Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет20/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   126
Діндер тарихы

ә. Періштелерге иман


Адам, жан мен тәннен тұрады. Адамзатқа тәндік жағынан ұқсайтындардың болғаны секілді, рухани жағынан да ұқсайтындар да бар. Олар періштелер мен жындар. Періштелер нұрдан жаратылған, нәзік жаратылыстар; ішу, жеу, үйлену, көбею, туылу, өлу секілді нәрсе оларда жоқ. Аллаһқа қарсы келмейді. Тоқтаусыз Аллаһты мадақтап Оған құлшылық етеді. Аллаһ оларға қандай міндет жүктесе олар оны мүлткісіз орындайды.
Төрт үлкен періштеден бөлек Хафаза (Кирамән Кәтибин), сұрақ алушы Мүнкәр мен Нәкир, түрлі міндеттері бар басқа да есепсіз періштелер бар.
Періштелер адамзатты қайырлы, жақсы істерге шақырады, дұға етеді, шапағатшы болады, иман иелеріне жәрдемші болады және Тәңірлік жазаларды іске асырады.
Періштелер адамдар үшін бейкүналықтың символы. Адам рухани жағын жетілдіріп, мінез-құлқын жақсартып, күнәлар мен жамандықтардан ұзақ тұру арқылы періштелік сипатқа қол жеткізуге тырысады. Періштелерге емес, адамдарға сынақ болғандықтан табысқа қол жеткізген адамдар періштелерден де жоғары бола алады.
Періштелер көзге көрінбейтін жаратылыс иесі. Адамзат кейде күнәларды өзін ешкім көрмейді деп жасайды. Сондықтан періштелердің бар болуы мен оған иман етудің нәтижесінде адам қателіктер мен күналардан ұзақ болып, жақсы істерге бет бұрады.
Құран Кәрімде көрінбейтін жаратылыстардың ішінде періштелермен қатар жындардың да бар екендігі айтылады. Құранда «Жын» сүресі де бар. Жындар періштелер секілді бейкүнә емес. Адамдар сияқты сыналады. Олар да мұсылман, кәпір болып бөлінеді.
Көзге көрінбейтін жаратылыстарға деген сенім барлық діндерде бар. Алайда олар бұл жаратылыстардың ерекшелігі мен міндеттерін шатастырып алған. Кей діндерде періштелер, жындар немесе көзге көрінбейтін жаратылыстарға Тәңірлік сипаты беріліп, кейде олар «Тәңірдің қыздары» деп аталады. Тағы бір айта кететін нәрсе періште шайтан арасындағы айырмашылықты шатастыруда. Ислам бұл көзге көрінбейтін жаратылыстардың міндеттерін өз орнына нақты қойған. Кейбір діндердегі қалыптасқан сенім негіздерінде періштелерге деген сенім жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет