1-мәтін Мәңгілік Ел идеясы


-мәтін Бала – басты байлығымыз



бет4/5
Дата24.02.2022
өлшемі24.11 Kb.
#455715
1   2   3   4   5
9-сынып, мәтін

2-мәтін
Бала – басты байлығымыз
Бала – басты байлығымыз,
Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қылаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.
Тапсырма.
Екі мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, «Адам құқығы – мемлекеттің басты қуаты» тақырыбында эссе жазыңыз. Көлемі 180-200 сөз.


1-мәтін
БАҚ
Бұқаралық ақпараттық құралдары – қоғамдық сананы қалыптастыруда маңызы зор құбылыс. Біз БАҚ арқылы қоғамда болып жатқан жағдаяттармен таныса аламыз. Осыған қарап-ақ билік пен халық арасындағы алтын көпір ретінде Бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерді атап айта көрсетуге болады. Журналист болу – бұл бұқараның көз алдында жүру боп саналады. БАҚ болмаған жағдайда, журналистика деп аталатын мамандық та болмас еді, қара халық билік басында, сондай-ақ қоғамда болып жатқан жағдайлардан хабарсыз болатын еді. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етуге БАҚ-тың рөлі өте маңызды. Әлемге әйгілі Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 
Бұл танымал тұлғаның берген пікіріне қарап-ақ БАҚ-та қоғамға ықпал ететіндей күш бар екенін аңғарамыз. БАҚ ең алдымен әлеуметтендірушілік қызметті атақарады. Бұл қызметсіз БАҚ-ты елестету әсте мүмкін емес. Қоғамда өмір сүріп жатқан күллі адамзат білімнің басым бөлігін осы БАҚ арқылы алады. Себебі белгілі бір ақпаратты біз Масс-меди, яғни газет-журнал, теледидар, ғаламтор арқылы алып жүрміз. Медиа арқылы адамдарды біріктіру оңай боп саналады. Жазушы О. Бальзак БАҚ өкілдерін «Бейресми төртінші билік» деп айтқан. Демек, қоғамды журналистерсіз елестету мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет