10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна



бет10/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Қазақ тілі

Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне 2019 жылы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді. Әкімшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады.

Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ұлттық валютасы – теңге. Теңге айналымға 1993 жылы 15 қарашада енгізілді.

Республика – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Ең жоғарғы өкілді органы – Парламент. Парламент республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін ек палатадан: Сенаттан және мәжілістен тұрады.

Қазақстанның Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады. Олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестік төрағасын республика президенті тағайындайды.

Республикада сот төрелігін сот қана жүзеге асырады. Сот Қазақстан Республикасының Жоғары соты және жергілікті соттардан тұрады.

Қазақстан кең байтақ, мұнайлы, шұрайлы жерде орналасқан. Оның жер қойнауында Менделеев кестесінің 105 элементінің 99 табылған. Батысында мұнай мен газдың қорлары бар. Бұл арқылы Қазақстан әлемнің ірі мұнай өндіретін мемлекеттерінің қатарына қосыла алады.

Тапсырмалар:

  • Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: қоңыржай белдеу, ұлыс, құрмет, маңыз, айналым, басқару нысаны, өкілді орган, өкілеттік, тағайындайды, сот төрелігі, шұрайлы, мұнайлы, кең байтақ, жер қойнауы.
  • Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құраңыздар. Сөйлесімде қолданыңыздар.
  • Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер.
  • Өлке сөзінің синонимдерін жазып алыңыз. Сөйлесімде қолданыңыз. Өлке – аймақ, өңір, атырап, маң.
  • Жалпы және жалқы зат есімдерді, деректі және дерексіз ұғымдарды еске түсіріңіздер. Мәтіннен аталған түрлерге мысалдар келтіріңіздер.
  • Мәтіндегі жеті абзацтың ішінен қалаған біреуін толықтырып, қосымша ақпарат қосып әңгімелеңіз.
  • Тақырып бойынша сұхбаттасыңыздар. Өз өлкелеріңіз туралы пікір алмасыңыздар. Үлгіні қолданыңыздар. Үлгі:
  • Қарағанды қаласы 1934 жылы қала болып жарияланды. 1936 жылдан облыс орталығы. Қала Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналасқан. Жерінде қараған бұтасы көп болғандықтан Қарағанды деп аталған.
  • Біздің қала – көлік пен байланыстың үлкен орталығы . . .
  • Тақырып бойынша әңгімелеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет