1 тақырып: Қазіргі экономикалық теорияның ПӘні және әдісі мақсаты



бет6/6
Дата16.01.2024
өлшемі20.11 Kb.
#489157
1   2   3   4   5   6
эн 1

Экономикалық категориялар – бұл экономикалық құбылыстардың аса маңызды жақтарын және қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын жалпылама ұғымдар мен логикалық түсініктер (мысалы, сұраныс, ұсыныс, тауар, баға, пайда, қаржы, несие, меншік, нарық, жалақы, бәсеке, т.б.).
Экономикалық заңдардың жиынтығы қоғамның даму заңдылықтарын сипаттайтын экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Осындай жүйені құрайтын заңдарды негізгі және негізгі емес деп бөлуге болмайды. Қоғам өмірін талдауда экономикалық заңдардың барлығы дерлік маңызды және өзара байланысты болып табылады. Тек бір ғана заңды пайдаланудан болған қателіктер барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдық өмірдің тепе-теңдігін жояды.
Қолданылу мерзіміне қарай барлық экономикалық заңдар төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Арнайы экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар.
2. Ерекше экономикалық заңдар – олардың іс-әрекет жүргізу жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар.
3. Жалпы экономикалық заңдар – адамзаттың барлық тарихи дәуірлеріне тән заңдар. Олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді үдеріс етіп байланыстырады. Бұған мәселен, қоғамдық еңбек бөлінісі заңы және басқа да заңдар жатады.
Экономикалық заңдар өз алдына жеке дара өмір сүріп әрекет ете алмайды, ал экономикалық прогресс өзімен-өзі алға қарай дами алмайды. Ол үшін адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттер қажет
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. «Экономия», «саяси экономия», «экономикс», «экономикалық теория» ұғымдарының айырмашылықтарын көрсетіңіз?
2. Экономикалық теорияның зерттеу пәні болып не табылады?
3. Экономикалық теорияның зерттеу объектісі мен субъектісі болып не табылады?
4. Экономикалық теорияның зерттеу әдістеріне не жатады?
5. Позитивті және нормативті экономикалық талдауға анықтама беріңіз?
6. Экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларға сипаттама беріңіз?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет