27 Сәуір 2012, 12: 58 Қазату-дың «Ерекше киіз үйі» Отандық рекордтар кітабына енді



Дата25.02.2016
өлшемі13.08 Kb.
#25877
27 Сәуір 2012, 12:58

ҚазАТУ-дың «Ерекше киіз үйі» Отандық рекордтар кітабына енді



АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - 13 жасқа келіп, тұңғыш  мүшелді артқа қалдырған бас қаланың құрметіне С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық Университетінің ғалымдары Наурыз күні ерекше тарту жасаған болатын.

Қазақтың сайын даласы төсінде өсетін 13 түрлі дәнді дақылдан екшеп құрастырылған «Ерекше киіз үй» жобасының таныстырылымы биылғы Ұлыстың ұлы күні өтті. Астана қалалық әкімдігінің алдында ұйымдастырылған бұл шараға отандастарымыз бен шетелдік меймандар таңдай қаға тамсанып, жапатармағай суретке түскен сәттер туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Енді, міне, күні кеше  Алматы қаласынан ақжолтай сүйінші хабар жетті, деп хабарлайды аталмыш оқу орнының баспасөз қызметі.

Қазақстандық рекордтар кітабының жетекшісі Надежда Курбатованың мәлімдеуінше ҚазАТУ ғалымдарының ғылыми жаңалықтары енген аталмыш киіз үй Отандық рекордтар кітабына еніп отыр. Елдегі қайталанбас ерекше жаңалықтарды екшеп, жинақ етіп шығарып жүрген аталмыш ұжым мүшелерін киіз үйді дайындау барысында бірде-бір шегенің қолданылмағандығы таңғалдырыпты. Киіз үйді жасау барысында желім ретінде қолданылған ұн Ақмола өңірінің бидайынан жасалған. Безендіру жұмыстарына қолданылған бидай сабақтарының төрт  түрі мен масақтары да С.Сейфуллин атындағы университеттің агрономия факультетінің ғалымдары В.К.Шивчиенко және Қ.Мусинов ойлап тапқан «Кенжеғали», «Достық» атты бидайдың жаңа түрлері болып табылады.



Киіз үйдің маңдайшасына қарақұмық, күріш, сұлы сынды дәнді дақылдардан Астана қаласының логотипі салынса, екі есіктің жапсарына  55 саны   дәнмен өрнектелген. Бұл аталмыш университеттің 55 жылдық тарихынан сыр шерткен еді. Киіз үй орнатылған тұғыр енінің 57 сантиметр болуы да ҚазАТУ-дың өткен ғасырдың 57-жылы ашылғандығын меңзеп тұр.

Осылайша Астананың алғашқы мүшел жасына арналған «Ерекше киіз үй» жобасы Қазақстандық рекордтар кітабына енді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет