А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет15/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   165
Маркетинг (1)

Коммерциялық емес маркетинг (нон-бизнес маркетинг) мар-
кетингтің ізгілендіру мен ізгілік бағыттарына негізделген. Оның 
мақсаты пайда табу емес жəне дүниежүзілік, жалпыадамзаттық 
тілектер мен құндылықтарға, жоғары этикалық, адамгершілік-
өнегелік қағидаларға сүйенеді. Нақты өмірде коммерциялық жəне 
коммерциялық емес маркетингтер бір-бірімен қиылысады. 
Коммерциялық емес маркетинг — қоғамдық маңызы жəне 
пайдасы бар институционалды маркетинг (ұйымдар маркетингі). 
Бұл белгілі бір ұйымдар мен олардың кəсіби белсенділігіне 
қатысты мақсатты аудиторияның көзқарасы мен қатынасын 
қалыптастыру, өзгерту немесе қолдау үшін қолданылатын қызмет. 
Бұған мақсатты топтарды кең ауқымда қамтыған халықаралық 
жəне қоғамдық ұйымдар жатады: Қызыл Крест қоғамы, діни 
ұйымдар, қайырымдылық қызметтер, қорлар, құқық қорғау, 
денсаулық сақтау, білім, ғылым, мəдениетке қатысты мемлекеттік 
жəне муниципалдық мекемелер, əскер, ұлттық қауіпсіздік қызметі, 
автоинспекция, өрт сөндіру қызметі жəне т.с.с.
Қоғамдық жəне мемлекеттік ұйымдардың негізгі міндеті — өз 
қызметтерінің қоғамдық маңыздылығы мен тиімділігін насихаттау. 
Қоғамдық ұйымдар маркетингі салық төлеушілердің есебінен 
бюджеттік жəне демеушілік қаржыландыруға мүмкіндік беретін, 
қоғамның жағымды көзқарасын қалыптастыру мен ұйымның 
ұнамды кейпін жасауға бағытталған. Ұйым қызметінің тиімділігі 
оның бюджетінің көлеміне тікелей байланысты: қаражаты 
неғұрлым көп болса, қызметі де кəсіби, əрі ауқымды болады. 
Коммерциялық емес ұйымдарға байланысты қоғамдық көз-
қарастың қалыптасуы институционалды маркетингтің мазмұ-
нын құрайды.
Ол маркетингтік басқаруды тауарлар мен қызмет көрсетулер 
айналымы саласынан қоғамға тиімді қызмет деңгейіне ауыстыруды 
білдіреді. Мұндай маркетингті жүзеге асыру үшін мақсатты 
аудиторияның мұқтаждықтарын, қажеттіліктерін, талғамдарын,
қалауларын, оның қоғамдық психологиясын білу қажет. Қоғамдық 
жəне мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер өз мақсаттарына


26
27
маркетинг арқылы жету кезінде, пайда немесе коммерциялық табыс 
табуды қарастырмайды. Олардың қызметтерін қаржыландыру 
көздері бюджеттен қаржы алу, қатысушылардың мүшелік жар-
налары, салық түсімдері, жеңілдіктер, түрлі шараларға қатысу 
үшін жиналған алымдар, қайырымдылық жəрдемдер, т.б. болуы 
мүмкін.
Салалық белгісіне байланысты: өндірістік маркетинг, тұты-
нушылық маркетинг, сауда маркетингі, банк маркетингі, сақтан-
дыру маркетингі, қоғамдық жəне мемлекеттік ұйымдар маркетингі, 
өзіндік маркетинг деп қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет