№2 Дәріс. Табиғи ресурстар кадастры, түсінігі және жалпы сипаттамасы


Параграф. Орманды басты мақсатта пайдалану



бет14/20
Дата11.10.2023
өлшемі92.62 Kb.
#480485
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
ДӘРІСТЕР ТРК

6. Параграф. Орманды басты мақсатта пайдалану
338. Басты мақсатта кесудің түрлері аумақтық ережелермен реттеледі. Біртіндеп және таңдамалы кесулердің негізі ретінде төмендегілер есепке алынуы тиіс:

1) орман астарындағы табиғи жаңарудың жағдайы;


2) орманды ұдайы өндіру кезеңі;
3) кесу мезгілінің саны мен аралық мерзімі;
4) орман қоры аумағы бойынша кесуге белгіленген учаскелердің орналасуы;
5) кесудің қарқындылығы.
339. Есептік кеспеағаш орман мекемесі бойынша есептеледі, ал орманшылықтар бойынша пайдалану қорына пропорционалды және алқаағаштардың жас құрылымы ерекшеліктерін ескере отырып есептеледі. Кейбір жағдайларда өкілетті ұйымдардың талабына байланысты есептік кеспеағаштар әр немесе жеке орманшылықтар бойынша есептелуі мүмкін. Орманды пайдаланудың есептеліп бекітілген қоры арқылы облыс аумағы бойынша есептік кеспеағаштар анықталады.
340. Басты мақсатта пайдалану кеспеағаштары орман орналастыру кезінде анықталады. Есептік кеспеағаштар кезекті орман орналастыру мерзімінен бұрын мына жағдайларда ғана нақтыланады:
1) мемлекеттік орман қоры жерлері бір санаттан екіншісіне ауыстырылған кезде;
2) белгілі бір аудандарды алып тастағанда немесе қабылдаған кезде;
3) орман иеленушілерінің қайта құрылуына немесе жойылуына байланысты орман қорында өзгерістер болған жағдайда;
4) орман қорлары табиғи аппаттардың салдарынан апатқа ұшырағанда.
Сонымен қатар, есептік кеспеағаш мына жағдайларда нақтыланады: өзгеруі оның мөлшерінің 20 пайызынан көп болғанда және кезекті орман орналастыруға дейінгі мерзімі 3 жылдан асып кетпесе.
341. Есептік кеспеағаш Қазақстан Республикасының орман қоры учаскелерінде есептік кеспеағаштардың мөлшерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар бойынша есептеледі осы Ережеге 26-қосымша. Орман орналастыру кезіндегі қабылданған кеспеағаш тексеру кезеңінің ұзақтығына байланысты есептеліп шығарылады.
342. Есепті кеспеағаш МОҚ санаттары шегінде басым тұқымдылары мен кесу әдістері бойынша анықталады және жетуге қолайлылығына байланысты бөлініп есептеледі
343. Есептік кеспеағашты анықтаған кезде, төмендегілер есепке алынбайды:
1) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес мемлекеттік орман қорларындағы басты мақсатта пайдалану үшін кесуге тыйым салынған МОҚ санаттары;
2) орман кесулерінің қолданыстағы Ережелеріне сәйкес басты пайдалану мөлшерінің есебінен шығарылған ерекше қорғалатын орман учаскелері;
3) орман кесулерінің қолданыстағы Ережелеріне сәйкес кесуге тыйым салынған бағалы және сирек кездесетін ағаштар.
344. Орман орналастыру мекемесі объектілеріндегі есептік кеспеағаш бойынша ұсыныстар, екінші орман орналастыру жиналысында қабылданғаннан кейін өкілетті ұйымдарға бекітуге беріледі.
345. Есепті кеспеағаш камералдық орман орналастыру жұмыстары жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.
346. Телімдерді кесуге белгіленгенде бірінші кезекте төменде көрсетілгендер ұсынылады: зақымданған алқаағаштар (дауыл құлатқан ағаштар), жағдайына байланысты кесуді талап ететін алқаағаштар; бұрынғы кесу жылынан қалып қалған шайыр алу жасынан шығып қалған, толысу жасынан асқан ағаштар.
347. Басты мақсатта пайдаланып, кесуге бағытталған барлық телімдер шолу планында боялып көрсетіледі және олар басты мақсатта пайдалану үшін кесу ведомосына тіркеледі. Орман пайдаланушыларға, экономикалық жағдайды ескере отырып, есептік кеспеағаш аумақтарының кесу учаскелерін таңдауға ерік беріледі. Орамдық немесе блокты кесулерді шоғырландыруға жол беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет