А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет24/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Алдыңғы жіліншік - ossa metacarpi .Сиырда үш сүйек бар: екі жақын 
орналасқан, ал үшіншісі қосымша болып келеді. Тізе сүйектері үшін 
жіліншіктің проксимальды ұшында тегіс буынды беті орналасқан fades 
articularis. Дистальды соңы кеңейтілген және екі буында блокқа - trochleae 
articularis ие.
Бақай сүйектері - ossa digitorum үш бөліктен тұрады: 1 бөлік немесе 
прксимальды- phalanx prima - тұсамыс сүйек, 2 бөлік немесе ортаңғы 
(медиалды) -phalanx secunda - топай сүйек және 3 бөлік немесе -phalanx tertia – 
тұяқ сүйек деп аталады. Барлық осы үш сүйек жіліншікпен қосылып буынның 
үш саусақ сүйегін құрайды.
Ерекшеліктері: Жылқыларда тізе сүйегі негізгі сүйек болып келеді, және 2 мен 
4-шіні рудемент түрінде грифельді деп атайды. Шошқаларда төрт жіліншік, екі 
артқы жіліншіктері қысқа және бақай сүйектерімен салыстырып алғанда дамуы 
нашар. Жылқыларда тек үшінші саусағы дамыған, екіншісі түтікше сүйек 
түрінде және ені биіктігінен гөрі үлкен. Үшінші саусақ немесе бөлімі – қысқа 
сүйек түрінде болып келеді. Шошқаларда төрт саусақтары жақсы дамыған
олардың екі саусағы жерге батып, ал екеуі салбырап тұрады. Барлық саусақтар 
үш бөлімнен тұрады, сыртынан қарағанда сиырдың тұяғына ұқсас. Иттерде II, 
III, IV және V саусақтары жақсы дамыған және олар ұш бөлімнен тұрады. 
Бақылау сұрақтары: 
1 Алдыңғы аяқ қаңқасындағы білек қаңқасының орналасуы? 
2 Қаңдай сүйектерден білек қаңқасы тұрады? 
3 Білек қаңқасының проксимальды соңында қандай буын және қандай сүйек 
қалыптасады? 
4 Дистальды эпифизде орналасқан шынтақ өсіндісін латын терминің қолданып 
атаңыз?
3.3 Жамбас белдеуі 
Сабақтың мақсаты: Артқы аяқ қаңқасының құрылысын оқып-зерттеу. 
Артқы аяқ қаңқасы – жамбас белдеуі мен еркін қозғалатын сүйектердің 
заңдылықпен байланысқан жиынтығы(сурет 17). Өз кезегінде жамбас белдеуі – 
жамбастан, ал еркін қозғалатын бөлім ортан жілік, тобық, сирақ және аяқ басы 
сүйектерінен (тілерсек, артқы жіліншік және бақай сүйектері) құралған.


40 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет