14-модуль. Электростатика
14.1. Екі параллель, ұзын сым бір-бірінен d=14 см қашықтықта орналасқан. Сымдар әраттас зарядтармен -8 Кл/м сызықты тығыздықпен зарядталған. Әр сымның r=10 см қашықтықта орналасқан нүктедегі өріс кернеулігін анықтаңыз.
Зарядтары Q1=108 Кл және Q2=108 Кл екі нүктелік зарядтардан тұратын жүйенің электр моменті p=510-10 Клм. Осы екі зарядты қосатын түзу бойында орналасқан, диполь ортасынан r1=5 см және r2=2 см қашықтықтағы нүктелердегі өріс кернеулігі қандай?
Бір-бірінен r=10 см қашықтықта орналасқан екі шексіз, ұзын, параллель сымдар бірдей 20 мкКл/м сызықтық тығыздықпен зарядталған болса, сымдардың өзара әсерлесу күші (бірлік ұзындықтағы) қандай?
Әрқайсысының ауданы S=400 см2 болатын екі бірдей дөңгелек пластина бір-біріне параллель орналасқан. Пластинаның біреуінің заряды Q1=400 нКл, ал екіншісінікі Q2=-200 нКл. Егер бір-бірінен қашықтығы r1=3 мм және r2=10 мм болса, пластиналардың өзара тартылу күші қандай?
Шексіз созылған вертикаль жазықтықтың зарядының беттік тығыздығы 400 мкКл/м2. Жазықтыққа массасы 10 г зарядталған шарик жіп арқылы ілінген. Егер жіп жазықтықпен бұрыш жасайтын болса, шариктің заряды Q қандай?
Вакуумда орналасқан екі шексіз ұзын параллель сым зарядының сызықтық тығыздығы 510-8 Кл/м біркелкі болатындай етіп зарядталған. Сымдар бір-бірінен r=0,5 м қашықтықта орналасқан. Сымның бірлік ұзындығына әсер етуші күш қандай?
Заряды Q=310-5 Кл нүктелік зарядтан r=30 м қашықтықта вакуумда орналасқан электрлік моменті 2/310-10 Кл/м еркін дипольге әсер етуші күш қандай (диполь иінін r-ден көп кіші деп есептеңіз)?
Бірдей беттік тығыздықпен зарядталған екі шексіз параллель жазықтық бірлік ауданға келетін қандай күшпен әсерлеседі?
Бірдей мөлшердегі зарядтармен зарядталған әрқайсысының ауданы S=200 см2 болатын екі бірдей жазық пластина керосин ішінде F=2,510-2 Н күшпен тартылады. Пластиналар ара қашықтығы өте аз. Пластиналардағы зарядтарды анықтаңыз.
Бірдей беттік аттас зарядпен зарядталған шексіз созылған екі бет бірлік ауданға келетін қандай күшпен тебіледі?
Ұзындығы жіңішке стержень біркелкі таралған Q=0,1 мкКл зарядпен зарядталған. Стерженьнің шетінен a=20 см-де, оның осінде жатқан А нұктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін Е анықтаңыз.
Радиусы R=10 см жіңішке жартысақинамен 1 мкКл/м сызықты тығыздықпен заряд біркелкі таралған. Сақинаның центріндегі О нүктесіндегі таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігі қандай?
Жіңішке сақинаның таралған заряды Q=0,2 мкКл. Сақинаның барлық нүктесінен R1=2 см қашықтықта орналасқан А нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз. Сақина радиусы R2=10 см.
Радиусы R=10 см жіңішке сақинаның үштен бір бөлігінің таралған заряды Q=50 нКл. Сақина центріндегі О нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.
Бір жағынан шектелген шексіз жіңішке стержень 0,5 мкКл/м сызықты тығыздықпен таралған зарядпен біркелкі зарядталған. Стерженьнің бас жағынан a=20 см қашықтықта, стержень осінде орналасқан А нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін Е анықтаңыз.
Радиусы R=20 см жіңішке сақинамен 0,2 мкКл/м сызықты тығыздықпен заряд біркелкі таралған. Сақинаның центрінен h=2R қашықтықта сақина өрісіндегі А нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз.
Жіңішке жартысақинамен Q=20 мкКл заряд біркелкі 0,1 мкКл/м сызықты тығыздықпен таралған. Сақина центріндегі О нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін Е анықтаңыз.
Радиусы R=10 см жіңішке сақинаның төрттен бір бөлігінің біркелкі таралған заряды Q=0,05 нКл. Сақина центріндегі О нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін Е анықтаңыз.
Жіңішке сақинамен Q=10 нКл заряд біркелкі 0,01 мкКл/м сызықты тығыздықпен таралған. Сақина осінде жатқан және оның центрінен сақинаның радиусына тең қашықтықтағы А нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін Е анықтаңыз.
Радиусы R=10 см жіңішке сақинаның үштен екі бөлігімен біркелкі 0,2 мкКл/м сызықты тығыздықпен заряд таралған. Сақина центріндегі О нүктесінде таралған заряд туғызған электр өрісінің кернеулігін Е анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |