1 тақырып Кіріспе


Вагонның кузовы мен рамасының жөндеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі



бет45/59
Дата19.02.2023
өлшемі4.58 Mb.
#469774
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59
Лекция Тех.рем

Вагонның кузовы мен рамасының жөндеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

23 Тақырып


Жолаушылар вагонының су және электрленген жылыту жүйелеріне техникалық қызмет көрсету.
1.Вагондарды сапарға шығарар алдында, вагон қараушы техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде трубаның, вентилдің, крандарды, насостарды, котелдың төсеніштерінің және жылытқыш трубаның, калориферді және олардың трубаларын қалпына келтіреді, жеткіліксіз решеткаларды қондырады, ақауланған өртке қарсы түтін шығарғыш бөлгішті, циркуляциялық және қол насостарын жөндейді. Жылыту кезеңінде, жылыту жүйесін жұмыстық жағдайда тексереді.
Техникалық қызмет көрсету кезінде ТҚ-2 сумен жылыту жүйесін жуады және сондан соң жұмыстық жағдайда тексереді. Барлық табылған ақауларды жояды.
Сумен жылыту жүйесінің циркуляциялық насосын техникалық қызмет көрсету кезінде, егерде жүйеде су болса, ал вагонның температурасы қалыпты жағдайды ұстап тұру шарты кезінде жұмыстық жағдайда тексереді.
Вагонды сапарға дайындар кезінде насостың сальнигінің тығыздығын тексереді. Егер су жіберіп тұрса оны қатайтады. Насостың валы қатайтқаннан кейін сальник еркін айналуы қажет. Қысқы тасымалдау алдындағы техникалық қызмет көрсету кезінде насостың валы жабысып қалмасы үшін, бірнеше рет қолмен айналдырады. Жазғы тасымалдау кезінде судың қалдығын насостан шығарып тастайды. Егер циркуляциялық центрабежді насосқа үлкен көлемді жөндеу керек болса оны шешіп вагон депосындағы арнайы жабдықталған бөлімге жібереді.
Аралас жылыту котелын жуу және жөндеу тек жоғарғы кернеуді (3000 В) ажыратқаннан кейін тексереді. Жуып болғаннан кейін және жылыту жүйесін сумен толтырғаннан кейін котелға кернеу бермес бұрын кептіру үшін қатты отын жағады.

2. Электрлі жылытқыш жүйесін ТҚК-1, жазғы және қысқы техникалық қызмет көрсету (ТҚК-2), бiрыңғай техникалық ревизия (ТҚК-3), сонымен қатар жоспарлы жөндеу кездерінде тексереді.
Сапар кезінде және басқару щит панеліндегі сигналдық лампалар бойынша тексерген кезде анықталған, сонымен бірге рейстік журналда белгіленген жөнделмейтін жылытқыш элементтерді ТҚК-1 – де алмастырады. Электр қондырғыларының слесарь - электриктері немесе қараушы-жөндеушілері балқығыш сақтандырғыштарды тексеріп, жөнделмейтіндерін заводта шыққан типінің жаңасына алмастырады.
Жерлестіруші шунттерді мұқият тексеріп, оларды кузов пен арбаша және арбаша рамасы мен букса қорабының араларына бекітеді. Электр пешті тексереді де, оның қорғаныс кожухындағы барлық саңылауларын тазартады. Жылытқыш элементтерінің арасындағы бұзылған немесе стандартқа сәйкес келмейтін барлық тұйықтағыштарды алмастырады.
Қорғаныс кожухының тежеу кедергісін алдын ала тексеріп, котелдің жылытқыш элементтерін біріктірілген жылытумен немесе жылытудың электр пештерімен алмастырып болғаннан кейін қондырады. Жылытудың жылытқыш элементтерін алмастырғанда котельдан міндетті түрде суды ағызып жіберу керек. ТҚК-1 өткізіп болғаннан кейін рейістік журналға тиісті жазбасын түсіреді.
ТҚК-2 түрінде ТҚК-1 жүргізілетін жөндеу жұмыстары жүргізіледі және оған қоса жоғары вольтты аппаратурасымен вагон асты қорапты шаңнан және дымқылдан тазартады. Осы жерде жоғары вольтты сақтандырғышты және вагон аралық байланысты бақылайды, жоғары вольтты қондырғы изоляциясының диэлектрлік беріктілігін және магнитті клапанның жұмысын тексереді. Су кетіп, немесе басқа да бір жарамсыздық болған жағдайда магнитті клапанды алмастырады.
Ауаны кондиционерлеу жүйесін жазғы ТҚК-2 кезінде ашады. Жазғы және қысқы ТҚК түрін жүргізу жазбасын тек арнайы ТҚК-2 журналында жазады.
Сапар кезінде жоғары вольтты сақтандырғыштарды поезд электрмеханиктері алмастырады, соған қоса электр қауіпсіздік ережесін толтыруы тиіс.
24 Тақырып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет