Ағдарбеков Т. А. Ағдарбекова З. Т


ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ



бет11/14
Дата30.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#167441
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

96. ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ

ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ
Құқықбұзушылық – бұл қоғамға қауіпті, құқыққа қарсы, кінәлі адамның әрекеті, жеке адамға, меншікке, мемлекетке және қоғамға тұтасымен зиян келтіруші және заңды жауапкершілік шарасын қолдануға әкелуші.

Құқықбұзушылықтың әлеуметтік және заңдылық негізін бөліп көрсету көзделген. Құқықбұзушылықтың әлеуметтік қасиеті олардың тікелей өмірге, ғана емес меншікке басқару тәртібіне не сондай зиянды қауіп-қатерді басқару тәртібіне де әкелуі мүмкін. Құқықбұзушылық әсіресе қылмыс кең жойылып қоғамдағы моральге ықпал етеді. Жайыла бастаған қылмыс тұрғындардың көпшілігін қорқытып, душар болушылық атмосферасын туғызады, жасаушылық және құқыққа сай тәртіптің пайдасыздығын және ақылға қонбайтындығын көрсетіп толығымен азаматтардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігіне кері әсерін тигізеді.

Құқықбұзушылықтың құқықтық негізі (мәні) оның формальді-заңдылық белгілерінде, қоғамға қауіптілігінде, құқыққа қарсылығында, жазаланатындығында және кінәлілігінде.

Ең алдымен, зиян келтіреді не сондай зиянның болуына жағдай жасайды.



Құқыққа қарсылық – құқықбұзушылықтың келесі белгісі болып табылады. Егер қоғамдық қауіптілік (зияндылық) құқықбұзушылық ішкі белгісі болса, онда құқыққа қарсылық оның сыртқы жағы, құқықтың қарсылық сипатын көрсетеді. Мұндай қасиет, сонда сол не басқа адамдардың қылықтары соған сай заңды актілерде нақтылы құқықбұзушылық құрамда бекітілсе ғана құқыққа қарсылық ретінде қаралады.

Құқықбұзушылық – бұл тәртіп, оның бейнесі емес. Құқықбұзушылық қандай болмасын тәртіп ретінде, әрекеттілік пен әрекетсіздіктен көрінеді. Ойлар пікірлер қандай болмасын, олар сандырақтар не қатерлі болғанмен, әзірше материалдық нысанда көрінбесе (құқықбұзуда) жазаға тартылмайды.

Құқықбұзушылық – бұл кінәлі әрекеттер. Жалпы тәртіп бойынша, адамның әрекетінде кінәлілік жоқ болса, ол адамды құқықбұзушылыққа жатқызуға болмайды, тіпті сырттай ол ағым тәртіпке қарсы болса да.

97. ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ҚҰРЫЛЫСЫ
Құқықбұзушылықтың құрылысы – бұл міндетті объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы, берілген әрекетті жеткілікті түрде құқықбұзушылық ретінде мойындау үшін.

Құқықбұзушылық тек сондай әрекеттер болады (егер олар құқыққа қарсы және қоғамға қауіпті және кінәлі) болса, өзінде төрт міндетті элементтер болуы қажет: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы.



Құқықбұзушылық объектісі – бұл сол қоғамдық қатынастар құқықпен реттелетін және қорғалатын, оған құқықбұзумен шын мәніндегі не мүмкін болатын зиян келтірілген; бұл сол игілік, қоғамның және жеке адамның бағалылығы (өмір, денсаулық, адамдардың материалдық игілігі) соған құқықбұзушы зиян келтіреді. Бір сөзбен, бұл дүниені қоршаған құбылыс, соған, құқыққа қарсы әрекетке бағытталған. Мысалы, әкімшілік құқықбұзушылықтың объектісіне мемлекеттік не қоғамдық тәртіп, азаматтардың құқығы мен бостандығы белгіленген тәртіп жатады; тәртіптік қылықтардағы объектіге мемлекеттік және қызмет тәртібі жатады.

Құқық бұзудың объективтік жағы – бұл құқық бұзудың сыртқы сипаттамасы; бұл құқыққа қарсы тәртіптің міндетті элементтерінің жиынтығы (әрекет не әрекетсіздік нысанындағы қимылдар, қоғамға қауіпті салдарлар, әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланыстар (уақыты, орны, құралы, әдісі, құқық бұзуды жасаған кездегі жағдай).

Құқық бұзудың объективтік жағы – бұл құқыққа қарсы қимылдың сыртқы, көрінісі, әрекетте не әрекетсіздікте көрінеді, яғни белсенді не адамның енжарлық тәртібі. Әрекет – заңды маңызы бар қимылдың көбірек тараған нысаны. Мұндай кез заңмен тыйым салынған қимылға жатады (сауда тәртібін бұзу, бұзақылық, күш көрсету, т.б.). Әрекетсіздікке – заңмен белгіленген кездердегі құқықбұзу мойындалады. Зиян, әрекетпен келтірілген – бұл игіліксіз салдар, құқықбұзудың нәтижесінде болады: жекеше сипатта (өлтіру, денсаулық зиян келтіру); ұйымдасқан сипатта (өз құқығын орындаудағы мүмкіндік бермеу, мекеменің жөнді жұмысын бұзу). Себепті байланыс, құқық бұзудың объективтік жағының қажетті элементі, зиянды әрекет пен болған нәтиженің арасындағы объективті байланыс ретінде көрінеді, онда құқыққа қарсы әрекет уақыты бойынша нәтиженің алдында болады және еріксіз сол нәтижені туғызушының басты және тікелей себебі болып табылады.

Құқықбұзу құрамының келесі элементіне құқықбұзудың субъектісі жатады – құқықтыққабылеттілік және делик-тоқабілеттілігі бар адам құқыққа қарсы әрекет жасаса – құқықбұзушы. Ағымдағы заңдарға байланысты құқықбұзушы-лықтың субъектісіне адам және заңды тұлға жатады.

Адамның деликтоқабілеттілігі субъектінің психологиялық және оның жасының ерекшелігіне байланысты қалыптасады. Әкімшілік деликтоқабілеттілігі, оның құқық бұзуда 16 жасқа толған кезінде келеді. Бұл жас жауапкершілікке тарту үшін қылмыс құқығында белгіленген, бірақ кейбір қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады (кісі өлтіру, қасақана орта және ауыр деңгейдегі денсаулығына зиян келтіру, адамды ұрлау, зорлау, сексуальді сипаттағы зорлық жасау әрекеттері, ұрлық, тонау, күшпен тартып алу, қорқытып алу, құқыққа қарсы көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз алып қоюы, қасақана мүлікті құрту не бүлдіру, аманатқа алу, терроризм және терроризм туралы өтірік хабар беру, ауыр жағдайдағы бұзақылық жасау, тағылық). Кәмілетке толмағандардың ерекше жағдайларына (14-18 жасқа) дейін жекеленген жаза түрлері қолданылмайды, бірақ көптеген негізгі нормалар, жауапкершілік туралы, оларға толығымен таралады. Жасқа байланысты, деликтоқабілеттіліктің негізгі жағдайының біріне адамның есінің түзулігі өз-өзіне жауап беріп, өзін-өзі құқық бұзу кезінде басқару қабілеттілігі. Сондықтан құқықбұ-зушылықтың субъектілеріне психикалық жағынан ауыру адамдар жатпайды.

Отандық азаматтың және әкімшілік құқықтарда адам мен қатар деликттің субъектісі ретінде заңды тұлғаларда болуы мүмкін. Ресейдің қылмыстық құқығында заңды тұлғалардың жауапкершілігі көрсетілмеген.

Құқықбұзудың субъективтік жағы – адамның жасалған құқықбұзуға психикалық қатынасы мен оның нысанынан көрінеді (қасақаналық не абайсыздық) және себебі мен мақсаттарының ерекшеліктеріне қарай.

Кінә жеке адамның бағалылық бағдарламасының деңгейін көрсетеді тездетілуі және оның бағыты құқықбұзушының сол (мүмкін болатын) қоғамға қауіпті әрекеттерінің нәтижесіне қатысты сипатталады. Жалпы тәртіп бойынша кінә қасақаналық пиғыл (тікелей және жанама) нысанда және абайсыздық (өз-өзіне сенгендік және салақтық).

Тікелей пиғыл – сол кезде болады, адам өзінің құқыққа қарсы әрекетін түсініп алдын-ала мүмкіндігіне сеніп қоғамға қауіпті нәтиженің болуын тілейді. Жанама пиғыл – адам өзінің әрекеттеріндегі барлық құқыққа қарсылыққа және қоғамға қауіптілігін түсіне тұра сондай нәтиженің болуына жол береді не оған қалай болса солай қарайды.

Салақтық сол уақытта болады, егер адам өзінің әрекетіндегі құқыққа қарсылық туралы ойламаса және оның қоғамға қауіптілік нәтижесінің болатынын алдын-ала болжамағандығы, дегенмен де адам ондайды болжауға міндетті еді. Өз-өзіне сенімділік – (қылмыс кодексінде – жеңілтектік) адам өзінің құқыққа қарсы әрекетін түсінеді, оның зиянын және қауіпті нәтижесін алдын-ала сезе отырып жеңілтектікпен ондайды болғызбауға сенеді (мысалы, тайғақ жолда жүргізушінің жылдамдықты өсіруі, тура сондай зиян атылатын мылтықпен айналысқанда болады).

Кінә мен оның дәлелі және мақсаты тікелей байланыста болады. Көптеген салалық институттарды оларды белгілеу және бағалау сондай міндеттілік.



98. ҚҰҚЫҚБҰЗУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Құқықбұзудың ең көп жайылған жіктелуіне, олардың ауырлығына қарай бөлінуі жатады, яғни олардың қоғамдық қауіптілік деңгейіне байланыстылығы. Осы жіктелуіне байланысты барлық құқықбұзушылықтар мынаған бөлінеді: қылықтар және қылмыстар.

Қылмыс – бұл қоғамға көбірек қауіпті әрекеттер, тікелей қылмыс заңмен белгіленген не нақтырақ атасақ қоғамға жасалған қауіпті, кінәлі әрекеттер. Қылмыстың кодексіпен тыйым салынған (б.1 бап 14 РФ ҚК).

РФ Қылмыстық кодексінде жасалған әрекеттің және кінәнің нысанына қарай қылмыс төрт категорияға бөлінеді;



  • ауыр емес қылмыс – қасақаналық және абайсыздық әрекеттер, бостандықтан екі жылға дейін жер аударумен жазаланады;

  • орташа ауырлықтағы қылмыс – қасақаналық әрекеттер бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген және абайсыздық әрекеттер, жазалау мерзімі екі жылдан артық емес.

  • ауыр қылмыстар – қасақана әрекеттер мерзімі он жылға дейін;

  • аса ауыр қылмыстар – қасақана әрекеттер, жазалау мерзімі он жылдан артық не одан да жоғары жазалар белгіленген.

Қылықтар төтенше әр түрлі және олар жасалған қоғамдық қатынастар аясына тәуелді, конституциялық және азаматтық-құқықтық бұзақылық, тәртіпсіздік салықтық, кедендік, экологиялық және басқа құқықбұзушылықтар туралы айтуға болады.

Конституциялық деликт – көпшілік биліктің, органдардың құқыққа қарсы, кінәлі әрекеті (әрекет не әрекетсіздік), не лауазымды адамның сондай органның қоғамдық қатынастарға зиян жасайды не көпшілік билікті іске асыру аясында да сондай жағдайлар туғызады, ол үшін РФ конституциялық құқығында алдын-ала құқықтық жауапкершілік белгіленген.

Әкімшілік құқықбұзу – бұл құқыққа қарсы кінәлі адамның не зиянды тұлғаның әрекеті, ол үшін РФ Әкімшілік кодексмен жауапкершілік белгіленген. Егер құқықбұзу өзінің сипатына қарай қылмыстық жауапкершілікке жатпаса, әкімшілік жауапкершілік сол уақытта болады.

Әкімшілік құқықбұзу заңдары тұрғындардың еңбегін және денсаулығын меншігін, қоршаған ортасын, өнеркәсіп саласындағы, жол шаруашылығындағы көлік және байланыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтағы және қолайлы орналасуда құқықбұзушылықпен күресуге бағытталған.



Тәртіпсіздік қылмыстар – бұл әрекетте, қызметтегі тәртіптік қатынастарды бұзушылар; бұл еңбек, оқыту, қызмет ету, әскери тәртіпті бұзушылар.

Еңбек тәртібі, мынадай түсініктермен тығыз байланысты: психикалық және өндірістік тәртіптер. Егер оны қамтамасыз етуге жауапкершілікті жұмыс беруші алса, жұмыста еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауап береді, ол жұмыскердің қажетті тәртібі ретінде және еңбек туралы алдын-ала белгіленген заңдардағы, еңбек келсімдерінің жағдайларына және оған негізделген жұмыс берушінің нұсқаларына сай келуі көзделген. Мемлекеттік қызмет аясында – бұл қызметтік не орындалушы тәртіптер.

РФ еңбек кодексі тек тәртіптік қылықтардың кейбіреулерін ғана бекітеді (тәртіптік жазалау алған жұмысшылардың сол уақыт ішінде себепсіз, бірнеше рет өзінің міндетін орындамаса, жұмыстан қалып қойса, жұмысқа арақ ішіп не нашаның әсерінен мас болып келсе, еңбек міндеттілігін атқару кезінде өзіне белгілі заңмен тыйым салынған құпияны жария ету; жұмыс істеп жүрген жерінде біреудің затын ұрлау, ысырап жасау, қасақаналықпен оны жойып жіберу не бүлдіру; тәрбие функциясын орындаушының аморальдік қалықтар жасауы; жұмысшы мен еңбекті қорғау тәртібінің талаптарын бұзғанының нәтижесінде қиын жағдайлардың туындауы не біле тұра сондай қиындықты жасауы).

Азаматтық құқықтық деликтілер (бұзақылық) – бұл мүліктік және адамның мүліктік емес аядағы құқық нормасын бұзу (мысалы, келісім бойынша міндеттілікті орындамау, ар мен адамгершілікке қол сұғу, т.б.).

Азаматтық құқықтық жағдайларына, меншік құқығына және басқа сыртқы құқықтарына қол сұғу. Азаматтық-құқықтық субъектілеріне адамдар және заңды тұлғалар жатады.

Тәжірибеде сонымен қатар салықтық, кодекстік, қаржы, экологиялық, процессуалдық және басқа құқықбұзулар бөлініп шығады. Олар туралы заңдардың көбісі қалыптасу кезеңінде, ал кейбіреулерінің арнайы нормативтік тұжырымдамалары бар.
99. ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫ ЖАСАУДЫҢ

СЕБЕПТЕРІ МЕН ЖАҒДАЙЛАРЫ

Қазіргі кезде құқықбұзудың себебін зерттеудегі негізгі проблемаға олардың әлеуметтік және биологиялық негізінің ара қатынасын білу жатады.

Бұл мәселені сипаттау кезінде құқықбұзудың себебін айыра білу керек (адамның құқыққа қарсылық әдісімен өзінің мүддесін қанағаттандыру), құқықбұзудың жағдайы (құқық-бұзуды тікелей туғызбайтын, бірақ олардың жасалуына көмектесетін табиғи, әлеуметтік және техникалық факторлар; жағымсыз кездер құқықбұзудың себебіне тікелей әсер ететіндер, ол себептерді қалыптастыратын) және құқықбұзудың сылтаулары (кері сипатындағы жағдайлар құқықбұзу себептерінің қозуын ынталандырушы, себепші және итеруші ретінде болады).

Криминологиямен себептік тор құрылып, құқықбұзудың нақтылы механизмі жасалады: жеке адамның бұрмаланған қалыптасуы, субъективтің талап етуін, оның ерікті аясын өзгерту, өзін-өзі бақылаудың төмендеуі, бағалылық бағыт жүйесінің қолайсыз өзгеруі. Осындай барлық факторлардың болуы, соған сай сыртқы жағдайларда, құқықбұзудың пайда болуына жеткілікті кездер.

Тұтасымен, біздің қоғамда құқықбұзушылықты жасау мынадай факторлармен қамтамасыз етілген: тұрғындар өмірінің төменгі материальдық деңгейі; тұрғындардың жекеленген қатпарларындағы табыстардың әртүрлілігі; балаға баскөз болмау мөлшерінің аппатты жағдайы; әр түрлі тәртіпке сай еместік түрлер (алкоголизм, нашақорлық оның ішінде); барлық инвалидтерді мемлекеттік қолдау жүйесінің бұзылуы, олар өз қиыншылығымен өзімен-өзі қалып, қылмыстың бизнестің материалына айналады (қайыртілеушілік, нашақорлар тасушылар, т.б.); жалпы құқықтық мәдениеттің төменгі деңгейі, көп жағдайда құқықтық үгіттеу жүйесінің жойылуына байланысты); моральдік жалпы кризис; заңдардың жетілмегендігі, қылмыстық табыстарды легализациялайтын құқық нормаларының жоқтығы, жеткіліксіз тиімділігі құқық қорғау органдарының қызметтері оған қоса халықаралық актілердің қабылдауындағы жайбарақаттанып, әсіресе халықаралық жағдайда қылмыспен күрес жүргізу туралы мемлекет аралық актілердің өз уақытында қабылданбауы; әлеуметтік бақылаудың төмендеуі, т.б.

* * *

ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

100. ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ,

БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕМЕСІ

Құқықтық ғылымда заңды жауапкершілікті екі жағдайда қарау белгіленген:



  • жағымды (болашағы бар) заңды жауапкершілік, адамның өз міндетін орындамағаны жауапкершілігі және субъектінің сезімділікпен белсенді құқықтық әрекеті;

  • өткенге шолу жасайтын жауапкершілік – жауапкершілікті дәстүрлі түсініп, оның жасалған құқықбұзудың нәтижесі ретіндегі екенін білу.

Сонымен, заңды жауапкершілікті дәстүрлі түсіну бұл шын мәніндегі не мүмкін болатын, заң нормаларының санкциясымен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын, құқықбұзуды жасағаны үшін қолдану кінәліге соған байланысты, жекелік жазалау (ұйымдастырушылық-физикалық) не мүліктік сипаттағы жаза қолдану.

Заңды жауапкершіліктің белгілі шекарасы бар, оны мынадан көруге болады:



  • оны қолданудағы арнайы негіздемесіне жататындарға, кінәленген, қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы әрекеттерінің болуы, заңдылық қағидасын сақтау негізінде беліленген процессуалдық тәртіппен дәлел-денген, болмай қалмайтын және жекеленген;

  • еркін таңдау (еркін бостандығы) адамды құқыққа қарсы жасаған әрекеті үшін, зиянды жауапқа тартудағы негізгі жағдай ретінде. Бұл жағдайға жататын субъектідегі бар, алғашқы құқыққа сай және құқыққа қарсы жолдарының арасындағы пайда болған құқықтық жағдайды шешудегі таңдау мүмкіндігі;

  • адамның кінәлі әрекеті істегені үшін, мемлекеттік және қоғамдық айыптаушылық және ұялту;

  • қолайсыз нәтижелерге қандай болмасын мәжбүрлеу арқылы міндеттерді орындау не жанама мемлекеттің мәжбүрлеуі не міндетті мәжбүрлеу арқылы орындау жатады;

  • мемлекеттік мәжбүрлеумен тікелей байланыс, мына-дан көрінеді, яғни заңды жауапкершілік мемлекетпен белгіленеді және құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін кінәлі адамға ықпал етуші әрекетке жатады;

  • ерекше процедуралық-процессуалды тәртіппен оның жүктелуі және іс жүзіне асырылуы.

101. ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ САЛАЛЫҚ ИНСТИТУТТАРЫ

Заңды жауапкершіліктің ең көп тарағаны оның құқықтық реттеу пәнінің белгісіне байланысты түрлерге бөлінуі (құқық салалары бойынша).

Конституциялық жауапкершілік институттарының болуы оның ерекше мақсатына байланысты қамтамасыз етілген, оған жататындар былай аталады: тікелей әрекеттегі конститу-цияның үстемдігін қамтамасыз ету, әрекеттегі конституцияны қорғау, конституциялық құқықтық тәртіпті және заңдылықты орнына келтіру, адалдық жазасы. Жалпы тәртіп бойынша, конституциялық жауапкершілік нормаларының өз санкциясы жоқ, құқықтың басқа саласына сілтеме жасайды, өз жағынан олар оның жағдайын нақтылап анық түрде жауапкершіліктің түрін және шарасын бекітеді. Бұл мәселе нақты түрде сайлау құқығының аясындағы құқықбұзуға қатысты қаралған (конституциялық-құқықтық заңдардың нормаларын бұзған-дығы құқықтық нәтижелерде). Бұл мемлекеттік органдардың актілерінің әрекетін жою не нақтылау, не олардың жекелеген ережелерін (шындыққа жатқызбау) сайлаудың нәтижесін не референдумның, сайлаушылардың кандидатты қолдауға жиналған қолдарды кандидаттардың тізімін, егер дөрекі түрде бірнеше рет белгіленген тыйым салуды орындамасы жою; тез арада әр түрлі мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қоғамдық құрылымдардың әрекетін тоқтату; мемлекеттік тіркеуге рұқсат бермеу (қоғамдық ұйымдардың кандиданттарына), т.с.с.

Конституциялық-құқықтық қатынастарда анық түрде саяси жауапкершіліктің элементтері көрінуі мүмкін, себебі, көп жағдайда бұл дұрыс жұмыстың болмауымен саясаттың дұрыс болмауымен не басқадай конституциялық құқықтың субъектілерінің жағымсыз әрекеттерімен байланысты (мемлекеттік және қоғамдық органдардың).



Қылмыстық жауапкершілік – мемлекетпен қатаң түрде белгіленген органдар мен адамдардың арасында пайда болғандықтан, олардың әрекетінде қылмыстық құрамының белгілері болуы РФ қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінде көрсетілген бабында кінәліге процессуалдық тәртіппен қатаң шара, мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану қажеттілігі көрсе-тілген.

Бұл салық институттардың ішіндегі жауапкершіліктің өте қатаң түрі. Оның ерекшелігі сонда, ол көпшілік құқықтық сипатта болады, тек сай тәртібімен қолданылады және тек қана қатаң процедуралық тәртіпті іс жүзіне асыру процесінде (РФ. ҚПК ережесіне сай) жоқталады сол уақытта, егер сотталған адам өзіне белгіленген жазаны орындағаннан кейін және сотталғандықты алып тастағаннан кейін.

РФ Қылмыстық кодексінің 44-бабы мынадай негізгі және қосымша жаза түрінен бекітеді: айыппұл, белгілі қызметке тұруға тыйым салынады не белгілі әрекетпен шұғылдануға, арнайы лауазымнан айыру, класты, шендерді не мемлекеттік марапаттауды; міндетті жұмысты, түзеу жұмысын, әскери қызметте түзеу, тұтқындау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, белгілі уақытқа бас бостандығынан айыру, өмір бойы бас бостандығынан айыру және өлім жазасы.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлер мен психикалық аурулар туралы, заңдармен алдын-ала, жазадан басқа, қылмыстық жауапкершілік нысаны белгіленген: тәрбиелеу ықпалын жасайтын мәжбүрлеу шаралары (РФ ҚК 90-бабы) және медициналық сипаттағы шаралар (РФ ҚК 97-104 б.б.) соған сай.



Әкімшілік жауапкершілік – әкімшілік құқықтарды естігені үшін берілуі (құқықбұзушылық, қылмыстық жауапкершіліктен, қоғамдық қауіптілігінің аздау деңгейде болғандығымен өзгешеленеді), мысалы, қоғамдық орындау-дағы тәртіпті бұзу, сауда тәртібін бұзу, жол қимылын, өртке қарсы тәртіпті, санамалық нормаларды, еңбекті қорғау тәртібі және техникалық қауіпсіздікті, т.б.

Қылмыстық сияқты, әлеуметтік жауапкершілік көпшілік сипатта болады. Дегенмен әкімшілік жауапкершілік көбірек жұмсақтау (ескерту, айыппұл, жұмыспен түзеу екі айға дейінгі уақытқа), олар сотталғандарға жатқызылмайды. Әкімшілік жауапкершілігінің қылмыстық құқықтықтан өзгешелігі сонда, оның субъектісі заңды тұлға да бола алады.



Тәртіпті жауапкершілік – бұл жұмысшының кінәлі еңбек не қызмет тәртібін бұзғандығы үшін жауапкершілік, яғни тәртіптік қылықты жасағаны үшін.

Тәртіптік жауапкершіліктің басқадай заңды жауапкер-шілік түрлерінен өзгешелігі сонда, ол бағынушылық тәрті-бімен іске асырылады: нормативті-құқықтық актілердің ережесіне сай, бастығы өзіне бағынышты адамға тәртіптік жаза қолданады.

Еңбек заңдары мынадай жалпы тәртіптілік жазалардың түрлерін белгілейді: ескерту, сөгіс беру, жұмыстан шығару (РФ Еңбек кодексінің 192-бабы), басқа да тәртіптік жаза түрлеріне (арнайы құқығынан айыру, әскери не арнайы атағынан төмендету, қызметке сай еместік, т.б.) басқа арнайыланған актілерде белгіленіп жекеленген жұмыскерлер мен қызметкерлердің категорияларына қатысты әрекет етеді.

Еңбек құқығында жауапкершіліктің дербес түріне тәртіптілікпен қатар материалдық жауапкершілік белгіленген: жұмыс берушінің өз жұмыскерінің алдында жауапкершілігі және керісінше, жұмыскердің жұмыс берушінің алдында оған келтірген зияны үшін жауапкершілігі.



Азаматтық құқықтық жауапкершілік – бұл азаматтық құқықты және міндеттілікті бұзушыға мәжбүрлеу ықпалының бір нысаны (азаматтар мен ұйымдардың мүліктік және жеке адамның мүліктік емес құқықтарын бұзғаны үшін), оған азаматтық-құқықтық санкцияны қолданумен байланысты, жәбірленушінің мүліктік жағдайы қайта орнына келтіру мақсатына сай, тыйымсыз мүліктік салдарға әкелетін. Олар мынадай болуы мүмкін: келісім шарт бойынша (қандай болмасын азаматтық келісімнің қатынасушылары үшін болатын жауапкершілік, егер ол келісімді орындамаса не сақтамаса); келісім шарттан тыс жауапкершілік – (өмірге, денсаулыққа, не азаматтардың мүлкіне, не ұйымның мүлкіне құқыққа қарсы қол сұғу, оларға қатысты жазатайым кезде зиян келтіру); субсидиялық (қосымша жауапкершілік, яғни міндетті адаммен қатар кредит бергеннің алдындағы міндетті, өз жөнінде орындамаған кезде заңмен не келісім шартпен белгіленген жауапкершілік. Сонымен қатар, азаматтық-құқықтық жауапкершілік үшін адамға да берілуі мүмкін. (РФ АК 3/3, 403 б.б.).

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің компенсациялық сипаты бар (тұрақсыздық төлемі, өсімпұл, айыппұл, келісімді жою, көпшілік кешірімділік және жалған мәліметтердің өтірік екенін білдіреді, жіберіп алған пайданы орнына келтіру және мемлекеттің табысына айналдыру, т.б.). Ол сотпен белгі-ленеді, оның ішінде арбитраждықпен, ол тура солай әкімшілік тәртіппен.

Кейінгі кезде, өзі туралы белгілі болмаған заңды жауап-кершілік алға шығады: салықтық, қаржылық, экологиялық, т.б. олардың көбісі әлі қалыптасу кезеңінде.

102. ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МАҚСАТЫ, ОНЫҢ

ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

Заңды жауапкершіліктің мақсаты құқықтық тәртіпті сақтау құқықбұзушылықты тежеу және азаматтарды құқықты сыйлауға тәрбиелеу.

Заңды жауапкершіліктің мақсаты оның функцияларында нақтыланады – қоғамдық қатынастарға заңды жауапкер-шіліктік нормаларының құқықтық ықпал етуінің негізгі бағыттарында, сол арқылы ол мақсатына жетеді және белгілеуі көрінеді. Сондай функцияларға мыналар жатады:


  • Репрессивті жазалау – (құқықты бұзғаны үшін кінәлі адамды жазалау, қылығына қарай оған жаза тағайындау);

  • Ескертулік-тәрбиелеу функциясы (құқықбұзушыға сондай ықпал ету және басқа адамдарға да қоғамға тұтасымен ол құқықтыңдаушы тәртіпті тыңдауға оптималды ықпал етеді не тиімді еместігі туралы және жазалануын құқыққа қарсы адамға ескертеді);

  • Құқықты орнына келтіруші (негізінен мүліктік жауапкершіліктік институтын іс жүзіне асыру сипатында және құқықбұзушымен келтірілген материалдық не моральдық зиянды компенсациялау, субъектінің бұзылған құқығын орнына келтіру);

  • Сигнализациялық (тиімділігі не тиімді еместігі туралы, сол не басқадай құқықбұзу түрлеріне қолданылатын жауапкершілік мөлшерін куәланды-рады, сонымен, бірге берілген қоғамдық қатынастар аясында құқықбұзушылықпен күресуге басқа жолдар мен шараны іздеудің қажет екендігі көрсетеді).

Заңды жауапкершіліктің қағидалары – бұл негізгі идеялар, олар құқықтың негізін, табиғатын жауапкершілік институтының міндетін және барлық оның субинсти-туттарындағы көрінісіне көңіл аудартады.

Заңды жауапкершіліктің қағидасы – әрбір құқықбұзу фактісі көпшілікке белгілі болулық талаптары, жасалған құқықбұзудағы оперативті жауапкершілік шарасын қолдану тұрақты және жасырындылықпен құқықбұзумен табысты күресу (әрбір құқықбұзу кінәлілігі жауапкершілікке әкеледі; жауапкершілік шарасы тез және оперативті қолданылады; кінәсіз бір адам да жауапкершілікке тартылмауы керек, т.б.)

Заңды жауапкершілікті жекелеу және жаза – құқықбұзудың ауырлығымен соған сай, жауапкершіліктің өлшемдестік талабы (жазалау), жасалған құқықбұзудың қоғамдық қауіпсіздігінің сипатымен деңгейін, кінәлі адамның жеке басын, заңмен белгіленген жеңілдететін не ауырланатын жағдайларды қатаң түрде есепке алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет