А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Отбасындағы ата-ананың беделі мен рөлдері



Pdf көрінісі
бет96/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

3.2. Отбасындағы ата-ананың беделі мен рөлдері
Адамға  нағыз  бақытты  тәрбиелі  ұрпағы  ғана  сыйлай  алады.  Адам 
өмірінің мәні - ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана 
алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол -
бала  тәрбиесі.  Бала  үшін  үй  іші,  ата-анадан  артық  тәрбиеші  жоқ. 
Адамгершілік,  бауырмалдық,  татулық,  қайырымдылық,  әдептілік, 
инабаттылық  сияқты  қасиеттер  - отбасында  балаға  сөзбен  тәрбиелейді, 
үлкендердің үлгісін сіңіреді. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп
үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір ата-ана «жұмысымды бөгейсің, 
істеп  жатқан  ісімді  бүлдіресің»  деп  ұрысып  жіберуі  мүмкін.  Бұл  қате. 
Керісінше, әр ата-ана жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне 
жағдай  туғызып,  оның  үйренуіне  көмектескен  орынды.  Осылайша  баланың 
бірте-бірте  еңбекқорлығына  жол  ашылады.  Әрі  істеген  ісін  ұқыпты 
орындауына  бағыт  береді.  Баланың  жақсы  ісін  мадақтап,  терісін  оң  етіп 
түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, берген тапсырмасын орындауға 
қарсылық  білдірмейді.  Орынсыз  ұрысу,  зеку,  сұрақтарына  дөрекі,  келте 
жауап беру не әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет