«2008 жыл – информатигі»


В 1. Карл Линнейдің еңбегі неде? Оның шығармашылығын сипатта. 2. Трансформизм деген не? С



бет25/34
Дата13.12.2022
өлшемі0.68 Mb.
#467164
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
Биология пәнінен тест кітапшасы (6-9 сыныптар)

В
1. Карл Линнейдің еңбегі неде? Оның шығармашылығын сипатта.
2. Трансформизм деген не?
С
1. Бірінші эволюциялық теорияның авторы кім деп есептеледі?
2. Оның құндылығы және кемшілігі неде?


Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы.
Эволюцияның қозғаушы күші
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1. Ғаламшарымыздағы тірі ағзалар неге бәсекелеседі?
2. Бәсекелестік негізі не?
В
1. Табиғи сұрыпталу деген не?
2. Табиғи сұрыпталудың амалсыздан болуы неліктен? Оның қандай себебі бар?
С
1. Өзгергіштік деген не?
2. Мутация дегенді қалай түсенесің?


Органикалық әлем эволюциясының дәлелдері
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1. Онтогенез және филогенез деген не?
2. Қандай ғылым өліп біткен өсімдіктер мен жануарларды зерттейді? Ал қандай ғылым қазіргі түрлердің ғаламшарда орналасуын қарастырады?
3. Өтпелі формалар мен филогенетикалық қатарлар деген не?
В
1. Ағзалық эволюциялық үдерістер дәлелдерінің қайсысы дәлелді деп есептейсіңдер, неге?
2. Биогенетикалық заңның дұрыстығын дәлелдейтін деректер келтіріңдер. Оның авторы кім?
3. Эволюцияның генетикалық дәлелдерін сипаттаңдар.
С
1. Қалай ойлайсыңдар, егер Аустралиядан бұрын жалпы материктен шағын континент бөлінсе, онда қандай жануарлар сақталып қалар еді?
2. Омыртқалылар класының жүрек және ми құрылыстарын салыстыра отырып биологиялық эволюцияның үдерісін дәлелдеңдер.


Түр, оның өлшемдері. Популяция
тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.


А.
1. Түр деген не?
2. Популяция деген не?
3. Қазір қанша түр өлшемдері бар? Оларды атаңдар.
В
1. Морфологиялық өлшемнің ұзақ уақыт бірден-бір өлшем болып сақталуы неліктен? Оны пайдаланудағы пайдасы және зияны неде?
2. Қазіргі кезде қай өлшем негізгі деп есептеледі? Оны сипаттаңдар.
3. Дарақтарды бір популяцияға біріктіру үшін қандай басты ұстанымға басшылыққа алынады?
С
1. Неліктен физиологиялық-биологиялық өлшем генетикалық өлшемнің нәтижесі деп есептеледі?
2. Бір өлшем бойынша түрді анықтап, пікір айтуға бола ма? Жауабыңды дәлелде.
3. Неліктен түраралық будандар көбінесе ұрпақ қалдырмайды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет