4 Бронх қабырғасына қоздырғыштардың адгезиясы+



бет11/40
Дата21.10.2022
өлшемі219.65 Kb.
#463135
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
терапия-2 сессия

5) Тиффно индексі+
49. 69 жастағы ер адам аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. Спирометрия жүргізгенде келесі көрсеткіштер анықталды: ФӨТС (ФЖЕЛ) – 39%, ФТШК1 (ОФВ1) – 23%, ФТШК1/ФӨТС(ОФВ1/ФЖЕЛ) – 66%.
Алынған мәліметтер сыртқы тыныс қызметі бұзылысының қандай типіне ЕҢ сәйкес келеді?
1) Обструктивті өте ауыр дәрежесі+
2) Рестриктивті ауыр дәрежесі
3) Обструктивті жеңіл дәрежесі
4) Обструктивті ауыр дәрежесі
5) Аралас типті
50. Төменде аталған асқынулардың қайсысы созылмалы обструктивті өкпе ауруына ЕҢ тән?
1) Нефрит
2) Созылмалы өкпелік жүрек+
3) Өкпе абсцессі
4) Метапневмониялық плеврит
5) Астматикалық статус

51. 52 жастағы ер адам қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, физикалық жүктемеден кейін күшейетін тыныштық жағдайдағы ентігуге шағымданып келді. Анамнезінде: соңғы 10 жылда таңертеңгі уақыттағы тұрақты жөтел мен қақырық бөлінуін байқаған. 30 жыл бойы шылым шегеді. Объективті: кеуде клеткасы бөшке тәрізді, перкуторлы өкпе дыбысы қораптық. Аускультацияда везикулярлы тыныс әлсіреген, тыныс шығару ұзарған, таралған құрғақ сырылдар естіледі.


Төменде аталған диагноздардың ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
1) Ауруханадан тыс пневмония
2) Созылмалы бронхит
3) Плеврит
4) Бронх демікпесі
5)Созылмалы обструктивті өкпе ауруы+
52. 52 жастағы ер адам Созылмалы обструктивті өкпе ауруы диагнозымен. Спирометрия жүргізгенде ӨТС(ЖЕЛ) – 85%, ФТШК1(ОФВ1)- 45%, индекс Тиффно -55%.
Берілген спирометрия мәліметтері қандай ауырлық дәрежесіне ЕҢ сәйкес келеді?
1) Жеңіл
2) Орташа
3) Орташа ауыр
4) Ауыр+
5) Өте ауыр
53. 75 жастағы ер адам Созылмалы обструктивті өкпе ауруы диагнозымен. Спирометрия жүргізгенде ӨТС(ЖЕЛ) – 65%, ФТШК1(ОФВ1) - 25%, индекс Тиффно -28%.
Берілген спирометрия мәліметтері қандай ауырлық дәрежесіне ЕҢ сәйкес келеді?
1) Жеңіл
2) Орташа
3) Орташа ауыр
4) Ауыр
5) Өте ауыр+
54. 62 жастағы ер адам, жүргізуші, 40 жыл бойы шылым шегеді. Ентігуге, күні бойына болатын шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Объективті: аускультацияда везикулярлы тыныс әлсіреген, барлық алаңында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Болжама диагноз: Созылмалы обструктивті өкпе ауруы.
Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ информативті болады?
1) Пикфлоуметрия
2) Спирометрия+
3) Бронхоскопия
4) Рентгеноскопия
5) Электрокардиография
55.62 жастағы ер адам, жүргізуші, 40 жыл бойы шылым шегеді. Ентігуге, күні бойына болатын шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Объективті: аускультацияда везикулярлы тыныс әлсіреген, барлық алаңында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Болжама диагноз: Созылмалы обструктивті өкпе ауруы.
Берілген науқасқа төменде аталған кеуде клеткасы ағзалары рентгенографиясы өзгерістерінің қайсысы ЕҢ тән?
1) Жоғарғы қиғаш шекарасы бар гомогенді интенсивті көлеңкелену
2) Дөңгелек формалы интенсивті инфильтративті көлеңкелену
3) Біркелкі ішкі контуры бар дөңгелек формалы қуыс
4) Біркелкі емес контуры бар ошақты-инфильтративті өзгерістер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет