4-тақырып нарықТЫҚ шаруашылықТЫҢ Қалыптасу алғышарттары. Тауар-ақша қатынастары мақсаты


Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі



бет6/6
Дата10.03.2024
өлшемі34.1 Kb.
#494896
1   2   3   4   5   6
Лекция 4

2. Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі. Ақшалар осы қызметі арқылы қолма-қол нысанда нақты тауар айырбасына делдалдық жасайды. Айналымда жүрген нақты ақша белгілері осы қызметті атқарады.
3. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Бұл қызметті ақша тауарды несиеге (төлем мерзімін ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақыны, дивидендті, пәтер төлемін және басқа да төлемдерді төлегенде атқарады.
4. Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі. Болашақ тұтыныстарды қанағаттандыру және ұзақ пайдаланылатын тауарларды (теледидар, жиһаз, білім алу, үй сатып алу, т.б.) сатып алу ақшалар бұл жерде өз айналысын тоқтатып қорланады. Бұл нарық жағдайында кездейсоқ жағдайлардан сақтану үшін әр адамға қандай да бір ақша резервінің болуын қажет етеді.
5. Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметі. Бұл жерде әлемнің дамыған елдерінің тұрақты валюталары (доллар, еуро, йена, рубль, т.б.) әлемдік ақшалар қызметін орындайды.
Қазіргі экономикада тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер үш әдіс арқылы жүзеге асырылады:
а) қолма-қол ақша беру арқылы;
ә) банктегі есепте жазу арқылы;
б) бір тұлғаның екінші бір тұлғаға берешек екендігін куәландыратын құжаттар арқылы.
Осыған байланысты төлем құралдарының үш түрі орын алады:
1. Қолма-қол ақшалар (банкноталар, монеталар);
2. Чектер, ағымдық есептер;
3. Қарыз ақшалар (жеке тұлғалардың вексельдері, міндеттемелері).
Ақшаның экономикалық рөлі жоғарыда аталған қызметтерімен ғана шектеліп қоймайды, ақша массасының өзгерісі ұлттық өндіріс көлеміне, жұмысбастылық пен орташа баға деңгейіне де әсер етеді.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің нысандары қандай?


2. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі белгілері қандай?
3. Игілік, өнім, тауар және қызмет ұғымдарының айырмашылықтарын көрсетіңіз?
4. Тауар туралы қандай теориялар бар?
5. Тауардың қасиеттері қандай?
6. Еңбек өнімділігі және еңбек қарқындылығы дегеніміз не?
7. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты қалай анықталады?
8. Ақшаның шығу тегі туралы көзқарастар қандай?
9. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні қандай?
10. Ақшаның атқаратын қызметтері қандай?
11. Ақшаның теориялары қандай?
12. Ақшаның сандық теориясы дегеніміз не?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет