А. О. Ешентаев №51 жалпы орта білім беретін мектебі оқушыларының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру бойынша



бет2/9
Дата24.01.2024
өлшемі37.21 Kb.
#489718
1   2   3   4   5   6   7   8   9
адал ұрпак

Аға тәлімгер: Ұ.Сарыпбекова

Хаттама №2
Күн тәртібінде : «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарын бекіту
Қатысқандар: Ұйымға жауапты қызметкерлер
Мерзімі: « » қыркүйек
Модернация бойынша Ұлттық коммиссия отырысында мақұлданған «100 нақты қадам- Ұлт жоспарының» қадамдарын практикалық тұрғыдан іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарының 13-қадамының 9 тармағын орындау шеберінде рухани – адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу контексінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты клубтың жұмыс жоспары жасалды.
Жоспарларда іс-шаралардың атаулары, олардың орындалуына жауаптылары, қатысушылары, орындалу мерзімдері болуы ескерілді. Ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Патриотизм, отан үшін мақтаныш, қоғамдық тәртіпке құрмет, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, құқықтық негіздерді білу және құрметтеу сияқты жеке тұлғаның қасиеттерін дәріптеу ұсынылады. Осы жас тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеті-құқықтық сананы қалыптастыру Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істегенде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымда қалыптастыру болып табылады. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы 3 секцияда жұмыс істейді.

  1. Жемқорлыққа қарсы білім секциясы- дәрістер, дөңгелек үстел және басқада ағарту шараларын ұйымдастыруға қатысады;

  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы-бейнероликтер мен сурет байқауын өткізуге ұйытқы болады;

  3. Мәдени –көпшілік іс-шаралар секциясы- флешмобтар дайындап қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесулер өткізеді.

Қаулы: «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары бекітілсін,жоспарға сай жұмыс жүргізілсін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет