олардың типтері, конструкциясы және техникалық сипаттамалары.
4.Сорапты-компрессорлы құбырларды және штангаларды бұрауға және бұрап ағытуға арналған механикалық кілттер, олардың типтері, конструкциясы, жұмыс істеу принципі, техникалық сипаттамасы.
5.Спайдерлер, олардың атқаратын қызметі, конструкциясы, техникалық сипаттамасы.


Дәріс тезисі*
АКБ-ЗМ кілті арнаулы фундаментте лебедка және ротор 4 аралығына орнатылады. Оның негізгі бөліктері кілттер блогы 1, пневматикалық цилиндрлі каретка 2, тірек 3 және басқару пульті 5. Кілттер блогы – бұрғылау құбырларын бұрайтын және бұрап алатын негізгі механизм. Ол бағыттауыш бойымен екі пневматикалық цилиндр көмегімен қозғалатын кареткаға монтаждалған.
Қысқыш құрылғы кілттер блогының жылжу механизмі сияқты басқару пультінен 4 іске қосылатын пневматикалық цилиндрден жұмыс жасайды. Ол үшін жүйеге ресиверден сығылған ауа беріледі.
ПБК-1 кілтін канатпен бұрғыға іліп қояды. Оны ілу биіктігі басқару пультінен пневматикалық цилиндрмен реттеледі.
ПКР-560 пневматикалық клинді қармауыш бұрғылау және шегендеу құбырларын қармау және босатуды механикаландыруға арналған. Ол роторға монтаждалады және пневмоцилиндр көмегімен пульттен басқарылатын төрт клині бар
Тікелей пайдаланылатын жер үсті жабдықтарына вертлюг, бұрғылау сораптары, арынды шланга және ротор жатады. Вертлюг– айналмайтын тәлді жүйені және айналатын бұрғылау құбырлы бұрғы ілмегін жалғайтын, сонымен қатар оларға қысыммен жуу сұйығын беруді қамтамасыз ететін механизм.
Әдебиеттер:
Негізгі: 1; 2
Қосымша: 7, 9, 10, 13,16
Өткізу форматы: Дәріс-презентация
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Жаңа материал
3.Қорытынды


Тақырыбы: Лақтыруға қарсы жабдықтар және құрал-сайманды айналдыруға қолданылатын жабдықтар
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Атқаратын қызметі, типтік схемалары, негізгі параметрлері және лақтыруға қарсы жабдықтар конструкциясы
2.Роторлар және роторлы қондырғылар, олардың атқаратын қызметі, құрылысы және техникалық сипаттамасы


Дәріс тезисі*
Лақтырулар тек жоғары қабат қысымы әсерінен газ бен мұнайдың ұңғымаға енуінен ғана болмайды. Газ ерітіндіге ұсақ көпіршік түрінде ұңғыманың әлсіз саздалған қабырғалары арқылы және бұрғыланған жыныс арқылы енуі мүмкін.
Газ көрінісі басталуының белгілері:

  • ерітінді айналымы қалпына келтірілгенде газға қаныққан ерітіндінің шығуы;

  • ерітінді қабылдау сыйымдылықтарында сұйықтық деңгейінің көтерілуі;

  • газ-каротажды орталықтардың көрсетулері бойынша газдың пайда болуы.

Бұндай жағдайда ұңғыманы жууды күшейтіп, бұрғылау немес көтеріп-түсіру операцияларын тоқтатып, ерітіндіні газсыздандыру шараларын жүргізу керек. Лақтырыс болмас үшін ұңғымадағы сұйықтық бағанының гидростатикалық қысымы қабат қысымынан 5...15% артық болуы керек. Қабатқа әсер ететін артық қысым ауырлатылған ерітінділер көмегімен алынады.
Лақтырысты тоқтату сағада орналасқан лақтырысқа қарсы жабдықтар көмегімен ұңғыманы жауып жүзеге асырылады. Лақтырысқа қарсы сағалық қондырғы превентор деп аталады. Қазіргі кезде превенторлардың бірнеше түрі шығарылады: плашкалы, әмбебап, айналмалы.
Ротор жетегінің қуатын тиімді пайдалану үшін ұңғыма түбін бұрғыланған тау жынысы бөлшектерінен толық тазарту қажет. Оны төмендегі шарттар орындалған жағдайда іске асыруға болады:

  • ұңғыма түбіне қажетті гидравликалық қуат жеткізу;

  • сол қуатты гидромониторлық қашауда іске асыру;

  • ұңғыма түбіне түсірілетін қысым мен қабат қысымдары айырмасын мүмкіндігінше төмендету.

Ұңғыма түбін ауа немесе газ арқылы тазалап бұрғылаған кезде ротордың айналу жылдамдығы қаттылығы орташа, қатты және берік жыныстар үшін 100...200айн/мин, ал жұмсақ және борпылдақ жыныстар үшін 200...300айн/мин-нен аспауы керек.
Әдебиеттер:
Негізгі: 1; 2
Қосымша: 7, 9, 10, 13,16
Өткізу форматы: Дәріс-презентация
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Жаңа материал
3.Қорытынды


Тақырыбы: Ұңғыны жууға арналған жабдықтар және парафинсіздендіру жабдықтары
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Ұңғыны жууға арналған сорапты қондырғылар, олардың типтері, кинематикалық схемалары, құрылысы және техникалық сипаттамасы.
2.Пайдалану ұршықтары (вертлюгі), олардың типтері, атқаратын қызметі және конструкциясы, ұңғңыны жууда қолданылатын саға жабдықтары
3.Жылжымалы булы генераторлы қондырғылар ППУА-1200/100, ППУА-1600/100 және АДП типті ұңғыны парафинсіздендіру агрегаты, олардың принципиальді схемалары, техникалық сипаттамасы, негізгі тораптарының конструкциясы.


Дәріс тезисі*
Егер өнімді қабаттың түп аймағы борпылдақ, аз цементтелген жыныстардан құралса, қабат сұйығын алғанда бұл жыныстар бұзылады. Сұйыққа еріген жыныстар бөліктері скважина түбіне түсіп, құм тығындарын түзейді. Құм тығындары түптік және патрондық. Түптік тығын түгелдей құм бағанасы, ал патрондық аралас келетін құм, сұйық, газ бағанасы.
Егер бұл жағдайда скважинаға бөгде металл заттар түссе, тығынды тазалау өте қиынға соғады, бұрғылайды немесе фрезерлейді.
Ұңғымаларды жуғанда, процесті жүргізу схемасына орай тіке, кері, аралас жууға бөледі.
Тіке жуу кезінде жуу сұйығы ЕКҚ арқылы кіріп, құбыраралық кеңістікпен құм мен сұйық қоспасын жоғары шығарады.
Кері жууда жуу сұйығы сақиналы кеңістікпен кіріп, құмды сұйықты ЕКҚ бойымен жоғары көтереді.
Аралас жуу өте күрделі, ол өзіне тіке және кері жуудың жетістіктерін қолдданады.
Ұңғымада жуу жүргізу үшін көптеген түрлы сораптық агрегаттар, жуу сұйықтары пайдаланылады: Агрегат I НП-160 сорабы , НП – 100ХЛ І сорабы және тағы басқалары.
Жылжымалы бу қондырғыларын пайдалану, оның қымбаттылығына қарамастан тиімді әдіс болып табылады. ППУА-1200/100 және ППУА-1600/100 қондырғылары қолданылады. Қондырғының жабдықтары КрАЗ-250, КрАЗ-257, КрАЗ-260 автомобильдерінің шассиіне орнатылған монтажды рамаға бекітілген. Қондырғы бу генераторынан, суға арналған цистернадан, жабдықтау және отындық сораптардан, жоғарғы қысым желдеткішінен, жетектен, кузовтан, цистерна жабынынан, отынға арналған сыйымдылықтан бақылау-өлшеу аспаптарынан және құбырлар жүйесінен тұрады.
Әдебиеттер:
Негізгі: 1; 2
Қосымша: 7, 9, 10, 13,16
Өткізу форматы: Дәріс-презентация
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Жаңа материал
3.Қорытынды


Тақырыбы: Қабатты сұйықпен жаруға және ұңғыны қышқылмен өңдеуге арналған жабдықтар
Сағат саны: 1 сағат
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Қабатты сұйықпен жаруға арналған жабдықтар жиынтығы.
2.УНI-630-700А сорапты қондырғылары, УСП-50 құм араластырғыш қондырғылар, техникалық сипаттамасы, кинематикалық схемасы, конструкциясы. Манифольдтар блогі. 3.Автоцистерналар, олардың типтері, конструкциясы, техникалық сипаттамасы.
4.Пакерлер, якорлар және гидроперфораторлар: атқаратын қызметі, типтері және конструкциясы.
5.УНЦ-160х500 К және УНЦ2-160х500 сорапты қондырғылары.
6.АКЦП және КП типті қондырғылар, олардың конструкциясы, кинематикалық схемасы, техникалық сипаттамасы.


Дәріс тезисі*
Қабатты гидравликалық жару-ұңғылардың түп маңы аймағына әсер етудің тиімді құралы. Ұңғыларды меңгергенде бұл әдісті мұнай және газ кен орындарының өнімділігін арттыру үшін, айдау ұнғыларының жұту қабілетін көбейтуге, қабат суларын бөлектеуге және т. с. с. қолданады.
Қабатты гидрожару үрдісінің мәні түп маңы, аймағының жыныстарында ұңғыға айдалатын сұйық қысымы әсерімен жасанды жарықтар жасау мен бұрынғы жарықтарды кеңейтуде. Қабат жыныстарында қысым көтерілгенде жаңа жарықтар қалыптасады және бұрыннан барлары ашылады немесе кеңейеді. Бұл жарықтар жүйесі ұңғыны түптен қашықтықта жатқан қабаттың өнімді аймақтарымен байланыстырады. Қысым төмендегенде жарықтар бітеліп қалмауы үшін оларға ұнғыға айдалатын сұйыққа қосып құм айдайды, жарықтар радиусы ондаған метрлерге жетеді.
Қабатқа тұзқышқылымен әсер ету қышқылдық жыныстар өткігіштігінің өсуіне ықпал туғызатындай және ұңғы түбін газ немесе мұнайды аз беретін қабат бөліктерімен байланыстыратындай арналар қалыптастыратын карбонатты жыныстарды еріту қабілетіне негізделген. Алынатын өнімдер суда жақсы еритіндіктен оларды қабаттан шығару жеңіл.
Қышқылдың әрекетті күйде қабатқа өту тереңдігі бұл агент пен жыныстың реациясы жылдамдығына байланысты. Реакция жылдамдығының жыныстың химиялық құрамына, жыныс бетінің бірлігіне келетін қышқыл мөлшеріне, қызу мен қабат қысымына тәуелділігі тәжірибеде анықталған. Айталық, мысалы, диаметрі әдеттегі мұнай коллекторындағыдай (миллиметрдің жүздік үлесі) таза карбонат арнада қышқылдық бейтарапталу уақыты қас-қағым сәт.
Әдебиеттер:
Негізгі: 1; 2
Қосымша: 7, 9, 10, 13,16
Өткізу форматы: Дәріс-презентация
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Жаңа материал
3.Қорытынды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет