7. Жеделдетілген нормалау. Жеделдетiлген нормалау


Судың адам ағзасы үшін және оның өмір сүруін қамтамасыз етудегі рөлі



бет9/14
Дата24.03.2023
өлшемі189.94 Kb.
#471045
түріРегламент
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
рк 1-1

20. Судың адам ағзасы үшін және оның өмір сүруін қамтамасыз етудегі рөлі
Барлық тірі ағзалардың судан шыққандығы белгілі. Қазіргі кезде де сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Өсімдіктер мен жануарлардың денесі 60-75% судан тұрады. Тірі ағзалар үшін сусыздану немесе судың жетіспеуі қауіпті, өлімге әкеп соғады. Адам денесінің үштен екі бөлігі дерлік судан тұрады, оның мөлшері жас шамасына қарай елеулі өзгеріп отырады. Мысалы, эмбрион денесінің (жасына қарай) 85 - 97%, жаңа туылған нәрестенің денесінің - 70 - 75%, үлкен адам денесінің - 60 - 65% судан тұрады , ал адам қартайған сайын,
ағзасындағы судың қоры үсті-үстіне азая береді. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамның қартаюының себептерінің бірі – коллоидтардың, әсіресе, белоктардың, суды байланыстыру қасиеттерінің төмендеуі болып табылады.
Үлкен адамның мүшелері мен тіндеріндегі судың мөлшері біршама тұрақты болады, олардың сандық мәні, шамамен төмендегіше болады: бас мидың үлкен жарты шарында – 83,3%, дәнекер тіңде – 80%, бүйректерде – 82%, теріде - 72%, қанда – 79,3%, май тінінде - 29%, қаңқада – 22%, тіс эмалында - 0,2% (4.9. – сурет). Ағзадағы су алмасу үрдісі өте қарқынды жүреді. Қоршаған ортаның орташа температурасының өзінде және физикалық жүктеме аз болған кезде, ересек адам шамамен 2-2,5 л су бөледі, оның ішінде, кіші дәретпен тәулігіне - шамамен 1400 мл, деммен шығарылатын ауадағы су булары түрінде – 400 мл жуық, тері бетінен тер түрінде – 500 мл жуық және үлкен дәретпен – шамамен 200 мл суды сыртқа бөліп шығарады.
Ересек адамның мүшелері мен тіндеріндегі су мөлшері
4.9.-сурет. Ересек адамның кейбір мүшелері мен тіндеріндегі судың мөлшері
Ауа температурасы жоғарылағанда және дене еңбегі қарқынды болған кезде, судың бөлінуі, әсіресе, тер түрінде біршама артады. Кейбір жағдайларда, тәулігіне тердің бөлінетін мөлшері 6 және тіпті 10 литрге дейін жетуі мүмкін.
Қалыпты жағдайда ағзаның суды қабылдайтын және бөліп шығаратын мөлшерлері арасында қатаң тепе – теңдік сақталуы керек. Егер, ересек адамға тәулігіне судың қажет мөлшері дене массасының 1 килограмына 40 грамм (г /кг) болса, емшек жасындағы балаларда, ол едәуір жоғары – 120-150 г/кг болады. Тәулігіне 2-2,5л сұйықты бөле отырып, адам ағзасы осынша сұйықты қабылдауы да керек.
Қабылдайтын судың мөлшерін келесі су мөлшерлері құрайды: ішілетін су (шәй, компот, кофе, т.б.) – 800-1000 мл; сорпалар – 450-500 мл; қатты азық – түлік өнімдеріндегі су – 700 мл; ағзаның өзінде түзілетін су - 300-400 мл
у). Эндогенді су түрлі заттардың биологиялық тотығуы кезінде түзіледі. Мысалы, 100 г майлар тотыққанда 107 мл, 100 г көмірсулардан – 55 мл, 100 г белоктан - 41 мл су бөлініп шығады.
Әртүрлі тірі ағзаларда судың жаңару үрдісі жүріп отырады. Мысалы, кактустарда су түгелдей 28 жылда жаңарады, адам ағзасында – бір айдың ішінде, тасбақада – бір жылда, түйеде – үш айда жаңарып тұрады. Сусыз адам тек үш күн ғана тіршілік ете алады, ал тамақсыз – 30-50 күн тіршілік етеді.
Адамның толық ашығуы, бірақ, су ішіп отырған кезде ғана, 40 - 45 күнге созылады. Бұндай жағдайда адамның дене салмағының азаюы 40% дейін жетуі мүмкін. Ағза 1,0-1,5 литр су жоғалтқан кездің өзінде-ақ, жоғалған судың орнын толтырудың қажеттілігі туындайды. Егер, адам судың жетіспеуінен дене массасының 6-8% жоғалтатын болса, онда оның температурасы жоғарылайды, тыныс алуы және жүректің соғуы жиілейді, қанның тұтқырлығы артады, терісі қызарады, бұлшық еттің әлсізденуі, селқостық, бас ауруы мен бастың айналуы байқалады. Тері мен бұлшық еттердің тонусы едәуір төмендейді.
Судың тапшылығынан адамның дене массасы 10% азайған кезде, аурудың клиникалық көріністері күрт нашарлайды: көз алмасы шүңірейіп, теріде сызат, есінің қарауытуы пайда болады,. Егер, ағзадағы сұйықтың мөлшері, ауа температурасы 30o С болған кезде, 15-20% азаятын болса, онда бұл құбылыстар қайтымсыз болуы мүмкін. Ал, ағзадағы сұйықтың 25% азаюы, адамның өліміне әкеп соғады.
Ауру құбылыстары адам ағзаға қажетті мөлшерден артық су қабылдаған жағдайда да пайда болуы мүмкін. Сілекей бөліну, жүрек айну, құсу, зәр шығаруының көбеюі сияқты, судан уланудың белгілері дамиды: Бұлшық еттің әлсіреуі, тырысу, бас ауруы пайда болады. Сонымен, суды пайдалануда кез келген шектен шығушылық адам денсаулығына, кей кезде түзелмейтін де, зиян келтіруі мүмкін. Міне, сондықтан да ауыз суды пайдаланудың тәртібін сақтау керек.
Климаттың ерекшеліктеріне байланысты, адамның суға тәуліктік қажеттілігі 2,5- 6 л құрайды. Егер, адамның суға тәуліктік қажеттілігін 2,5 л, ал өмір сүру ұзақтығын - 70 жыл деп алатын болсақ, онда ағзаның қабылдайтын суының жалпы мөлшері шамамен 60 мың л болады. Су – бұл, біздің планетамыздағы, басқа заттармен алмастырылмайтын, жалғыз ғана табиғи байлық болып табылады.
Тірі ағзаларда су келесі қызметтерді атқарады:
1. Су ортасы, жасушалардағы молекулалардан бастап, тіндер мен мүшелерге дейін, ағзаның барлық бөліктерін бүтіндей біріктіреді.
2. Су – аса маңызды еріткіш және ағзадағы барлық биохимиялық реакциялардың жүру үшін өте маңызды орта.
3. Су – ағзада қоректік заттарды тасымалдайды және түрлі тіршілік үрдістерінің соңғы өнімдерін жасушадан шығарады.
4. Су – жасушалардағы құрылымдардың реттелуіне қатысады. Ол белок молекулаларының құрамына кіріп, олардың конформациясын анықтайды.
5. Су – зат алмасу үрдісінің нәтижесінде пайда болатын зат және биохимиялық үрдістердің негізгі компоненті. Мысалы, фотосинтез кезінде су электрондардың доноры болып табылады. Тыныс алу үрдісінде, мысалы Кребс циклында, су тотығу үрдістеріне қатысады. Су гидролиз үшін және басқа көптеген синтез үрдістері үшін қажет.
6. Су – жылу реттегіш фактор. Ол, жылу сыйымдылығының және бу түзудің меншікті жылуының жоғары болуына байланысты, тіндерді температураның күрт ауытқуларынан сақтайды.
7. Су – ағзаға түсетін механикалық әсерлерден қорғайтын, жақсы амортизатор болып табылады.
8. Су, осмос және тургор құбылыстары арқасында тірі ағзалардың жасушалары мен тіндерінің серпімділігін қамтамасыз етеді.
Судың адамның тіршілігі үшін маңызы өте зор. Су шаруашылығының негізгі мақсаты, тұрғындар мен шаруашылық кешендерін сапалы сумен қамтамасыз ету, экономиканың барлық салаларының жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Өзінің қасиеттеріне байланысты су, барлық технологиялық үрдістерге міндетті түрде қатысушы болып табылады, сусыз өнеркәсіп өндірісі, транспорт, ауыл шаруашылығы жұмыс істей алмайды. Су – өте сенімді және арзан жылу тасымалдаушы: сумен әрі жылытуға, әрі суытуға да болады. Су – энергия көзі мен жүк тасымалдаушы магистраль. Су – тұрмыста да өте қажетті зат: сусыз тамақ дайындау да, жеке бас гигиенасы сақтау және демалу мүмкін емес.
Өнеркәсіп үшін су, таскөмір, мыс, темір және басқа да табиғи ресурстар сияқты, өте қажет. 1т шойынды балқытып, одан болат алу үшін, шамамен 300 м3, 1 т мыс өндіруге - 500 м3, 1 т никель өндіруге 4000 м3 су жұмсалады. Егер, дүние жүзінде жыл сайын пайдаланылатын барлық минералды ресурстардың мөлшері 7-9 млрд т болса, күн сайын түрлі мақсаттарға судың 7-8 млрд т шығын болады.
Суды нысаналы қолдану түріне байланысты, оның қолданылуын көп жылдар бойы су пайдалану және су тұтыну түрлеріне бөлу қабылданған.
Су пайдалану кезінде су, суаттар мен ағыстарында қалып, қалық шаруашылығы жұмыстарын жүргізетін орта және энергияның механикалық көзі болып саналады. Негізгі су пайдаланушылар: су транспорты, орманнан кесілген ағаштарды сумен ағызу арқылы тасымалдау, балық шаруашылығы және гидроэнергетика болып табылады.
Су тұтыну кезінде суды суаттардан және ағыстарынан алады. Су тұтынушылар өте көп, олар – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, коммуналдық – тұрмыстық ұйымдар, қоғамдық өндіріс кәсіп орындары, темір жол транспорты, т.б. Су тұтынудың су пайдаланудан айырмашылығы, су тұтынушылардың біраз суды қайтарымсыз алуында ғана емес, сондай-ақ, олардан шыққан қайтарылатын ағынды суларымен табиғи суларды ластандыруында да.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет