1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі



бет9/13
Дата23.02.2016
өлшемі2.84 Mb.
#3113
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

В –ең жоғары көтерілу


нүктесі.





цикл Z(уақыт)

Құлдырау белгілері – қорларды (запас) жою, өндірістік инвестицияларды қысқарту, еңбекке деген сұраныстың төмендеуі, пайданың күрт азайып кетуі, несиелік сұраныстың қысқаруы және т.б. Көтерілу белгілері – керісінше құбылыстар болып саналады.

Көптеген экономист - теоретиктер себептерін ұсыныс пен сұраныс жылжымалы, өйткені, соның нәтижесінде, олардың балансында автоматизм жоқ болса да, экономика тепе – теңдік нүктесінен шығып кетеді деп санайды. Табыстың қарқынды ауытқу себептерін капитал жұмсаудағы өзгерістерден ( ауытқулар ) іздеу керек, оның үстіне капитал жұмсаудың әр түрлі типтері табысқа түрліше әсер етеді.С өйтіп, тұтыну және инвестициялық сұраныс, циклді құрауда шешуші маңызға ие болады. Экономика теориясы, цикл табиғатын бағалауда да бірыңғай емес.



11.2. Экономикалық цикл теориясы
Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре алатындай теория жасау жолындағы талпыныстары табыссыз аяқталды. Еркін бәсекелестік жағдайындағы экономика циклдерін түсіндірудің неғұрлым түсінікті түрі. К.Марк берген индустриялық қоғамның макро экономикасы мен ұдайы өндіріске жасаған талдауы болды. ”Капиталистік ұдайы өндіріс циклі” маркстік талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы мен төрт сатыдан (фазадан) өтуі беріледі. Дағдарыс, тоқырау, жандану, өркендеу - сатылары (фаза) циклдер болып саналады. Дағдарыс жиынтық сұраныс - тауар ұсыныстарының артып кетуін сипаттайды, оның экономикалық зардаптары: тауарларды қалыпты өткізудің күрделілігі мен мүмкін еместігі; бағаның төмен түсуі; тауарға ұсыныстың азаюы; табыстардың кемуі; жұмыссыздардың күрт көбеюі; банкроттық. Дағдарыс соңында сұраныс пен ұсыныс “күшпен” тепе – теңдікке келтіріледі және ұдайы өндіріс тоқырау сатысына (фазаға) өтеді.

Тоқырау (депрессия) - өндірістің құлдырауы тоқталатын және оның өсуіне алғышарттар жасалатын экономиканың өтпелі жай -күйі болып саналады. Тоқырау кезінде баға мен еңбекақы ең төменгі деңгейде болады; өндіріс шығындары да сондай төменгі деңгейді көрсетеді; капиталдың бір бөлігі жинақталып (сақталып), екіншісінде инвестиция, еркін ақша капиталы пайда болады;өндірістік капиталдың негізгі бөлігін жаңарту мүмкіндігі жүзеге асырылады. Негізгі капиталды жаңарту, бұрын да және қазір де циклдер алмасу материалдық негізін құрайды. Соның әсерінен тоқырау жандану, жандану өркендеу, өркендеу қайтадан дағдарысқа түсу процестері болады.

Капиталдың жаңартылатын бөлігінде жандану пайда болу кезіндегі сұраныстың өсуі, жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі, сол себептен де жандану өндіріс ауқымының кеңеюіне; жұмыспен қамтылу, пайданың артуына; дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралуға; өнеркәсіптегі өркендеу сатысына (фазаға) өтуге әсерін тигізеді.

Көтерілу ждеңгейін пайда мен жұмыспен қамтылушылықтың жоғары мен сипаттайды, өндірістің жаңа технологиялық деңгейі ақыр соңында тағы да капиталдардың артық шамадан тыс қанығумен (перенасыщения), тауарлардың артық өндірілген мүмкіндіктерімен ұдайы өндірістің бір циклі аяқталып, екіншісі басталады.

Тауарлардың артық өндірілуі, негізгі капиталдың артық жинақталуы көрініс береді.Өсіп отырған тауар ұсынысы нарықта тағы да шектеулі төлем қабілеті бар ұсыныс пен бетпе - бет келеді, соның нәтижесінде тағы да дағдарыс пайда болады.

Еркін бәсекелестік, капитализм жағдайындағы өндірістің циклділігі маркстік талдау бойынша әлеуметтік көзқарастар мен шектелген болатын. Олар дағдарысты туғызушы негізгі жағдайларды, өндірістің қоғамдық сипаты мен оның нәтижелерін жеке меншіктік капиталистік форма мен өзіне сіңіру арасындағы тұрақты қарама – қайшылық ретінде негіздеген. Индустрия қоғамның субъектілер позициясын жалдамалы жұмыс күші тұрғысынан қарастыра отырып, К. Маркс циклдер себептеріде жұмыс күшіне тұрақты түрде екпін түсірді. Сондай-ақ Маркстік дәстүрде өсіп - жетілген саяси экономика, тауарлар өндірістің экономикалық ұйымдарын-дағы ішкі өзгерістерді байқамауға тырысты. Индустриялық қоғам орнына келген жаңа қоғам бітіспес қайшылықты (антогонизмді), маңызсыз негіздер, яғни жаңа экономикалық формаға алып кетті, сондықтан да , негізгі - бітіспес қайшылықты әлеуметтік астар - экономикалық цикл табиғаттын толық түсіндіре алмады К.Маркстен басқа, А. Шпитгоф, М. Туган - Барановский, Т. Веблен, Дж. Кларк , Дж. Кейнс, М. Миллер, И. Шумпетер және басқа көптеген аса көрнекті зерттеушілердің еңбектері экономикалық циклдерді зерттеуге арналған.

Үш циклдік схема, яғни экономикадағы ауытқушылық процестер теориясын айрықша атап көрсетуге болады. Бұл циклдарды 50 жыл, 10 жыл , 3 жыл және 4 айлық ұзақтыққа созылатын циклдер ретінде ашқан Н. Кондратьевтің, К. Жуглердің және Джо Китчиннің есімдерімен аталған. Шумпетер экономикалық жүйеде үш циклдің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі көрінеді деп санаған.

П.Самуэльсон өзінің “Экономика” кітабында экономикалық өмірдің барлық саласы үшін және нарықтық экономикалық елдер үшін, экономикалық циклді ортақ белгілер ретінде анықтайды. Қазіргі заманғы экономистердің басым көпшілігі экономикалық циклдің объективті сипатын мойындай отырып, циклдің сипатына, оның ұзақтығына, әлеуметтік - экономикалық зардаптарына әсер етуші осы құбылыстың ішкі және сыртқы факторларын талдау арқылы зерттеп - үйренуді ұсынады.

Қазіргі заманғы білімдер циклдің табиғи негізін көбірек “технологиялық” себептермен сипаттайды. Бірінші кезекке циклдің себепті – салдарына байланысы емес, оның қоғам үшін тигізетін неғұрлым аз зардаптарының тәсілдерін алға қояды. Осы позиция тұрғысынан, қазіргі экономиканың “бейнесі” өрлеу мен құлдыраудың кезектесуі ретінде көрінеді және бұл істер белсенділік деңгейіндегі тұрақты көрсетулер мен құлдырау циклі деп аталады. Қазір, циклдің ұзын толқынды сипаттамалары “өркендеу” мен “тоқырау” шегініп, жаңа жол тауып, қысқа толқын “буырқаныс”, “қысқару”, “құлдырау”, “көтерілу” циклы деп аталады. (5.2. кестені қараңыз).

Бұрқаныс

Қазіргі экономикалық теория экономикалық цикл себебін сыртқы және ішкі факторлар жүйесі арқылы көрсетеді.

Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге сырттан келетін факторлар, оған жататындар:

а) сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін, халық санының өзгеруі;

б) техникалық жаңа әдістер мен инновация: технологиялар түбегейлі өзгерістерге, инвестицияларды көбейтуге әкеледі, жаңа жұмыс орындарын ашуды және өркендеуді жылдамдатады;

в) соғыстар және басқа саяси оқиғалар. Осыған ұқсас оқиғалар экономикалық циклдер бағытына жиі түрде әсерін тигізеді. Мәселен, АҚШ - тың ұлттық қарулы күшін қайта құру,”Ұлы тоқыраудың” өркендеу кезеңімен алмасуына әкелді.

Ішкі факторлар – экономикалық өзгерістердің неғұрлым түбегейлі сәттері болып саналады. Қазіргі экономика үш негізгі факторларға: тұтынуға; инвестицияларға; үкімет қызметіне көніл аударады.

Кейнс бойынша циклге қарсы реттеу, қор жинау мен инвестициялар қызметімен анықталатын жиынтық сұраныс экономикасына негізделеді. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе – теңдік жағдайына ұмтылған сұраныс пен “жұмыс” істеу қажеттілігіне келіп тіреледі. Мәселен, басқыншылық саясатын жүргізу арқылы жиынтық сұраныстың кеңеюі құлдырау кезеңіндегі тепе – теңдіктің үш тәсілімен: мемлекет шығындарының көбеюімен; салық ставкасының азаюымен; пайыз ставка төмендеуімен жүзеге асырылады.

Жиынтық сұраныс өркендеу кезеңінде, мемлекет “ ұстамдылық саясатын” жүргізіп, қарсы шараларды қолданады.Ол мемлекет шығындарының азаюы (трансфертті төлемдер мен әлеуметтік бағдарламаларды үнемдеу), салықтар мен пайыздық ставканың көбеюінен көрінеді.

Қазіргі заманғы мемлекеттік реттеу саясаты монетаризм, яғни ақша ұсыныстарын реттеуі тәсілдерін қолдануды болжайды Циклдік экономиканың жұмыссыздық пен инфляцияның қыспағынан жеңіліс тауып, страгфляциялық дамуы жағдайларында монетаризм экономиканы құлдыраудан алып шығуға көмектеседі. Сондықтан қиын жағдайдан шығу – бұл халықтың ақшалай табыстарын мақсатты шектеу болып саналады.

Сөйтіп, циклдік дамуға осы заманғы жол табушы, цикл табиғатын анықтауға, циклдің әр түрлі сатыларында (фаза) алмасуға жағымсыз әсерлерді азайтудың әдістерін іздеп табудан тұрады.
11.3. Қазіргі кезеңдегі ауытқулық ерекшеліктері
Қазіргі кезеңдегі мемлекеттің циклге қарсы қызметі, циклдің келесі өзгерістерін туғызды:

- біріншіден, дағдарыс табиғаты өзгереді, ол барған сайын құрылымды, қоғам ресурстарының шектеушісіне (шикізатты дағдарыс, қаржы дағдарысы, энергетикалық дағдарыс, мұнай дағдарысы ) айналды;

- екіншіден, әр түрлі елдердің постиндустриялды сатыда даму өзгерістері, циклдің асинхронды және дағдарыс кезеңінің уақыттық айырмашылығына әкелді;

Дәстүрлі шикізат, нарықтық өзгерістер, валюта жүйелеріндегі ауытқушылық және т.б. қазіргі әлемдегі анықтаушы фактор болып алдынғы кезекке шыға бастады. Сөйтіп, дүние жүзілік өркениет перманенттік сілкіністер жағдайында жаңа мың жылдыққа еңді.



11.4. Мультипликатор – акселератор өзара

әрекет ету тұжырымдамасы

Акселерация қағидасы мультипликатор теориясымен тікелей байланысты.Егер мультипликатор теориясы бастапқы беттегі автономиялы инвестициялар – ұлттық табыстың өсуіне әсерін зерттесе, онда акселерация қағидасы – кері құбылыс – ұлттық табыс өсімін – инвестициялардың өсу әсерін зерттейді.Бұл құбылыс ұдайы өндіріс процесі және экономиканы көтерудің бірден – бір негізі болып саналады.

Акселерация маңызы алғашқы беттегі инвестициялар нәтижесінде алынған, өскен табыс, тұтыну тауарларын өндіруді ұлғайтумен байланысты сұраныстың өсуін туғызады, бұл жайлар өз кезегінде, өндіріс құралдарының өсуіне деген сұраныс, яғни 2 құрылым бөлімдері үшін машиналарға, жабдықтарға, шикізаттарға сұраныстың өсе түсуіне әкеледі.Бұл, 1 құрылымдық бөлім үшін, ұзақ уақыт бойы ірі көлемдегі шығындарды талап етеді.

Акселерация қағидасы, салалар арасындағы тізбекті тәуелділіктің күшінен, тұтыну тауарларына деген сұраныс, өндіріс құралдары немесе инвестициялық тауарлар өндірісінің неғұрлым күшті дамуын туғызады.

Мультипликатор теориясының (автономиялық инвестициялар теориясы) өзгешелігі түпкі сұраныс немесе сату көлемінің өскендік нәтижесі болып саналады.

Орта капитал коэффициенті, сол кезеңдегі бүкіл капитал қорлары мен өнімдер шығаруды білдіреді.

- үшіншіден, бұл себептер, қазіргі, әсіресе соғыстан кейінгі экономикадағы құлдыраудың шамалы түрдегі “тереңдеуіне” әкелді;

- төртіншіден, дағдарысты құбылыстар жиі түрде бағалы қағаздар нарық және қаржы дағдарысы формасында несие нарықта көрініс берді.

Индустриалды экономикаға тән дағдарыстар тұтастай циклді әлеуметтік тұрғыдан түсіндіруге, жаңа мемлекеттік реттеуді жасауға көмектесетін технологиялық талдаулар экономиканың циклдік дамуын талдаудың негізгі қорытындылары болып саналады.

ХХ ғасырдың 70- ші жылдарының бірінші жартысы қазіргі заманғы нарықтық шаруашылықтың дамуына жаңа жойқын төңкеріс (катаклизм) әкелді.Іс жүзінде бүкіл қазіргі капиталистік әлемді қамтыған мұнай дағдарысы кең етек алды. Бұл дағдарыстың циклдік дағдарыс ерекшелігі, мұнай және мұнай өнімдеріне әлемдік бағалардың өсуі ілесіп, әдеттегіден тыс өсу мен қабаттаса жүруімен сипатталды.

Бұл құрылымдық дағдарыстар жекелеген салалардың дамуы арасындағы диспропорция туындайды, созылмалы сипатта және циклдік дағдарыс басталуымен әрқашан да сәйкес келе бермейді.

Мұнай, азық – түлік, энергетикалық, шикізат дағдарыстары соңғы он жылдықта валюта жүйелеріндегі және экологиялық дағдарыстармен "толыға" түсті.

Қазіргі заманғы нарықтық шаруашылық дамуының жалпы суреті дәстүрлі схемалармен сәйкес келмейтін болды. Құрылымдық дағдарыстар неғұрлым күрделі сипат ала бастады, экономикалық проблемалар ғаламат саяси процестер әсерін молырақ тигізетін болды. Мәселен, ұлттық және аймақтық қақтығыстар мен социалистік жүйенің құлауы, "ислам" факторы деп аталатын жағдай, біртұтас Еуропаны құру процесіндегі қарама - қайшылықты процестердің өсе түсуі және т.б. бөліп көрсетуге болады.

Акселерация коэффициенті, өз кезегінде, капиталдың өсуі (ынталандыру, инвестициялар) мен өндірудің өсуі арасындағы байланысты анықтайды.

Мультипликатор мен акселератор өзара әрекеті өнімдер өндіру мен табыстардың үздіксіз және прогрессивті өсуін туғызады. Бұл үлгілердің мәнісі:мысалы, егер тәуелсіз немесе автономиялы "А" инвестициялар өсетін болса, онда мультипликатор соған сәйкес шығарылатын өнімдердің өсуін туғызады. Өнімдерді шығаруды ұлғайту акселераторды әрекетке келтіреді және (индукция - еркін туындату) капитал жұмсаудың пайда болуымен ілесіп жүреді.

Аталмыш модельдің мағынасы: автономиялы инвестициялардың өсуі мультипликатор шамасына сәйкес өсетіні тұрады. Табыстың өсуі, өз кезегінде, тұтыну тауарларына деген сұраныстың өсуі мен оларды өндірудің өсуден әкеледі.

Сонымен, акселераторды, төмендегі формула арқылы, инвестицияларды тұтынуға деген (дайын өнімдер) сұраныс немесе ұлттық табыстың өсуіне қатынасы түрінде беруге болады:

ИТ

А=

ДТ-1-ДТ-2
бұл жерде: А - акселератор

И- инвестициялар

Д - табыс (немесе тұтыну сұранысы)

Т - инвестициялар жүзеге асырылған жыл.


Мысалы, егер тұтыну сұранысының өсуі 1995 жыл және 1994

жылдар арасында болса, онда инвестициялар 1996 жылы жүзеге асырылған болады немесе

И 1996

А =

Д 1995 - Д 1994

Экономикалық циклді зерттеген экономистердің бәрі де белгілі бір дәрежедегі акселерация қағидасын қарастырған Бірақ, оның шынайы түрде көрінуі туралы мәселедегі акселерация қағидасын бағалауда, түбегейлі айырмашылықтар бұрынғыша қалуда. Мәселен, Самуэль-сон, мультипликатор мен үйлесімді Акселерация қағидасы кумулятивті дефляцияны немесе Инфляциялық спиральды тудырады деп болжайды. Тұтастай алғанда, Акселератор әсері экономиканың тұрақсыздығынан туындайтын, экономикалық ауытқулар бөлінбейтін элементі ретінде қарастырылады. Өркендеудің басталуы, жинақтау сондай жағдайға жетумен сәйкес келеді, соған орай өндірістің жаңа негізгі қорларын құру үшін, капиталды тиімді инвестициялау мүмкіндігі туады. Көтерілу, орта мерзімдік циклдегі өнеркәсіп дағдарысынан туындайтын орта мерзімдік циклдердің шиеленісуімен қоса қабаттасып жүреді.

Экономикалық өмір қарқының төмендеуі немесе факторлардың жиынтығымен пайда болған төмендету толқыны, өз негізінде жетілдірілген техниканы жасау саласындағы ізденіс және капиталды өнеркәсіптік = қаржылы топтардың қолдарына шоғырландыруды күшейтеді. Осылардың барлығы жаңаша өркендеу үшін алғышарттар жасайды және өндіргіш күштер дамуының жаңа басқышы болып, цикл қайталанады.



11.5. Ауытқуға қарсы мемлекеттік реттеу
Циклдік ауытқулар себептері әр түрлі көзқарастар мен реттеу проблемаларын туғызады. Тұтастай алғанда реттеудің:неокейнсиандік және неоконсервативтік екі бағыты бар.

Неокейнсиандық бағыт - жиынтық сұраныс бағдарлану болып саналады, мақсаты – тұтастай түрде шаруашылық реттеу (макроэкономика), реттеуде басымдықтар – салық – бюджет және несие – ақша саясаты, мемлекеттің рөлін бағалауды – ынталандыру.

Неоконсерватизмнің белгілері – ұсынысқа бағдарлану, мақсаты – жекелеген фирмалардың қызметі үшін ынта туғызушы (микроэкономика), реттеуде басымдықтар –несие –ақша және салық - бюджет саясаты, мемлекеттің рөлін бағалауды шектеу.

Қандай да бір бағыттың жақтастары, бастапқы айқындама мен бағдарламаға қатысты, циклдік ауытқулар тігісін жатқызу (сглаживания) проблемаларын әртүрліше шешеді, осы мақсаттар үшін пайдалануға болатын мемлекеттің басқару иелігіндегі құралдарымен түрліше операцияларды жүзеге асырады. Мысалы,кейнсиандық рецепте жақтастары бюджет саясатына (басты түрде бұл – мемлекет шығындарының көбеюімен немесе азаюымен байланысты) және салық саясатына, экономиканың жағдайына байланысты салық ставкасымен айлалы әрекет (манипуляция) жасауға көп көңіл аударады.

Неоконсервативтік рецепте ақша және несие проблемаларына үлкен көңіл бөледі. Сондықтан, соңғы жылдары неоконсервативтік саясат, ақша массасы көлемі мен оны реттеуді басты мәселе етіп қоятын, монетария теориясына арқа сүйейді.

Осы тұжырымдама арасындағы түбегейлі айырмашылыққа қарамастан, өзара ортақ түсінік қалыптасқан. Біріншіден, мемлекет циклдік ауытқулар тігісін жатқызу жағдайында; екіншіден, мемлекет экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу және оны ұстап тұру мақсаттарын жүзеге асыруы тиіс; үшіншіден, циклдік ауытқулар жоюға бағытталған мемлекеттің рөлін салыстырады. Құлдырау сатысындағы мемлекеттің бүкіл шаралары іскер белсенділікті ынталандыруға, салық саясатындағы ставканы төмендетуге, жаңа инвестиция-ларға салық жеңілдіктерін беруге, жедел амортизация саясатын жүргізуге бағытталған болуға тиісті.

Бұл кезеңдегі несие – ақша саясаты салық – бюджет саясатының несие басқыншылығын (экспансия) жүргізуін болжайтын мақсаттарды көздейді. Оның мақсаты қосымша несиелер көмегімен экономикалық өмірді жандандыру болып саналады. Осы мезгілде “арзан ақшалар” саясаты жүзеге асырылады және мұндай саясат берілген несие (несиелер) үшін пайыз ставкасын төмендетуді білдіреді.

Экономикалық конъюнктураны жақсарту кезінде мемлекет, салық – бюджет және несие – ақша саласындағы қайшылықты шараларды, яғни салық ставкасының көтерілуін, мемлекеттік шығындардың қысқаруын, амортизациялық аударымдарды шектеу мен ұстамдылық саясатын жүргізеді.

Несие – ақша саясаты несие бойынша пайыздық ставка, банктердің несие ресурстарының және инвестициялардың қысқару элементтеріне ие болады.

Тұтастай алғанда,циклдік ауытқулар ретке келтіру, мемлекеттік саясат, экономикалық құлдырау кезіндегі бүкіл шаруашылық процестерінің белсенділігін арттыруға бағытталған қайшы әрекет ету саясаты ретінде көрінеді. Бұны ХХ ғасырдың 80 – ші жылдарының соңындағы КСРО – нің экономикалық дамуынан байқауға болады.

Бұрынғы КСРО - ды экономикалық дағдарыс ерекшеліктері, басқарудың әміршілдік - әкімшілдік формасынан және өндірісті ұйымдастырудың жоспарлы әдістерінің қателіктерінен көрінді.

КСРО- дағы өсу қарқынының баяулауы 70 –ші жылдардың екінші жартысының өзінде байқалған болатын, өйткені, индустриялы алдыңғы қатарлы елдер 1973жылдың өзінде ресурс көздерін сақтай білетін, жоғарғы тасқынды технологияларды қалыптастыру бағытына бет алғанда, біздің елдің басшылығы көп материалдар мен көп қуат көздері жұмсалатын және жерасты байлықтарын өндіруші өнеркәсіпті жедел дамыту саясатын ұстануын жалғастыра берді. КСРО –дағы экономикалық дамудың баяулауына, сол кезеңдегі нарықтық қатынастардың басып тасталуы мен мемлекеттік меншіктің үстемдік етуі шешуші рөл атқарды. Дегенмен, ұлттық экономиканың “опырылып құлауы”, “әлсіретіп барып емдеу терапия” стратегиясын таңдау нәтижесінде, 1991 жылдан кейін басталды.

КСРО экономикасы 80 – ші жылдардың басында тоқырауға ұшырағаннан кейін елдің экономикалық жүйесін терең реформалау қажеттілігі, айқын мәлім болды. Тіпті шарушылық тетігіне терең реформаторлық өзгерістердің болмаған кезінде де, 90- шы жылдардың бірінші жартысында салыстырмалы түрдегі өндірістің аса терең құлдырауын күтуге болатын еді.

Өкінішке қарай, Ресей, оның ішінде Қазақстанның экономикалық даму сценарийі басқалай жолмен кетті. Бұрынғы Одақтас Республикалардағы 1995 жылғы экономикалық құлдырауды 1929 -1933 жылдарда болған Америкадағы “Ұлы тоқыраумен” салыстырып қарағанда, одан да жоғары болып шықты және ол шамамен алғанда 1995 жылға дейін жалғасты. Тек 2000 жылы ғана экономиканың дамуында кейбір өзгерістер мен жандану пайда болды.


Түйін

Экономикалық цикл - макро шаруашылықтың бөлінбейтін сапасы. Бірқатар себептермен, әсіресе жиынтық сұраныспен және жиынтық ұсыныспен келісілген (обусловлено) экономикалық ауытқулар, циклдің негізгі сапалары болып саналады.Циклдің негізгі назар аударатын проблемаларын - капитал жұмсаудың көлеміндегі, сапасын және құрылымын өзгерістермен байланысты неғұрлым терең экономикалық ауытқулармен түсіндіретін мультипликатор – акселератор тетіктерге талдау жасау.

Экономикалық циклдің әр түрлі теориялаының болуы циклдерді талдауды жетілдіруді және әр түрлі үлгілерді туғызады.

Циклдің басты сатылары (фаза) - дағдарыс,тоқырау, жандану және өркендеу. Бұл сатыларда (фаза) инвестициялар күшті ауытқуларды басынан өткерді, соның ішінде айрықша ауытқу – тұтыну болып саналады.

Мемлекеттік экономикалық саясат циклдің барысына әсерін тигізеді және оны модификациялайды. Циклдердің тиімді реттегіштерін сәтті қолдану кезінде онша терең ауытқулар болмайды, ұлттық өнім шығындары қысқарады, ал цикл сатыларының (фаза) ауысуы көбірек болжап білетіндей жағдайға айналды.


Негізгі терминдер

Экономикалық цикл

Циклдік ауытқу

Цикл уақыты

Цикл сатылары

Құлдырау


Жандану

Көтерілу


Экономикалық циклдер

Акселератор

Мультипликатор

Ұзын толқындар

Циклге қарсы реттеу.

Практикум


  1. Мұны сіз білуге тиіссіз:

1. Экономикалық цикл дегеніміз не, соған жауап беру

2. Экономикалық дамудың циклдік ауытқуларын туғызушы себептерді түсіндіру

3. Циклдің өзіне тән нүктелерін түсіндіріп беру

4. Ұлттық табыстың үдемелі ауытқуы - капитал жұмсаудың терең әсерінің негізгі себептерін қиыстырып бере білу

5. Ұлттық шығындардың тасқыны қалай және цикл барысында ең аз ауытқулар өткеруге болатынынтүсіндіру

6. Циклдік толқын қандай себептер бойынша толық емес макроэкономикалық тепе – теңдікті құрайтынын айтып беру

7. Экономикалық циклдер теориясын білуге тиіссіз
Қайталау үшін сұрақтар

1. Циклдің негізгі сипаттамалары немен байланыстырылады

2. Экономикалық циклдердің қандай түрлері өмір сүреді

3. Классикалық экономикалық цикл дегеніміз не

4. Экономикалық циклдер себептеріне сипаттама беріңіз

5. Мультипликатор - акселератор тетігінің мағынасы неде.

6. Капитал жұмсаудың әр түрлі типтері ұлттық табыс динамикасына қандай түрде әсер етеді.

7. Акселератор қағидасының математикалық мазмұнын ашып көрсетіңіз.

8. Экономикалық циклге мемлекеттік шығындардың факторлары қалай әсер етеді.

9. Қазақстандағы экономикалық циклдерді қалыптастыру туралы айтуға бола ма және неге.



Тестілер

1. Процестердің қайсысы құлдырау сатысына (фазаға) жатпайды:

а) пайданың қысқаруы

б) пайыз деңгейінің төмендеуі

в) акциялар бағамының төмен құлауы

г) жұмыссыздық бойынша төлемдердің азаюы

д) барлық жауаптар дұрыс



2. Акселератор қандай қатынастармен қойылған:

а) тұтыну өсімі табыстың өсім қатынасымен

б) индустрия (индуцированный) инвестициялар өсімі табыс өсімін қатынасымен

в) автономиялық инвестициялар табыстар өсімінің қатынасымен

г) жалпы инвестициялар табысқа қатынасымен

д) барлық жауаптар дұрыс



3. Индукциялық (индуцированных) инвестиция-лардың пайда болуы немен байланысты?

а) Ұлттық табыс пен жиынтық сұраныстың өсуімен

б) халықтың өсуімен

в) техникалық жаңа әдістерді жүзеге асырудың қажеттілігімен

г) пайдалы кең қазбаларының жаңа орындарын ашумен

д) экспорттың көбеюімен.



  1. Экономикалық цикл шеңберіндегі ең тұрақсыз шығындар болып не саналады:

а) мемлекеттік шығындар

б) тұтыну шығындары

в) еңбек құралдарын өсіруге қажетті инвестициялық шығындар

г) негізгі капиталды қысқартуға жұмсалатын инвестициялық шығындар

д) әскери шығындар

5. Жалпы инвестицияларды қысқартуға деген үрдістер қай сәттен басталады:

а) сату көлемінің азаюынан

б) сұраныс пен сату қарқының ара қатынасынан

в) сату көлемінің тұрақтануынан

г) сатудың өсу қарқының қысқаруынан

д) сатудың өсу қарқының тұрақтануынан



6. Процестердің қайсысы көтерілу сатысына (фазаға) жатпайды:

а) әр түрлі әлеуметтік қорлардан төлемдердің өсуі

б) инфляцияның өсуі

в) жеке меншік сектордағы инвестициялардың өсуі

г) салық түсімдерінің өсуі

д) қызметшілердің (прислуга) енбек ақысының өсуі



12 Тақырып.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕНД1К ТЕОРИЯЛАРЫ


    1. Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары

12.2.Экономикалық өсу теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі

12.3.Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері

12.4.Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары
12.1. Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары
Экономиканың өcyi көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ipi әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория "экономикалық өсу" категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.

Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?

Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әpi сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс кұралдары мен тұтыну кұралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өcyi ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды eкi есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндipicтік қорлар eкi есе ұлғаюы қажет.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күші және өндіріс қорларын дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтері белгілі арақатынаста немесе бipiн-бipi толықтыратын жағдайда. Қaзipгi жағдайда, ҒTP жағдайында, өндipicті интенсифтендіру негізіңде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өcyi, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтepілуi нeгiзiнде жүзеге асады.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда нарық тетігінің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзi жеткіліксіз.

Сұранымньң қальпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз. Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорция өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.

Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әpi қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:

табиғат ресурстарының саны мен сапасына;

еңбек ресурстарының саны мен сапасына;

капитал ресурстарына;

қолда бар технологияға.

Бip сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға — материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғамауқымындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өcyді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰT) болып табылады. Экономикалық өсу абсолютті және салыстырмалы мөлшерде (алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы, осы жылы нақты ЖҰӨ 210 млн. теңге кұраса, ал оның алдындағы жылы да — 200 млн. теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы өciм 10 млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда — 5% кұрайды.

Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз түрінде көрсетеді).

Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰО) бipaз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін түзе отырып, оның үрдісін ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.
12.2. Экономикалық өсу теориялары.

Мультипликатор және акселератор эффектісі
Өндipic қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау кұрады.

Өсу формуласының негізінде "мультипликатор" теориясы жатыр. Ол кейінірек "акселерация" теориясымен толықтырылды.

Мультипликатор — көбейткіш, ал акселератор — бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. "Мультипликатор" ұғымын ағылшын экономиci Кан 1931-ші жылы енгізген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің "Жұмыспен қамту, өciм және ақшаның жалпы қарқыы көзқарасын дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және басқалар, өз еңбектерінде қарастырған. Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өcyі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді.

Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долл. тең делік және орташа табыс жылына 1000 долл. болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады. Біpaқ жолды салуға белгілі көлемде ipi жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек (сол бұрынғы жылдық табыс бойынша) болды. Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өcyi тұтыну заттарына сұранымды өcipe түседі. Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келеді және 800 адамды қосымша жұмысқа тартады.

Демек, инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде, жұмысты атқаратын-дардын түпкі жиынтығы 3000 адам жалпы 15 млн. долл. табысты кұрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең.

Акселератордың ic-әpeкeті мультипликатармен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өcyiн (оның өcyi еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім сұранымының өсушілігіне инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффициенті) - ұлттық табыстың өcyi инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің бipтeкті, бip бағытта ic-әрекет жасайтын мультипликациялық пpoцec пайда болады. Акселерация принципін алғаш рет 1913-ші жылы француз экономисі А. Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кешірек ол Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон еңбектерінде одан әpi дами түсті.

Мультипликациондық эффекті ауқымын болжау үшін Дж. Кейнс енгізген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс - "орташа тұтынуға бейімділік" — арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті ("АРС"-арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда "психологиялық фактор" ретінде түсіндіреді, ceбeбi адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Y) және "шектеулі тұтынуға бейімділік" (МРС) дегеніміз кез-келген тұтынудағы өзгерудің табыстары өзгepyiнe қатынасын көpceтeдi, яғни бұдан басқа да, Дж. Кейнс жинақтау мөлшері мен сол кезден табыс деңгейі арасындағы тәуелділікті eнгізді - орташа жинақтауға бейімделік және шектеулі жинақтауға бейімділік.

Жинақтауға бейімділікті бірден-бір психологиялық фактор ретінде көрсетеді.

Шектеулі жинақтауға бейімділік (MPS) жинақтаудағы кез-келген өзгерудің сондағы табыстың өзгеруіне қатынасын көрсетеді, яғни жинақтаудағы өзгеру AS жинақтаудағы табыс А у

Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялык эффектіні бағалауға ыкпал етті.

Kазіргі Батыстық неоклассикалық экономикалық мектебінің өкілдері экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлы моделін ұсынады. Нақтыласақ, көп факторлы Кобба-Дуглас функциясын айтамыз.

Оның формуласы мынандай:



dL dK dS мұндағы Q - өнім; L — еңбек; К - капитал; S — жер.


    1. Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері

Экономикалық өсу экономиканың бip қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық пpогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критерийі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Кез келген басқа құбылыс сияқты, экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болмақ. Өндipic пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтынулар өндipicтi ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзi жаңа тұтынуларды қалыптастырады — сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық - оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндipic дамуының табиғи негізі. Кез келген қоғамда тұтынуды дәріптеу экономикалық тұтынулары да өcіп отырады. Олардың тұтынуларын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз eтyi қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкіндігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Ceбeбi материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол мыналармен байланыстырылады: оның артта қалуы ХХ-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған ғылыми-техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірісті интенсифтендіру негізінде жүзеге асады.

ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), мынаны байқатады:

- еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни роботтехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ машинасыз технологияны қолдану-өнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау (мұндай технологияларға мынаны жатқызамыз: плазмалық, электронды-сәулелік, радиациялық, биологиялық және басқа технология түрлері);

- ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және тоғандарға қоқыс, үйінді тасталуын жою, яғни қоршаған ортаны ластамау.

Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші орынға сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.

Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі - өндірістің прогрессивті құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін енгізуді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Қазіргі жағдайда ғылым рөлінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өңдіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді. Жоғарыдағы аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономика дамуына жаңа сапалық сипат береді.

Экономикалық өсудің қайнар көзі - экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру. Олар атқаратын қызметтің келісімін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды. Нарықтық экономиканың негізін жеке меншік құрайды және ол әрбір адамның жігер-қайраты арқылы дамып, олардың жеке экономикалық мүдделерін жүзеге асырады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің негізгі қайнар көзі - экономикалық саясат. Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі инвестиция (күрделі каржы) болады. Бүгін салынған каржы көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды көздейді. Бұған Жапония елі айқын дәлел: халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция әлемдік қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің қатарына көтеруге ықпал жасады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып табылады. Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімін, еңбегін де айта аламыз. Сондай-ақ оның барлық кездегі көп түрлі тұтынымдары әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты критерийі болмақ.




    1. Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары

Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне байланысты құбылуы мүмкін. Сондықтан оның осы құбылысты тудыратын себебін талдау қажет.

Бір жағынан — нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның "экономикалық динамикасы" тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан — нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің құбылуы және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде "экономикалық тепе-теңдікті" қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады.

Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі үрдісті қосады: экономикалық тепе-тендік және экономикалық динамика. Тепе-тендік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.

Алайда нақты нарықтық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады - табыс толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір бөлігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй моделінде көрсетілгендей, "сұраным ұсыным болып табылады", теңгерілмейді. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді.

Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сүранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.

Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе-теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің ең жақсы деген моделі мынаны ескереді: барлық жинақтау инвестицияға (күрделі қаржыға) айналады.

Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады: "табыстар -> сұраным", бірақ "табыстар -» жинақтау" емес.

Жинақтау инвестицияның негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір-бірімен тең екендігін Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыну арасындағы айырмашылыққа тең.

Егер табысты ақшалай түрде емес натуралды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді.

Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным болып аталады.

Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден-бір міндеті экономиканы тұрақты өсу жолына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе-теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді.

Жиынтық сұраным — тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.

Жиынтық ұсыным — кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модел. (12-1 кестені қараңыз).


12.1 кесте
Баға деңгейі.


AD жиынтық ұсыным



AS жиынтық сұраным



Нақты өндіріс өнімі кесте 12-1. жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным.

Басқаша айтар болсақ, тепе-тендік жағдайы ресурстарды толық қолданғанды көрсетпейді. Тәжірибеде мынандай жағдайлар кездеседі: өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдануды қамтамасыз еткенде, ЖҰӨ-м тепе-тендігін құруға талап еткен деңгейден жоғары болып келеді. Егер ол жоғары болса, онда ЖҰӨ тепе-тендігіне жету үшін өндіріс көлемін қысқарту қажет, яғни өндіріс ресурстарын толық қолданбау жағдайын бөлу керек. Бұл кезде еңбек ресурстарын да толық қолданбау қажет, сөйтіп ол жұмыссыздыққа алып барады. Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолданғанда ЖҰӨ тепе-теңдігін құруға талап етілген деңгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай артып кетпейді.

13 Тақырып.

ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ
13.1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы

13.2. Экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілері

13.4. Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (субъектілер)

13.5. Мемлекеттік реттеу объектілері және функциялары

13.6. Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдары мен әдістерінің қажеттілігі
13.1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы
Динамикалық теңгермешілікті қолдаудағы мемлекеттің экономикалық саясатының рөлі орасан зор және оның кейбір экономикалық процестерді реттеу қабілеттілігі экономика және саясат қатынастарымен байланысты. Мемлекет қоғамдық жүйенің өзегі, ол билікті бақылайды және барлық басқа мемлекеттік емес институттарды бақылайды. Мемлекет қоғамдық өмір қағидаларын қалыптастырады және нысандарын ұйымдастырады. Мемлекет жалпы мүддені жекеден бөліп, адам мінез-құлқының жаңа нысанын тудырады.

Сондықтан мемлекеттің пайда болуы және өмір cүpyi тарихи қажеттілік қана емес, сонымен бipгe экономикалық дамудың қоғамдық прогресивті және маңызды факторы болып табылады.

Мемлекеттің пайда болуымен бipгe оның экономикалық қызметі қалыптасады. Мемлекеттің экономикалық саясаты нарықтық жүйенің қажетті және негізгі буынына айналады. Үкіметтің «ұлы қолы» А. Смит жазғандай, бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолын» реттеуге тиіс.

Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) нарықтық экономика жағдайында - бұл бұрынғы әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгеру жағдайына бейімделу және тұрақтандыру мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы белгілі шаралар.

Экономиканы реттеудің мемлекеттік саясаты кез келген үкімет үшін, нарықтың немесе әміршіл – бөлу экономикасы екендігіне қарамастан объективті қажеттілік болып табылады.

Бөлу экономикасында мемлекет тауар мен қызметтің өндіру және бөлудің барлық құқығы мен міндеттерін өзіне алады. Бұл жерде, дегенмен, реттейтін еш нәрсе жоқ, мұндай жүйе өзінің тиімсіздігін және дәрменсіздігін көрсетті.

Нарықтық шаруашылықта үкімет алдында тауарларды өндіруді ұйымдастыру және ресурстарды бөлу міндеттері тұрмайды. Мемлекеттің мұндай жүйеде ресурстарға, капитал және өндірілген тауарларға билік ету құқы болмайды.

Нарықтық жүйе - бұл ең алдымен өндірушілер мен тұтынушылардың шешім қабылдаудағы айрықша құзыреті болып табылады. Сонда да мемлекеттің реттеушілік функциясының маңызы ерекше болып қала береді. Epкін бәсеке кезінде нарықтық тетік экономикалық өсудің барлық мәселелерін шешуге дәрменсіздік танытып өндіргіш күштердің басым бөлігі жеке меншікке көшеді, мемлекет экономиканың үлкен құрылымын өзі ұстауға мәжбүр болады: темір жолдар, пошталар, телеграф т.с.с. Еңбек бөлінісі негізінде мемлекет аралық интеграцияның күшеюі, жалпы экономикалық процестердің ұлттық шекарадан шығуына, қорғаныс, ғылым, ғарыш, сондай-ақ жұмыс күшін ұдайы өндіру, экологиямен байланысты және т.с.с жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеледі. Экономикалық және саяси шешімдерді реттеу тетігіне араласу қажеттілігі пайда болады.

Қaзipгi жағдайдағы ЭМР ұдайы өңдірістің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол экономикалық өсу, жұмыспен қамтуды реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ығысулар, экспортты қолдауды ынталандыру міндеттерін шешеді.

Қазір ЭМР тетіктері дүние жүзінің дамыған елдерінде: Францияда, Германияда, Испанияда, Австрияда, Нидерландия, Скандинавия елдерінде қолданылды. Англия, АҚШ, Канада, Австрия т.б. елдерде ЭМР әлсіздеу дамыған.

ЭМР әсіресе дамушы елдер мен бұрынғы социалистік мемлекеттер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін маңызды болып саналады, бұл елдерде ЭМР-дің жаңа түрлерінің әлі өзіндік тәжірибесі жоқ. Сондықтан кемшіліктерді қайталамас үшін, экономиканы мемлекеттік реттеуді зерттеу және ic-тәжірибеде пайдалану тиімді.

Мемлекеттік экономикалық саясаттан басты (стратегиялық) және нақты (тактикалық) мақсаттарды бөлуге болады. Басты мақсаттар- басым түрдегі экономикалық және әлеуметтік теңгермешілікке жету, ұлттық бәсеке артықшылығын, экономикалық қауіпсіздікті, нарық тетігінің әртүрлі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету болып табылады.

Нақты мақсаттар мемлекеттік реттеу объектілерімен бөлінеді, бірақ әрдайым экономиканың меншікті секторына сүйене отырып, қоғамдық және жеке мүдделер қажеттілігінен туындайды, мұны 13.1 кестеден байқаймыз.

13.1 кесте

Экономиканың мемлекеттік секторы


- бұл мемлекеттік биліктің орталық немесе жергілікті органына тұтас не ішінара жататын шаруашылық субъектілері кешені

құрылу нысандары



-кәсіпорын салаларын мемлекеттік меншіктеу;

-мемлекеттік бюджет есебінен мемлекеттік құрылыс;

-мемлекеттік бюджет қорлары есебінен шаруашылық субъектілерін мемлекеттік сатып алу


Қызмет аясы


-әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым;

-көп инвестициялар қажет ететін шикізат және энергетика салалары,ал капитал айналымдылығы баяу;

-каржысыйымды және сыйымдықты салалардағы инновациялық процестер;

-қоршаған ортаны қорғау;

-милитаризация және конверсия, ғарышты игеру


Өсудің негізгі себептері


-халық саны;

-соғыс және ұлттық қорғаныс;

-қоғамдық игіліктep сұраныс және урбанизация;

-қоршаған орта сапасы;

-кедейшілікті жою және табыс теңсіздігін қысқарту

ЭМР субъектілері болып табылатындар келесі белгілі орталық (федералды), аймақтық, муниципалды немесе коммуналды басқару органдары болып табылатын шаруашылықты басқарудағы мемлекеттік монополизм.

Ол социалистік елдерге тән, бірақ қазір де кейбір посткоммунистік мемлекеттерде сақталады;

- нарықтық және мемлекеттік реттегіштер үйлесімінің әртүрлі нұсқалары-"Жапондық", "Шведтік" моделдері, ФРГ, Австрия әлеуметтік-бағдарланған нарықтық шаруашылық моделдері дамудың "қытайлық" нұсқасында іске асырылды;

- АҚШ-тағы сияқты шексіз кәсіпкерлік шарттарына ғана тиімді деп танитын, либерализм.

Заң шығару, атқару және сот мемлекеттік билігі күшті жерде ЭМР тиімді болып саналады.

Мемлекеттің экономикалық саясаты әсерінен кез келген ұлттық, нарықтық экономика белгілі функциялық экономикалық жүйе (ФЭЖ) ретінде дамиды. Оларды қолдау немесе сәйкестікке келтірумен белгілі функциялар арқылы, мемлекет (үкімет) шұғылданады. Мәселен, ФЭЖ атынан динамикалық түрде өздігінен реттелуші жүйе, ұлттық нарықта макроэкономикалық тепе-теңдікті қолдауға бағытталған, олардың жүйелік элементтері құрылады. Ол ақпарат, тауар, қызмет көрсету, технология, ноу-хау, капиталдың әртүрлі нысандарымен, жұмыс күшімен т.б. айырбас жасауға жағдайлар жасайды.

Мәселен, мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейі ЖІӨ-нің 5%-нан аспауы тиіс. Алтын-валюта қорының көлемі, тауарлар импорты шығындарын, кемінде үш ай ішінде жабуға жеткілікті болуы қажет; жұмыссыздықтың шекті деңгейі еңбекке қабілетті халықтың жалпы санының 15-20% аспауы тиіс т.с.с. Мемлекеттік реттеу көмегімен, белгілі деңгейде, осындай салыстырмалы параметрлерді ұстап тұруы ішкі нарықтағы тепе-теңдікті сақтайды және экономикалық өсудің тұрақтылығы мен динамикасын қамтамасыз етеді.

ФЭЖ-ге тән мысал: бәсекелестік жүйе құру; айналымдағы ақша массасын реттеу жүйесі; ішкі баға деңгейін қолдау жүйесі; жиынтық сұранысты ынталандыру жүйесі; төлем балансын қолдау жүйесі т.б.

Функциялы экономикалық жүйелер (ФЭЖ) өзін-өзі реттеу және мемлекетті саясат көмегімен бүкіл халық шаруашылығының нәтижелі қызметіне нарықтық инфрақұрылымның әр-алуан элементтерін іріктеп біріктіреді, мұны 13.2 кестеден көруге болады.


13.2 кесте
Экономиканы әлеуметтік бағдарлы реттеу мақсатындағы функциялы экономикалық жүйенің мемлекеттік саясаты

- мемлекеттік реттеудің әлеуметтік бағдары

жүзеге асырылады



-өндіріс құралдары меншік иелері мүдделері ғана емес, сондай-ақ шар-қ жүргізудің басқа да қатысушыларының, соның ішінде материалдық рухани игіліктерді тікелей өндірушілер мүдделері

негізгі нысандар


-мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру

-мемлекеттік қамқорлық



негізгі құралдар


-тауар және қызметтерді үкіметтік сатып алу;

-экономиканың мемлекеттік секторымен тауар және қызмет өндіру;

-жұмыссыздық, әлеуметтік сақтандыру және жекелеген азаматтарды қамсыздандыру жөнінде трансфертті төлемдер


негізгі көздер


-салық салу

-мемлекттік меншік мүмкіндіктері



Өнеркәсібі дамыған елдердегі өзін-өзі реттеу тетігі, сол елдерді күйзелтетін экономикалық дағдарыстарды тоқтатуына әсерін тигізеді

Мысалы 1973-1975жж. экономикалық дағдарыстар, циклды дағдарыстар, дамыған елдер экономикасында әлеуметтік бағдарлы өзін-өзі реттеудің тиімді тетіктері пайда болғанын кең түрде керсетіп берді.

Сонымен, мемлекет ұлттық, экономиканың тиімді қызмет атқаруына құқықтық негіз бен әлеуметтік ортаны анықтайды. Ол үшін табыс және ресурстар бөлінеді, жұмыспен қамту мен инфляция деңгейі бақыланады. ЭМР экономикалық жүйені тұрақтандыру, оны өзгермелі жағдайға бейімдеу мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы шаралар жүйесі болып табылады.
13.2. Экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілepi (ЭМР)
ЭМР: классикалық, кеинсиандық және институцио-налды-әлеуметтік тарихи, үш жетекші методологиялық тұрғыда қалыптасады.

Классикалық үлгі (13.3 кестені қараңыз) экономикаға аз араласуды болжайды және мемлекет - нарықтық экономиканың "түнгі күзетшісі" болып саналады деген А.Смиттің тұжырымдамасына негізделген. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бизнес-өндіреді және тұтынады, мемлекет жеке меншік құқығын қорғаумен айналысады және нарық заңдарынан туындайтын, кәсіпкерлер мен жұмысшылардың, тұтынушылар мен өндірушілердің "табиғи ойын ережелеріне" ақырын әсер етеді. Бірақ, ол жеке меншіктің табиғи ережелерінен ауытқуына күш қолдануға дейін (құқық,сот, әскер, полиция т.с.с.) барып әсер тигізуі мүмкін.

Кейнсиандық үлгі (13.4 кестені қараңыз)

Циклды өзгерістерді, жұмыссыздықты, инфляцияны және нарықтың барлық қатысушыларының өнімдермен ресурстар шығындарын мүмкін болғанша азайту мақсатында мемлекеттің экономикаға белсенді және неғұрлым көп араласуын көздейді.

Институционалды әлеуметтік үлгі (13.5 кестені қараңыз)

Күш құрылымы, экономикалық және әлеуметтік факторлар (институттар) арқылы қоғамның экономикалық тіршілік ету ортасына тарихи оңтайлы араласу жолымен мемлекеттің үш функциясын іске асыруды болжайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет