2-3 ІІ. Негізгі бөлім


Информатиканы оқыту әдістемесі



бет11/19
Дата08.04.2023
өлшемі158.65 Kb.
#471930
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
информатика курс

2.2.1 Информатиканы оқыту әдістемесі

Информатканы оқыту әдістемелік жүйесі – оқыту тәсілдерін алгоритмдеу, жүйелеу, мақсатты анық тұжырымдау негізінде мұғалім мен оқушылардың өзара әр алуан әрекеттестіктерін қамтиды. Сондықтан жүйеде үйретуші (мұғалім) – сабақтардың жетекшісі, ал, үйренуші(оқушы) – оқу объектісі болып табылады (1.3-сурет).


Информатиканы қазіргі оқыту әдістемелік жүйесінің өзіндік сипаттамалары [27]:
оқу процесін ғылыми негізде жоспарлау;
теория мен практикалық дайындықтың бірлігі;
оқу материалын оқытудың жоғарғы деңгейдегі қиындығы мен оны жеделдете оқытылуы;
оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше ізденімпаздығы;
жеке және ұжымды іс-әрекетерді бірлестіру;
оқу процесін техникалық оқыту құралдарымен жабдықтау; - әртүрлі пәндерді кешенді түрде оқыту тәсілдері.
Информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.


3-сурет. Оқытудың әдістемелік жүйесі
Құралда информатиканы оқыту осы ұстанымдардың негізінде қарастырылады. Информатиканың әдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мазмұны мен өзара байланысы айқыналады. 
Мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізудің стратегиялық мақсаты мектепке енгізілген жаңа оқу курсының алғашқы бағдарламаларында жарияланғанындай,
«... жастардың есептеуіш техниканы жан-жақты және терең меңгеруі» еліміздегі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің маңызды факторы ретінде қарастырылған [2, 32].
«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің негізгі мақсаты:
есептерді шешуді ЭЕМ-де жүзеге асырудың негізгі ережелері мен әдістерін және есеп шығару үшін компьютерді қолданудың қарапайым шеберлігін қалыптастыру;
оқушыларды ЭЕМ-нің қазіргі қоғамдық өндірістегі рөлімен және есептеуіш техниканың даму болашығымен таныстыру.
Орта оқу орындарында информатиканы оқытудың нақты мақсатының негізгі сипаттамасы ретінде «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бірінші бағдарламасында оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы берілген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет