7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



бет27/49
Дата04.04.2024
өлшемі0.72 Mb.
#497580
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
Қазақстан тарихы пәнінен 7-сыныпқа арналған Күнтізбелік жоспар

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §25. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың мақсаты:

  • Әмір Темірдің шыққан тегі және оның Орта Азияны билеген тұсында жасаған шапқыншылық жорықтары мен оның зардаптары туралы толық түсініктіқалыптасыру;

  • Әмір Темірдің Алтын Орда,Ақ Орда, Моғолстан хандықтарымен болған ұрыстарының нәтижелері мен оның зардаптары туралы айта отырып, оқушыларды талдау жасауға,өз көзқарастарын білдіруге, қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақпен өткен сабақтың өте тығыз байланысты екенін ескере келіп,үйге берілген тапсырманы талдаудан бастаймын.Талдау барысында мына төмендегі сұрақтарды негізге аламын
1.Моғол атауы қайдан шыққан?
2.Мемлекеттің негізін қандай тайпалар құрады?
3.Моғол мемлекетінің қоғамдық құрылысы және саяси жағдайы туралы не білесіңдер?
4.Әмір Темірдің шапқыншылығы Моғол мемлекетінің дамуына қандай ықпал етті?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:


1. Әмір Темірдің Мауараннахрдағы билікті иеленуі.
2. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.
3. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорығы.
4. Әмір Темір жорықтарының зардаптары.
Әмір Темірдің басқа мемлекеттерге жорықтарының бағыттарын анықтау үшін әрбір оқушы оқулықтағы 9-картамен жұмыс жасайды. Картадағы шартты белгілерді түсіндіреді. Мәтіннің мазмұнын баяндай отырып, кісі аттары мен жер су аттарын, оқиға болған жылдарыды оқушылардың қабылдауына жеңілдету үшін төмендегідей тапсырмалар беріледі. Мұнда тікелей оқулықпен жұмыс жасалады. Жауаптары дәптерге жазылады.
Әмір Темір Тоқтамыс:
1.Екеуін қандай оқиғалар байланысьырады?
2.Ол оқиғалар қай жылдары болды?
3.Қандай жер аттары естеріңде қалды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет