2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері


Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықтың негізгі аспектілері



бет8/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
ббжм

Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықтың негізгі аспектілері 

Базалық тұжырымдамаларды білу: ғылыми білімнің негізін құрайтын негізгі идеялар мен қағидаттарды түсіну. 
Ғылыми білімді қолдану: жаратылыстану ғылымдары саласындағы білімді күнделікті құбылыстар мен мәселелерді түсіндіру және негізделген шешімдер қабылдау үшін қолдану мүмкіндігі. 
Ғылыми-танымдық әдістер: бақылау, гипотезаны тұжырымдау, эксперимент жасау, деректер жинау және нәтижелерді талдау әдістерін қолдана білу. Бұл – білім алушылардың өздерін қызықтыратын мәселелер мен құбылыстарды зерттеу үшін ғылыми қағидаттар мен логикаға сүйене отырып, қоршаған әлемді зерттеу және тану қабілеті. 
Сыни ойлау мен аналитикалық дағдылар: ақпаратты сыни тұрғыдан талдау, ғылыми деректер мен зерттеулердің шынайылығын бағалау қабілеті. 
Басқа білім салаларымен интеграция: жаратылыстану ғылымдары мен технология, медицина, экология және т. б. пәндердің өзара байланысын түсіну. 
Оқушылардың жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылығын дамытуды барынша тиімді ету үшін сабақты қалай жоспарлау керек? Бұл – мұғалімдер үшін ең маңызды және қиын сұрақ. 
Сабаққа берілетін уақыт шектеулі, ал биология пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны өте бай әрі күрделі. Бұл сұраққа жауап беру дәстүрлі әдістерден бас тартуға, сабақтың кері дизайнының дағдыларын меңгеруге көмектеседі. 

Қазіргі таңдағы биология сабағы оқу процесіне оқушының қабілетін ашатын, танымдық қызметін, шығармашылық әлеуетін, практикада өз әлеуетін көрсету қабілетін жандандыратын технологияларды енгізуге негізделген. 
Сабақтағы негізгі ұстанымдар: 

  • Оқушылардың сабақтағы белсенділігі. Оқушы сабақта өз бетінше оқиды және өзгелерді оқытады. 

  • Сабақта мұғалімнің жалғыз өзінің белсенді болуынан бас тарту. Мұғалім сабақта оқушылардың дамуына жағдай жасайтын «дирижер» қызметін атқарады. 

  • Сабақ әсер етуге емес, өзара әрекеттесуге негізделеді. Негізгі ұстаным – ынтымақтастық, шығармаластық. 


Сабақты алдын ала жоспарлау кезінде, алдымен, көздейтін мақсатты анықтап алу керек. Содан кейін осы мақсаттарға сүйеніп, сабақтың кері дизайнының барлық кезеңінен өту қажет. Оқушылардың нені, қалайжәне не үшін жасайтынын анықтауға ерекше назар аударылады. Білім ағынын дұрыс басқара отырып, оқушылар қалаған нәтижесіне қол жеткізеді. 

Сабақ матрицасын құрастыру кезінде мұғалім өзінің және оқушылардың іс-әрекетінің мүмкіндіктерін анықтап, «ерекше назар аударылатын аймақтарды» алдын ала қарастыра алады. Бұл сабақ барысында оқушылардың іс-әрекетін сенімді түрде үйлестіруге және бағыттауға мүмкіндік береді. Егер биология сабағында зертханалық немесе практикалық жұмыс, модельдеу қажет болса, осы тәсіл аса нәтижелі болады. 

Биология сабақтарында жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілді қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет